Баралы апарат ралдарын жетілдіру мәселелері және оны шешу жолдары

Автор: Тилемисова Э.Ж.

Журнал: Форум молодых ученых @forum-nauka

Статья в выпуске: 3 (103), 2025 года.

Бесплатный доступ

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) дамуы, оның қоғамдағы рөлі және оны жетілдіру мәселелері қарастырылады. БАҚ-тың ақпараттық кеңістіктегі маңызы, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары талқыланады. БАҚ-тың еркіндігі, ақпараттық саясат, журналистердің кәсіби деңгейін арттыру және ақпараттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қозғалған. Мақалада ақпараттық-технологиялық жетістіктер мен заңнамалық реформалар аясында БАҚ-тың болашағы сараланады.

Бұқаралық ақпарат құралдары, бақ еркіндігі, ақпараттық саясат, журналистика, медиа, ақпараттық кеңістік, заңнамалық реформа, ұлттық медиа, цифрлық бақ, ақпараттық қауіпсіздік

Короткий адрес: https://sciup.org/140311818

IDR: 140311818

Текст научной статьи Баралы апарат ралдарын жетілдіру мәселелері және оны шешу жолдары

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси, экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты.

Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан елдің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек.

Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», — деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұты-нушылардың шексіздігі;

– арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;

  • –    ақпарат таратушының қабыл-даушыға біржақты ықпалы;

  • –    тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі [1].

БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады [2].

Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат құралдары бостандығының кепілі. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады [3].

Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.

Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.

Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.

Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста тұңғыш Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің жоғары екендігін сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады. Осыған орай, елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.

Бастау бұлағы сонау көне Түрік заманынан бастау алып, Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Ұлттық идея – Алаш идеясының бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы мен философиялық салмағы, әлеуметтік қуаты жоғары. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мәселесi, атап айтқанда, сол аға буынның қабырғасын «Қазақ елі – мәңгілік ұлттық идея.

Бұл болашаққа бастайтын, келешекке деген нық сенім қалыптастыратын идея болды. Сонымен бірге, қазақ елі мәңгілік деу – ұрпақтар алмасуына, олардың сабақтастығына, солармен бірге халықтың табиғи құндылықтарының жасампаздығына деген сенім. Осылай дей отыра, қазақ елі – мәңгілік дегенде, біз бүгінгі бар тарихымыздың баяндылығы туралы қалыптасатын байсалды сана туралы айтпақпыз» [4].

Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады. Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:

  • 1.    Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

  • 2.    Отандық және мемлекеттік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

  • 3.    Ақпараттық-телеком-муникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.

Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етуде.

Қазіргі таңда тек қана Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерінде сауда мен өндіріске негізделген БАҚ – адамгершілік және моралдық құндылықтарға емес, экономикалық пайда жағын алға тартуда.

Бұл жерде маңызды әрі шешім қабылдайтын нәрсе: ұлттық және жергілікті ақпарат құралдарының не қалайтынын және БАҚ-ның елімізге, Қазақстан Республикасының болашағына қалай қызмет ететіні маңызды болуда.

Шешімін күткен мәселелер:

Қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ағарту, ойын-сауық, хабар беру және экономикалық жағынан үлес қосу сияқты қызметтер ақпарат құралдарының қызметі бола тұра, мәселелері де жоқ емес:

  • –    Біліктілікті арттыру;

  • –    Экономикалық мәселелер;

  • –    Журналистердің танымалдығы;

  • –    Жұмыспен қамту (жалақы);

  • –    Ақпарат құралдарының еркіндігі және этикалық жағдайы;

  • –    Tираж, жарнама және тарату жолдары;

  • –    Жергілікті ақпарат құралдарының мәселелерін қолға алу;

  • –    Құқықтық мәселелер.

Мақаланы қорытындылай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызы мен оның тұрақты дамуы үшін қажетті шараларды атап өткен жөн. Ақпараттық кеңістікті жетілдіру, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оны заман талабына сай жаңғырту – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтуға тікелей ықпал ететін факторлар.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары жаһандық ақпарат майданында өз орнын нығайту үшін үнемі дамып, жаңарып отыруы тиіс. Тек осы жағдайда ғана БАҚ мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуына үлес қосып, қоғамның сенімді ақпарат көзіне айналады.

Пайдаланған әдебиеттер:

Статья научная