C.Жнісовты "Жапандаы жалыз й" романындаы фразеологимздер
Автор: Тулегенова Ш.И.
Журнал: Теория и практика современной науки @modern-j
Рубрика: Основной раздел
Статья в выпуске: 6-2 (12), 2016 года.
Бесплатный доступ
Бұл мақалада көркем әдебиеттегі фразеологиялық бірліктер қарастырылады.
Әдебиет, фразеология, мақал-мәтелдер
Короткий адрес: https://sciup.org/140289340
IDR: 140289340
Текст научной статьи C.Жнісовты "Жапандаы жалыз й" романындаы фразеологимздер
С.Жүнісовтің қазақ әдебиетінде гауһар жақұттай салмақты туындыларының бірі – «Жапандағы жалғыз үй» романы. Роман қазақтың кең байтақ даласына тың игеру сияқты ұлы дүбір, қызу науқанның келген тұсын суреттейді. Сонымен қатар ғасырлар бойы тылсым тыныштықта жатқан Жер-Ананың құйқалы қыртысына ұстараша із салған, кең даланың еркесі ақбөкен мен киікті үркітіп, айдын көлдің сәні аққу-қазды, дала тағысы көкжал қасқырды бездіруге мәжбүр еткен тыңның мәні мен мағынасын қаламгер ерекше бір қырынан көрсетеді.
Шығарманың негізгі мән-мазмұнын ашу мақсатында кез-келген қаламгер өзіндік көркемдеуіш құралдарын, мақал-мәтелдер мен фразеологиялық оралымдарды орынды да ұтымды пайдаланып, оқырманды шығарма ішіндегі оқиғаға еріксіз ертіп әкететін әсем де айшықты тіркестерді қолдануға тырысады. Осы орайда С.Жүнісовтің
«Жапандағы жалғыз үй» романындағы тұрақты сөз тіркестеріне тоқталып кетпекпін.
Қаламгер көркем сөз айшықтарын романда мейілінше мол пайдаланған. Шығармадағы фразеологиялық оралымдарды жазушы жалпы халықтық формада да, өзіндік өзгерістерімен авторлық формада да қолдана алған.
Романның бірінші бөлімінің бірінші тарауындағы екінші азат жолдағы өңірде орын алып жатқан табиғаттың тылсым күшін көркемдеп жеткізуінде мін жоқ:
«Дәл осы мезетті аңдығандай, кешеден бері демін ішіне тартқан ызғырық өткір жел де баяу көтеріліп, ұртын томпайта қойды. Алғашқыда сұлық жатқан жалпақ өңірдің ақ көрпесін қай жағынан түрерін білмей, мың құбылып тұрды да, терістікке қарай біржолата жонын бере бұрылып алған соң ішін тартып, зор уілге басты....Көкке шапшып шаншылып,бір-біріне айбат шегіп ысылдап, арбасып тұрады да, жерге сылқ етіп құлап, мың бұратылып, ұмар-жұмар домаланған күйі қайта жоғары шиыршық атылады.»
Бұл үзіндідегі кейіптеу тәсілі арқылы өлі табиғатты тірі адам образымен құбылта суреттеп, табиғаттың көңіл-күйін «демін ішіне тартқан», «айбат шегіп», «сылқ етіп құлап», «шиыршық атылады» деген тіркестермен ерекше сипаттайды. Мұндағы «демін ішіне тарту» тіркесі «тыныш жатқан» дегенді, «айбат шегіп» дегені «ызаланып» деген мағынаны, ал «сылқ етіп құлап» дегені желдің кенет тоқатағанын, «шиыршық атылады» дегені желдің қайта көтеріліп, шиыршықтала, шиеленісе жалғасқанын көрсетеді.
Ал «Ақбөпе де әлі аузынан мәйегі шыққан бүлдіршіндей жас қыз болатын» деген сөйлемдегі «аузынан мәйегі шыққан» деген тіркестің соңынан «бүлдіршіндей жас қыз» деп аяқтамаса бір оқығаннан түсініксіздеу көрінетін сияқты. Бірақ С.Жүнісовтың туындыларында диалектілерді аса көп пайдаланатынын ескере отыра, «мәйек» сөзінің мағынасына терең үңілсек, қарақалпақ жеріндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінде «жаңадан туған жұмыртқа, балапан» деген ұғымда қолданылатынын байқаймыз. Яғни бұл тіркесте ақынның жалпы халықтық емес, өзіндік ерекшелігі бар индивидуалдық фразеологиялық оралымын қолданғанын көреміз. Ал «...Көзі шарасынан шыққан Жәлел жанұшырып Ақбөпеге жетті» немесе «жас отаудың» отына май құя салды» деген жолдардағы «көзі шарасынан шыққан», «отына май құйды» деген фразеологиялық бірліктің мағынасы айтпаса да айшықты анық көрініп тұр. Бұл орайда жазушы жалпыхалықтық фразеологиялық оралымды орынды қолданып-ақ тұр. Сонымен қатар шығармада әсіресе Қарасайдың қатысы бар жерлерде ашу-ызаға байланысты тұрақты тіркестерді көп байқауға болады. Мысалы, баласы Халел жаңа жұмысында Дерягинмен ара қатынасы жақсы болмай, нұсқаушысының жұдырығын татып көргенін естіген Қарасай осы бір сылтаумен совхоз кеңсесіне келіп шу шығаратыны бар: «Баламды жұмысқа берсем, таяқ жесін деп бергем жоқ. Көгала қойдай ғып сабайтындай, оның жазығы не? ...Халел соққыға жығылып үйде жатыр. Таңертең не болса да ана қасындағы жігіттен келді. Мейлі оны түтіп жесеңдер де өздерің біліңдер.» Бұл үзіндідегі «таяқ жеу», «соққыға жығу», «көгала қойдай сабау», «түтіп жеу» сынды фразеологиялық тізбектер өзара синонимдес болып барлығы бір «ұру» деген сөзге сәйкес келіп тұрғанын аңғарамыз. Ал одан кейінгі кейіпкерлер диалогындағы «апшыңыз қуырылмасын», «зығырданы қайнады», «зәрлі көзімен қарады», «іші қазандай қайнайды» деген тіркестер бір ғана «ызалану» деген мағынаны түрліше сипаттап, көмкеріп тұр.
Жоғарыда аталып өткен тұрақты сөз тіркестер топтарының ішіндегі соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер де шығармада шебер пайдаланылған. Мысалы, шешесін қолына кіргізіп алған,өз қолымен ұзату, бетті жалап тұрған аяз, қанды көз [175 б.1,2,3,абз.], бетің бар,жYзi^ бар демеймiн, miciH ^айрады, аузы жабылмады, бас-кез болу, көзіне ілмей, кірпік қақпай [112,115,118,147,149 б.] деген сияқты фразеологизмдердерді жасауда «қол», «бет», «жүз»,«көз», «ауыз», «бас», «кірпік» тәрізді соматизмдер ерекше рөл атқарған.
Ал, адам бойындағы түрлі қасиеттерді сипаттайтын тұрақты сөз тіркестерін жоғарыдағы классификация бойынша бөліп қарайтын болсақ қысұаша ынадай мысалдар келтіруге болады:
Адамның мінез-құлық, қадір-қасиетін, түр-сипатын сипаттайтын «жасы келген,кәрі» деген ұғымдағы терең әжім көмкерген жұқа қабақ, көз жанары сөніп деген фразеологизмдер.
Адамның ішкі жан-дүниесін тебіренісін танытатын «таңқалды», «жылады», «қолынан келмеді, жасай алмады кей жерде шыдамады» дегендей мағыналарды білдіретін көзі шарасынан шығып барады, мұз боп қатқан көз жасы ери жөнелді, іші қалтырап ырық бермеді сынды фразеологизмдер.
Адамның іс-әрекетін суреттейтін сәйкесінше «ұялып», «айтуға сөз таппай», «қатты, анық қарап» деген мәндегі кірерге жер таппай, тілі күрмеліп, тесіле қарап [8 б.] сияқты фразеологимздер романдағы әрбір кейіпкерді танытуға, әр образды айшықтауға ауыз толтырып айтарлықтай әсер еткенін байқаймыз.
Сонымен қатар шығармада халықтық наным-сенім, әдет ғұрыпқа байланысты «қазан көтеру», «сүйекке таңба түсіру» , өлім-жітімге байланысты «келмеске кетті», «дүние салды», халық өлшемі негізінде қалыптасқан қашықтық, ұзындық өлшемдерді көрсететін «бір елі», «бір сажын», «бір сүйем жер» сынды тіркестер көп қолданылған.
Романда адамның көңіл-күйін, дүниетанымдық көзқарасын көрсететін культтік фразеологизмдер жақсы көрініс тапқан. Олардың қатарында «тіліңе шоқ түссін», «Өз қара басыңа көрінсін» деген қарғыс мәнді тіркестер, «құдайдың салғанын көрерміз», «тәңір ісі» сияқты бейтарап мәнді тіркестер бар. Осыған қоса романнан перифраздық жолмен жасалынған тіркестерді де көп байқаймыз. Олардың бір қысқа ғана мысалы ретінде «Әукен жуанның тұқымы», «біз сияқты қаратабандар әлі де әлсіз» деген метонимиялық перифраздарды келтіруге болады. Мұндағы «жуан» сөзі «бай, ауқатты» адамдардың жалпылама атауы болса, «қаратабандар» деп «кедей, қарапайым шаруаларды» меңзеп тұрғанын көреміз.
Қорытындылай келе С.Жүнісовтің халық арасынан өз оқырманын тапқан, тауып қана қоймай бай әрі көркем, оралымды да орынды қолданылған әрбір сөзімен оқырманды өзіне баурай білген «Жапандағы жалғыз үй» романының мазмұн тереңдігі, тақырыбы мен идеясының ашылғандығын көрдік.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жүнісов С. Жапандағы жалғыз үй. – Алматы: Атамұра, 2005.
Список литературы C.Жнісовты "Жапандаы жалыз й" романындаы фразеологимздер
- Жүнiсов С. Жапандағы жалғыз үй. - Алматы: Атамұра, 2005