Зертханалы жмыстарды студенттер білімін жетілдірудегі рлі

Автор: Нусипакынова Маржан Бактияровна

Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j

Рубрика: Основной раздел

Статья в выпуске: 4 (10), 2016 года.

Бесплатный доступ

Химия - эксперименттік ғылым. Сондықтан студенттердің оқуға деген қабілетін арттыруда, дербестікке баулуда, тақырыпқа байланысты материал іздеп тауып, білімін толтыруда өткізілетін зертханалық жұмыстың маңызы үлкен. Студенттердің теориялық білімі зертханалық тәжірибелер арқылы бір зат екінші затпен әрекеттескенде қандай заттар түзілетінін, нәтижесінде байқалатын құбылыстың химиялық мәнін түсінуге қызмет етсе ғана есте жақсы сақталады. Студенттер теориялық білім алу барысында ғылыми дәйектермен танысқанда зертханалық жұмыстар түрінде өткізілетін химиялық экспериментке сүйенеді. Химиялық эксперимент - ерекше динамикалық, өз бетінше өзгеріп отыратын көрнекі құрал. Зертханалық жұмыстар білім сапасының жоғарылауына көп әсер етеді және студенттердің өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастырады.

Еще

Короткий адрес: https://sciup.org/140289325

IDR: 140289325

Текст научной статьи Зертханалы жмыстарды студенттер білімін жетілдірудегі рлі

Сонымен қатар студенттердің зерттеу әдісін пайдалана отырып зертханалық-практикалық жұмыстар орындау барысында,эксперименталдық зерттеу машықтары жүйесінің бағытты түрде қалыптасу мәселелері әдістемелік әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде жарық көрмегендігін атап кетсе болады.Бұл тұрғыдан А.В.Усованың студенттерді оқу мен жазуды үйретуден бастап, өз бетінше жұмысын жоспарлауға дейін оқу еңбегінің машықтары мен дағдыларымен     қаруландырмай оқу танымдық процестің табысты болмайтындығы жөніндегі пікірі өте әділ болып табылады.

Студенттерді сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен студенттерді еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал студент білімінің сапасы – мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.

Қазіргі оқытудың ең маңызды міндеттерінің бірі – жұмысты орташа орындайтын білім алушы  бағдарлаудан бас тарту да, әр тұлғаның ұтымды дамуына жағдай жасау болып табылады. Білім мен біліктің жиынтығы ғана маңызды емес; ең маңыздысы студенттерді өздігінен білім алуға, шынайы өмірді 1

қайта құруға, оны белсенді пайдалана білуге үйрету екені белгілі. Осыған байланысты алған білімін түсіну проблемасы ерекше көкейтесті болып отыр.Дидактикалық әдебиетте студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту білімді түсінуін қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде көрсетілген.

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Педагогикалық білім дәстүрге бай. Алайда, педагогика сол дәстүрліліктердің бүгінгі күннің мәселесін шеше алмайтын немесе шешудегі тиімділігінің төмен болып тұрған кезеңіне өтті. Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі -республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің қатарынан көрінеміз деген талабына тұғыр болады деп күтілуде.

Зертханалық жұмыстардың студенттер білімін жетілдірудегі рөлі

Біздің еліміздегі орта білім жүйесінің алдында жан-жақты дамыған студенттерді дайындау мақсаты тұр.Осы мақсатты шешуде педагогика мен психологияның өзекті мәселелерін оқыту әдістемелерін жетілдіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Студенттердің дамуын оқыту процесінде жетілдіру бұрынғы кеңес педагогикасы мен психологиясының және дидактикасының іргелі мәселелерінің бірі болғандығы белгілі,ал ғылыми техникалық прогресс пен халыққа білім беру жүйесін қайта құру жағдайында ол ерекше маңызға ие болады. Жоғарғы оқу орындарында тек қана нақты білім мөлшерін беріп қана қоймай өз бетінше қорытынды жасауға,осы берілген білімдердің негізінде зерттеулер жасауға үйретіп,яғни шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастырғаны ерекше маңызды болып табылады.

Қазіргі педагогикада жеке тұлғаға бағдарлап оқыту идеясы белсенді түрде іске асуда. Оқыту үрдісінде студенттің дербес ерекшелігін еске алу туралы талаптар ережеден белгілі. Бірақ дәстүрлі сабақта студенттердің дербестігін    және танымдық    белсенділігін дамыту үшін қажетті жағдайлардың жеткіліксіздігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымында педагогикалық үрдісте ұстазбен шәкірттің жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін - өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту үрдісінде қолдау қажет.

Жоғарғы оқу орындарындағы химиялық экспериментті ұйымдастыру туралы жетекші әдістемелік құралдар В.Н.Верховский, И.Я.Парменов, Д.М.Кирюшкин, В.С.Полосин, Л.А.Цветкова, Д.А.Энштейн еңбектерінде кең көрініс тапқан.

Эксперимент - оқу үрдісіндегі нақты ұғым мен берік білім алудың негізгі құралы және оқытудың маңызды әдістерінің бірі. Химия пәнін 3

оқытуда химиялық эксперимент оқу үрдісінің құрамды бөлігі болып табылады. Химиялық эксперимент жүргізу барысында студенттердің өзіндік дамуына қабілеттенеді, химияға деген қызығушылығы артады.

Жоғарғы оқу орындарында химиядан сабақ беру практикасы бізді дәстүрлі әдістеме бойынша студенттердің зертханалық-практикалық жұмыстарды орындағандағы іс-әрекеттері, негізінен орындаушылық сипатта болып, ешқандай зерттеушілік дағдылар бермейді деген қорытындыға алып келеді.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармышылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Химиялық эксперименттен алынған қорытындылар мен нәтижелердің дұрыстығын тексеру арқылы студенттердің ойлау қабілеті дамиды, сана -сезімі жоғарылайды. Мемлекеттік білім стандартына сай келетін, студенттің білім деңгейіне қоятын талаптың бірі – оның тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру. Эксперименттік сабақ жүргізудің басты мақсаты – химиялық эксперимент жасау арқылы химиялық реактивтерді қолдану дағдысын қалыптастыру. Жалпы білімнің жүйесі - қоғамдық өрлеумен бірге дамып, онымен бірге өзгеріп отырады. Білімді өздігінен шығармашылықпен игеру негізіне және сол білімді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кредиттік оқу жүйесін енгізу оқытудың жаңа түрлерін кеңінен пайдалануды, сабақ жүргізуді мүлдем өзгеше деңгейге ауыстыруды талап етіп отыр. Мұндай түбегейлі қайтадан ұйымдастырудың пәрменділігі мен нәтижелігі сөзсіз әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне, оқу әдістемелік құралдарының және әртүрлі қосымша әдебиеттердің жеткілікті болуына тәуелді.

Жоғарғы оқу орындарында студенттерге білім беру, танымдық-қызығушылық әрекетін дамыту міндеттері оқу жұмысын ұйымдастырудың сан алуан формаларында түрлі әдістер мен оқу құралдарын тиімді паайдалану арқылы жүзеге асырылады. Химияны оқыту барысында студенттердің таным әрекетін қалыптастыру мәселесі ғалым әдіскерлер еңбектерінде біршама зерттелген. Әдістемелік әдебиеттерде студенттердің танымдық қабілетінің дамуы химиялық білімнің мазмұнына байланысты химиялық экспериментті жасағанда, химиялық есептер шығарғанда және мәселелерді оқыту кезінде жүзеге асатыны баяндалған. Химияны оқыту барысында студенттердің пәндік икемділіктерін қалыптастыру арқылы таным әрекетін белсендіру мәселесі толық шешілді деуге болмайды. Әлі де болса оқыту үрдісінде пәндік икемділікті - таным икемділіктің қалыптасқанын анықтайтын көрсеткіштер толық емес. Сондықтан химияны оқыту үрдісінде пәндік икемділікті жетілдіріп қана қоймай, дамыту мәселесіне де көңіл бөлу керек. Өйткені дамыту нәтижесінде ғана студенттер олардың құрамына кіретін істерді өз бетінше байланыстыра пайдаланатын болады.

Студенттердің танымдық әрекетін дамытуда химияны оқыту үрдісінде ең жиі қолданылатыны - химиялық есептер шығару мен химиялық тәжірибелер жасау . Студенттерге терең, тиянақты білім беруде, олардың шығармашылық ойлау қабілетін, танымдық әрекетін дамытуда, берілетін білім негіздерінің нақтылығын арттыруда химиялық тәжірибелердің маңызы зор. Я.А.Коменский: “ оқыту жай ғана көрсету емес, бір заттың пайдаланатын орнына байланысты, екінші заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегін т.б кім жақсы айыра, талдай білсе, сол ғана жақсы оқыта алады ”.

К.Ушинский: “мұғалімнің өзі үшін нені оқыту керектігін білу ғана жеткіліксіз, ол қалай оқытуды теориялық жағынан ғана біліп қоймай, практикалық жағынан да білу керек”.

Химия ғылымы - эксперименттік ғылым. Яғни жұмбағы көп, құбылысы әр алуан, түсініктері салалы, қызығы мен сыры мол пән. Онысын дер кезінде, нақты байқамаса бой бермейтін пәннің бірі. Оның әр қилы демонстациялық, эксперименттік, зертханалық, ғылыми - практикалық машық алған тәжірибелі амалдарын да таңдап, талғап отыратын ерекшеліктері бар пән екенін түсінуге тиіспіз. Химиялық тәжірибелердің дидактикалық қызметі қазіргі таңда күннен күнге өсіп келеді. Ол студенттердің теориялық және сарамандық біліміне бақылау қызметін ғана атқармайды, сонымен қатар ойлау қабілетінің, шығармашылық белсенділігінің, өз бетімен жұмыс істеу дағдысының дамуына жағдай жасайды. Оқуды еңбекпен ұштастыру студентке өндіріс орындарының әлеуметтік тәжірибесін игеруге, қоғам байлығын өндіруге араласуына мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

Химия ғылымы табиғатты танып білуге және қоғамның материалдық игілігін жасауда маңызды рөл атқаратын жаратылыстану ғылымдарының бірі. Себебі химия пәні табиғаттағы толассыз, тоқтаусыз жүзеге асатын зат айналымының мәнін, табиғат байлығын адам қажетіне жаратудың жолын, оны өндірудің тәсілін де үйретеді. Химияны оқытудағы маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін мұғалімдерден білім ғана емес, педагогикалық - әдістемелік шеберлік пен шығармашылық қабілетті талап етеді. Өйткені химияның оқу материалы химиялық пробиркадағы тұнба тәрізді оқушының жадына жай шөге қалуға тиіс емес, ол студенттің ой санасынан өтуі тиіс. Студенттердің білім сапасын, іскерлік дағдысын, танымдық әрекетін дамытуда химияны оқыту үрдісінде ең жиі қолданылатыны ― химиялық есептер шығару мен химиялық тәжірибелер жасау.

Химиялық тәжірибе ― химиялық реакция, химиялық зат туралы білімнің қайнар көзі. Ол сонымен бірге, химияның көптеген мәселелерін проблемалық 6

тұрғыдан оқытуда маңызы зор. Ол маңызды химиялық теориялар мен заңдарды түсіндіреді, маңызды химиялық үрдістер мен олардың жүру жағдайларын көрсетеді, заттар мен олардың қасиеттерін зерттеуге жол ашады, студенттердің әр түрлі теориялық және сарамандық есептер шығаруға қажетті біліктер мен дағдыларын қалыптастыруға әсер етеді. Тәжірибе үстінде студент білімін толықтырып тиянақтайды, тексере алады, белгілі бір жорамалдар жасауға, оны тексеріп көруге дағдыланады, өз бетімен жұмыс жүргізіп, қорытынды жасай білуге, іскерлікке, негізгі мәселелерге көңіл бөліп қарастыруға, еске сақтау қабілетін арттыруға үйренеді.

Қорыта келгенде, зертханалық жұмыстар студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, химиялық құбылыстарды және олардың әрекеттесулерінің арасындағы байланыстарды түсінулері ғылыми тұрғыдан қалыптасып, оқу материалы олардың ой - өзегінен өткендігі, зертханалық жұмыстардың студенттер білімін жетілдірудегі рөлінің ерекше екеніндігіне анық көз жеткіздім.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  • 5    Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы.2002ж- 52-54 б.

  • 6    Пірәлиев С.Ж., Бутин Б.М.,Байназарова Г.М.,Жайлау С.Ж. Жалпы

    химия. Iтом.Алматы.2003ж-226-227б.

  • 7    Мырзабаев А., Турбекова Н. Химиядан сыныптан тыс жұмыстар және танымдық ойындар. Алматы: Рауан - 1993ж -148 б.

  • 8    Химия пәнінен дәстүрлі емес сабақ түрлері. Алматы. 2003ж -63-65 б.

  • 9    Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы.2002ж - 82-84 б.

  • 10    Сейтембетов Т.С. Химия. Алматы, Білім- 1994 ж-16-18 б.

  • 11    Мырзабайұлы А. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы - 2002 жыл.

  • 12    Темірәлиева А. Химия сабағында пайдаланатын көмекші құралдар Алматы: Мектеп, 1986 ж.

  • 13    Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі, 1991ж -45-46 б.

  • 14    Бейсеева Г.Б., Өнербаева З.О., Химиядан стандартты емес есептерді шешу элективті курсы. Алматы 2012 ж

  • 15 . Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. Мектеп мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. Алматы, 2002 ж-73-75 б.

Список литературы Зертханалы жмыстарды студенттер білімін жетілдірудегі рлі

  • Шоқыбаев Ж.Ә., Қаражанова Д.Ә., Оразбаева М.А. Бейорганикалық химияның теориялық негiздерi және элементтер химиясы.Алматы.2013ж -217-221 б.
  • Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия.Алматы,Бiлiм.2003ж -148-155б.
  • Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдiстемесi. Алматы, Рауан.1993ж -62-63 б.
  • Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдiстемесi. Алматы. 2011ж -120-122 б.
  • Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы.2002ж- 52-54 б.
  • Пiрәлиев С.Ж., Бутин Б.М.,Байназарова Г.М.,Жайлау С.Ж. Жалпы химия. Iтом.Алматы.2003ж-226-227б.
  • Мырзабаев А., Турбекова Н. Химиядан сыныптан тыс жұмыстар және танымдық ойындар. Алматы: Рауан - 1993ж -148 б.
  • Химия пәнiнен дәстүрлi емес сабақ түрлерi. Алматы. 2003ж -63-65 б.
  • Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы.2002ж - 82-84 б.
  • Сейтембетов Т.С. Химия. Алматы, Бiлiм- 1994 ж-16-18 б.
  • Мырзабайұлы А. Химияны оқыту әдiстемесiнiң педагогикалық негiздерi. Алматы - 2002 жыл.
  • Темiрәлиева А. Химия сабағында пайдаланатын көмекшi құралдар Алматы: Мектеп, 1986 ж.
  • Бiрiмжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тiлi, 1991ж -45-46 б.
  • Бейсеева Г.Б., Өнербаева З.О., Химиядан стандартты емес есептердi шешу элективтi курсы. Алматы 2012 ж
  • Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. Мектеп мұғалiмдерiне арналған көмекшi құрал. Алматы, 2002 ж-73-75 б.
Еще
Статья научная