Intel жӘне amd кӨп ядролық процессорлардың Өнiмдiлiгiнің салыстырмалы талдауы

Автор: Кланов Н.Н., Кенжебеков Ч., Алтай Н., Бегалин А.Ш.

Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium

Рубрика: Информационные и коммуникативные технологии

Статья в выпуске: 2-5 (15), 2015 года.

Бесплатный доступ

Процессор, ядро

Короткий адрес: https://sciup.org/140113422

IDR: 140113422

Текст статьи Intel жӘне amd кӨп ядролық процессорлардың Өнiмдiлiгiнің салыстырмалы талдауы

Осы мақалада Intel және AMD компаниялардың бар процессорларының архитектурасына шолу жасауда. Берілген фирмалардың процессорларының бернеше моделіне тістелеу жасауда; баға/өндіруші/сапа арақатынасы бойынша процессорды таңдау бойынша ұсыныстарды және қорытындыны құруда.

Кілт сөздер: Intel, AMD, процессор, ядро.

Intel және AMD процессорларды өндіруде жетекші екі компания. Жиі қолданушылардың алдында үй,офис және мамандырылған есептерді шешу үшін қандай процессор алу керектігі туралы сұрақ тұрады. Мақаланың тақырыбының өзектілігі - міндеттер спектрін орындау үшін бірмәнді шешімдер жоқ, тек жеке "топ" процессорларының өнімділігіне негізделген шешімдер ғана бар. Процессордың тек өнімділігімен шектелмей, сонымен қатар бағасы, сапасы мен Қостанай қаласындағы қолжетімділігі ескерілген қандай процессорды қай бағытта қолданған жақсы.

Өнімділік пен баға арақатынасы бойынша таңдау

Intel және AMD процессорларын өнімділік пен баға бойынша зерттеген соң процессорды таңдауға арналған ұсыныстар жасалды. Таңдауды жеңілдету үшін процессорлар шартты түрде үш топқа топталды және өнімділігі бойынша сұрыпталды, ПӘК-і (өнімділік пен баға арақатынасы) өте маңызды – ол жоғары болған сайын, сатып алу тиімді болады. Соңғы бағанда кіріктірілген бейнекартаның бар - жоғы көрсетілген, оның өнімділігі бағаға тура пропорционал (әрбір процессор бойынша толық мәлімет кейін қосылады) [1].

Бағалар Қазақстанның Интернет-дүкендерінен (Белый ветер, Дисти) алынған. Процессорлар кестесінде тек 2015 жылдың наурыз айында сатылымда болған үлгілер ғана берілген. Процессорлар үшін баға теңгеде берілген және тек ПӘК-ін анықтау үшін ғана керек, шындығында бағалар өзгеше болуы мүмкін, бірақ әр түрлі сатушылардың барлық процессорлардың өнімділік/баға жалпы балансы жуықтап алғанда бірдей болады. Ұсыныстар төменде көрсетілген.

Ең жақсы бюджетті процессорлар (02. 04. 2015 ж.):

Intel Celeron G1820 - қымбат емес бюджеттік компьютерге немесе тыныш ықшам мультимедиялық орталыққа (офистік жұмыс, Интернет, HD-бейне, сапаның төмен, сирек орташа икемдеулеріндегі кіріктірілген бейнекартадағы ойындар) арналған кіріктірілген бейнекртасы бар жақсы процессор;

AMD A4-5300 - бюджетті AMD қолдаушы компьютерлерге арналған қымбат емес процессор (офистік жұмыс, Интернет, HD-бейне, сапаның төмен, сирек орташа икемдеулеріндегі кіріктірілген бейнекартадағы ойындар). Intel G1820–ге қарағанда баяулау, бірақ бейнекартасы жылдамырақ жұмыс істейді және бағасы бойынша арзан.

Орташа деңгейдің ең жақсы процессорлары:

Intel Core i5-4590 - қуатты ойын компьютерлеріне арналған оңтайлы 4 ядролы процессор;

AMD A8-7600 - әмбебап компьютерге арналған қымбат емес және өте жақсы 4 ядролы гибридті процессор (кіріктірілген бейнекартасы бар). Оның қуаты қарапайым міндеттер үшін артық қормен жетеді, ал кіріктірілген бейнекартасы барлық заманауи ойындарды сапаның орташа және минималды икемдеулерінде ойынауға жетеді.

Қуатты ең жақсы процессорлар (02. 04. 2015 ж.):

Intel Core i7-4790K - қуатты ойын және мамандандырылған компьютерлерге арналған өте жылдам 4 ядролы процессор (сәйкес бейнекартасы бар кезде сапаның максималды икемдеулері, бейнені өңдеу және т. б. );

AMD FX-9590 - мамандандырылған компьютерлерге арналған қуатты 8 ядролы процессор (бейнені өңдеу және т.б.). 8 ядро болғанына қарамастан ойын компьютерлеріне алдығңы процессор жақсы.

Берілген уақыттағы сатылымда бар процессорлардың ең қуаттысы (02. 04. 2015 ж. ):

Intel Core i7-5960X - өнімділік пен баға арақатынасы өте төмен, алайда айрықша қуатты 8 ядролы процессор. Оның қуаты арзан 8 қарапайым AMD A4-5300 үлгілерінің қуатының қосындысына тең, алайда бағасы 18 есе артық (3 кестені қара) [2]!

Жаңа компьютерді сатып алу кезінде жақсы процессорды қалай таңдап алу керек деген ең басты сауал болып табылады. Көріп тұрғанымыздай, тесттердің нәтижелерін және орташа бағаларын жалпылағандаөз қаражатыңыз бойынша жақсы процессор таңдап алу қиын емес. Бірақ процессор – бұл маңызды болғанымен де жақсы компьютер жинау үшін басқа да құрамдас бөліктерді (аналық тақша, бейнекарта, оперативті жады, және т. б. ) таңдау қажет болады [3].

Кіріктірілген процессорлы аналық тақшалар:

  • -    Intel Atom 330/D2550/D510/D525, AMD C-70/E1-2100/E-350/E2-2000 төмен өнімділікке ие, бірақ көп жағдайда қарапайым міндеттерді қиындықсыз орындайды;

  • -    Intel Celeron 847/J1800/1037U/J1900, Pentium J2900 және Atom C2550/C2750 жақсы тез әрекетке ие және өзінің баяулығымен режітпейді.

2015 жылдың бас кезіндегі өнімділік/баға арақатынасы бойынша ең жақсы процессор Intel Celeron 1037U және J1900 болып шықты.

Intel және AMD процессорлардың қатары зерттелді және тестіленді. Өнімділікке тестілеу нәтижесі бойынша, сонымен қоса бағасы бойынша процессорды таңдау бойынша ұсыныстар тұжырымдалды. Сегменттер бойынша келесі процессорлар ұсынылды:

  • -    Ең жақсы бюджеттік процессорлар: Intel Celeron G1820 және AMD A4-5300;

  • -    Ең жақсы орташа деңгейлі проецссорлар:Intel Core i5-4590 және AMD A8-7600;

  • -    Ең жақсы күшті процессорлар: Intel Core i7-4790K және AMD FX-9590;

  • - Қазіргі уақытта сатылымда бар ең қымбат күті компьютер : Intel Core i7-5960X.

Бағасына байланысты ойындар үшін:келесі процессорларды ұсынды:

- 12000 тенгеге дейін: Intel Pentium G3250;

- 12000 бастап 23100 тенгеге дейін: AMD FX-6300;

- 25000 дейін: Intel Core i3-4150;

- 39000 дейін: Intel Core i5-4460;

- 55000 дейін: Intel Core i5-4690K;

  • - 75000 дейін: Intel Core i7-4790K;

  • - 110000 дейін: Intel Core i7-5930K.

55000 теңге шегінен бастап бағалар екпіндеп өседі, бірақ ойындарда өнімділіктің өсуі азая береді. Сондықтан біз Core i5-4690K-дан қымбат процессорды ұсынбаймыз. Көпшілік ойындарда іс жүзінде Core i7 және Core i5 арсында айырмашылық болмайды, ал егер болашаққа үміт және көп ағымдық бағдарламаларда жоғары өнімділік керек болса, Core i7 алуға болады [3].

Егер де AMD және Intel компанияларын арасында бәсекелестікті қарастыратын болсақ, онда Intel қазіргі уақытта даусық жеңімпаз болады.

Қолданылған әдебиеттер:

  • 1    Пахомов, С. Современные процессоры для ПК. Журнал Компьютер Пресс №12, - 2006.

  • 2    Рейтинг процессоров 2015. – 2015. - Қол жеткiзудiң режiмi: http://sd-company . su/article/rating/processors-2015.

  • 3    Цифровая жизнь вокруг нас. Выбор процессора, 2015 год. - 2015. - Қол жеткiзудiң режiмi: http://www. dxdigitals. info/2014/02/vibor-processora-vibirayem-samiy-luchshiy-processor. html.

"Экономика и социум" №2(15) 2015

Список литературы Intel жӘне amd кӨп ядролық процессорлардың Өнiмдiлiгiнің салыстырмалы талдауы

  • Пахомов, С. Современные процессоры для ПК. Журнал Компьютер Пресс №12, -2006.
  • Рейтинг процессоров 2015. -2015. -Қол жеткiзудiң режiмi: http://sd-company. su/article/rating/processors-2015.
  • Цифровая жизнь вокруг нас. Выбор процессора, 2015 год. -2015. -Қол жеткiзудiң режiмi: http://www. dxdigitals. info/2014/02/vibor-processora-vibirayem-samiy-luchshiy-processor. html.
Статья