Азастандаы ерекше оралатын табии ауматар жне биоалуантрлілік
Автор: Думетова С.Т.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Экономика и сервис
Статья в выпуске: 1 (106), 2015 года.
Бесплатный доступ
Аталған мақалада Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тиімді пайдаланып, сапасын арттыру мәселесі қарастырылғын. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ұлттық ерекшелігін ескере отырып, еліміздегі туризм саласын дамытудың тиімді тәсілін зерттеу. Бұл жұмыста ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру арқылы, Қазақстандағы биоалуантүрлілік санының арту топтамасы ұсынылған.
Короткий адрес: https://sciup.org/140205043
IDR: 140205043
Текст научной статьи Азастандаы ерекше оралатын табии ауматар жне биоалуантрлілік
Кіріспе
Қазақстан Республикасының аумағында ерекше қорғауға алынған 10 мемлекеттік табиғи қорық, 12 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ, 5 мемлекеттік табиғи резерват, 3 мем-лекеттік хайуанаттар бақтары, 5 мемлекеттік ботаникалық бақ, 4 мемлекеттік дендрало-гиялық саябақтар, 26 мемлекеттік табиғи ес-керткіштер, 3 мемлекеттік табиғи қорық-шалар, 5 мемлекеттік табиғи қорықтық бел-демдер ұйымдастырылған.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) ұйымдастырудың маңызы өте зор. ЕҚТА-дың дүниежүзілік жіктеу бойынша жекеленген 10 тобы белгіленсе Қазақстанның «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» заңында (7 шілде, 2006 жылы) ЕҚТА-дың республикалық мәні бар 9 санаты атап көрсетілген. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатты көздеп, табиғат қорғау ережелерін өздеріне тән бағытта жүргізіп отырады [1].
Зерттеу нысаны мен әдістері
Мемлекеттік табиғи қорықтар (МТҚ) – әрбір мемлекеттің өз аумағында ұйымдас-тырылады. ЕҚТА-ның бұл тобы біздің еліміздегі табиғат қорғаудың негізгі санаты. МТҚ–дың басты міндеті сол табиғи қорық ұйымдастырылған аймақтардағы барлық таби-ғат байлықтарын түгелдей қорғау және оларға ғылыми зерттеулер жүргізу. МТҚ–тар ғылыми мекемелер қатарына жатады, онда арнайы мамандар ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысады. Мемлекеттік табиғи қорықтарда экологиялық білім мен тәрбие беру және ту-ризмді дамыту басты орынға қойылған. Қазіргі кезде 1 көкек 2011 жылға дейін елімізде мем-лекеттік 10 табиғи қорық ұйымдастырылған. Жалпы Қазақстандағы қорықтардың алып жатырған жер көлемі – 1 433 821 гектар алқап-ты қамтиды. Қазақстан аумағындағы қорық-тарда кездесетін биоалуантүрлілік былай топ-тастырылады 1- кесте [2]. (Сәтімбеков Р. 2010).
1 – кесте. Мемлекеттік табиғи қорықтар және биоалуантүрлілік
р/с |
Қорықтар |
Өсімдік түрлер |
Балық түрлері |
Қосмекен ділер түрлері |
Жорға лау шылар түрлері |
Құс түрлері |
Сүтқо-ректілер түрлері |
1 |
Ақсу-Жабағылы |
1312(39)* |
5 |
3(1)* |
11(3)* |
267 (11)* |
52 (10)* |
2 |
Алматы |
965 |
3 |
2 |
6 |
177 (14)* |
42 (10)* |
3 |
Наурызым |
687 |
10 |
3 |
3(1)* |
292 (43) |
44 |
4 |
Барсакелмес |
298 (27)* |
- |
2 |
20 |
178(27)* |
40(2)* |
5 |
Қорғалжын |
374 (5)* |
14 (2)* |
2 |
5 (1)* |
345 (52)* |
42 (8)* |
6 |
Марқакөл |
- |
6 |
2 |
4 |
211 |
58 |
7 |
Үстірт |
269 (5)* |
1 |
1 |
23 (1)* |
163 (17)* |
45 (10)* |
8 |
Батыс Алтай |
799 |
5 |
2 |
4 |
153 |
55 |
9 |
Алакөл |
271(20) |
22 (2)* |
2 |
24 |
269 (19)* |
63(5) |
10 |
Қаратау |
400 (36)* |
2 |
2 (1)* |
12 (2)* |
80 (7)* |
42 (3)* |
*Жақша ішіндегі сандар Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген түрлер санын білдіреді.
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар (МҰТС). – ЕҚТА-ның ерте кездерден бастап дүние жүзінде ұйымдастырылып келе жатқан жеке санаты болып саналады. Дүниежүзіндегі ең алғаш рет ұйымдастырылған ұлттық табиғи саябақ АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық саябағы. Ол 1872 жылы 1-наурызда ұйымдас-тырылған.
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар табиғи, тарихи, эстетикалық, экологиялық және ғылыми мәні зор белгілі бір алқаптың табиғи бірлестіктерін немесе экожүйелерін сақтап қалу, қорғау және экологиялық үлгі- насихат, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ұлттық табиғи саябақтарда ғылыми-зерттеу жұмыс-тары жүргізіліп, табиғат байлығын қайта қалпына келтіру шараларыда жүзеге асады.
Қазіргі кезде (1 желтоқсан 2011ж.) Қазақстанда 12 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Олардың жалпы жер көлемі 2 259 169 гектар алқапты қамтиды. Мемлекеттік ұлттық саябақтардағы биоалуан-түрліліктің топтастырылуы 2-кестеде көрсе-тілген [3,4].
2 – кесте. Мемлекеттік ұлттық саябақтар және биоалуантүрлілік
р/с |
Саябақтар |
Өсімдік түрлері |
Балық түрлері |
Қосмекен ділер түрлері |
Жорғалау шылар түрлері |
Құс түрлері |
Сүтқо-ректілер түрлері |
1 |
Баянауыл |
≈500 |
13 |
2 |
7 |
167 |
48 |
2 |
Іле Алатауы |
1200 (36)* |
8(4) |
4(2) |
8 |
178(11) |
‹51(8) |
3 |
Алтынемел |
›1800 (21) |
20 |
4 |
25 |
400(40) |
78 |
4 |
Көкшетау |
≈800 |
19 |
3 |
6 |
≈224 |
51 |
5 |
Қарқаралы |
≈800(5) |
15(1) |
2 |
6 |
122 |
45 |
6 |
Бурабай |
≈800 |
10 |
3 |
6 |
≈200 |
87 |
7 |
Қатон Қарағай |
2000(30) |
15(1) |
3 |
6 |
≈280(4) |
68 |
8 |
Шарын |
1500(23) |
10 |
4 |
18 |
≈200(5) |
36 |
9 |
Сайрам Өгем |
1635(62) |
3 |
4 |
7 |
300(30) |
59(10) |
10 |
Көлсай |
704(12) |
2 |
2 |
8 |
197(13) |
42(8) |
11 |
Жетісу (Жоңғар Алатауы) |
2168 |
2 |
2 |
8 |
238(13) |
52 |
12 |
Бұйратау |
<450 |
16 |
** - |
- |
227(13) |
45 |
* Жақша ішіндегі сандар Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген түрлер санын білдіреді.
Мемлекеттік табиғи резерваттар (МТР). Елімізде соңғы жылдары ұйымдастырылып жүрген ЕҚТА-ның жеке бір санаты. Қазақстан-да қазір 5 мемлекеттік табиғи мемлекеттік резерват ұйымдастырылған. Оның бесіншісі «Алтын дала» резерваты 2012 жылдың 27 қарашасында ұйымдастырылды. Еліміздегі мемлекеттік табиғи резерваттардың алып жатқан жер көлемі 2 308 278 гектар алқапты қамтиды. Мемлекеттік табиғи резерваттарда да табиғат байлықтарының бірнеше топтарын қорғау шараларымен қоса ғылыми-зерттеу жұмыстары, экологиялық білім мен тәрбие беру және туризмді дамыту шаралары жүргізіледі. Ал, кейбір шаруашылық жұмыстарының табиғат қорғау мәселелері қадағалауға алынған. «Алтын дала», «Ырғыз-Торғай», «Ақжайық» мелекеттік табиғи резерваттарындағы био-алуантүрліліктің таралуы 3- кестеде [5,6].
3 – кесте. Мемлекеттік табиғи резерваттар және биоалуантүрлілік
р/ с |
Резерваттар |
Өсімдік түрлері |
Балық түрлері |
Қосмекен-ділер түрлері |
Жорғалау-шылар түрлері |
Құс түрлері |
Сүтқоректі-лер түрлері |
1 |
Семей орманы |
||||||
2 |
Ертіс орманы |
||||||
3 |
Алтын дала |
370 |
9 |
4 |
11 |
275 |
57 |
4 |
Ырғыз-Торғай |
390 |
8 |
- |
4 |
250(32)* |
43(10)* |
5 |
Ақжайық |
- |
76 |
- |
20 |
292(30)* |
48 |
* Жақша ішіндегі сандар Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген түрлер санын білдіреді.
Мемлекеттік хайуанаттар бақтары. Қазақстанда мемлекеттік 3 хайуанаттар бағы бар. Олар Алматы, Шымкент, Қарағанды қала-ларының аумағында орналасқан. Хайуанаттар бағынаң негізгі міндеттері экологиялық білім мен тәрбие беру, табиғат қорғау мәселелерін насихаттау, сирек кездесетін жануарлар түр- лерін қолдан көбейту. Сонымен бірге хайуанат-тар бақтары халықтың салауатты өмір салтын ұстануына, демалыстарын дұрыс өткізуіне жағдай жасау шараларымен айналысады. Мемлекеттік хайуанаттар бағының ұйымдас-тырылу жылдары мен жер көлемі 4-кестеде көрсетілген [7,8].
4 – кесте. Мемлекеттік хайуанаттар бағы
р/с |
Атаулары |
Ұйымдастырылған жылы |
Жер көлемі (га. есебімен) |
Қорғалатын нысандар |
1 |
Алматы |
1937 |
54 |
Жануарлар дүниесі |
Шымкент |
1979 |
54 |
Жануарлар дүниесі |
|
3 |
Қарағанды |
1938 |
17 |
Жануарлар дүниесі |
Мемлекеттік ботаникалық бақтар. Ботаникалық бақтар сирек кездесетін әрі құрып кету қаупі төнген өсімдік түрлерін сақтап қалу және оларды қалпына келтіру жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге, ботаникалық бақтар экологиялық білім мен тәрбие мәселлерінде алатын орны ерекше. Елімізде Республикалық мәні бар – 5 ботани- калық бақтар жұмыс жасауда. Оның ішінде Бас Ботаникалық бақ Алматы қаласында 1932 жылы ұйымдастырылған. Ботаникалық бақтар қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізу шараларына да үлес қосады. Мемлекеттік ботаникалық бақтардағы өсімдіктер бірлестігінің таралу аумақтары 5-кестеде топтастырылған [9].
5 – кесте. Мемлекеттік ботаникалық бақтар
р/с |
Атаулары |
Ұйымдастырыл-ған жылы |
Жер көлемі |
Қорғалатын нысандар |
Орналасқан жері |
1 |
Бас ботаника бағы |
1932 |
130 |
Өсімдіктер бірлестігін сақтап қалу, қорғау, қалпына келтіру, жерсіндіру |
Алматы обл. Алматы қаласы |
2 |
Алтай ботаника бағы |
1935 |
154 |
---//---//--- |
Шығ. Қаз. обл. Риддер қаласы |
3 |
Іле ботаника бағы |
1946 |
65 |
---//---//-- |
Алматы обл. Балқаш ауд. |
4 |
Жезқазған ботаника бағы |
1957 |
62 |
---//---//-- |
Қарағанды обл. Жезқазған қаласы |
5 |
Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағы |
1972 |
39 |
---//---//--- |
Маңғыстауобл. Ақтау қаласы |
Мемлекеттік дендрологиялық саябақ-тар. Дендрология сөзі гректің «dendron» -ағаш деген ұғымын білдірді. Дендрологиялық саябақтар арнайы ғылыми практикалық жұмыстарымен айналысып, жергілікті шеттен әкелінген ағаштардың түрлерін жерсіндіру, елді-мекендерді көгалдандыру жұмыстары- мен айналысады. Дендрологиялық бақтардың негізгі мақсаты – ағаш тектес өсімдіктерді жерсіндіру, табиғи жағдайларға бейімделетін ағаштарды сұрыптау т.б. шараларды жүзеге асырады. Мемлекеттік дендрологиялық сая-бақтардың орналасқан жері мен қорғалатын нысандары 6-кестеде көрсетілген [10].
6 – кесте. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар
р/с |
Атаулары |
Ұйымдасты-рылған жылы |
Жер көлемі (га есебімен) |
Қорғалатын нысандар |
Орналасқан жері |
1 |
Бурабай |
1960 |
44,3 |
Ағаштар мен бұталар |
Ақмола обл. Шортанды ауд. |
2 |
Есік |
1959 |
360 |
---//---//--- |
Еңдекші қазақ ауд. |
3 |
ХХІ-ғасыр |
2001 |
74 |
---//---//-- |
Алматы қаласы |
4 |
Шымкент |
1979 |
173 |
---//---//-- |
Шымкент қаласы |
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері -Қазіргі кезде Қазақстанда республикалық маңызы бар 26 мемлекеттік табиғи ескерткіш-тер ұйымдастырылған. Табиғат ескерткіштері көбіне табиғат байлықтарының ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық және басқа да құнды қасиеттері бар жекеленген табиғат нысандарын сақтап қалу, қорғау, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Ақмола облысындағы Мемлекеттік табиғи ескерткіштер – «Дулыға сүйір шоқы-сы», «Көне ағаштар өскен тоғанды алқап», «Малта тасты шоқы», «Жасыл мүйіз», «Қара-май шоқысы», «Қашқын шоқысы», «Қызыл күрең мүйісі», «Өрт байқау шоқысы» [11].
Алматы облысындағы Мемлекеттік табиғи ескерткіштер –« Шарын ерен тоғайы», «Шынтүрген шыршалары», «Әнші құмдар», «Баум тоғайы».
Шығыс Қазақстан облысындағы мемле-кеттік табиғи ескерткіш – «Көкшілтау самыр-сын тоғайы».
Павлодар облысындағы Мемлекеттік табиғи ескерткіш – «Қазқоңқа».
Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік табиғи ескерткіштер – «Жаңажол», «Күміс қарағайлы орман», «Қарағайлы орман», «Бүркітті және Қайнар көз шоқылары», «Имантау аралды көлі», «Шолғыншы шоқы», «Көне алқап», «Қазан жартасы», «Сүйір шоқы», «Қостау шоқы», «Үңгірлі сарқырама», «Мү-жілген шоқы» [12].
Мемлекеттік табиғи қорықшалар – та-биғи, тарихи мәні зор ландшафтылық ай-мақтарды немесе табиғаттың бірнеше құрамды байлықтарын және табиғаттың жекеленген нысандарын (үңгірлер, сарқырамалар, гей-зерлер, геологиялық түзілістер, эндемикті, реликті өсімдік немесе жануарлар түрлері)
қорғау мақсатында ұйымдастырылады. Табиғи қорықшалар табиғат байлықтарын қорғау ерекшеліктеріне сәйкес кешенді, ботаникалық және зоологиялық табиғи қорықшалар т.б. деп бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақ-станда ұйымдастырылған 50 мемлекеттік та-биғи қорықшалардың 7 кешенді, 11 ботаника-лық, 32 зоологиялық деп белгіленген.
Мемлкеттік кешенді табиғи қорықша-лардың аумағындағы барлық табиғат бай-лықтары қорғауға алынады. Ботаникалық табиғи қорықшаларда сол алқапта өсетін өсімдіктердің эндемик не реликті түрлері немесе басқада сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген өсімдік түрлерін қорғау басты мақсаты [13]. Мемлекеттік табиғи қорықшалар аумағындағы табиғат байлықтарын қорғау мерзімдерін сәйкес тұрақты немесе уақытша ұйымдастырылған табиғи қорықшалар деп те бөлінеді. Қазақстанда республикалық мәні бар мемлекеттік табиғи қорықшалардың тізімі соңғы рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1074 қаулысымен 2006 жылы 10 қараша айында бекітілді. Бұл тізім үнемі толықты-рылып отырады.
Мемлекеттік табиғи қорықтық белдем-дер – еліміздегі ЕҚТА-ның жаңа бір санаты. Қазірге дейін Қазақстанда 5 қорықтық белдем ұйымдастырылған. Қорықтық белдемдер ау-қымды аумақтарды қамтиды. Қорықтық бел-демдерде табиғат қорғау жұмыстары жал-пылама үгіт-насихат түрінде ғана жүргізіледі. Қорықтық белдемдердің негізгі міндеті -ауқымды экожүйелердегі табиғат бірлестігін сақтап қалу, әрі қорғау болып табылады. Осы мемлекеттік табиғи қорықтық белдемдердің ашылу жылдары мен орналасу аумақтары 7-кестеде нақты көрсетілген [15, 16].
7 – кесте. Мемлекеттік табиғи қорықтық белдемдер
р/с |
Атаулары |
Ұйымдасты-рылған жылы |
Жер көлемі (га есебімен) |
Орналасқан жері |
1 |
Каспий теңізінің солтүстік алқабы |
1974 |
700 000 |
Атырау обл. Құрманғазы, Исатай, Махамбет ауд. Атырау қаласы |
2 |
Жусандала |
2001 |
2 757 500 |
Алматы обл. Балқаш, Іле, Жамбыл ауд. Жамбыл обл. Қордай, Шу, Мойынқұм ауд. |
3 |
Кендірлі - Қаясан |
2001 |
1 231 000 |
Маңғыстау обл. Қарақия ад. |
4 |
Арыс-Қаратау |
2001 |
404 000 |
Оң.Қаз.обл. Арыс, Отырар, Шардара ауд. |
5 |
Оңтүстік Қазақстан |
2005 |
6 258 000 |
Жамбыл обл. Шу, Сарысу ауд. Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Оң.Қаз.обл. Арыс, Созақ, Сарыағаш, Ордабасы ауд. |
Нәтижелер және оларды талдау
Қазіргі кездегі еліміздің экономикалық тұрғыдан қарқынды дамуы табиғат байлық-тарын кеңінен пайдалануды қажет етеді. Дегенмен де, еліміздің әр түрлі экожүйе-леріне тән табиғаты бастапқы қалпынан әлі де болса өзгере қоймаған аймақтарын табиғат эталоны ретінде сақтап қалу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) ұйымдастыру және биологиялық алуантүр-лілікті сақтап қалу, әрі қорғау шараларына ерекше көңіл бөлінуде.
1997 жылы Қазақстан Республикасы-ның 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуы жарияланып, онда еліміздің әрі жасыл және ауасы таза, суы тұнық ел болатындығы нақты айтылған. Мұндай мақсатқа жетудің бірден-бір жолы ЕҚТА жүйесін кеңінен ұйымдастыру болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) дегеніміз – өзінің ерекше маңызы зор табиғат алқаптарын түрлі шаруашылық жұмыстарын жүргізуден бөліп алып, арнайы табиғат қорғау ережелері бойынша қорғала-тын құрлықтың немесе су айдындарының және ауа кеңістігінің белгілі бір телімі деп айтуға болады.
Соңғы жылдары біздің мемлекетіміз өз аумағында ЕҚТА-ға қажетті табиғат алқап-тарын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде, өйткені жер бетіндегі биоло-гиялық алуантүрлілікті сақтап қалуда ЕҚТА-дың атқаратын рөлі өте зор болып отыр.
Қорытынды
Республикамыздың табиғи жағдайы қолайсыз бағытта өзгеруде. Қазіргі ғылыми-техниканың дамуы барысында қоршаған орта байлықтарына көлдер мен өзендерге, өсім-діктер мен жануарлар дүниесіне соның ішінде ерекше қорғалатын аймақтар мен жойылып кету қаупі төніп тұрған табиғат дүниесіне тек қана мамандар ғана емес, бүкіл жұртшылық болып жауапкершілікті сезіну керек.
Біздің өлкеге келген меймандар, туристер табиғатты көріп, таңдай қағып, таңырқайтыны рас. Сондықтан да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды көптеп ұйымдастыру арқылы біріншіден биологиялық әралуан түрлердің санын арттырамыз, екіншіден экожүйеннің тұ-тастығын сапасын қалыптастырамыз, үшін-шіден туризм саласының дамуына жол ашамыз, төртіншіден болашақ ұрпаққа ұлттық сапалы мұра қалдырамыз.Туризм болашақта көп пайда әкелетін шаруашылық саласы. Туризм да- муынның жаңа стратегиясы жеріміздің экономикалық өсуі мен өркендеуінің кепілі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Сәтімбеков Р., Мұсабеков Қ., Юнусова Ә. Қазақстанда ерекше қорғалатын аумақтар және табиғат қорғау // Ж.: География және табиғат. -2008. -№6. -3-11 б.
-
2. Сәтімбеков Р., Қырбасова Е., Батаева Д. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-дың жеке топтары. //Қаз.мем.қыз.пед. универси-теті хабаршы ғылыми журнал. Жаратылыстану сериясы. -2010.-№1.-168-175б.
-
3. Справочное издание «Каталог государственных национальных природных парков».-Астана: Издательство «Деловой Мир Астана», 2008.-62с.
-
4. Сәтімбеков Р., Нұрсеитова С., Сатқұлова А. Қазақстандағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар және биоалуантүрлілік // Ж.: Биолог анықтамалығы -2011.-№5. -10-13-б.
-
5. Сәтімбеков Р., Сәтімбекова С. Табиғи резерваттар ұғымы нені білдіреді? // Экокурьер.-2010.-1-15 Сәуір (№7).-4-б.
-
6. Сәтімбеков Р., Мұсабеков Қ., Рахимова З. «Табиғи резерваттар деген ұғым нені білдіреді?» //Ж.: Биология және салауаттылық негізі. -2010.-№4. -6-10б.
-
7. Ахметова Ж.Ш. Охрана труда в зоопарке // Қазақстанда еңбекті қорғау = Охрана труда Казахстан.-2009.-№2.-78-80с.
-
8. Алиев Л. Роль зоопарков в экосистеме сохранения редких и исчезающих видов животных // Вестник. с.-х. науки Казахстана.-2008.-№12.С.-72-73.
-
9. Орловская А. Ботанические сады Казахстана: стратегия выживания и междуна
родного сотрудничества: (Междунар. конф. «Роль ботан. садов в Алматы») // Наука Казахстана.-1997.16-31мая.-7с.
-
10. Жұмабекова Г.С., Базарбаева Ғ.А., Оңғар А. Есік = Иссык // Ақпарат және мұрағат комитеті. Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару бағд.-Алматы: Таймас баспа үйі, 2011,-200б.
-
11. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар және мемлекеттік табиғи ескерткіштері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы: 2001ж. 27 маусым №877
//Егемен Қазақстан.-2001.-6 шілде (№140/141).-4б.
-
12. Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. -Алматы: Қазақ Университеті, 2003.- 26с.
-
13. Сәтімбеков Р., Келемсейіт Е., Шілдебаев Ж. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік. Оқу құралы. – Алматы: Нур-Принт, 2012. -254 б.
-
14. Белгибаев М.Е. Особо охряняемые природные территории Казакстана: проблемы их создания и перспективы. // Ж.: Экологические образование в Казахстане. -2009. -№2. -С. 23-26.
Список литературы Азастандаы ерекше оралатын табии ауматар жне биоалуантрлілік
- Сәтiмбеков Р., Мұсабеков Қ., Юнусова Ә. Қазақстанда ерекше қорғалатын аумақтар және табиғат қорғау//Ж.: География және табиғат. -2008. -№6. -3-11 б.
- Сәтiмбеков Р., Қырбасова Е., Батаева Д. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-дың жеке топтары.//Қаз.мем.қыз.пед. универси-тетi хабаршы ғылыми журнал. Жаратылыстану сериясы. -2010.-№1.-168-175б.
- Справочное издание «Каталог госу-дарственных национальных природных парков».-Астана: Издательство «Деловой Мир Астана», 2008.-62с.
- Сәтiмбеков Р., Нұрсеитова С., Сатқұлова А. Қазақстандағы мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар және биоалуантүрлiлiк//Ж.: Биолог анықтамалығы -2011.-№5. -10-13-б.
- Сәтiмбеков Р., Сәтiмбекова С. Табиғи резерваттар ұғымы ненi бiлдiредi?//Экокурьер.-2010.-1-15 Сәуiр (№7).-4-б.
- Сәтiмбеков Р., Мұсабеков Қ., Рахимова З. «Табиғи резерваттар деген ұғым ненi бiлдiредi?»//Ж.: Биология және салауаттылық негiзi. -2010.-№4. -6-10б.
- Ахметова Ж.Ш. Охрана труда в зоопарке//Қазақстанда еңбектi қорғау = Охрана труда Казахстан.-2009.-№2.-78-80с.
- Алиев Л. Роль зоопарков в экосистеме сохранения редких и исчезающих видов животных//Вестник. с.-х. науки Казахстана.-2008.-№12.С.-72-73.
- Орловская А. Ботанические сады Казахстана: стратегия выживания и междуна-родного сотрудничества: (Междунар. конф. «Роль ботан. садов в Алматы»)//Наука Казахстана.-1997.16-31мая.-7с.
- Жұмабекова Г.С., Базарбаева Ғ.А., Оңғар А. Есiк = Иссык//Ақпарат және мұрағат комитетi. Әдебиеттiң маңызды түрлерiн басып шығару бағд.-Алматы: Таймас баспа үйi, 2011,-200б.
- Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар және мемлекеттiк табиғи ескерткiштерi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы: 2001ж. 27 маусым №877//Егемен Қазақстан.-2001.-6 шiлде (№140/141).-4б.
- Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. -Алматы: Қазақ Университетi, 2003.-26с.
- Сәтiмбеков Р., Келемсейiт Е., Шiлдебаев Ж. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлiлiк. Оқу құралы. -Алматы: Нур-Принт, 2012. -254 б.
- Белгибаев М.Е. Особо охряняемые природные территории Казакстана: проблемы их создания и перспективы.//Ж.: Экологические образование в Казахстане. -2009. -№2. -С. 23-26.