Азастан республикасындаы шаын ксіпкерлікті дамуы

Автор: Кусайнова С.Б., Айтходжаева Г.И.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Экономика и сервис

Статья в выпуске: 1 (97), 2013 года.

Бесплатный доступ

Бұл мақалада Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шешуі табылмаған мәселелерді орындаудың жолдары, республикада кәсіпкерлік іс-әрекетін және әлеуметтік, экономикалық дамуына байланысты бағыттар талданған. Автор көптеген өндіріс саласының дамуына байланысты мемлекет тарапынан қажетті көмек, әдіс жолдарын белгілейді. Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Жұмыстың мақсаты Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуының басым бағыттарын анықтап, ұлттық экономиканың дамуына олардың ықпалын бағалаудың әдістемелік нұсқауларын дайындау және нақты экономикалық тұрғыда негізделген тәжірбиелік ұсыныстар беру.

Еще

Короткий адрес: https://sciup.org/140204985

IDR: 140204985

Текст научной статьи Азастан республикасындаы шаын ксіпкерлікті дамуы

Кіріспе

Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономи-калық мәселелерін шешуге шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.

Еліміздің экономикалық дамуының қай кезеңінде болмасын кәсіпкерлікті ұйымдас-тыру мен дамыту маңыздылығын жоғалтқан емес. Қазақстанның дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды басқаруда өте күр-делі мәселелердің пайда болуымен сипатта-лады. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оң шешімін табуына және экономиканың өсу қарқынына оң ықпал етеді. Экономиканың нақ осы секторы мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. [1]

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жете- ді. Өйткені ол мемлекеттің экономикалық жаңаруы мен жетілуіне, өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына және өзге де мәселелерді шешуге оң әсерін тигізумен бірге белгіленген экономикалық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Осыған байла-нысты мемлекеттің кәсіпкерлікті ұйымдас-тыру мен дамытуға және жан-жақты қолдауға жағдай жасауы шағын және орта кәсіпкер-ліктің дамуына мол мүмкіндіктер ашады. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде барлық дамуы стра-тегияларында, мемлекеттік бағдарламаларда және Елбасының жыл сайынғы Жолдау-ларында да қарастырылып, мемлекет тарапы-нан ерекше назар аударылып отыр [2].

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқа-тын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталатын Жолдауында Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілет-тілігін ынталандыру жөнінде дәйекті жұмыс-ты жалғастыруға тиіс, - деп атап көрсетілді. Елбасы «Дамыған кәсіпкерлік сектор- кез-келген ел экономикасының негізі», осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақ-ты батыл азайтуға, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тасыра-мын», - деген болатын [3].

Бұл кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі-нің жоғарлылығын, оны ұйымдастыру, дамы-ту мен қолдауға баса назар аудару қажеттігін көрсетеді. Сондықтан елімізде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәселесін теориялық-әдістемелік және ғылыми-талдамалық негізде қарастырудың маңыздылығы жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлік төңіре-генде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы маңыздылығын дәлеледейді. Статистика агенттігінің мәліметтерінде рес-публиканың біраз аймақтарында ауылшаруа-шылық өнімдерінің өндірісі мен сауда сала-сындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалға-нымен, өндіріс саласының даму қарқыны төмен екендігі білініп тұр. Өндіріс саласын көтермей әлеуметтік-экономикалық тұрақты-лықты қалыптастыру қиын. Ал өндірістегі кәсіпкерлік өзінің көлеміне қарамасатан ірі және шағын кәсіпорындардың арасында толық, бір тұтас, өзара байланысты көптеген құбылыстарды сипаттайды.

Зерттеудің нысаны, әдісі

Кәсіпкерлік орта біркелкі нәрсе емес. Оның кейбір параметрлері кәсіпкерлік қызмет-тен тәуелсіз қалыптасады және оның ықпалын сезбейді, ал кейбір параметрлері оның ықпалына сезімтал келеді. Кәсіпкердің ықпалы сезілмейтін ортаның параметрлерінің бөлігінде ол қалыптас-қан жағдайға бейімделуге мәжбүр болады. Ал басқа бөлігі, керісінше, кәсіпкердің қайта құру қызметінің объектісіне айналды. Міне сондық-тан кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік қызметтің алғы-шарты мен объектісі болып табылады. Кәсіп-керлік ортаның ықпалына бейімделіп, өзгеріп, осы ортаны өзі өзгертеді [4].

Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай жасау экономика субъектілерінің нарықтық опера-цияларды жүзеге асыру құқығын іске асыру-мен, қызмет нәтижелерін иемденумен, сон-дай-ақ, шаруашылық қызметте бәскелестің болуымен байланысты. Осы орайда кәсіп-керлік экономикаға көшу үшін оны ырықтан-дыру, жекешелендіру жүргізу, сондай-ақ бә-секелік орта құру қажет.

Экономиканы ырықтандыру - бұл баға беру саласында да нарықтық операцияларды жүзеге асыруға қойылатын шектеулерді әлсіре-ту процесі. Экономиканы ырықтандырудың басты мақсаты-трансакциялық шығындарды қысқарту, яғни шаруашылықты үйлестіруге жұмсалатын шығынды төмендету, ресурстарды тиімді пайдалану мен инновациялық белсен- ділікті арттыруға бағытталған кәсіпкерлік ынтаны күшейту және экономикада көлеңкелі секторды қысқарту есебінен ресурстарды ұтымды бөлу мен пайдалануға қол жеткізу.

Экономиканы ырықтандыру-өтпелі эко-номикаға ғана тән құбылыс емес. Алайда трансформация жағдайында жүзеге асырылатын экономиканы ырықтандырудың елеулі ерекше-ліктері бар. Біріншіден, оның алдына күрделі әрі сан-салалы міндеттер қойылған. Екіншіден, экономиканы ырықтандыру нарықтық эконо-микасы дамыған елдердегідей мемлекеттің реттеуші функциясын әлсіретіп қана қоймай, сонымен бірге шаруашылық жүргізу қағидала-рын өзгертуге де бағытталған. Осы өзгерістер-дің ең маңыздысы - экономикалық еркіндік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүм-кіндік беру. Кәсіпкерлік ортаны құру факторы ретінде ырықтандыруды жүзеге асыруда баға-ларды, шаруашылық ұйымдар мен сыртқы эко-номикалық қызмет саласын ырықтандырудың маңызы зор.

Бағаларды ырықтандыру - бағаларды мемлекеттік реттеудің аясы мен шараларын қысқартумен байланысты экономикалық іс-шаралар. Бағаларды ырықтандыру бағаларды әкімшілік қалыптастыру механизмі баға сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалып-тасатын нарықтық механизммен алмастыру деп аталады. Бағаларды ырықтандыруды та-уарлық және ресурс нарықтарындағы тапшы-лықты жою және ресурстарды бұдан да ұтым-ды бөлуді қамтамасыз ету сияқты екі өте ма-ңызды міндетті шешу мақсаты қойылды [8].

Шаруашылық операциялар саласын ырық-тандыру кезінде ресурстарды орталықтандырып бөлу жүйесін жою, нарықта операцияларды жү-зеге асыруға қойылатын бөгеулерді алып тастау және осы операцияларды жүргізуде жасалатын әкімшілік (мемлекеттік) бақылаудың әлсіреуі қа-растырылды. Ырықтандырудың осы бағытында кәсіпкерлік функцияны жандандыру үшін жағдай жасау мақсаты қойылды.

Жаңа, тиімділіктің өсуіне бетбұрыс жасаған кәсіпорындарды қалыптастыру үшін шаруашылық операцияларын ырықтандыру мен нақты кәсіпкерліктің қалыптасу процес-терін теңгерімді ету қажет.

Қорытынды және талдау. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың, экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы жасалуы тиіс.

1 сурет - Мемлекеттік қолдау жүйесі Ескерту – автормен құрастырылды

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау-дың Мемлекеттік бағдарламасына байла-нысты пікірімізді жеткізе отырып, еліміздің белгілі ғалымдарының ой-пікірлері негізін-де әзірленген шғын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін ұсынып корейік. Әлемдік дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау саясатының басты мақса-ты – қолайлы орта қалыптатыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интеллектуалды меншікті қорғаудың тиімді жүйесі; жеңілдетілген әкімшілік шаралары, салық демалыстары және тағы басқалары басты нысанаға алынады.

Салық министрліктер мен комитеттердің өз қызметтерін шағын кәсіпкерлікке қатысты тиімді ұйымдастыруы арқасында ведомстволық қолдау көрсетуге әбден болады. Бұл шараға ірі отандық кәспорындар мен трансұлттық компа-ниялар да қатыса алады [6].

Қорытынды және шешімдер

Қазіргі таңда Қазақстандық кәсіпкерлік-тің қайта өрлеуі турасында көп айтылуда: алайда, анығырақ-айтар болсақ, бұл күндері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмі-рінде болып жатқан құбылыс біздің елде кәсіпкерліктің екінші қайта өрлеуіне жасал-ған талпыныс болып саналады. Кәсіпкерлік-тің қалыптасып даму негізі 1992 жылдан бастап кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы барысында жасалынған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіпкерлік мемлекеттік қолдаудың күшеюі арқылы үлкен қарқынмен дамуда. Кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін ең маңызды мәселелердің шешімі ҚР Президентінің 2001 жылғы 7-мамырдағы

№597 «2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру іс-шаралары туралы» қаулысы арқылы Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама елдегі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту деп есептеледі [5].

Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан да бұл мәселені үкіметтік, банктік және т.б. еліміздің ірі органдары бірнеше рет шешуге тырысқаны да кездейсоқ емес. Қазақстандық кәсіпкерлерді толғандыратын негізгі мәселелер: салық және кеден заңнамаларының жетілмегендігі, несие қорларына қол жеткізудің қиындығы, тен-дерлердің көзбояушылықпен өткізілетіндігі және бақылаушы органдардың шектен тыс әрекеттері, және т.б.

Шағын кәсіпкерліктегі процестерді талдай отырып, экономиканың бұл секто-рында дамудың қарқынды-үдемелі сипаты бар екенін және әлеуметтік шиеленісті төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің негізі бола отырып, өзінің оң нәтижесін беріп отырғанын айқындадық. Әсіресе соңғы екі жылдық көрсеткіштер мұны дәлелдеп отыр. Бірақ аймақтар бойынша және экономикалық қызмет түрлері бойынша едәуір ерекшеленеді.

Бұл мақалада Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму кезеңдерін аймақтар және экономикалық қызмет түрлері бойынша талдау жасай отырып, әлі де оған кері ықпалын тигізіп отырған бірқатар мәселелерді айқындадық. Оның ішінде ауылшаруашылық саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың жағдайы басқа салалармен салыстырғанда өте төмен жағдайда қалып отыр. Кәсіпкерліктің дамуы көптеген мәселелерге, атап айтқанда, ақпараттық, қаржылық, институционалдық, білім беру және мемлекеттік (бюрократизм, жемқорлық) кедергілерге тап болуда.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша инфроқұрылым құру міндеті өз дәрежесінде атқарылмай отыр. Екінші жағынан кәсіпкер-лік қызметтің салалық спецификасы толық ескерілмеген. Бұл барлық катергориялар үшін тең шарттар мен жеңілдіктер жағдайында өндірістік сектор емес, қызмет көрсету секторының басым дамуына алып келеді.

Қорытындысында сауда және қызмет көрсету бизнесінде барлық тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 50%-і, ал өнеркәсіпте небәрі 6%-і.

Мұндай құрылым жағдайында ЖІӨ-ді шағын бизнес үлесін 50-80 % көрсеткішіне қол жеткізудің алыс екендігі түсінікті. Тек өндірістік шағын кәсіпкерлік қана ЖІӨ деңгейіне елеулі ықпал ете алады.

Сонымен қатар бізде әсіресе бизнесті жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін олардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жеткілікті дамымаған. Егер кәсіпкерліктің дамуын сандық тұрғыдан қарайтын болсақ, позитивті алға жылжуды аңғаруға болады. Егер сапалық жағынан бағалайтын болсақ көңіл толарлық емес. Шағын кәсіпкерліктің құрылымы тиімсіз, көптеген кәсіпкерлер үшін жеке кәсіапкерлік статусы мен сауда-саттық қызметі тартымды болып отыр. Қазіргі кезде шағын бизнестің дамуына үлкен үміт артылып отыр. Тозған қалаларды қалпына келтіру, индустриалды-инновациялық даму стартегиясын жүзеге асыру процесін осы шағын бизнесті дамытумен байланыстырады. Мұндай жағдайда қолдау шараларының кеше-нін жасау қажет, оның ішінде фискалдық, ақша-несиелік және әкімшілік. Жергілікті атқарушы органдар өз аймақтарының потенциалы мен спецификасын есепке ала отырып, кәсіпкерлерге бос ғимараттарды беру, жұмыссыздарды кәсіпкерлік ортаға тарту, инфорақұрылымды дамыту, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жолымен шағын кәсіпкер-ліктің даму процесін реттеуі тиіс. Шағын кәсіпкерлік өндірістің кластерлік дамуының негізін құрауы және орта, ірі кәсіпорындарға қажетті қызметтер көрсетуі тиіс. Өнеркәсіптік секторды қайта құру және сигментациялау кіші кәсіпорындардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүргізілуі керек. Біздің ойымыз-ша индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырудағы кәсіпорындардың рөлін келесі түрде көрсетуге болады: шағын кәсіпорындар тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге деген ішкі сұраныс қажетті-ліктерін қамтамасыз етуге, орта кәсіпорындар экспортқа бағытталған инновациялық өнім-дерді өндіру мен құруға, ірі кәсіпорындар өткізудің сыртқы нарықтарын кеңейтуге және өнімді ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Барлық бұл мәселелер шешуге келетін мәселелер, еліміз жақын келешекте оларды шешуге бағыт-талған мақсаттарды орындай алады деп ойлаймыз. Осыларды шешу арқылы ғана ел экономикасының жалпы дамуын қамтамасыз етуге болады [7].

Жұмысты қорытындылай келе айтары-мыз шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кешенді болуы тиіс. Әсіресе, Қазақстанның әлемдік нарықпен интеграциялануы, тауарлар мен қызметтердің бәсекелестігін арттыру мен экономиканы индустиралды-инновациялық дамыту жағдайында мемлекеттік реттеудің рөлі мен мәні арта түспек.

Қазақстан келешегінің кәсіпкерлікте екендігі жайлы тезиске қосылу дұрыс болмас. Келешегіміз-біздің өз қолымызда және тұр-мыс құрудың тиімді концепциясын құрастыру қабілетімізге байланысты дер едім. Сондық-тан, жеке кәсіпкерлік функциялардың эконо-микалық қызметінің осындай формасымен шұғылдануға бел байлаған әрбір азаматтан кәсіби көзқарас пен ұстаным талап етіледі.

Елімізде жасалған дағдарысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасындағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын ерекше атап өтті. Қандай да болмасын дағдарыс кезінде шағын және орта бизнес қалыптасқан жағдайда икемді болып келеді және одан шығудың тиімді жолдарын тез табады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

    туралы ҚР Парламентінің Жарғысы №3. – 2000ж. [Электронный ресурс] Режим доступа: http://www.kazakhemb.com .

  • 2.    Проблемы развития малого бизнеса и пути их решения, Современное состояние малого бизнеса в РК// Экономика и статистика. – №4. – 2000. – С.52.

  • 3.    Ертазин Х. Проблемы развития малого и среднего бизнеса в аграрном секторе экономики. //Транзитная эконоика. -№5. – 2004. – С.62.

  • 4.    Болотнов А., Бутенко О., Кестер Я.М. Экономика и организация малого пердпри-нимательства. -М.: ФОН, 2000. - 509б.

  • 5.    Государственная программа развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 2003-2006 годы. Указ Президента Ресупблики Казахстан от 29 декабря 2003 г. – №1268.

  • 6.    Бекмағамбет Г. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері: Экономика негіздері. -2006. №2(16). -18б.

  • 7.    Сидорович А.В., Әбішев Ә.Ә. Ұлттық экономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2010. – 89б.

  • 8.    Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2010. – 110б.

Список литературы Азастан республикасындаы шаын ксіпкерлікті дамуы

  • Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы ҚР Парламентiнiң Жарғысы №3. -2000ж. Режим доступа: http://www.kazakhemb.com.
  • Проблемы развития малого бизнеса и пути их решения, Современное состояние малого бизнеса в РК//Экономика и статистика. -№4. -2000. -С.52.
  • Ертазин Х. Проблемы развития малого и среднего бизнеса в аграрном секторе экономики.//Транзитная эконоика. -№5. -2004. -С.62.
  • Болотнов А., Бутенко О., Кестер Я.М. Экономика и организация малого пердпринимательства. -М.: ФОН, 2000. -509б.
  • Государственная программа развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 2003-2006 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2003 г. -№1268.
  • Бекмағамбет Г. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мәселелерi: Экономика негiздерi. -2006. №2(16). -18б.
  • Сидорович А.В., Әбiшев Ә.Ә. Ұлттық экономика: Оқулық. -Алматы: Экономика, 2010. -89б.
  • Елшiбаев Р.Қ. Кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру: Оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2010. -110б.
Статья научная