XIX-XX.Орта Азия жне азастанны лтты киімдеріні эволюциялы негізіндегі зерттемесі

Автор: Нуржасарова М.А., Смайлова У.У.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Техника и технологии

Статья в выпуске: 3 (93), 2012 года.

Бесплатный доступ

XIX-XXғ. Орта Азия және Қазақстанның ұлттық киімдерінің эволюциялық негізіндегі зерттемесі » тақырыбы негізінде мақала баспаға ұсынылып отыр. Мақалада жаңалығы XX ғ. басындағы Орта Азия және Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлі киімдері қарастырылған. Ортаазиаттық киім тарихы«түңлік тәрізді» дәстүрлі пішімдеу негізінде қарастырылған. Неізгі қорытындысы бойынша мақалада Орта Азиа мен Қазақстан халықтарының костюмдеріндегі үйлесімділік заңдылығы. Дәстүрлі «түңлік тәрізді» ортаазиат киімінің тарихы мен эволюциясы жоспарындағы дәстүрлі пішуін талдау тәжірибесі.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204951

IDR: 140204951

Текст научной статьи XIX-XX.Орта Азия жне азастанны лтты киімдеріні эволюциялы негізіндегі зерттемесі

Кіріспе                                  костюмдері көптеген мамандардың зерттеу

Халық өнері және жеке алғанда халық объектісі мен шығармашылығының негізі.

Әрине, халық өнер шығармашылығының бағалануы арнайы бір мерзімде қалыптасқан жалпы пікір негізінде, сонымен қатар зерттелетін объектіге деген суретші мен өнер шеберінің жеке көзқарасына байланысты болған. Аталған бағыттағы еңбектердің талдауын жүргізу - халық костюмдерінің дәстүрлі қолдануын және оны зерттеу туралы мәліметтер береді, ол өз ретінде халық киімін зерттеу жұмысын жүргізгенде белгілі бір көзқарасты анықтау мүмкіншілігін береді.

Киімнің дамуы жалпы қоғамға және материалды мәдениеттің дамуына диалек-тикалық байланысы бар арнайы бір ретпен дамиды.

«Халық мәдениетінің дәстүрлері» және «жаңа материалдар», өндірістің жаңа түрлері мен жағдайлары – антагонистік ұғым емес, оның бірі екіншісіне себеп болады.

Мәдениеттің халықтылығы оның ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Әр халықтың тарихи даму жолында нақты бір дәстүрлер; шаруашылығының, мәдениетінің, психологиясының және т.б. арнайы ерекшеліктері қалыптасады да олар мәдениет шығармашылықтарына өз ықпалын тигізеді.

Халықтың діни даму процесінде ерекше көркем түрлер туып, мәдениет шығармала-рында ақиқатты көркем игеру принциптері мен амалдары пайда болады.

Мәдениет адам өміріндегі эстетикалық және эмоционалдық қана емес, сонымен қатар, өз заманының, уақтысының рухын айқын көрсететін идеялы-тәрбиелі фактор.

XX ғасырда ұлттық тақырыпқа деген қызығушылық өте зор болды. Әсіресе біздің көпұлтты елімізде халық шығармашылығы модельерлер мен дизайнерлердің идеялары үшін нағыз қойма болып табылады. Сол себептен, олар қолданылған уақытына қарай, халық киімдерінің көркем композициясының түр сипаттары, конструкциялары мен түстері тәрізді элементтерін зерттеуге қайта оралып отырды.

Зерттеу әдістері мен обьектілері Орта Азиа мен Қазақстан халықтарының XX ғасырдың басындағы дәстүрлі киімдері әр елдің өзіндік ерекшеліктерімен қатар орта бір ұқсастыққа ие болды. Олардың барлығын да сол кезде қалыптасқан жалпы пішу ерекше-ліктері бірлестіреді.

Аталған аумақтың халықтарының иық киімдерінде XX ғасырға дейін «туниктәрізді пішу» кеңінен тараған.

Пішудің ұқсастығы сонымен қатар; бел киімінде, бас киімдері мен аяқ киімдері түрлерінде де байқалады. Бірақ, ол жеке халықтардың біртұтас принципті сақтай отырумен қатар, өздігінше әр елге тән жеке белгілерін қолданғандарын да көрсетеді.

Орта Азиа мен Қазақстан халықта-рының костюмдерінің жалпы бірқатар бел-гілері олардың әрқайсысының сүйікті түс-терінің кең таралуында. Мысалы, зерттеліп отырған аймақтағы халықтардың шапандар өрнектері сызықшалардан тұрған (бірақ, әр халықтың түстік гаммасы сол халықтың киім дәстүріне тән болған).

Сонымен қатар, Орта Азиа мен Қазақ-стан халықтарының жалпы ұқсастықтары олардың киімді әшекейлендіруінде де байқалады. XX ғасырдың киімдеріндегі «крестпен тігу» басқа тігу түрлерімен ығыстырылды, сол себептен аталған тігіс тек шаруашылықтың уақ заттарында ғана (чойхалта, белбеу және т.б.) сақталған.

XX ғ. барлық жерлерде түрлі түсті, фонмен қайшылас келетін мата, жіптермен машинамен көркем тігу қолдана бастады. Аумақтың тұрғындарының костюмдері жал-пы тарихтың өзгеру, даму ықпалымен мінез-делді. Жалпы даму жолдарының біртұтасты-ғын шаруашылыққа әсіресе XІX ғ. соңынан бастап пішілген киімдердің енгені білдіреді.

Ең алдымен аталған пішуді қазақтар мен қырғыздар қолдана бастады. Оған себепкер болған аталған халықтардың Еуропалық Ресей халықтарымен басқаларға қарағанда жиі және тығыз байланыста болуы. Ал, Еуропалық Ресейде пішу қолданып келе жатқанына біраз уақыт болған. Содан кейін, ол Орта Азианың басқа да елдерінде, ең алдымен киімнің жаңа түрі «камзол» арқылы кең тарады.

Камзол (камзул, кемзал, кемсаль, кем-зор және т.б.) аумақтағы барлық халықтардың ерлер және әйелдер киімдерінің комплексіне кіріп, пішудің бірнеше нұсқасын берді.

Орта Азиа мен Қазақстан костюмде-ріндегі жалпы белгілер тек олардың әшекей-леріндегі элементтерінің ұқсастығымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар мәдение-тінің де жалпы даму бағытымен де анықта-лады.

Орта Азиа мен Қазақстан халықтары-ның киімдерінде «туниктәрізді пішу» басым болды. Бұл өте көне және жәй пішу түрі, ол матаның мөлшері мен адам денесінің үйлесімділігіне байланысты болады. Оның пайда болуы шамамен полотнолық тоқылған маталардың шығуына байланысты болуы мүмкін. Ол Азиа материгінің Тынық теңізінен бастап Ортажерлік мұхитқа дейінгі тұрғы-лықты халықтардың барлығының ұлттық костюмдеріне тән.

Кейбір ғалымдардың тұжырымдамала-рына сәйкес «туниктәрізді» киім пішудің екі негізгі түрі және бір туынды түрі бар:

1 түрі – екі полотнодан тұрады (шамамен, бастапқыда біріктіріліп тігілме-ген), оның пайда болуы шаруашылықтағы жер игеруші халыққа байланысты түр, оның алғашқы формасы – ашық киім, бұл киім түрлері шеткі Шығыс тұрғындарында ғана сақталған (Жапония, Корея, Қытай);

ІІ түрі – негізінде ортасынан бас шығару үшін жасалған бір тесігі бар, киімнің бұл түрі шаруашылықтағы малшылар арасында негіз алған, оның алғашқы түрі – ашылмайтын киім, ол негіз ретінде шеткі батыста сақталған (араб әлемі), киім түпнұсқасы ретінде үлкен киіз бөлігі ортасында адамның басы өтетін тесігі бар;

ІІІ түрі – жағасынан оң жақ қолтыққа қарай кеткен қисық кескінді мінезді ашық киім, оған қосымша етек тігілгенінен ерекше иісі болады, көбінесе Оңтүстік Сібірде Тайга және орман далаларының тұрғындарында таралған, оның прототипі жабайы аңдар терісінен жасалған киімдер.

Нәтижелері мен олардың талқылануы Орта Азиада тұлғасы жеңінің шетімен қоса тігінен кеңінен тігілген киім бар. Киім тұлғасы матаның бір бөлшегінің екіге бүгілгенінен тұрады, сол себептен киімнің иығында тігіс болмайды. Бүгілген жерде бас кіретін тесік жасалады. Көлденең жеңдер тұлғаға тік бұрышта тігіледі. Аталған пішудің небәрі дамыған түрлері зерттелген аумақтарда келесідей белгіленетін: жең астынан тұлғаға (оны кеңейту үшін) қосымша мата бөлшектері тігілетін.

Киім жағасы жағамен әшекейленеді. Бітеу киімі принципі бойынша пішілген ашық иық киімі қисайған жеңінен басқа етегіне қарай кең пішілуге ие болды, ол иісті үдейтіп, етекті кеңейтті, жағасы жағаның кесілген орнына тігілетін болды.

Сонымен қатар, XІX ғ. соңы – XX ғ. басында туниктәрізді киімдер кездесетін, олардың жеңдері мен бүйірлерінің ұзындығы бірдей болатын, яғни матаны қисайтпай тігетін. Ашық киім етегінің қосымша тігісімен барлық кезде мінезделе бермейтін, сонымен қатар, халаттардың да барлығы жағамен болмайтын және т.б. Бұл ерекше- ліктер жекеше әр халықта байқалады.

Туниктәрізді пішу архаистік кезеңіне ортаазия халықтарында көйлектің алдыңғы және артқы жақтарының бірдей болуы жатады. Сонымен қатар, ортаазия халықтарының костюмдеріндегі ерлер мен әйелдердің киімде-рінің бір типтілігі де архаизмге жатқызылады.

Егер, Ортаазия – қазақстандық аумақ-тағы халықтардың XX ғасырдың басындағы дәстүрлі костюмдерін салыстыратын болсақ, қазақтар мен қырғыздардың киімдері басқа аумақтарға қарағанда жаңа пішудің ықпалына көп кеткен. Атап айтатын болсақ, бұл жерлерде дәстүрлі киімдердің көптеген түрлерін, оның ішінде өз мүсінін сақтайтын киімдерді тереңдетілмеген қолтық ойынды-сымен және кесілген иықпен тігетін болған. Оны түсіндіретін аталған халықтар Ресейдің еуропалық халқымен тығыз қарым-қатынаста болған, ал ол жақта аталған пішу бұрыннан қолданылатын.

Қазақтар мен қырғыздардың әйелдер кос-тюмдерінде, камзолдарды алмағанда, етектері мен жеңдері желбіршектермен әшекейленген мерекелік киім құрамындағы белінен кесілген көйлек кең тараған. Белінен кесілген көйлек сонымен қатар Орта Азианың оңтүстік аудандарында да болды: Солтүстік Хорезмнің қарақалпақтары мен өзбектерінде, Ташкент өзбектерінде.

Қорытындылар мен ұсыныстар Тарихқа байланысты киімді зерттеу кезіндегі ең басты шешімді талап ететін міндеттің бірі – пішу принципі сұрағы. Пішу – киімнің негізі, материалды қолдану міндетінің технология-лық шешімі, жеке алғанда кең тараған түрі – матаны адам тұлғасының формасына пайда-лану.

Ортаазиалық иық киімінің ашық және жабық түрлері – аталған аумақ этнография-сында туниктәрізді деп аталатын киім пішуіне жатады.

Ортаазиалық туниктәрізді пішілген киімі тік мата бөлшегінен жасалады, ол иығында екіге бүктеледі, яғни бір бөлшектен киімнің негізі – тұлғасы жасалады. Тік жеңдертұлғаға түзу жіппен: бүйірінен, қолтық астынан тігіледі, оларды қоса бүйірі орналасады.

Орта Азиа мен Қазақстан халықтарының дәстүрлі костюмдерінде жеке ерекшеліктерімен қатар жалпы бәріне тән белгілер де көп, ол болса аталған халықтардың көптеген ғасырлар бойы бір-бірімен үнемі байланыста болғанын білдіреді. Жеке аумақтар мен елдерді бақылау арқылы сәннің дамуы мен жылжуын да байқауға болады. Орта Азиадағы жаңа дәстүрлі киім үлгілерінің тууы ежелден қаламен – аймақтың мәдениет орталығымен байланысты болды.

Қорыта келгенде, Орта Азиа мен Қазақстан халықтарының костюмдеріндегі үйлесімділік заңдылығы.

Дәстүрлі «туниктәрізді» ортаазиат киімінің тарихы мен эволюциясы жоспарын-дағы дәстүрлі пішуін талдау тәжірибесі.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Костюм народов Средней Азии. – М., 1979. – 245с.

  • 2.    Традиционная одежда народов Средней Азии и Казахстана. – М., 1989, – 293 с.

  • 3.    Сухарева О.А. Уникальные образцы среднеазиатской одежды XIIв. – Л.: Наука, 1970. – 198с.

  • 4.    Савельева И.Н. Закономерности гармонии в костюме народов Россий. Монография. – М., 2002. – 305с.

Список литературы XIX-XX.Орта Азия жне азастанны лтты киімдеріні эволюциялы негізіндегі зерттемесі

  • Костюм народов Средней Азии. -М., 1979. -245с.
  • Традиционная одежда народов Средней Азии и Казахстана. -М., 1989, -293 с.
  • Сухарева О.А. Уникальные образцы среднеазиатской одежды XIIв. -Л.: Наука, 1970. -198с.
  • Савельева И.Н. Закономерности гармонии в костюме народов России. Монография. -М., 2002. -305с.
Статья научная