Автомобиль көлігінде жүк тасымалы тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Автор: Ұ.А. Мурзахметова, М.А. Нохатов, Н.С. Сабралиев, А.М. Алшынова

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Экономика и сервис

Статья в выпуске: 2 (127), 2020 года.

Бесплатный доступ

Мақалада жүкті тасымалдың тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерін анық-тау жолы қарастырылған. Тасымал үдерісінің тиімділігін анықтауда келесі параметрлер функциясын ескеру қажет:жүкағынын,тасымалдау құнын,жүкті тасымалдауға дайын-дауын, жүктіарту-түсіру жұмыстарын орындауымен сақтауын,жеке жылжымалы құрам жүккөтерімділігін,жылжымалы құрамның техникалық дайындық коэффициентін,тасы-малдау қашықтығын,жылжымалы құрамның техникалық жылдамдығын,әрбір жүрістегі жүкті арту-түсіру уақытын,жүкті алмауына байланысты шығындарын,тасымал кезінде жүктің бүлінуіне байланысты шығындарын.Жүкті тасымалдаудың жоспарланған кезіндегі құны жүкті тасымалдау қашықтығының өзгеруі нәтижесінен ғана емес, тиімсіз жүккө-терімділікті, жылжымалы құрамды пайдаланудан, жүкті арту-түсіру жұмыстары уақты-сының ұзақтығынан, жанар маймен қосымша материалдарды пайдаланудың артуынан және т.б. болатыны анықталды.

Еще

Тасымал үрдісі, өндіріс нәтижесі, өндіріс тиімділігі, көлік кешені, тасымал құны, арту-түсіру жұмыстары

Короткий адрес: https://sciup.org/140250875

IDR: 140250875

Текст научной статьи Автомобиль көлігінде жүк тасымалы тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Кіріспе

Қазіргі жағдайда автомобильмен жүк тасымалы келесі үрдіспен сипатталады: жүк тасымалдауда шаруашылық қажеттілігін қанағаттандыру, қозғалмалы құрамды тиімді пайдалану және жүкті тиеу-түсіру құралдарының тиімділік дәрежесі.

Тиімділік-нәтиже мен шығынның сандық ара қатынасын немесе байланыстардың себеп-салдарымен әділ сипаттайтын әлеуметтік - экономикалық категория. «Өндіріс нәтижесі» мен «өндіріс тиімділігі» деген түрлі ұғым [1-3].

«Өндіріс нәтижесі» - оның нақты нәтижесі, ал «өндіріс тиімділігі» - оның шығынға қатысы, яғни тиімділік-пайдалы нәтиженің шығынға қатынасы. Жүк тасымалдауды ұйымдастырудың ішкі және сыртқы жағдайларының өзгеруіне байланысты ауысып отыратын көліктік үрдісті пайдаланудың тиімділігін бағалау, жүк тасу үшін ұйымдастыра алатын көлік кешенінің және оның бөлімдерінің жеке көрсеткіштері мен қасиеттерінің жиынтығын біріктіру тиіс.

Жұмыстың мақсаты автомобиль көлігімен жүк тасымалдау үрдісінің тиімділігін көлік құралдарының шығынын, онымен тасымалдауға, жүктеуге және басқада шараларды орындауға кеткен шығындарын ескерумен анықтау.

Зерттеу объектілері мен әдістері

Зерттеу объектісі ретінде қалалық жүк тасымалдаушы орталығы қарастырылып отыр. Оның жұмыс тәртібін анықтап, тиімді жұмыс графигін дайындауды қажет етеді.

Қарастырылып отырған объектінің жұмыс графигін тиімді етіп орындау үшін, демек, жүк өндіру орнынан жүкті тұтыну орнына дейін жеткізудің тиімді жолын көрсету мақсатымен сызбада көрсетілген шығындарды анықтау әдістері қолданылады

Төмендегі суретте көлік кешені компо-ненттері және көлік кешені мен орта арасын-дағы өзара байланыспен қатынастардың тасымал үрдісіндегі қарапайым сызықтық графигі берілген.

Сурет 1. Тасымал үрдісіндегі шығындардың сызықтық графигі

R 1 – тасымал үрдісіндегі қашықтықтың артуына байланысты шығындар;

R 2 – тасымалдағы жүктің сипаты мен түріне сәйкес келмейтін жылжымалы құрам-нан болатын шығындар;

R 3 – жүктің бүлінуіне байланысты шығындар;

R 4 – арту-түсіру жұмыстарына байланысты қосымша шығындар;

R 5 – жүкті сақтаудағы қосымша шығындар;

R 6 – жүкті уақтысында алмауына байланысты шығындар;

R 7 – тасымал құнының артуына байланысты шығындар;

R 8 – арту-түсіру жұмыстары құнының артуына байланысты шығындар

R 9 – жүкті тасымалдауға дайындау

құнының артуына байланысты шығындар;

R 10 – жүкті қаттау, сұрыптау құнының артуына байланысты шығындар;

Тасымал үдерісіндегі қашықтықтың артуына байланысты шығындар мына формуламен анықталады:

I -I

R 1 =       к ( С пер +    W q (1)

q • Yc • Pe          VT мұндағы; ℓег – жүкті жүрістегі жоспарланған қашықтық; км

егф - жүкті жүріспен жүріп өткен қашықтық; км

W Q – көліктік өнім көлемі, т.

Тасымалдағы жүктің сипаты мен түріне сәйкес келмейтін жылжымалы құрамнан болатын шығындар мына формуламен анықталады;

R =

2    P e I q 1 Y

[ С пер l ег + r ( ^ ег +

V ' P e )][ С пер ^ ег + r ( ^ ег + R ' V t P e )] W Q

V Т

q Y c

V T

мұндағы, q γ c V T – жоспарланған жұмыс көрсеткіші;

q 1 ү 1 V 1 -орындалған жұмыс көрсеткіші;

Жүктің бүлінуіне байланысты шығындар;

R з = Z5z WQ       (3)

мұндағы, Z – тасымалдауда шығын болған және бүлінген жүктер проценті;

δ г – жүк салмағының бірліктік құны;

W Q –көліктік өнім, т.

Арту-түсіру жұмыстарына байланысты қосымша шығындар;

R 4 = eS np W g       (4)

мұндағы,в  – қосымша арту-түсіру жұмысындағы есептік коэффициенті;

S np –арту-түсіру жұмысы құны , тг/т.

Жүкті сақтаудағы қосымша шығындар;

= S x T x ( Q n - Q e )

мұндағы,   Sx   – уақыт бірлігіне байланысты жүкті сақтау құны, тг/т;

Т х – сақтау ұзақтылығы, ч;

Qn – уақыт бойынша қоймаға түскен жүк саны, t1- t0, т;

Qв  - – уақыт бойынша қоймадан шыққан жүк саны, t1 - t0, т.

Жүкті уақтысында алмауына байла- нысты шығындар;

R 6 = ^ W ( t ) - W k ]   (6)

мұндағы, δ – жүкті уақтылы алмаудағы мекемедегі көлік қызметінің шығыны, тг/т;

W(t) - жүкағыны, т;

W k – тасымал мүмкіншілігі , т.

Тасымал құнының артуына байланысты шығындар:

R 7 = A S W q      (7)

мұндағы, ΔS – жүкті тасымалдау құнының артуы, тг/т.

Арту-түсіру жұмыстарының өзіндік құнының артуына байланысты шығындар:

R 8 = A S np W q       (8)

мұндағы, ΔS np – арту-түсіру жұмысы құнының артуы.

Жүкті тасымалдауға дайындау құнының артуына байланысты шығындар;

R 9 = A S„ W q      (9)

мұндағы, ΔS - Жүкті тасымалдауға дайындау құнының артуы.

Жүкті қаттау құнының артуына бай- ланысты шығындар;

R 1o = A S x W q

мұндағы, ^S x - Жүкті қаттау құнының артуы.

Белгілі-бір уақыт аралығында t i - t o көлік өнімі W Q , құраса, жүк тасымалындағы мекеме сұранысы шығындары;

(Snr + Snp + Smp + Sx WQ   (11)

Нәтижелер және оларды талдау

Тасымал пайдалылығы көбіне толық түрде тасымал үрдісінің тиімділік коэффициентін көрсетеді ( К эп ) яғни, көлік мекемесі қызметін тұтынуды қанағаттандырудағы нақты шығындарға байланыстылығы қарастырылады.

Жүк тасымалы тиімділігінің көрсеткіші бір жағынан орындалған жүк тасымалы көлемін сипаттауы тиіс болса, екінші жағынан көлік кешені бөлімдері жұмысының бір қалыптылығы мен қызмет ететін кәсіпорындарының қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты орындалатын жүк тасымалдарының бірлігін көрсетуі тиіс.

Шығынды дұрыс есепке алу көлік кешені үшін ғана емес, ол қызмет ететін кәсіпорындар үшінде маңызды. Көлік кешенінің әртүрлі компоненттері қызметінің салыстырмалы көрсеткіші болып еңбек және баға шығындары есептеледі.

Қазіргі экономикалық даму деңгейде өндіріс үрдістерінің тиімділігін анықтауда баға шығыны қолданылады. Қолданылып жүрген әдістер өңдіріс үрдістерінің тиімділігін анықтауда төмендегі факторларды есепке алуды ұсынады: уақыт факторлары; интегралды экономикалық нәтиже (бүкіл кезең бойынша) техниканы пайдаланудың экономикалық тиімділігін пайдалануды жетілдіру бойынша жүргізілген іс-шаралардың ба-

ғасы; сыртқы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық факторлар; жол жөнекей қосылатын нәтижеледі есепке алу; пайдаланған ресурстардың әртүріне төлемақы жүйесін қалып- тастыру.

Шаруашылық шараларының тиімділігін бағалау-өндіріс нәтижесі мен өндіріс ресурстары шығындарының аралық айырымы ре- тінде анықталады.

Келтірілген шығындар мына формула бойынша анықталады:

S =

( 2 C + EK )

< Q ,

мұндағы;

ЕС- күнделікті шығын жиынтығы;

Е - күрделі қаржы бөлінісі мөлшерінің коэффицинті;

К-  техникалық құралдар кешеніне күрделі қаржы бөлінісі;

Q - жүк тасымалының жылдық көлемі;

Шығынды анықтау кезінде қолданыс-тағы жылжымалы құрамның технико-эконо-микалық көрсеткіштерін (жүк көтерімділігі, техникалық жылдамдык, тұрып қалу уақыты т.б), жүк тасымалы қашықтығын, жүкті тиеу-түсіру, жеткізілім мерзімін бұзу, жүктің жоғалуы кезіндегі шығындарды есепке алу қажет.

Тиеу және түсіру кезінде көліктің бос тұрып қалу уақытының арттырумен тонна-лық, тонна-километрлік өлшемділігімен t пр өнімділігі азаяды. Осы қорытындылардың негізінде t пр көрсеткішінің ұлғаюымен экономикалық тиімділігі нөлге біртіндеп жақындап азаяды. Бұл көрсеткіштің әсері экономикалық тиімділікке ол аз мөлшерден көп болады. Егер t пр = 0, Q ткм экономикалық тиімділігі ең жоғары мәнге ие болады. Тиеумен және түсірумен тұрып қалу уақытының экономикалық тиімділігі жүкті тасымалдау қашықтығына да байланысты. Аз қашықтықта жүкті тиеу және түсіру кезінде тұрып қалу уақытының аз ғана өзгеруі экономикалық тиімділігінің айтарлықтай өзгеруін тудырады. Ұлғаюмен жүк тасымалдау қашықтығы осы көрсеткіштің Q т экономикалық тиімділігіне әсері және Q ткм азаяды, себебі жылжымалы құрамның жалпы уақытқа тоқтап тұру уақыты қысқарады.

le жүк тасымалдау қашықтығын арттыру арқылы экономикалық тиімділігі тонна-километр өлшемі артады, ал тонналығы - кемиді. Тасымалдау қашықтығы ұзақ, бұл көрсеткіштің экономикалық көрсеткіштерге өзгеруі аз тиімділігіменәсер етеді. Жүк тасымалдау қашықтығының өзгеруімен экономикалық тиімділік тонналықта азаяды, ал экономикалық тиімділігі тонналықта артад. Экономикалық тиімділігінің тасымалдау қашықтығына тәуелділігін пайдалана отырып, ең маңызды пайдалану міндеттерінің бірін шешуге болады, атап айтқанда: жүк тасымалдаудың әрбір нақты жағдайын талдау арқылы ең жоғары әртүрлі үлгідегі және модельді көліктің экономикалық тиімділігі жүк тасымалдау қашықтығымен анықтайды. Бұл жүктерді қала- және еларалық тасымалдаудың маңызды міндеті болып табылады. Тағы да айтып кететін бір жағдайы – бұл қала- және еларалық тасымалдау логистикалық таңдау жеткізу жүйелері бірқатар ерекшеліктерге, қорларды басқару жүйесін таңдауға әсер өте көп. Сондай-ақ маңызды техникалық-экономикалық көрсеткіштері де көп артады. Негізгі көрсеткіштері мен параметрлері қала- және еларалық тасымалдау кезіндегі уақыты, қашықтығы және жылдамдығы сияқты базалық көрсеткіштер басты мәндерді береді. Логистика тұрғысынан қарағанда, олар мынандай көрсеткіштерді: тапсырыс көлемін, тапсырыстар ара-сындағы интервалдарды, тиеу/түсіру жылдамдығын, өнімділіктің тиімділігін анықтап береді. Осымен тасымалдарды тиімді орындаушылар көрсеткіштерін және параметрлерін дұрыс пайдалануға және өндіріс шығындарын қысқарту және ұлғайту ықтималдығын та- бысты пайдалануға үйретеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Бекмагамбетов М.М. Қазақстанның автомобиль көлігі. Даму және қалыптасу кезеңдері. – Алматы, ТОО «Принт».- 2005. – 256 б.

  • 2.    Беляев В.М. Организация автомобильных перевозок и безопасность движения. -М.: МАДИ, 2014.- 205 с.

  • 3.    Троицкая Н.А., Чубуков А.Б. Единая транспортная система– M.: Академия, 2003. - 240 с.

  • 4.    Савин В.И. Грузовые перевозки на автомобильном транспорте. – М.: Сервис и Дело, 2002.- 544 с.

  • 5.    Грунтов П.С., Дьяков Ю.В. Управление эксплуатационной работой и качеством перевозок. –М.: Транспорт, 1994. – 543с.

Список литературы Автомобиль көлігінде жүк тасымалы тиімділігін бағалау көрсеткіштері

  • Бекмагамбетов М.М. Қазақстанның автомобиль көлiгi. Даму және қалыптасу кезеңдерi. - Алматы, ТОО "Принт".- 2005. - 256 б.
  • Беляев В.М. Организация автомобильных перевозок и безопасность движения. -М.: МАДИ, 2014.- 205 с.
  • Троицкая Н.А., Чубуков А.Б. Единая транспортная система- M.: Академия, 2003. - 240 с.
  • Савин В.И. Грузовые перевозки на автомобильном транспорте. - М.: Сервис и Дело, 2002.- 544 с.
  • Грунтов П.С., Дьяков Ю.В. Управление эксплуатационной работой и качеством перевозок. -М.: Транспорт, 1994. - 543с.
Статья научная