Қазақ мақал-мәтелдерінің семантикасы /М.Жұмабаев, І.Жансүгіров шығармалары негізінде/
Автор: Айыпбаева А.
Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j
Рубрика: Основной раздел
Статья в выпуске: 5 (23), 2017 года.
Бесплатный доступ
Бұл мақалада Қазақ халқы қазақ мақал-мәтелдерінің семантикасы М.Жұмабаев, І.Жансүгіров шығармалары негізінде қаралады. Мақалдар көбінесе ауыс мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш мәнерлілік қызмет атқаратыны белгілі. Ілияс ақын мақалдардың жалпы халықтық формадағы қалпын сақтамай, тек мазмұнын ғана сақтаған. Мақал мен мәтел жай сөз емес, ол-сөз атасы,сөз көркі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,қысқа болса да нұсқа сөз.
Кілт сөздер: мақал, мәтел, инвариант, паремиология, шығарма
Короткий адрес: https://sciup.org/140289394
IDR: 140289394
Текст научной статьи Қазақ мақал-мәтелдерінің семантикасы /М.Жұмабаев, І.Жансүгіров шығармалары негізінде/
Қазақ халқы, басқа халықтар секілді, жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып,солар арқылы тұрмыс-тіршілігінің әр алуан жақтарын суреттеген; қоғамдық өмірін, дүниеге көзқарасын,таптық күресін,арман-мүддесін, т.б. бейнелеп көрсеткен.Осы негізде туған және ауызәдебиетінің күрделі бір түрі деп халықтың мақал-мәтелдерін айтамыз [1,78].
-
а) Мақалдар көбінесе ауыс мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш мәнерлілік қызмет атқаратыны белгілі. Бұған мысалды Ілияс Жансүгіровтен келтірейік:
Ашудың жағасынан ақыл алды,
Жынды ашу қалды әлсіреп, қалбалақтап
Арс етіп сырт айналды ашу шорқақ,
Жалт етіп шықты бұққан мейірім қорқақ [І.Ж., 126 ].
Ілияс ақын мақалдардың жалпы халықтық формадағы қалпын сақтамай, тек мазмұнын ғана сақтаған.
Сол қолың ұрыс бастаса,
Оң қолың арашашы болсын, немесе «Ашу-дұшпан, ақыл-дос, Ақылыңа ақыл қос!»,-деген мақалдардың мазмұнын іске асырып, халықтың бай тәжірибесінің түйінінен өлең шумағын тудырған. Ашу мен ақылды адам түрінде бейнелейді де, соңғы жолдарға кереғар ұғымдарды бетпе-бет қойып, ашуды "арс етіп" тіркесі және итке тән құбылыспен, ұғымның сипатымен шендестіруді, яғни айшықтаудың бір түрін пайдаланып, халық тіліндегі жоғарыдағы мақалдардың мазмұнын санамызға қатарластыра енгізіп, суреттейді. .
ә) Мақал-мәтелдер өлең ішінде тура мағынада қолданылып, мәнерлілікті арттырып ерекшеленеді. Бұған мысалды Мағжан Жұмабаевтан келтіреміз:
Жабыны тұлпар қылам деп,
Қарғаны сұңқар қылам деп,
Талайдың ісі шала ғой [М.Ж., 91 ].
Бұнда халық тіліндегі мақал сол қалпында алынған. Бірақ, "жабының жол бұзатын жорғасындай" деген тіркесті еске алсақ, жабыдан тұлпар шықпаса да, жол бұзатын жорғалар болғанын, заты асылдың өлігін көрсе, көзін шұқымас "ала қарғалардың" да бар екеніне күмәнданбаймыз. Бұл халықтық қолданыста бар, Мағжан ақын өлеңге кіргізген жоғарыдағы мақалды жоққа шығару емес, реті елгенде бұлай да болуы мүмкін-ау деген ойды білдіру.
-
б) Мақал-мәтелдердің авторлық-стильдік инварианттары жайында. "Паремиология - мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты нақыл сөздерді жан -жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі" - дейді ғалым. Ә.Қайдаров [2, 221].
Ғалымның пікірін онан әрі жалғастырсақ, мақал-мәтелдердегі тұлғалық тұрақтылық, сайып келгенде, оның біртұтас мағынасы мен мазмұнына тікелей байланысты. «Мақал-мәтелдердің осылайша түрлі өзгерістерге, тұлғалық модификацияларға ұшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ» рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз, - дейді ғалым Ә. Қайдар.
Мақал-мәтел инварианттары бірде олардың компоненттеріне инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп, эллипсис түрінде айту арқылы, бірде дербес екі түрлі мақал-мәтелдің элементтерін өзара шебер қиыстыру арқылы т.б. жолдармен жасала береді. Бұл өзгерістерді төмендегі мақал-мәтелдердің дәстүрлі номинатив тұлғасымен салыстырылып берілген сөйлем құрамындағы авторлық, стильдік инварианттардан айқын көруге болады.
-
в) Мақал-мәтелдердің жеке элементтері ғана сақталатын инварианттарға. Бұған мысалды Ілияс Жансүгіровтен келтірейік:
Бөріні бөрік астынан білмей қалды
Ойнақтап өте берді жау алдынан [І.Ж., 63 ].
Бұл халықтық қолданыстағы мына мақалдың негізінде құрылған;
Бөрі жоқ деме, бөрік астында
Жау жоқ деме жар астында.
Енді бір мысалды Мағжан Жұмабаевтан келтірейік:
Табылмас аузына су тамызушы.
Өзінің тар етігін кең көрмесе. [М.Ж., 23].
-
г) Қосалқы компоненттермен кеңейтілген инварианттар.
Бұған мысалды Ілияс Жансүгіровтен келтірейік:
Дегендей: шешен-дауға, батыр-жауға.
Жүйрікті - бәйгеге деп, бағалауда [І.Ж.,27]
Міне, мақал-мәтелдер поэзия тілінде өзгертіліп қолданылған. Әрине, поэзияда ақындар қалай түрлендірсе де, өлең ұйқасын, ырғағын сақтау үшін істеген әрекеті деп түсінеміз. Мағжан, Ілияс мақал-мәтелдерді ұғымға түсініксіз етіп жеткізбеу үшін өлең ішіне аз - мұз өзгеріспен енгізсе де, исі
қазақ атаулыға түсінікті синонимдерін пайдалана отырып,қолданған. Мақал мен мэтел жай сез емес,ол-сез атасы,сез kepki, тоцсан ауыз сездщ тобыцтай түйіні,қысқа болса да нұсқа сөз. Ауыз екі тілде болсын, жазу тілінде болсын дэл мацал-мэтелдей сезге сарац, мазмунга бай ешбip шыгарма жоц десек кателеспеймiз.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
Список литературы Қазақ мақал-мәтелдерінің семантикасы /М.Жұмабаев, І.Жансүгіров шығармалары негізінде/
- Әбiлқасымов Б.Х1Х ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ әдеби тiлi.Алматы-1982ж.26 б.
- Қайдаров Ә.Т.Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi.-Алматы,1998.-304б