Қазақстан экономикасындағы инвестиция қызметінің дамуының қазіргі кездегі теориялық аспектілері

Автор: К.Б. Дауылбаев, М.Д. Турусбекова

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Экономика и сервис

Статья в выпуске: 4 (125), 2019 года.

Бесплатный доступ

Мақалада авторлардың қазіргі нарықтық қатынастардың талаптары мен заңдарына жауап беретін экономикалық агенттердің арасындағы теңдестірілген инвестициялық қатынастарды дамытудың әдіснамалық принциптері туралы нәтижелері берілген. Авторлар экономикалық дамудың динамикалық және статистикалық теориялары негізінде іске асыру процесінде инвестициялық қатынастар жүйесін талдау міндеттерін қарастырады, ұлттық экономиканың факторлық талдауын, инновациялық-инвестициялық дамуын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, бұл инвестициялық ресурстардың экономикалық шығындарын азайту мақсатында сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне мезгілінде ықпал етуге мүмкіндік береді. Елімізде жаһандану жағдайында халықаралық нарықта табысты бәсекелесе алатын ұлттық өндірушілер арқылы тиімділік деңгейін және экономиканың өсу қарқынын айқындайтын салалар кешенін құруға мүмкіндік беретін ұлттық капиталды қалыптастыру негізінде инвестициялық-инновациялық дамудың тұтас, принципті жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

Еще

Нарық, инвестициялардың рөлі, инвестициялық қызметті, инвестициялық процестер, ұлттық экономика

Короткий адрес: https://sciup.org/140249047

IDR: 140249047

Текст научной статьи Қазақстан экономикасындағы инвестиция қызметінің дамуының қазіргі кездегі теориялық аспектілері

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының модернизация жағдайында, оның нәтижесінде нарықтық әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы және қалыптасуы үшін жаңа шарттар қалыптасты. Әлемдік жаңа саяси экономикалық тәртіптің қалыптасуы жа-һандық экономикалық кеңістіктегі ұлттық экономиканың салыстырмалы бәсекелестік басымдықтарын жүзеге асыру барысында жаңа «ойын шарттарын» ұсынады. Қазақстандық экономика ірі халықаралық капиталға тәуелді, ол әлемдік экономиканың шалғайындағы (пе-рифериясындағы) шикізат көзі, орасан зор кеңістігі мен табиғи ресурстар қоры ретінде және өзінің шешуші геосаяси жағдайымен әлемдік экономикада беделді орынға ие болуға тырысады.[1]

Экономикалық ғылымның қазіргі кезеңінде ұлттық экономикадағы инвестициялық үдерістердің даму ерекшеліктерін анықтау ба-рысындағы бірнеше түбегейлі тәсілдерді атап көрсетуге болады. Аталған саланы жетілдірудің мәселелерін негіздеуді әрі қарай дамыту, ең біріншіден, оның жағдайына және оған мемлекеттік басқару институттарының ықпал етуіне байланысты болады. Сондықтан да біртұтас әлеуметтік-экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлін, әсіресе инвестициялық нарықтағы функциясын анықтау әлі де болса өзекті болып отыр.

Зерттеудің нысандары мен әдістері

Технологиялық қалыптың ауысуы кон-тексіндегі экономикалық өсудің жандандыру-шы эндогенды факторы ретіндегі инвести-циялар болып табылады. Дүние танымның диалектикалық әдісі, инвестициялық үдеріс-терді ретроспективті талдау, заңдылықтарды зерттеудің индуктивті және дедуктивті әдістері, сараптамалық бағалау, динамика және болжау өлшемінің статистикалық әдістері, зерттеу нәтижелерін графикалық бейнелеу тәсілдері құрайды.

Нәтижелері мен оларды талқылау

Алынған теориялық талдаулар, ұсынылған тәсілдер, негізделген ғылыми ұсыныстар мен нәтижелер бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясын әзірлеу практикасында кеңінен қолданылуға бағытталған және инвестициялық нарықтың даму үрдістерін талдау барысында, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, нақты сектор дамуының кешенді, мақсатты бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру барысында қолданылуы мүмкін. Автор әзірлеп, ұсынған негізгі теориялық қағидалары жоғары оқу орындарында «Ұлттық экономика», «Экономикалық саясат», «Экономикалық даму теориясы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәндерін оқыту барысында қолданылуы мүмкін.

Негізгі қағидалар мен практикалық ұсыныстар аймақтық индустриалдық-инновация-лық даму бағдарламасына ұсыныстар дайын- дау барысында, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту және ынталандыру шараларын әзірлеу барысында пайдаланылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының модернизация жағдайында, оның нәтижесінде нарықтық әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы және қалыптасуы үшін жаңа шарттар қалыптасты. Әлемдік жаңа саясиэкономикалық тәртіптің қалыптасуы жа-һандық экономикалық кеңістіктегі ұлттық экономиканың салыстырмалы бәсекелестік басымдықтарын жүзеге асыру барысында жаңа «ойын шарттарын» ұсынады. Қазақстандық экономика ірі халықаралық капиталға тәуелді, ол әлемдік экономиканың шалғайын-дағы (перифериясындағы) шикізат көзі, орасан зор кеңістігі мен табиғи ресурстар қоры ретінде және өзінің шешуші геосаяси жағдайымен әлемдік экономикада беделді орынға ие болуға тырысады.

Экономикалық ғылымның қазіргі кезеңінде ұлттық экономикадағы инвестициялық үдерістердің даму ерекшеліктерін анықтау барысындағы бірнеше түбегейлі тәсілдерді атап көрсетуге болады.

Қазіргі кездегі, әлемдік даму жағдайларында инвестициялардың барлық дәстүрлі теориялары оларды жүзеге асыруды тежейтін көптеген кедергілерге тап болды:.[2] бұл жоғары инфляция, әлсіз конъюнктура мен ауқымды жұмыссыздық кезеңіндегі экономикалық саясатты жетілдіру мәселесі; экономикалық өсудің ақылға қонымды шектерін анықтау және басқалары болып табылады. Осыған байланысты, инвестициялардың қолданыста-ғы теорияларын қазақстандық экономика дамуының қазіргі кездегі беталыстарымен байланыстырып қарастыруды мақсат етеміз.

Нарықтық сұраныстың өсуі және оны қанағаттандыратын инвестициялық саясат стратегиясының болмауы экономикалық жү-йелердегі инвестициялық қатынастарды басқарудың жаңа түбегейлі тәсілін зерттеудің қажеттілігінен туындайды.

Заманауи талаптарды, сондай-ақ санаттық аппараты нақтылай отырып инвестиция-лық қатынастардың болмысын қайта сараптау объективті қажеттілік болып табылады.

Жалпы алғанда, инвестиция түрінде табыс алу мақсатында ресурстарды салу және қалыптастыру үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар ретінде анықталуы мүмкін. Осыған орай инвестицияның ең негізгі, басты бағытын, яғни қоғамдық өндірістің тұрақты, пайдалы, ретті дамуын анықтауға болады. Біртұтас жүйе ретіндегі инвестициялау-дың мазмұны тұрақты даму тұжырымдамасының негізін қалайтын теориялық алғышарттардың бірі болып табылады.

Экономикалық өзара қарым-қатынас-тағы формалар алуан түрлі болғанымен, оларды біріктіретін нәрсе, оларға сәйкес инвестициялық қатынастар қызмет көрсетеді, ал ин-вестициялар түрлі аспектілерде қарастырылуы мүмкін. Мәселен, өндірістің даму деңгейін бейнелейтін базистік, объективтік және жалпы сипаттар, қоғамның дамуы үшін өндіріске ресурстарды салу және аккумуляциялау үдерісі нәтижесінде қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығымен анықталады. [3] Алайда кейбір жағдайларда «инвестиция» ұғымы синтетикалық, яғни, түрлі сипаттағы қорларды біріктіріп қана қоймай, дамудың сыртқы және ішкі факторларының әрекетін біркелкі етеді.

«Инвестиция» категориясының функ-ционалдық сипаттарын зерттей отырып, ин-вестицияның келесідей негізгі функцияларын бөліп көрсетуге болады: реттеуші, таратушы, ынталандырушы, индикативті. .[4]

Инвестицияның болмысын қарастыру барысында олардың классификациясына назар аударған жөн. Инвестицияның экономикалық әдебиеттерде ұсынылған типологиясы бір-бірінен тек толықтығымен ғана ерекше-ленеді. Назарларыңызға типологияның кең (жалпылама) көлемін ұсынамыз.

Салу объектілері бойынша

  • Нақты инвестициялар

  • Қаржы инвестициялары

Салу кезеңдері бойынша

  • Қысқа мерзімді инвестициялар

  • Орта мерзімді инвестициялар

L

Ұзақ мерзімді инвестициялар

Мақсаттары бойынша

  • Тікелей инвестициялар

  • Портфельдік инвестициялар

Салу салалары

Өндірістік инвестициялар

бойынша

Өндірістік емес инвестициялар

г

Меншік нысандары

Жеке инвестициялар

Мемлекеттік инвестициялар

бойынша

  • Шетелдік инвестициялар

  • Аралас инвестициялар

Аймақтар бойынша

  • Мемлекет ішіндегі инвестициялар

  • Шетелдегі инвестициялар

Тәуекелдіктер бойынша

  • Агрессивтік инвестициялар

  • Консервативтік инвестициялар

Қалыпты инвестициялар

1 сурет - Инвестиция типологиясы Ескерту - Суретті құрастырған авторлар

Қазіргі кезеңдегі даму барысындағы зерттеулерде инвестиция класификациясына «инновациядағы инвестицияны» қосу өзекті мәселе болып табылады. «Инвестиция» және «инновациялар» түрлі экономикалық категория болғанына қарамастан бір-бірімен тығыз байланысты.

Экономикалық әдебиеттердегі алуан түрлі ой-пікірлерді талдаудың, жинақтаудың нәтижесінде инновациядағы инвестицияның келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:

  • -    өнімдік инновациялар, өндірістегі жаңа өнімнің инвестициясы және оның кеңі-нен таратылуы болып табылады, алайда жаңа өнім ескі құрал-жабдықтар арқылы, техноло-гиясының өзгеруінсіз шығарылады;

  • -    технологиялық инновациялар - мате-риалдық-техникалық базаның кеңейтілуі және құрал-жабдықтың жаңартылуына бағытталған инвестициялар, нәтижесінде ескі құралдардың есебінен қорлардың өсімі артады, сондай-ақ өндіріс үдерісін жетілдіру мақсатындағы технологиялық инвестициялар;

  • -    ұйымдастырушы-басқарушылық инновациялар - жаңа бөлімдер мен ұйымдардың макро және микродеңгейіндегі бөлімшелер

мен бөлімдердің, сондай-ақ маркентинг және менеджмент жүйесін дамытудағы инвестициялар, олардың құрамына әлеуметтік-еңбек саласының инвестициялары да кіреді.[5]

ҚР-да ұдайы өндіріс үдерісіндегі инвес-тициялардың рөлін анықтау міндеттерінің ма-ңыздылығы салымдардың шеңбері сияқты сы-ныптамалық критерийді енгізу қажеттігін шарттайды, соған сәйкес өндірістік және өндірістік емес инвестицияларды ажыратуға болады.

Экономикалық жүйеге қатысты анық-таушы мағына өндірістік инвестицияларға тиесілі, олар ұдайы өндірісті, сонымен қатар, жеке және қоғамдық капиталдың өсуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық әдебиетте инвестиция-лардың өзге де сыныптамалары бар, олар әдетте инвестициялардың негізгі нысандарын нақтылайды. Негізінен, күрделі салымдар нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар келесідей түрлерге бөлінеді:

  • -    шикізатты, жиынтық өнімдерді ием-денудегі тәуекелден қорғайтын, бағалар деңгейін ұстауға бағытталған, бәсекелестерден қорғайтын салымдар;

  • -    өндірілетін өнімнің жоғары ғылыми-техникалық деңгейін қолдау мақсатында жаңа технологиялар мен өңдеулерді іздеумен байланысты қарқымды инвестициялар;

  • -    еңбек шарттарын жақсартуға бағытталған әлеуметтік инвестициялар;

  • -    мемлекеттік талаптарды қанағаттандырумен байланысты міндетті инвестициялар;

  • -    кәсіпорынның мәртебесін қолдауға бағытталған өкілеттік инвестициялар.

Тәуекелдіктің төмен деңгейі

Құрал-жабдықтарды ауыстыруға бағытталған инвестициялар

Өндірісті диверсификациялауға бағытталған инвестициялар

Өндірісті ұлғайтуға арналған инвестициялар

Құрал-жабдықтарды жаңартуға бағытталған инвестициялар Стратегиялық инвестициялар

Тәуекелдіктің жоғары деңгейі

  • 2 сурет - Инвестицияның өндірістік жіктемесі Ескерту – Суретті құрастырған авторлар.

Қызметтердің бағытына тәуелді инвестициялар келесдей:

  • -    бастапқы инвестициялар (нетто-инвес-тициялар), олар кәсіпорынды сатып алу немесе оның негіздеу кезінде жүзеге асырылады;

  • -    экстенсивті инвестициялар, олар өндірістік әлеуетті кеңейтуге бағытталған;

  • -    реинвестициялар, уақытша бос ин-вестициялық қаражаттарды өндірістің жаңа құралдарын сатып алуға немесе өндіруге салу болып табылады;

  • -    брутто-инвестициялар, олар нетто-ин-вестициялар мен реинвестициялардан тұрады.

Экономикалық талдауда инвестиция-ларды капитал салымдары нысанында жүзеге асыру топтастыруы да қолданылады:

  • -    физикалық және моральды тозған құрал-жабдықтарды ауыстыруға бағытталатын инвестициялар;

  • -    құрал-жабдықтарды жаңартуға салынатын инвестициялар. Олардың мақсаты - өндірістің шығындарын қысқарту немесе шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту болып табылады;

  • -    өндірісті кеңейтуге салынатын инвес-тициялар. Мұндай инвестициялаудың міндеті - өнімге сұраныстың кеңею кезіндегі іс жүзінде қызмет ететін өндірістер аясында қалып

тасқан нарық үшін тауарларды шығару мүмкіндіктерін ұлғайту;

  • -    өзгерту үшін салынатын инвестиция-лар өнімнің тізбектемесін өзгертумен, өнімнің жаңа түрлерін өндірумен, өткізудің жаңа нарықтарын ұйымдастырумен байланысты болып келеді;

  • -    стратегиялық инвестициялар, олар ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуге, өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін жоғарылатуға, шаруашылық тәуекелдерін төмендетуге бағытталады. Стратегиялық ин-вестициялардың көмегімен экономикадағы құрлымдық өзгерістер іске асырылады, импортты алмастыратын бастапқы өндірістер немесе бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған салаларды дамыту үшін жұмсалады;

Инвестициялық қызметтің мазмұны -табыс әкелетін кез-келген кәсіпорын деңгейін-дегі қызмет болып табылады. Макродеңгей-дегі инвестициялық қызмет экономика секто-рының нақты дамуымен тығыз байланысты, оған өндірістік және өндірістік емес салалар да жатады. Макродеңгейдегі инвестициялар көлемі экономикалық даму сипатының көрсеткіші болып табылады.

Инвестициялық қызмет кең және тар мағынада қарастырылуы мүмкін. Кең мағына- дағы инвестициялық қызмет бұл - нысандарға табыс алу мақсатында инвестиция құюға байланысты қызмет (тиімділік); тар мағынада -салымдардағы инвестициялық ресурстардың қайта құрылу үдерісі (жеке инвестициялық қызмет, немесе инвестициялау). Жеке инвестициялық қызмет «инвестициялық ресурстар -қаржы салымы» мазмұнының бірінші кезеңі болып табылады. Екінші кезеңі «қаржы салымы - инвестициялау нәтижесінде алынған табыс пен шығынның арасындағы өзара байланысты сипаттайды».

Сонымен қатар, инвестициялық қатынастар жүйесі табысты барынша арттыру мақсатында инвестициялық ресурстарды жүзеге асыру үдерісінде экономикалық агенттердің арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды.

Инвестициялар түрлері мен тәуекелділік деңгейі арасындағы тәуелділік инвестицияның қандай болмасын бір түрін жүзеге асырғаннан кейінгі фирма қызметінің нәтижелеріне нарықтың әсерімен өзгеру қауіпімен байлансты. Сірә, инвестициялаудың жағымсыз салдарының тәуекелділігі осы уақыттың өзінде нарықпен апробацияланған тауарларды шығаруды жалғастыру кезінде төмен және жаңа өндірісті ұйымдастыру кезінде жоғары болады.

Сонымен, инвестициялар әртүрлі нысандарда жүзеге асырыла алады, олардың нысандарын сыныптау объектілері, мақсаттары, салу мерзімдері, ресурстарға меншік нысандары, тәуекелділіктері, салу салалары, аймақтық және салалық белгілері бойынша, яғни негізіне салынған критерийді таңдаумен анық-талынады. Инвестициялар нысандары шеңберінде инвестициялардың негізгі нысандарының одан әрі нақтылануын көрсететін белгілері бойынша сыныпталынатын инвестициялардың түрлерін бөлуге болады.

Қазақстандық экономикадағы инвестициялық қызметтерінің ерекшеліктеріне, ұлттық капиталдың қызмет ету механизміне кешенді талдау зерделеу негізінде жүргізілген зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

Инвестициялық нарықты реттеудің шетелдік тәжірибесі қазақстандық экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық және әдіс-намалық негіздемесінің институционалдық базасы мен инвестициялық қатынастарды зерттеудің негізі болып табылатын инвестициялық қатынастар дамуының жалпы үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді;

«Инвестиция», «инвестициялық үдеріс», «инвестициялық нарық», «инвестиция және инвестициялық қызмет», «инвестициялық механизм» ұғымдарының болмыстық сипаттамасы табыс табу мақсатында аталған ұғымдардың қазіргі замандағы түсініктерін нақтылауға мүмкіндік беріп, инвестицияны жүзеге асыру мәселелері бойынша экономикалық агенттер мен инвестициялық қатынастар жүйесі арасындағы категориалдық арақатынастар арқылы талданды; . [6]

Инвестициялық үдеріс алгоритмін пайдаланған орынды болмақ және ол бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады: инвестицияны тарту механизмінің басты жұмысы (еркін ин-вестициялық қор мен әлеуетті инвесторлар болған жағдайда), инвестициялық қызметтің қолайлы заң шығарушы базасын жасау, инвестициялық ынталандырудың пайда болуы, инвестициялық үдерісті тиімді ұйымдастырушылық, әдістемелік, ресурстық қамтамасыз ету, инвестициялау үдерісіне ақпараттық көмек көрсету, инвестициялау туралы шешім қабылдау;

Инвестицияны жетілдіруді тиімді түрде жүзеге асыру үшін Қазақстандағы инвестициялық үдерісті мемлекеттік реттеудің ғылыми ұстанымдары (ғылыми негіз, жүйелік көзқарас, қойылған мақсатқа сәйкестілік, экономикалық мүдделілік, тиімділік, жаңашылдық) инвестицияны бағалаудың ықпалды мәдел тиімділігінің белгісі болып табылады;

Жасалған талдау қаражатты шетке шығаруды бақылау және шектеу аясындағы мемлекеттік саясат ішкі және сыртқы инвестиция-ларды ынталандырудың әкімшілік және экономикалық әдістерін теңдестіруге негізделу қажеттілігін көрсетті;

Инвестициялық негіздеудің басты шаралары: әкімшілік кедергілерді кеміту, бәсекелестік үшін бірыңғай жағдайлар жасау, халықаралық нарықта меншік иелері мен инвестор-лардың құқығын қорғау; корпоративті басқаруды дамыту, инвестициялаудың концессия-лық түрлерін жетілдіру; банк секторын қайта құру; экономикалық циклдың түрлі сатысын-дағы жалпы экономикалық конъюктураның ерекшеліктеріне сәйкес инвестиция нарығын-дағы белсенді қозғалыс нәтижесінде түрлі салалардың ішкі инвестициялық әлеуетін ашу.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

  • 2.    Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. - М.: Соцэкгиз, 1962. – 67 с.

  • 3.    Крушвиц Л. Финансирование и инвестиции. Неклассические основы теории финансов

    / пер. с нем. - СПб – Питер., 2000. – 381 с.

  • 4.    Экономическая теория национальной экономики мирового хозяйства / под ред. А.Г. Грязновой, Т.В. Чечеловой. – М.: ЮНИТИ, 1998. – 326 с.

  • 5.    Энтов Р.М., Кандель А.Ф., Осадчай И.М. Современные буржуазные теории экономического роста и цикла. – М.: Наука, 1989. –344 с.

  • 6.    Алешина И.В. Учение Адама Смита и современный капитализм // Мировая экономика и международные отношения. – 1996. – № 8. – С.73 – 76.

Қазақстан    Республикасының    Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 29 қаңтар, 2010ж.  – [Электрондық ресурс]

Қолжетімділік тәртібі: addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-khalykka-zholdauy-2010-zh_1341123470 (өтініш берген күн 15.04.2019)

Список литературы Қазақстан экономикасындағы инвестиция қызметінің дамуының қазіргі кездегі теориялық аспектілері

  • Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 29 қаңтар, 2010ж. -[Электрондық ресурс] Қолжетiмдiлiк тəртiбi: https://www.akorda.kz/kz/ addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-khalykka-zholdauy-2010-zh_1341123470(өтiнiш берген күн 15.04.2019)
  • Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. - М.: Соцэкгиз, 1962. - 67 с.
  • Крушвиц Л. Финансирование и инвестиции. Неклассические основы теории финансов/ пер. с нем. - СПб - Питер., 2000. - 381с.
  • Экономическая теория национальной экономики мирового хозяйства / под ред. А.Г. Грязновой, Т.В. Чечеловой. - М.: ЮНИТИ, 1998. -326с.
  • Энтов Р.М., Кандель А.Ф., Осадчай И.М. Современные буржуазные теории экономического роста и цикла. - М.: Наука, 1989. -344с.
  • Алешина И.В. Учение Адама Смита и современный капитализм // Мировая экономика и международные отношения. - 1996. - № 8. - С.73 - 76.
Статья научная