Ұлттық парктердің шет елдік тәжірибесі
Автор: Мырзабаева М.М.
Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j
Рубрика: Основной раздел
Статья в выпуске: 4 (10), 2016 года.
Бесплатный доступ
Ұлттық саябақтардың негізгі мақсаты – типтік және бірегей ландшафттармен, өсімдіктермен және жануарлармен тікелей танысу процесінде халыққа экологиялық білім беруді ұйымдастырумен ұштастыра отырып, табиғи кешендер мен объектілерді сақтау. Қорықтардағы сияқты олар табиғи кешендердің эталондарын және типтік және сирек кездесетін организмдердің гендік қорын қорғайды. Ұлттық парк – табиғи кешендер мен объектілерді сақтау мақсаттары халыққа экологиялық білім беруді ұйымдастыру мүдделерімен ұштасатын табиғатты қорғау оқу орны. Ол басқа қорғалатын аумақтарға тән табиғатты қорғау міндеттерін орындауға арналған.
Национальный парк, экологический туризм, йеллоустонский парк, особо охраняемые природные территории, мировой опыт
Короткий адрес: https://sciup.org/140289324
IDR: 140289324
Текст научной статьи Ұлттық парктердің шет елдік тәжірибесі
Соңғы жылдары туризм және рекреациялық қызмет рөлі жоғарылады. Алдымен, туризмді ұйымдастыру және демалу барысында, адамдар өздерінің физикалық және рухани күшін қалыпқа келтіре алады. Туризм бүгінгі таңда дамыған елдерде экономиканың табысты бір саласы екендігі бәріне белгілі, ал әлемдік ЖІӨ-де 2003 жылдан бастап 1 орын алады.
Лaндшaфдты қoрғaудың ең жoғaрғы фoрмaсы – қoрықтaр ұйымдaстыру бoлып тaбылaды. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек, жер шaрының жекеленген елдерінде қoрық ұымдaстыру XIX ғaсырдың бaсқы кездерінен бaстaп жүзеге aсa бaстaғaнын көрсетеді. Қaзіргі уaқыттa жер шaрындa қoрықтaрғa қaрaғaндa ұлттық бaқтaрдың сaны әлдеқaйдa көп. Бұрынғы Кеңес үкіметінің жaғдaйынa тoқтaлсaқ, КСРO, қaзіргі ТМД елдері бoйыншa 141 мемлекеттік қoрық, 2700 қoрыққoр, 12 ұлттық пaрк, бірнеше мың тaбиғaт ескерткіштері бoлғaн. Әрине, шет елдермен сaлыстырғaндa бұл өте aз екенін ұмытпaуымыз қaжет. Біздің Елімізде қaзіргі тaңдa 12 мемлекеттік қoрық, 66 қoрықoр (oның 44 зooлoгиялық, 20 бoтaникaлық, 2 пaлеoнтoлoгиялық) 12 ұлттық пaрк (бaқ) және 24-тен aстaм тaбиғaт ескерткіштер бaр. Әрине біздің aумaқтың көлеміне шaққaндa қoрғaлaтын жерлер бaрлық жердің 3 пaйызын қaмтиды. [1]
Ұлттық парктерді құру мемлекет территориясында XX ғасырдың 80 жылдарында бастау алған. Ең алғашқы болып 1985 жылы Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі ашылды. Ал, әлемдегі ең алғашқы ұлттық парк Йеллоустон 1872 жылы ашылған болатын. Қазіргі таңда әлемде бірнеше мыңға жуық ұлттық пакртер және он мыңға жуық ерекше қорғалатын табиғи аймақтар бар. Шамамен, барлығы 70 мыңға жуық, яғни барлық құрлықтың 10% алып жатыр.
1-ші суретте құрлықтағы және судағы ерекше қорғалатын аумақтардың ғаламдық картасы берілген. (Қайнар көзі: Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын мониторинг жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының орталығы (UNEP-WCMC 2014)) [2]
Қорғалатын табиғи аймақ ретінде, ұлттық парктер, бір жағынан, мемлекеттік қаржыландырудың объектілері болса, екінші жағынан, кәсіпкерлікті қызықтыратын және территорияға деген адамдардың әлеуетті ортасы болып табылады.
Отандық әдебиеттер ұлттық парктердің типологиясын өңдеуге бірнеше рет әрекет жасаған. Аумақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына және халық тығыздығына байланысты урбанизацияланған парктер, аумағы тисілмеген парктер, курортты парктер деп бөлінеді. Аумақтың генезисіне байланысты ұлттық парктер табиғи, мәдени және табиғи-мәдени болып ажыратылады. Бұл генезис бойынша АҚШ мен Канаданың қорғалатын табиғи аумақтарының жүйелері қалыптасқан. РАН география институты демалыстың басым түрлерінің сипатына қарай көркем-серуенді, спорттық-серуенді, аңшылық (балық аулау) және тарихи-сәулеттік парктерге жіктеуді ұсынады. Одан басқа ұлттық парктердің рекреациондық сұраныстың құрылу орталықтарының орналасуына қарай типологиясы бар. [3]
Ұлттық парктерді басқарудың әлемдік тәжірибесі жергілікті ұйымдардың сапалы, жылдам әрі тұрақты түрде дамуына оң әсерін тигізеді. Тарихи ұлттық парктер жергілікті халыққа сапалы түрде жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Мысалы, АҚШ-нда ұлттық парктер жүйесінде 380-ге жуық қорғалатын табиғи аумақтар, жалпы ауданы 327 мың км2 алып жатыр. Жылына АҚШ ұлттық парктер жүйесіне 300 млн адамға дейін саяхат жасайды.
Қазақстан ұлттық парктерінің басқа елдердің территориясындағы қорғалатын объектілерден айырмашылығы баршылық. Ең бастысы, мемлекеттік және жеке қызығушылықтың бірлескен нәтижелі моделінің болмауы.
Ұлттық парктер – көптеген мемлекеттерде танылған және қолданылатын қорғалатын табиғи комплекстердің ең әмбебаб, және туризмнің әртүрлі формаларын жүзеге асырудағы ең тиімді түрі болып табылады.
Ұлттық парктердің туризмді дамытудағы рөлінің айқын мысалы ретінде АҚШ мемлекетіндегі Йеллоустон ұлттық паркін алуға болады. Жыл сайын Йеллоустон паркі АҚШ-на екі миллионнан астам туристің келуін қамтамасыз етеді. Ұлттық парктің ерекше табиғи әсемдігі мен жоғары туристік инфраструктурасы туристерді қызықтыратын маңызды факторлар болып табылады.
Ұлттық парктердің хронологиялық жүйесі бойынша көне парктерге 100
жылдан астам уақыт болды. Шет елдерде ұлттық парктер қорғалатын аумақтардың ішіндегі ең танымал саласы.
Йеллоустон ұлттық паркі
ашылғаннан кейін, АҚШ-та көптеген ұлттық парктер ашыла бастады, бірақ олардың барлығы жеткілікті қаржыландыру көзінен, басқару және персонал жүйесінен шектелді. АҚШ конгрессі ұлттық парктер жүйесін құру барысынының алғашқы этапында олардың алғашқы мақсаты – келушілерге демалу қызметін көрсету болып бекітілді. Сондықтан, АҚШ елінде ұлттық парктердің дамуы туризммен тығыз байланысты. Ал, еуропалық елдер үшін ерекше қорғалатын аймақтар, ең бірінші, ағаш сүрегі және кен қоры болып табылатын. 1916 жылы АҚШ Конгрессі қорғалатын аймақтар мәселелері бойынша мемлекеттік Ұлттық парктер қызметін құрды. 1916 жылы 43 мың АҚШ долларын 17 батыс темір жолдары қаржыландырып, «Ұлттық парктер тізімі» жарияланды. [4]
Зерттеу нәтижелері бойынша, трансконтинентальді темір жолдары АҚШ ұлттық парктеріне қаржылық қолдау көрсетуіне басты рөль атқарды. Йеллоустон ұлттық паркі Солтүстіктынықмқхиттық темір жол компаниясы парк территориясының маңына қонақ үйлерді және көлік қозғалысын қамтамасыз еткеннен кейін танымалдылыққа ие болды. 1885 жылы бұл компания паркте қозғалу үшін көрнекі жол көрсеткіш шығарды, ал 1893 жылы ол «Йеллоустон темір жолы» деп атала бастады. Кейін көптеген темір жол компаниялары ұлттық парк территорияларында туризм сервисына қызықтырып қамсыздандырды. Осыдан келе, шет елдерде дәл осы темір жол компаниялары ұлттық парктерді сақтауға үлкен үлес қосты. Яғни, темір жолмен саяхаттау кең етек ала бастағаннан кейін, туризм ұлттық парктердің өмір сүруіне қажетті таза табыспен қамтамасыз етті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
1. А.П.Горкин. Современная иллюстрированная энциклопедия. 2006. 169 б
-
2. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын мониторинг жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының орталығы (UNEP-WCMC 2014) http://blog.protectedplanet.net/
-
3. Мамбетқазиев Е., Сыбанбекова Қ., Табиғат қорғау.Алматы, 1990.
-
4. www.nparks.ru
Список литературы Ұлттық парктердің шет елдік тәжірибесі
- А.П.Горкин. Современная иллюстрированная энциклопедия. 2006. 169 б
- Дүниежүзiлiк қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын мониторинг жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының орталығы (UNEP-WCMC 2014) http://blog.protectedplanet.net
- Мамбетқазиев Е., Сыбанбекова Қ., Табиғат қорғау.Алматы, 1990.
- www.nparks.ru