Ант нтаын ндіру кезіндегі майдалау рдісіні операторлы моделі
Автор: Оспанов А.А., Тимурбекова А.К., Калиева А.А.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Техника и технологии
Статья в выпуске: 6 (96), 2012 года.
Бесплатный доступ
Қант ұнтағын өндіру кезіндегі қант бөлшектерін майдалау үрдісінің операторлық моделі жасалынған. Қант ұнтағын өндіру үрдісін тәжірибелік зерттеулер жолымен операторлық моделдің тәжірибедегі қолданылу мысалы келтірілген. Операторлық модель бөлшектерді майдалаудың, олардың қозғалысы мен ұнтақталынуының математикалық моделін жасаудың алғашқы сатысы екендігі баса айтылған.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204980
IDR: 140204980
Текст научной статьи Ант нтаын ндіру кезіндегі майдалау рдісіні операторлы моделі
Қатты (сусымалы) заттардың ағынын майдалаудың операторлық моделін жасау бұл жерде ұнтақтаудың математикалық моделін құрудың алғашқы сатысы ретінде қаралады. Бұл моделді құрудың негізіне кибернети-калық әдіс қабылданады, ол өзінің кіру, шығу және алғашқының (біріншінің) екіншіге
өзгеруін қамтамасыз ететін кибернетикалық элементті қолдануды көздейді [1].
Осы әдіске сәйкес майдалағыш машина "кибернетикалық" элемент ретінде қарасты-рылады, оның кірісіне майдаланатын заттар беріледі, ал оның шығатын жерінен өзіне тән қасиеттері бар ұнтақталған өнім алынады.
Зерттеу әдістері
Өндірістік майдалау қатты заттарды массалық қопаруды көздейді. Осы мақсатпен қопарылғыш заттардың ағынын беру, қопарғыш құралдың әсер етуі және майда- ланған заттар ағымын шығару ұйымдас-тырылады.
Бұндай майдалауды 1 суретте көрсетілгендей етіп өрнектеуге болады.

агын
Затты цопаргыш курал
шыгатын
агын
1 сурет – Өндірістік майдалаудың сұлбасы.
Ұнтақтау үрдісі кезінде майдалау құ-ралдары майдалауға кіретін ағынды өзгер-тетін айқын оператор ретінде қызмет жасай-ды, ал олардың әсері – осы оператордың әсері ретінде қаралады. Осындай әрекеттің нәтижесінде майдалау моделі ретінде абстрактті кіретін ағынды Xt шығатын ағын-ға Yt өзгертетін абстрактті оператор W қыз-мет жасауы мүмкін.
Абстрактті кіретін ағын Xt ретінде осы ағынның жиынтық сандық сипаттары түрінде өрнектеу нәтижесінде алынған айқын кіретін ағын түрінде қабылдау орынды екенін атаймыз. Абстрактті шығатын ағын Yt осыған ұқсас алынады.
Оператор W -ға байланысты мынаны айтуға болады, ол затты қопарғыш құрал әсерінен анықталады.
Тәжірибе жүзінде майдаланатын заттар-дың массалық (жаппай) түсуіне және майда-лағыш конструкциясының ерекшклігіне бай-ланысты әрбір зат жекеленген қопарғыш құрал (ұнтақтағыш балғасы) әсерінен майда-лана бермейді. Сонымен қатар әрбір жекелен-ген қопарғыш құрал қандайда бір майдала-натын затпен үйкелісе де бермейді. Осыған байланысты майдаланатын заттардың қозға-латын жолдарына бірнеше паралельді және бірізді (бірінен кейін бірі) орналасатын жеке-ленген қопарғыш құрал орнату қалыптасқан.
Теория бойынша өндірістік майдалауды тәжірибелік тұрғыда ұйымдастырудың жоға-рыда көрсетілген ерекшелігі бірізді майдалау-дың сұлбасымен өрнектеледі (2 сурет).
Бірізді майдалау моделі ретінде төмен-дегі 3 суретте көрсетілген сұлба қабыл-данады.

2 сурет – Бірізді майдалаудың сұлбасы.

3 сурет – Бірізді майдалаудың модельдік сұлбасы.
Бұл сұлбаның құрылымдарын байла-ныстыратын теңдеу мынадай
X i = W0X i - 1 , i = 1,2,..., n (1)
3 суретте және (1) теңдеуде келесі символика қабылданды:
i - аFын X‘i 1 езгерту операторыныц номері; Xti – айқын i-ші ағынның өзгеріп тұратын сандық сипаттамаларының жиынты-ғын көрсететін i -ші ағын; Wi – i -ші өзгер-тудің операторы, i -ші зат қопару құралының әсерінен анықталады; ° – түп бейнеге оператор әсерінің символы.
Орынды себептермен (1) теңдеуді төмендегі теңдеумен алмастыруға болады
Yt = W0 Xt (2)
Ол үшін келесі белгілеулерді енгізсек болғаны:
Y = Xt”, W = Wn0...0W1.
Егер барлық операторлардың әсері ықтималдық сипатта болса онда (1) және (2) теңдеулерді ағынды майдалаудың опера-торлық моделі деп атауымызға болады.
Нәтижелерді талдау.
Майдалаудың операторлық моделінің тәжірибедегі қолданылуының мысалы ретінде қант ұнтағының бөлшектерін қопару үрдісі-нің негізгі тиімділік көрсеткіштерінің соққы-лау санына және қопарушы соққы жылдам-дығына тәуелділігін орнату үшін жүргізілген тәжірибелік зерттеулер қорытындысын қарас-тырайық. Осындай тәуелділік 4 суретте келтірілген.

4 сурет – Қант ұнтағының бөлшектерін қопару кезіндегі қуаттың меншікті шығынының А уд соққылау санына п және қопарушы соққы жылдамдығына V уд тәуелділігі.
Қуаттың меншікті шығынының А уд соққылау санына п және қопарушы соққы жылдамдығына V уд тәуелділігін талдау қопарушы жылдамдық шамамен 75 м/с және соққылау санына п = 5-ке тең болғанда (операторлық моделдің қарастырылып отыр-ған жағдайында бұл майдаланатын заттың бөлшектерін қопарғыш құралдардың пара-лельді және бірізді (бірінен кейін бірі) орна-ласқан санын білдіреді) қант ұнтағы бөлшек-терін қопару үрдісі оптималды режимде жүретіндігін көрсетті. Бұл жерде қуаттың меншікті шығынының А уд мәні 1,5-1,9 квт ч/т сәйкес келеді. Бұндай сәйкестік 4 суретте үзінді сызықтармен көрнекті көрсетілген.
Осылайша бірізді майдалау кезінде майдалағыш машина конструкциясында па-раллельді орналасқан жекеленген қопарғыш құралдар қарастырылған. Бұл жағдайда нақты зат нақты қопарғыш құралмен кездейсоқ анықталған ықтималдықта соғылады. Егер параллельді орналасқан қопару құралдары m дана болса, онда зат оның біреуімен түйісуі мүмкін, немесе барлығының жанынан өтіп kemyi MYMkiH, сондыктан бул жерде m + 1 мүмкіндік болуы мүмкін. Бұдан басқа зат пен қопару құралдары арасындағы байланыс нәтижесі де тиянақты анықталмаған.
Қорытынды
Мақалада көрсетілгендей кибернетика-лық әрекетке байланысты операторлық мо-делді анықтау кіретін және шығатын ағынның белгіленуін, сонымен қатар (2) теңдеудегі жинақтағыш оператордың W белгілі болуын талап етеді. Осыған байланысты қопарылғыш заттар мен қатар олардың қозғалысы мен қопарылуының математикалық моделдерін құру қажеттілігі туындайды. Бұндай мәселе-лермен авторлар әрі қарай айналысуда.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Оспанов А.А., Тимурбекова А.К. Технология измельчения пищевых материалов. – Алматы: Нур-Принт, 2011 – 118 с.
Список литературы Ант нтаын ндіру кезіндегі майдалау рдісіні операторлы моделі
- Оспанов А.А., Тимурбекова А.К. Технология измельчения пищевых материалов. -Алматы: Нур-Принт, 2011 -118 с.