Жібек жолы дстрімен орта Азия жне азастан халыны киімдеріні эволюциялы дамуыны зерттемесін талдау

Автор: Нуржасарова М.А., Смайлова У.У.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Техника и технологии

Статья в выпуске: 3 (93), 2012 года.

Бесплатный доступ

Жібек жолы тарихи эволюциялық дәстүрімен Орта Азия және Қазақстан халқының киімдер зерттемесіне маталар тарихының талдамасы зерттелініп, тарихи жолмен түрлі алынған ою - өрнектердің түрлерімен сәнді коллекция жүйеленіп отыр. Жалпы сән ұлттық киімдерге әсерін тигізеді,әрине әр ұлттың қазіргі сәндегі киімдері бұрынғыдай сақталмаған алайда, біраз түрі сақталған мысалы: ұлттық кестелері, ою-өрнектері қазіргі киімдерде қолдануда.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204952

IDR: 140204952

Текст научной статьи Жібек жолы дстрімен орта Азия жне азастан халыны киімдеріні эволюциялы дамуыны зерттемесін талдау

Кіріспе

Ұлы жібек жолы туралы деректерді ғылыми зерттеу және шығармашылық талдауда сән әлемінің қалыптасуына Ұлы жібек жолы зор үлес қосты. Шығыстан батысқа созылып, Орта Азияны алып жатқан жібек жолы тоғыз мемлекетті басып өткен. Сол мемлекеттердің арасында сауда-саттықты пайда болуына үлес қосып,мәдениеттерін бір-біріне танытты.

Ең бастысы жеңіл өнеркәсіп пен сән әлемінің пайда болып, дамуына зор үлес қосты, өйткені жібек жолымен таситын негізгі тауар жібек болған. Дайындалған коллекцияның басты ерекшелігі Жібек жолы бойында кездесетін мемлекеттердің ұлттық киімдерінің үлгілерінің элементтері және ою-өрнектері қолданылған.

Ұлы жібек жолына кіретін мемлекет-тер: Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Тәджік-стан, Өзбекстан, Түркмения, Иран, Азербайджан, Грузия.

Ұлы Жібек жолы Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға басталған. Бадахшан тауынын лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары тыбылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.

Б.з.д. І-мыңжылдықтың орта кезінде Кара теңіз өнірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өніріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер ,иран кілемдер,асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын .

Қымбат бағалы жібек қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі аркасында сол кез ушін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.

Зерттеу обьектілері мен әдістері. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржан-нан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.

Ұлы жібек жолының Қазақ ұлттық киімде-ріне тигізген әсері төменгі 1-кестеде көрсетілген:

1 кесте - Жібек жолы бойында кездесетін мемлекеттердін ою-өрнектері:

Тарихи зерттеме деректемелері

Ою- өрнектердің суреттемесі

Сипаттамасы мен тарихи жерлердегі қолданылу тәсілдері

Қазақтың ұлттық киімдері оның бай тарихи-мәдени мұрасы, өзге халық-тардың киімдерінен басқаша және ерекше қасиетке, сән-салтанатқа ие.

Бұл сақ тайпаларының киімдерінде, орта ғасырлардағы түріктерде кезде-сетін ерекшелік өрнектері

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойында өмір сүрген қазақтардың киім-кешегінде қолданылған өрнектер түрлері

Тарихы мен ерекшеліктері Киім адамды қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен қорғап, денесіне сән береді.

[uianLKimJ isjB a yteiM J™

Палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттелген деректерде қазақтардың ата-бабасы сырт киімдерінде өрнектелген.

Қазақтың бай мұралары дәстүрлі түрлі киімдері мен алаша,сырмақтарда қолданылған.

Қазақтың бірқатар ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы үш жүздің, оның руларының аттарымен де жеке бөлініп айтылады.

Олар: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік және тағы да басқа киім кешектерінде пайдаланылған өрнек түрі..

VI ғасырда Қазақстан территориясында көптеген түркі тайпаларын біріктірген қуатты мемлекет - Түркі қағанаты өмір сүрді.

Иран, Византия мемлекеттерімен сауда – саттық жасап, Ежелгі Русьтен қымбат бағалы аң терілерін, көптеген мата түрлерін, жарқырауық асыл тастарды әкелді.

Үндістаннан кашемир, мақта маталар, маржан тастар, Қытайдан жібек, Византиядан қымбат барқыт, алтындап тоқыған парша маталар сатып алынып, көркем киім-кешектер жасалынды.

ХІ ғасырда Түрікі қағанатының жері ұлы даланың ұлы перзенттері қыпшақтардың қолына көшіп, көшпенділердің киім үлгілері одан әрі баий түсті. Әсіресе, батырлар киімдері жан-жақты жетілдірілді.

Қазақтың бірқатар ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы үш жүздің, оның руларының аттарымен де жеке бөлініп айтылады.

Олар: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік және тағы да басқа киім кешектер.

Нәтижелер мен олардың талқылануы. Біздің ұлттық киімдеріміз жасалған географиялық аймағына қарай да ерекше мәнер үлгісіне бөленген. Олардың кейбірін Жетісу үлгісі, Арқанның үлгісі деп бөліп жатады. Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де тигізген ықпалы мол. Қыпшақтардың ішкі сыртқы киімдері көшіп қонуға, еркін жүріп тұруға, ауа-райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Негізінен, Еуропаға шалбар киюді де үйреткен Қыпшақтар. Олардың киімдері төзімді де ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын еш-бір қауіп-қатер төндіре алмаған.

Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұқанов былай деп жазады: «Адамға ауа-райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім кешектері мал терісінен жасалатын еді. Әсіресе, теріні сырт киім үшін пайдаланылады.... Көшпелі қазақтар ішкі – сыртқы киімдердің бәрін жүріп тұруға бөгет жасамайтындай етіп ықшамдап тіккен.

Киімнің қолтық тұсы кең болуы үшін «қолтырмаш», етегі кең болу үшін бүйірден «шабу» қойған. Пішкен киімді тігетін негізгі құрал ине. Иненің үлкені тебен немесе жуалдыз деп аталады. Онымен киіз сияқты қалың нәрсені ғана тігеді.

Іске олақ кісіні «көк инені көзіне түрте білмейді» деп сөгеді. Инені қолданардан бұрын отқа қыздырып жасытады. Сонда иненің сыртында жұқа қабыршақ пайда болады. Оның аты «жасу». Кейде қолғабысы жоқ, бос жүрген адамға «иненің жасуындай пайдаңды көрмедім» деуі содан.

Әрбір іс ойдағыдай орындалғанда қазақ «сабақты ине сәтімен» дейді. Киім пішілгеннен кейін бөлшектерді долбарлап құрастыруды «көктеу», тігісті ірілеу етіп шаншуды «қабу», ұсақтап шаншуды «тепшу» «қаю», жаға-жеңін әшекейлеуді «кестелеу» дейді». Киімдердің тігісті және тігіссіз болып бөлінетіні мәлім.

Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа киімдерді киді, неолит кезеңінде өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергендіктен, иықтан, мықыннан, киілетін киім түрлері пайда болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралды, байланды. Көшпелілер (қып-шақтар) адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын, қаусырынатын кеуде киім-шапанды ойлап тауып, адамзат өркениетіне қосты, еуропалықтарға шалбар киюді үйретті (Атилла атамыз туралы тарихи деректі зерттеулерді оқыңыз).

ХХ ғасырда бұл түсінік алғашқы өзінің мағынасын біршама өзгертті, сондықтан қазыргі кезде адамның жеке бейнесін жарқын және толық мінездейтін тарихи шешім ретінде пайдаланады.Ұлттық киімдердің негігі ерекшеліктері мен топтамалары төменгі 2- кестеде көрсетілген.

2 кесте - Ұлттық киімдердің негізгі топтары қазақ халқының киімдерінде бірнеше топқа бөлінеді

Топтамалары мен атаулары

Бұйым ерекшеліктері

Түрлері мен сипаттамалары

1. Әлеуметтік дәрежесіне қарай

Би, бақсы, бай, сал-серілердің киімдері; қойшы киімдері; балуан, батыр киімдер;.

(Жарғақ,шалбар, шәйі көйлек т.с.с.), (шекпен, кебенек, сырттық, күлә-пара),

2. Жас ерекшеліктеріне қарай

Бала киімі, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалың-дық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше киімі, ақсақал киімдері.

Жасы ұлғайған адамның киімдері денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым болуға тиісті

3. Жөн-жоралғыға сәйкес

Күйеу киімі

Ол көбінесе, ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан болып келеді

VІ-VІІІ-ға сырларда Орта Азия халықтары өсімдіктің бір түрі – зығырдан мата тоқумен де таныс болды. Кендірден жасалған маталар Алтайдағы көне сақтар әлемі - екінші Пазырық қорғанынан (V–ІVғ. б.з.д.) табылды. Кенкөл қорғандарынан (Іғ. б.з.д.) шетелден әкелінген жібек, жүн маталардан тігілген ер адамдар мен әйелдердің көйлектері, Сырдариядағы Жеті-асар қорғандарынан қызыл күрең жібектің бөліктерінің табылғаны мәлім.

Қорытындылар мен ұсыныстар. Орталық Азияға ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында Ресейден мақта маталар да әкеліне бастаған.

Сөйтіп, ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтар киімді негізінен ірі өнеркәсіптерде тоқылған мақта маталардан (шыт, бөз, коленкор) тіккен.

ХХ ғасырда бұл түсінік алғашқы өзінің мағынасын біршама өзгертті, сондықтан қазыргі кезде адамның жеке бейнесін жарқын және толық мінездейтін тарихи шешім ретінде пайдаланады.

Қорытындылай келгенде мақалада жариялынып отырған зерттемеде Жібіек жолы тарихи эволюциялық дәстүрімен Орта Азия және Қазақстан халқының киімдер зерттемесіне маталар тарихының талдамасы зерттелініп, тарихи жолмен түрлі алынған ою - өрнектердің түрлерімен сәнді коллекция жүйеленіп отыр. Жалпы сән ұлттық киімдерге әсерін тигізеді,әрине әр ұлттың қазіргі сәндегі киімдері бұрынғыдай сақталмаған алайда, біраз түрі сақталған мысалы: ұлттық кестелері, ою-өрнектері қазіргі киімдерде қолдануда. Тұжырымдай келе,қандай да болмасын тарихи дәстүрімізбен ата баба салтын жаңғырта отырып,бұйымдар коллек-цияларын жетілдіре ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру!

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. –Алматы: Алматы кітап, 2006. – 247с.

  • 2.    Ахметшин Н.Х. Тайны Шелкого пути. //Выс формы № 3. 2007 г. – С 5.

  • 3.    Мирзаев Р.С. Новые реалии Великого шелкового пути. 2005. – 135с.

Список литературы Жібек жолы дстрімен орта Азия жне азастан халыны киімдеріні эволюциялы дамуыны зерттемесін талдау

  • Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетi. -Алматы: Алматы кiтап, 2006. -247с.
  • Ахметшин Н.Х. Тайны Шелкового пути.//Выс формы № 3. 2007 г. -С 5.
  • Мирзаев Р.С. Новые реалии Великого шелкового пути. 2005. -135с.
Статья научная