Азастан республикасындаы франчайзингтік бизнес:мселелері жне даму перспективалары
Автор: Самархан Н.А., Нуркенова Макпал Жанбыршиновна
Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j
Рубрика: Основной раздел
Статья в выпуске: 4 (22), 2017 года.
Бесплатный доступ
Франчайзинг- (ағылш. franchіse - лицензия, айрықша құқықтық); франшиза (фр. franchise - жеңілдік) - коммерциялық концессия, нарықтық субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың түрі, бір тарап (франча́йзер) екінші тарапқа (франчайзиге) ақы (роялти) үшін белгілі бір бизнес түрін, әзірленген бизнес-моделін және оның жүргізу әдісін пайдалануға береді.
Негізгі сөздер: франчайзинг, франшиза, франчайзи, экономика, нарық, бизнес
Короткий адрес: https://sciup.org/140271371
IDR: 140271371
Текст научной статьи Азастан республикасындаы франчайзингтік бизнес:мселелері жне даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау – бұл өзіндік салықтық саясатты қайта қарастыру мен қаржылай-несиелей қолдауды қарастыратын әлемдік мәселе.
Кіші бизнеске, өзге ірі экономикалық жүйелердің өндіріс желісіне қосылу арқылы дамуына да болады. Мұндай интеграцияның ұйымдастырушылық формалары әртүрлі – лизинг, франчайзинг, белгілі бір қаржылай кепілдік пен қосалқы контракт негізінде жеткізілім және т.б. секілді болуы мүмкін. Соның ішіндегі франчачйзингке қазіргі кезде алдыңғы сатыда.
Франчайзинг (ағыл. franchise, «лицензия», «артықшылық»), франшиза (фран. franchise – жеңілдік, артықшылық), коммерциялық концессия – нарықтағы субъектілердің арасындағы қарым-қатынастың түрлері. Онда бір жақ (франчайзер) екінші жаққа (франчайзиге) дайын бизнес-модельді қолдана отырып, белгілі бір бизнесті жүргізу үшін төлем төлеу (роялти) арқылы берілетін құқық. Бұл дамыған лицензиялаудың формасында, бір тарабтың (франчайзер) екінші тарабқа (франчайзиге) өзінің тауарлық белгілері немесе атауын қолдана отырып, франчайзер атынан қызмет етуге рұқсат береді [1] .
Франчайзинг кіші және ірі бизнестің ортақ қосындысы ретінде сипатталады. Мұндай қосынды - ірі компанияның үлкен тәжиірбесі, коммерциялық күші мен ресурстарының және кәсіпкердің энергиясы мен міндетінің қосындысынан туған одақ.
Қазақстан Республикасында франчайзингті іс жүзінде асырумен байланысты қатынастарды 2002 жылдың 24 маусымындағы қабылданған «Кешендік кәсіпкерлік лицензиясы (франчайзинг )туралы » заңы реттейді . Осы заңмен қоса Қазақстанда франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған қызығушылық , мүдделік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 жылдың ақпан айында Қазақстандық франчайзинг ассоциациясы (ҚФА) құрылды.
Қазақстанда тараған франчайзинг түрлері. Франчайзинг франчайзер мен франчайзи арасындағы өзара қарым-қатынастар нұсқаларына, сондай-ақ олардың өзара құқықтары мен міндеттерін бөлуге байланысты түрлі нысандарда бола алады. Қазақстандағы франчайзинг нарығы ерекшеліктенің бірі сублицензиялық, яғни субфранчайзинг.
Халықаралық франчайзерлер (ресей немесе түрік) өздерінің мастер-франчайзи (субфранчайзерлері) арқылы әрекет етеді, ал қазақстандық компаниялар өз кезегінде субфранчайзи (сублицензиат) ретінде болады. Тікелей классикалық қатынастар өте аз: франчайзер – франчайзи. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанмен тікелей жұмыс істеуге асықпайды [2].
Мұндай жағдайлардың себептері өте көп:
-
1 .Халықтың және сату нарығы тығыздығының жеткіліксіздігі;
-
2 .Франчайзингтің халықаралық нарығындағы жергілікті кәсіпкерлердің белсенді еместігі;
-
3 .Жергілікті тұтынушылардың ресейліктермен бірыңғай тілдік қатынасы;
-
4 .Франчайзингтің ел ішіндегі көшу жағдайларының өте аз болуы.
Қазақстан нарығындағы франчайзинг түрлерінің қатынасы:
Барлық тауарлар санатының ритейлі-45%
Қызметтер (қоғамдық тамақтануды қоса)-30%
Өндіріс-2%
Аралас нысандар өндірісі+сауда, қызметтер+ сауда және т.б.)-23%
Қазақстанда өндірістік сектор жеткілікті түрде қиын дамуда – жергілікті нарықта барлық желіден барлығы 2% әрекетке енгізілген. Осының салдарынан франчайзинг белсенді түрде қолданылуда, бірінші кезекте қызмет көрсету саласы мен саудада. Болашақта өнеркәсіпік франчайзинг үлесі өсуі мүмкін, бірақ қазақстандық жағдайда мемлекеттің қолдауынсыз еліміздің дамуының осы сатысында мүмкін болуы өте аз.
Қазақстандық франчайзингтік желілер. Егер жергілікті франчайзингтік желелер туралы айтсақ, онда санының аз болуы бірқатар себептермен шарттастырылған, олардың негізгісі жергілікті нарық үшін бизнес жүргізудің осы түрінің жаңалығы болып табылады.
Қазақстанда бірнеше отандық франшиза мәлімденген 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылғы желтоқсанда олар енді 60-қа жуық болды, олардың 6 шетелде әрекет етеді, бұл Happylon, ShBS, Mimioriki, Kuralai, Biba, Zibroo, Red Dragon [3].
2014 жылдың басында Қазақстандағы франчайзингтік жүйелер саны 340 жетті. Әрбір желі орташа 4-5 франчайзингтік орынды есептейді. Желідегі франчайзингтік орындардың ең көп саны - 55, ең азы -1. Бүгін Қазақстанда франчайзинг үлесі кәсіпкерлікте 1%-3,5% аспайды, бұл ретте 25000 аса адам франчайзинг секторында жұмыс атқаруда. Франчайзинг талаптарымен жұмыс істейтін өнеркәсіптердің жылдық айналымы 2016 жылы болжаммен $3 млрд жақын [4].
Ұсыныс: Шетелдік тәжірибеше негізделе отырып, Қазақстан Республикасында шарт алдындағы сатыда франшиза туралы ақпаратты ашу тәртібінің ережелері мен стандарттарын енгізу мүмкіндігін қарастыру.
Франчайзингке мемлекеттік қолдау көрсету әлемдік тәжірибеге сәйкес жалпы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден бөлінбейді, яғни франчайзинг ынталандыру бойынша барлық бағдарламалар шағын және орта кәсіпкерлкті дамыту бағдарламаланың баламасы болып табылады. Бұл толық қисынды, өйткені франчайзинг кәсіпкерліктің ажыратылмас бөлігі болып табылады және кәсіпкерлік алаңда әрекет етуге тиіс.
Егер елде кәсіпкерліктің дамуы үшін жағымды атмосфера құрылса, онда франчайзинг қарқынды дамитын болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
1 .https://kk.wikipedia.org
-
2 .А.А. Тұрсынбаев Доклад «ҚР экономикалық кризистен шығуында ШОБ маңызды жол»]
-
3 .FinGate ЖШС. «Қазақстан Республикасындағы франчайзинг нарығының күйі және оның дамуын талдау» зертттеулерінң нәтижелері туралы есеп
-
4 . www.kupi-franshizu.ru мәліметтері
Список литературы Азастан республикасындаы франчайзингтік бизнес:мселелері жне даму перспективалары
- https://kk.wikipedia.org
- А.А. Тұрсынбаев Доклад «ҚР экономикалық кризистен шығуында ШОБ маңызды жол»]
- FinGate ЖШС. «Қазақстан Республикасындағы франчайзинг нарығының күйi және оның дамуын талдау» зертттеулерiнң нәтижелерi туралы есеп
- www.kupi-franshizu.ru мәлiметтерi