Digital marketing and their position in Kazakhstan

Автор: Egeubekova A.E., Manap Akbozergen Serіkaliz

Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium

Рубрика: Основной раздел

Статья в выпуске: 11 (66), 2019 года.

Бесплатный доступ

Annotiation: the article deals with the concept of digital marketing, its types and meaning. In addition, the advantages and disadvantages of advertising on the Internet are determined. The place of digital marketing in the market of Kazakhstan, characteristics of consumers is studied.

Marketing, internet advertising, seo optimization, smm, seo-оңтайландыру

Короткий адрес: https://sciup.org/140246062

IDR: 140246062

Текст научной статьи Digital marketing and their position in Kazakhstan

Бұл зерттеудің өзектілігі адам өмірінің заманауи жағдайында калыптаскан кептеген факторларFа нeгiздeлгeн. Жаhандык желi эртYрлi кәсіпорындар қызметінің барлық салаларына елеулі әсер етеді. Жарнама саласы да ерекшелік емес. Қазіргі заманғы ұйымдар бизнесті барынша тиімді ілгерілету үшін маркетингтік мақсаттарда интернет мүмкіндіктерін пайдаланады. Ce6e6i, бэpiмiзгe мэлiм, жарнама — козгалткыш. Интернет-жарнама бpeндтi жылжыту Yшiн ете икeмдi, аукымды жэне тиiмдi курал болып табылады. Интернеттегі жарнама көптеген себептер бойынша айтарлыктай тиiмдiлiккe ие. Мысалы, А. С. Перчаткин оларга мынадай сeбeптepдi жаткызады:

  • -    салыстырмалы куны темен;

  • -    жарнама берушшщ акпарат келeмiндe шeктeлмeгeндiктeн, тутынушыларда пайда болатын жогары акпараттылык;

  • - аз уакытта аукымды аудиторияны камту;

  • -    куралдардыц кец жиынтыгы eсeбiнeн аудиторияга эсер eтудiц эpтYpлiлiгi (мэтiн, сурет, дыбыс, бейне жэне т. б.);

  • —    толык бакылауды жузеге асыру мYмкiндiгi eсeбiнeн жарнамалык науканныц уткырлыгы;

  • -    жарнамалык наукан барысын кадагалау,езгертулер eнгiзу мYмкiндiгi;

  • - жарнама бepушiгe жарнаманы керген адамдардыц санын, сондай-ак жарнамалық сілтеме немесе баннер бойынша өткен адамдардың санын керуге мYмкiндiк бepeтiн кайтарымды талдау тиiмдiлiгi.;

    – аудиторияны географиялық орналасуы, жынысы, жасы және басқа параметрлері бойынша бөлу мүмкіндігі [1]. Интернет-жарнаманың мұндай мүмкіндігі мақсатты аудиторияны анықтауда үлкен артықшылық береді.

Интернет-жарнама тиімді жақтары көп болғанымен, оның өзіндік кемшіліктері бар. Оларға мыналар жатады:

– Интернетте халықтың бір бөлігінің болмауы (бұл кемшілік, интернеттің тез даму қарқыны жағдайында уақытша сипатқа ие. Дегенмен, бүгінгі күні бұл кемшілік аз әсер етуі мүмкін);

– Интернет пайдаланушылардың жалпы сенімсіздігі, интернетте алаяқтардың көп болуына байланысты;

–кейбір пайдаланушылардың шамадан тыс жарнамаға теріс көзқарасы [2]. Бұл кемшіліктер Интернетте жарнамалық науқанды өткізу жарнамалардың дәстүрлі түрлерінен әрдайым артық болмайтынын айтады. Алайда, ақпараттық қоғамның қазіргі заманғы өмірін ескере отырып, көптеген адамдар бос уақытын интернетте (жұмыста, оқуда, үйде) өткізетініне келіспеуге болмайды. Мұндай адамдарды дәл осы интернет-жарнама арқылы қызықтыру мүмкіндігі бар. Оның қыр-сырын толығырақ қарастырайық.

Digital маркетинг (ағылш. digital marketing, диджитал-маркетинг) -әлеуетті клиенттерді тарту және оларды ұстап қалу үшін цифрлы технологияларды пайдалана отырып тауарлар мен қызметтерді таргетивті және интерактивті жылжыту үшін пайдаланылатын жалпы термин. Digital маркетингтің басты міндеттері брендті жылжыту және әртүрлі әдістемелер арқылы өткізуді ұлғайту болып табылады. Digital маркетинг тауарларды, қызметтерді және брендтерді жылжыту бойынша маркетингтік тактиканың алуан түрлерін қамтиды. Мобильді технологиялардан, дәстүрлі теледидар және радиодан басқа интернетті негізгі коммуникациялық құрал ретінде пайдаланады.[3]

Digital маркетингтің негізгі шаралары: іздеу оңтайландыру (SEO), іздеу маркетингі (SEО), контент-маркетинг, ықпал ету маркетингі (influencer marketing), контент маркетинг, e-mail маркетинг, әлеуметтік медиа маркетингі (SMM), контекстік жарнама, электрондық өнімдер нысандарындағы жарнама. Digital маркетингтің іргелі тұжырымдамасы-клиентке бағытталған тәсілдерді қолдану болып табылады.

Digital маркетинг коммуникацияларының жиі пайдаланылатын арналарына: серіктестік маркетинг, дисплей жарнама, еmail-маркетинг, іздеу маркетингі, интернет-жарнама (мәтінмәндік жарнама, баннерлік жарнама,тизерлік жарнама), әлеуметтік желілер, видеожарнама, ойындардағы жарнама.

Бұл технологиялар жиі жиынтықта қолданылады. Ал Қазақстандағы цифрлық маркетингтің ең танымал құралдары: әлеуметтік медиа (SMM) және блогтар; е-mail; іздеу оңтайландыру (SEO); контент қалыптастыру.

SMM (Social Media Marketing, Әлеуметтік медиа маркетинг) жылжыту - әлеуметтік желілер мен блогтардан сайтқа кірушілерді тарту бойынша іс-шаралар кешені [4]. Олар компания сайтына қосымша трафикті генерациялау үшін ғана емес, сонымен қатар оның мақсатты аудиториясымен белсенді қарым-қатынас үшін пайдаланылуы мүмкін.

E-mail - әр компанияның жеке клиенттік деректер базасына, сондай-ақ өздері жарнамалық ақпарат тарата алатын серіктес компаниялардың деректер базасына негізделеді. E-mail маркетингтің ерекшеліктерінің бірі компанияның хатына пайдаланушы қалай әрекет ететінін оңай бағалай алатыны болып табылады. Егер пайдаланушы хатты ашса, компания оқу туралы есеп алады. Әрі қарай, егер пайдаланушы осы хаттың сілтемесі бойынша өтіп, қандай да бір әрекеттер жасаса олардың барлығы компанияның деректер базасында тіркеледі. Бұл тұтынушылардың мінез-құлқын, талғамын да зерттеуге үлкен мүмкіндік береді. Маркетологтардың пайымдауынша бұл тұтынушымен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілі.

Қазіргі уақытта сайтқа жаңа келушілерді тартудың, яғни интернет жүйесінде сайтты жылжытудың, көптеген әдістері бар. Олардың ішіндегі ең танымалы және көп жарнамаланатыны SEO-оңтайландыру (сайтты іздеу нәтижелерінің алдыңғы қатарына жылжытудың жеке стратегиясының көмегімен іздеу жүйелерінде оңтайландыру және жылжыту) [5]. Бұл әдістер үшін ай сайынғы төлем талап етіледі және тұрақты түрде алдыңғы орында тұруға кепілдік берілмейді.

Контент қалыптастыру – цифрлық маркетингтік маңызды құралдарының бірі болып табылады. Себебі заманауи тұтынушы үшін ең маңыздысы ақпарат болып табылады. Контент қалыптастыру дегеніміз цифрлық маркетинг алаңдарын ақпаратпен толықтыру, яғни сурет, мәтін, бейнежазба түрлерінде болады. Ең басты қағидасы "сіздің аудитория интернетте іздеген мазмұнды ұсыну" деп қысқаша сипаттауға болады [6].

Жоғарыда айтылған мәліметтерден кейін, digital-маркетингтің Қазақстанда алатын орнын қарастырып өтейік. Қазақстан үшін digital-маркетинг түсінігі біршама жаңа, соңғы жылдары ғана кеңінен қолданыла бастады. Елдегі маркетингтің осы бағытын неғұрлым кеш қолданудың бірнеше себептері бар. Басты факторлардың бірі қарапайым халық арасында Интернеттің кең таралмауы болып табылады, мұндай үрдіс Қазақстанның тым үлкен аумағымен, сондай-ақ халықтың аз тығыздығымен байланысты болды. Дегенмен, digital-маркетинг неғұрлым жылдам қарқынмен дами бастады, бұл туралы Дүниежүзілік Банктің деректері дәлелдейді. Яғни, 2010-2011 жж. аралығында жаһандық желіні пайдаланушылардың саны 20% - дан 50% - ға дейін өскен [7]. Бұл жағдайда digital-маркетингті пайдалана отырып, Интернет желісі арқылы тауарлар мен қызметтерді жылжыту тиімділгін көрсетеді. Осыған орай елімізде интернет-жарнаманың да алатын орны күшейе түсті, және ол оң тенденцияға ие болып отыр (сурет-1).

Сурет -

1. ^Р-даFы медиа-сегменттердiц жарнама кeлемi бойынша Yлесi Ескерту: [8] эдебиет нег1з1нде автормен к¥PастырылFан

Жогарыда келтiрiлген сурет бойынша К,Р-ньщ медиа-сегменттердiц ішінде жарнама көлемі бойынша дәстүрлі Теледидар алғашқы орында тұр. Дегенмен диджиталтьщ каркынды есуш керiп отырмыз. 2014-2018 ж.ж. аралыга 2 есе улгайган. Есесхне газет-журналдардаFы жарнама 2 есе төмендеген. Бұл Қазақстан тұрғындарының ақпарат іздеуде талғамдарының өзгергенін көрсетеді. Интернет жарнаманың қарқынды дамуы тікелей интернеттiц туракты эрi жылдам дамуымен байланысты (сурет-2).

Сурет-2. ^азакстандаFы медиатутынудыц негiзгi трендтерi

Ескерту: [8] эдебиет негiзiнде автормен к¥растырылFан

Суретте көріп отырғанымыздай дәстүрлі теледидар көру мен радио тыцдау уакыты 8 жыл хшхнде аса езгерiске ушырамаFан. Газет-журнал оку уакыты 27,6 % - Fа кыскарFан. ^азакстан тургындарындырыц интернет аясында уакыт еткхзух 45,19 %-га ескен (2010 жыл-26,43; 2018 жыл -71,62%). Ягни, керермендер акпаратты, бейнежазба, кинотуындыны онлайн режимде көруді таңдайды. Бұл дәстүрлі теледидар мен интернеттегі аудиторияның қиылысуына әкеліп отыр. Сондықтан Қазақстандық телеарналар өз позициясын жоғалтпауы үшін digital маркетингті қолданып, мақсатты аудиториясын қызықтыра алуы тиіс. Қазақстандық интернет тутынушы кандай деген сурак туындайды, соны карастырып етейiк (сурет-3,4).

Сурет-3. ^азакстандык интернет тутынушысы (жынысы бойынша) Ескерту: [8] эдебиет негiзiнде автормен курастырылFан

Сурет-4. К,азакстандык интернет тутынушысы жасы бойынша.

Ескерту: [8] эдебиет негiзiнде автормен к¥растырылFан

Суреттерден көріп отырғанымыздай интернет тұтынушылардың шамамен 70% -ы 44 жастан темен. Негiзгi аудитория ядросы 25-34 жас. 2534 жас пен 35-44 жас аралыFындаFы тутынушылардан б1ркалыпты есу динамикасын керiп отырмыз. Оз кезег1нде бул керсеткiш интернет аясында төлем қабілеті жоғары тұрғындардың көпшілі жаһандық желіде отыратынын керуге болады. Тутынушылардыц кепшiлiгi интернет аясына мргенде десктоп (компьютер) емес, смартфон пайдаланады (сурет-5).

8O,oe%                                                                                              /6,87%

Сурет-5. Қазақстандық интернет интернет тұтынушысының пайдаланатын құралы

Ескерту: [8] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

5-ші суреттен көріп отырғанымыздай 2016 жыл мен 2018 жылды салыстырғанда Қазақстан тұрғындары мобильді бола түскен. Яғни, тұтынушылардың 76,87%-ы смартфон арқылы интернет жүйесіне кіреді. Өз ретінде бұл digital маркетингке өзгеріс енгізеді. Демек тұтынушылардың талғамы смартфон болатын болса, корпаративті сайт, әлеуметтік желі интерфейсі де мобильді нұсқасы болуы керек. Смартфондарға деген сұраныстың көбеюінен Қазақтан территориясында әлеуметтік желілер өте жақсы дамып жатыр. Соңғы үш жылда пайдаланушылар саны 44%-ға өскен. Жалпы тұрғындардың 70%-ы әлеуметтік желілерде тіркелген және белсенді қатысушылары болып табылады.

Кесте-1. Қазақстан халқының әлеуметтік желілерді пайдалануы,%

Әлеуметтік желі атауы

Алатын орны, %

1

Instagram

26,64%

2

VK

22.98%

3

Одноклассники

21.00%

4

Mail.ru

12.99%

5

Facebook

10.48%

Ескерту: [8] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Көріп отырғанымыздай Қазақстан тұрғындарының арасында ең танымал әлеуметтік желі Instagram болып тұр. Оған бірден-бір себеп әлемдік трендтер болып табылады.

Қорытындылай келе, қазіргі уақытта тұтынушылардың пікірлері мен тілегі өте тез өзгереді. Сондықтан компаниялар тұтынушылармен қарым-қатынасты дұрыс құру керек. Диджиталдың дамуымен әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, жедел хабар алмасу жүйелері және т.б. арқылы тұтынушылармен өзара қарым-қатынас орнату және оны жақсарту мүмкіндігі пайда болды. Технологиялардың дамуы тұтынушылардың деректер базасын құруға, олардың белсенділігі туралы ақпаратты сақтауға және осының негізінде тұтынушылардың мінез-құлқына қорытындылар мен болжам жасауға мүмкіндік береді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, Қазақстанда digital-маркетинг қарқынды дамып жатқан салалардың бірі екені анықталды. Оған келтірілген статистикалық мәліметтер дәлел. Жарнама нарығының 50%-нан астамын дәстүрлі теледидар алғанымен, digital сегментінің жылдам дамуын ескермеу мүмкін емес. Бұл жағдайда digital-маркетингті пайдалана отырып, Интернет желісі арқылы тауарлар мен қызметтерді жылжыту өзекті. Интернет-жарнаманың өзіндік кемшіліктері бар болғанымен, компанияға әкелетін тиімділігі көбірек. Сонымен қатар Қазақстан халқының жаһандық желіні пайдалану құралына деген талғамы өзгеруде. Яғни, тұтынушылар 30%-ға мобильді бола түскен.

Қазақстанда digital нарықтың дамуы, және тұтынушылардың оны оң көзқараспен қабылдауы, отандық компанияларға үлкен мүмкіндік туғызады. Сондықтан бар мүмкінді қолданып дұрыс қалыптасқан digital-стратегия арқылы ұйымның бәсекеқабілеттілігі арта түседі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  • 1.    Перчаткин А. С., Сторожаева, Е.В., Хамутских Е. Ю. К вопросу эффективности ИТ-технологий в аспекте разработки рекомендаций к планированию рекламной кампании в Интернет // Научный альманах. — 2016. — № 16. — С. 297–301.

  • 2.    Зубова А. А. Рекламная кампания в сети Интернет // Новая наука: опыт, традиции, инновации. — 2015. — № 7–1. — С. 153–156

  • 3.     Definition of digital marketing. Financial Times.

  • 4.     Халилов Д. Маркетинг в социальных сетях – Манн: Иванов и

    Фербер, 2016. – 240 б.

  • 5.    Alexander Rauser. Digital Strategy // A Guide to Digital Business Transformation, 2016. С. 25-34.

  • 6.    Content Marketing - The Fundamental Tool of Marketing" // Bulletin of the Transilvania University of Brasov. — 2015.

  • 7.    The World Bank, Internet users (per 100 people) // http://data.worldbank.org/indicator/IT.NET.USER.P2/countries/

  • 8.    Центрально-Азиатская Рекламная Ассоциация 2018 жылғы, жеке мәліметтері

    "Экономика и социум" №11(66) 2019

KZ?display=default

Список литературы Digital marketing and their position in Kazakhstan

  • Перчаткин А. С., Сторожаева, Е.В., Хамутских Е. Ю. К вопросу эффективности ИТ-технологий в аспекте разработки рекомендаций к планированию рекламной кампании в Интернет // Научный альманах. - 2016. - № 16. - С. 297-301.
  • Зубова А. А. Рекламная кампания в сети Интернет // Новая наука: опыт, традиции, инновации. - 2015. - № 7-1. - С. 153-156
  • Definition of digital marketing. Financial Times.
  • Халилов Д. Маркетинг в социальных сетях - Манн: Иванов и Фербер, 2016. - 240 б.
  • Alexander Rauser. Digital Strategy // A Guide to Digital Business Transformation, 2016. С. 25-34.
  • Content Marketing - The Fundamental Tool of Marketing" // Bulletin of the Transilvania University of Brasov. - 2015.
  • The World Bank, Internet users (per 100 people) // http://data.worldbank.org/indicator/IT.NET.USER.P2/countries/ KZ?display=default
  • Центрально-Азиатская Рекламная Ассоциация 2018 жылғы, жеке мәлiметтерi
Статья научная