Азіргі кездегі туризм жмысын йымдастыруды экономикалы тетігі
Автор: Токбергенова У.А.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Экономика и сервис
Статья в выпуске: 4 (100), 2013 года.
Бесплатный доступ
Аталған мақалада туристік рекреациялық кешеннің мәні, туризмнің дамуын басқару формасы және ЮНЕСКАНЫҢ дүниежүзілік мұрасы негізінде адамзаттың табиғи және мәдени құндылықтарын тану әдістері қарастырылады. Туризмнің дамуын басқару моделі және экономикалық тетігі қарастырылды. ТРК-ның дамуына әсер етуші және оның дамуын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру факторлары қарастырылды.
Короткий адрес: https://sciup.org/140205012
IDR: 140205012
Текст научной статьи Азіргі кездегі туризм жмысын йымдастыруды экономикалы тетігі
Кіріспе
Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының индус-триялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың 14 желтоқсандағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді.
Кез келген қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп біле алады. Экономикалық дамудың жалпы заңдылығы туризм саласында ерекше сипат алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық саласы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса (өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс жөне ұсыныс заңы, бәсекелік баға шығару және т. б.), екінші жағынан, туризм — бүл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі жөне халық шаруашылығының айрықша бір саласы.
Зерттеу нысаны мен әдістері
Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-құлқын зерттейді, өйткені олар туристік өнімдерді өндіреді, біледі, айырбастайды және тұтынады.
Туризм экономикасының түйінді мәселелері мыналар:
-
1) адамдардың туристік қызметке қажетін тудыратын объективті факторлар;
-
2) адамдардың туристік қажеттерінің мазмұны мен сипаты, сондай-ақ қажеттіліктің әр түрлі категориялы жіктелуі;
-
3) туристік өнімдерді пайдаланушы адамдардың экономикалық көзқарасы және олардың (туристердің) ынта-көңілі;
-
4) қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері;
-
5) мекеме және сала деңгейлеріндегі туризм жұмысының қаражат және эконо-микалық ерекшеліктері;
Туризм экономикасын жетік түсініп білу үшін оның арғы тарихына тоқталып өткен жөн. Туризм экономикасы қоғаммен, саяхатпен және туризммен бірге дамып отырды.
Ұлттық шаруашылықтың кұрамының бір бөлігі ретінде, басқа өзгерістермен бірге туризмнің экономикасы мен әлеуметі де өзгеріп тұрды.
Тарихи жағынан қарасақ, туризм дегеніміз бұл сонау көне заманнан бүгінгі күнімізге дейінгі көп жылдардың нәтижесі. Ерте кезендерде туризм экономикасы саяхатшылардың басқа елдердің халықтарының әдет-ғұрпын, даму деңгейінің сипаттарын зерттеумен шектелсе, ал Рим империясының дәуірінде ертедегі туризмнің алғашқы экономикалық ресурстары ретінде мемлекеттік және жекеменшік керуен сарайлар болды.
XX ғасырда туризм адам тұрмысының нақты бір факторына айналды. Ұйымдастырыл-
ған экскурсиялар көптеген халықтың өмір сүру дәстүріне енді. Туризм экономикасы жаңа сипаттарға ие болды: көтерме туристік фир-малар, жеке турагенттіктер мен туроператор-лар, дүниежүзілік, ұлттық және аймақтық әр түрлі туристік ұйымдар пайда болды [1].
Зерттеу нәтижесі және оны талқылау
Туризм жұмысының экономикалық тетігін түсіну үшін мынадай екі мәселені шешу керек: біріншіден, бұл механизмнің барлық жүйелерінің негізгі шеңбері туралы толық мағлұмат болу керек; екіншіден, бұл жүйенің жеке бөлшектерін терең зерттеп-білу қажет.
Қазіргі кездегі туризмнің жалпы экономикалык тетігі келесідей ережелермен ашылуы мүмкін.
-
1. Қазіргі туризм нарықтық ортада мем-лекеттің бақылауымен және реттеуімен, соны-мен қатар басқа да қаражат, экономика инсти-тутымен және ұйымдармен жұмыс істейді. Мұны былай түсінуге болады, барлық туристік фирмалар мен ұйымдар үш негізгі экономи-калық таралу қағидаларымен жұмыс істейді:
-
- біріншіден, олар басқарудың ерікті болуын жөне соған сәйкес бастамамен жауапкершіліктің бос болуын қалайды;
-
- екіншіден, олардың шаруашылық іс-әрекеттері объективті түрде туристік нарықтың заңдарына бағынады (құн заңына, сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, ақша айналымы, баға құру заңына);
-
- үшіншіден, турист және табиғат үшін туризмге әлеуметтік және адамгершілік бастаманы енгізуге, мемлекеттік және қоғамдық институттар туризмдегі нарық үрдістерін реттеуге тырысады.
-
2. Туристік фирмалардың нарық ортасында жұмыс істеуі туристік нарықтың ерекшеліктері мен заңдылықтарын объективті түрде оқып-білуді қажет етеді.
Туристік нарықты оқудағы негізгі аспектілері келесілер:
-
- туристік нарықтың жұмыс істеу тетігі, оның сегменттері, маусымдық сипаты;
-
- бағаның қалыптасуы және туризмдегі бағаның кұрылуы:
-
- туризм сферасындағы сұранысқа әсерін тигізетін факторларды оқып-білу және баға мен табыстың, сұраныстың төлем қабілетіне әсері;
-
- туристік қызметке ұсыныс жасауға әсерін тигізетін факторларды оқып-білу, сондай-ақ құнды және құнсыз факторлардың әсерін де қарастыру.
-
3. Туризм экономикасының маңызды
-
4. Туризм экономикасы негізгі мәселе ретінде іскерлік іс-әрекет пен туристік фирмалардың нарықтағы тәртібі туралы тақырыптарды зерттейді. Бұл туризмдегі іскерлік іс-әрекеттің айрықшылығына есеп жүргізу, коммерциялық есепті терең білу, бұл жұмысты жоспарлау, әсіресе, бәрінен бұрын бизнес-жоспар жасау, сондай-ақ бухгалтерлік және басқару есептерін білу.
-
5. Туризм экономикасының маңызды бөлімі табыс факторларына талдау жасау: жұмыс ақысы мен еңбектің бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы.
-
6. Туризм экономикасы өзіне қаржы мәселесін енгізеді: турфирмалардың өзінің қаржы ресурстары, кредит алу мүмкіндіктері, банкімен және банк жүйелерімен өзара қатынасы, барлық деңгейдегі бюджетпен қатынас және салық салу [4].
мәселесі - бұл салада жұмыс күшін пайда-лану. Сондықтан да туристік іс әрекеттің экономикалық әсері оның барлық көріністе-рінде терең талдау жасауды керек етеді. Еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығына талдау ерекше көңіл қоюды қажет етеді.
Туризмдегі іскерліктің маңызды мәселесі — ол туристік фирманың шығынына, кірісіне, жалпы пайдасы мен табысының шегіне талдау-лар жасау. Шығынның шегі мен табыстың шегін білу фирманың туристік нарықтағы тәртібі мен орнын шешуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, қазіргі туризмнің экономикасы маңызды экономикалық ғылымның біреуіне айналды, онсыз бүгінгі күні экономика ғылым жүйесінің өмір сүруі мүмкін емес.
Қазіргі экономикада туризмнің ролі үнемі өсіп және өзгеріп тұрады. Бұрын туризмде алдыңғы рольде болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға кетуде, олардың орнына жаңа озаттар келуде.
Сонымен, туризм аймақтың немесе елдің экономикасына белсенді түрде әсер ете алады.
Жалпы туристік шаруашылық турис-терге қызмет жасайтын басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, "турис-тік индустрия" жүйесін құрайды. Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер кіреді:
-
1) түнеуге қызмет көрсететін мекемелер (қонақ үйі, мотель, кемпинг, жеке пәтер, санаторий, пансионат, туристік база, демалыс үйі);
-
2) тамақтану мекемесі (мейрамхана, кафе, бар, асхана және т. б.);
-
3) көлікпен кызмет көрсететін меке-мелер (автомекеме, темір жол мекемесі, теңіз және өзен кәсіпорнының флоты);
-
4) туристік өнімдерді шығаратын және тарататын фирмалар (туристік бюро, экскурсия-лық бюро, туристік фирма, туристік агенттік);
-
5) жарнама-ақпараттық туристік меке-мелер (жарнама агенттігі, жолдама тарататын бюро);
-
6) туристік өнеркәсіп мекемесі (турис-тік сувенирлер шығаратын фабрика, туристік жабдықтар, туристік жиһаз шығаратын мекемелер);
-
7) сауда мекемелері (дүкендер, прокат пункті және т. б.);
-
8) туризмдегі бос уақыт сферасының мекемесі (кино-концерт залдары, ойын автомат залдары және т. б.);
-
9) әуесқойлық туризм мекемесі (ту-ристік, альпинистік, велосипед клубтары және т. б.);
-
10) туризмді басқару органы (комитеттер, туризм департаменті, қоғамдық туристік ұйымдар);
-
11) туристік оқу орны (жоғарғы және орта арнайы туристік оқу орны);
-
12) ғылыми-зерттеу және жоспарлау мекемесі (ғылыми-зерттеу туристік институты, лабораториялар, зерттеу полигондары).
Туристік индустрияның басты құрамы -бұл "туристік мекемелер". Туристік мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп, (жерді, ресурстарды, еңбек күшін, ақшаны және т. б.) туристерге қызмет көрсету үшін өндіріс орнын дайындайтын ұйым. Туристік мекемелер өз қызметтерін ұсынып, халықтың туристік қажеттілігін өтейді. Туристер негізгі, қосымша және қосалқы қызметтерді тұтынушылар есебінде пайдаланады.
Негізгі қызметтер туристік жолдамалар-да келісіммен шектеледі. Оған жататындар: орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметі, экскурсия қызметі.
Қосымша қызметтер туризмнің инфра-құрылымы дамыған жағдайда жалпы кірістің 50% атқарады. Олар: негізгі қызметтерге кірмейтін сауықтыру қызметі, медицина қызметі, ойын мекемелері және басқалар.
Қосалқы қызметтерге жататындар: сувенир өнімдерімен қамтамасыз ету, туристік символикамен, сауда, валют-кредит, ақпарат жөне басқа да қызметтер.
Қосымша және қосалқы көрсетілетін қызметтердін арасында айырмашылық жоқ.
Туристік мекемелер "туроператорлар" және "турагенттер" болып жіктеледі. Туроператор дегеніміз бұл да туристік мекеме, өзінің және басқаның қызметтерін араластырып өзінің жаңа туристік өнімін жасайды. Бул жаңа өнімді паушальді (кешенді) тур деп атайды. Паушальді тур -бұл әр түрлі мекемелер шығарған бірнеше құрамды қызметтер жиынтығы.
Туроператорлардың өнімдері турагент-тер арқылы таратылады. Ірі туроператорлар-дың өзінің тарату желісі — саяхат бюросы болады. Туризм жүйесінде ең күрделі орын алатын - "туристік ұйымдар". Демек, туристік ұйымдар туристік басқаруларға арналған, олар мемлекеттік және жеке құрылымдарды аймақтык, ұлттық және халықаралық деңгейде қамтиды [3].
Туристік ұйымдар жоспарлауға және туризмнің дамуын басқаруға өте қажет. Жаңа рекреациялық территорияны игеру, туристік іс-әрекетін кеңейту. Ірі жобалар әр түрлі көздерден қаржыланады: мемлекет тұрғысы-нан, ұлттық және шетелдік, жеке қаржы мекемелері, біріккен мекемелер, халықаралық ұйымдар және басқа да заңды мен жеке тұлғалар. Туристік сұраныстың көбеюі капитал салуды өсіруді және туристік қызметтің мөлшерін көтеруді қажет етеді. Бұл террито-рияның экономикалық іс-әрекетін жаңартуға әкеледі, кіріс көбейеді. Түскен кірістің бір бөлігі мемлекетке салық арқылы түседі. Осы-лай жиналған ақшалар қайтадан жаңа турис-тік жобаларды қаржыландыруға жіберіледі.
Туристік жүйе — оны қоршаған ірі орталармен бірге қарастырғанда күрделі. Экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саяси және экологиялық бір бүтін болады. Сыртқы дүние туризм жүйесіне қатты әсерін тигізеді, оның әсері екі түрлі болады: бір жағдайда туристік іс-әрекеттің дамуына мүмкіндіктер туғызса, басқа бір жағдайда керісінше әсерін тигізіп, тіптен жойылып кету қаупін туғызады. Жойылып кетпей нәтижелі жұмыс істеу үшін туризм жүйесі қоршаған сыртқы өзгерістерге бейімделіп отыру керек. Туризм еліміздің белгілі бір территория-сының халық шаруашылық саласының дамуына оңды түрде әсерін тигізеді, инфра-құрылым құрып, дамуын жылдамдатады, өңдіріс күштерін орналастыруға әсерін тигізеді. Туризм территориялық ақша баланс құрылымының кірісі мен шығысына үлкен әсерін тигізеді, оны рекреациялық аудандар өз пайдасына шешеді.
Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайданы адамдар өте ерте заманда байқады. Солай болса да, тек XIX жүзжылдықтан ғана бастап туризм кептеген аймақтың экономикасына елеулі әсерін тигізе бастады. Туристерге көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың жоғарылығына байланыс-ты, кейбір елдер мен аймақтарда XX ғасыр-дан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын "туристік индустрия" деп атай бастады. Туристердің қажеттерін өтеу үшін туризм аудандарында бірқатар шаруашылық түрлерін игеруге тура келді. Туристік шаруашылық дегеніміз – әр түрлі бөлімдердің белгілі бір кешені, олардың құрылуы және дамуы туристердің келуі және тұруымен байланысты. Бұл шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптас-қан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады. Туристік шаруашы-лықты тура және жанама түрге бөлуге болады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінсіз іс-әрекетін жоюы ықтимал. Бірінші топқа туристерге ғана қызмет жасайтын мекемелер мен объектілер жатады: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приют-тар, арнайы жолдар мен көлік орталықтары және т. б. Олар, атап айтқанда - туристік объектілер. Екінші топқа жататындар — туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер, бірақ та жартылай немесе анда-санда оларды туристер де пайданаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық жене мәде-ниет мекемелері. Мұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаға жіктелген: түнеу (орналастыру), тамақтану, коммуникациялық және қосалқы [5].
Қандай бір саяхат болмасын ол туристерді орналастырудан басталады. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішінде ең бастысының бірі — түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері, пансионаттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар, мотельдер, кемпингтер, сүйреме үйлер, палаткалар және т. б. Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн. Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс меке-мелері үшін қажет. Демалушылар тамақты белгілі бір жерде нақты бір уақытта алады. Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті халыққа арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады. Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан түрдегі демалушыларга арнайы орындарда белгілі бір уақыттарда тамақтану көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілер-дің барлығы ас мәзірі бойынша өздеріне тапсырыс береді. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы қоғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.
Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте күрделі. Туристік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда және ауада жүретін болып жіктеледі. Көліктерде ұйымдастырылған демалыстың түріне сәйкес, В.И. Азар (1972) мынандай топтарын айырды: 1) арнайы туристік поездарда немесе кемеде саяхаттайтын туристер: 2) күнделікті поездар мен кемелерді пайдаланатын, бірақ та толық қызмет кешенін төлейтін туристер; 3) тек қана жол құжаттарын алып өз бетімен сапар шегетін туристер.
Круиздік туризм 1950 жылдардың соңынан бастап қаулап дами бастады. Круизді саяхаттың ең алғашқы гиді болған — ағылшын жазушысы Уильям Теккерей. Көлік, түнеу және тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің ішінен, қосалқы қызметті бөліп қарау керек. Ол өзінің мақсаты жағынан әр түрлі сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты бөлінеді.
Бірінші топқа жататындар — ғимарат құрылыстар, туристерге сол жердің байлықтарын көріп, тамашалауға көмегін тигізеді, өйткені көбінесе туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу.
Қосалқы қызметтің екінші тобына жататыны — туристердің спортпен айналы-суына мүмкіндік туғызу.
Үшінші топты құрайтын — туристердің көңілін көтеруді ұйымдастыру.
Төртінші топқа жататындар: туристерге толық тұрмыстық қызмет көрсететін тұрмыстық қызмет мекемелері.
Бесінші топқа кіретіндер: туристерге керек-жарақ пен сувенирлер шығаратын мекемелер.
Алтыншы топ — бұл ақпараттар желісі немесе туристік саяхат жарнамасы, туристерге толыққанды, жан-жақты түсінік беріп тұратын гидтердің қызметі.
Жетінші топты құрайтындар: туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар.
Аймақтагы шаруашылық іс-әрекеттерді белсенді жүргізу үшін, көрсетілетін қызмет түрлерінің осылайша бөлінуінің маңызы зор.
Қорытынды, тұжырым.
Туризм – бүкіл әлемдік құбылыс. Қазір туристерді қабылда-майтын, туристерін саяхатқа жібермейтін ел жоқ. Рекреациялық ресурс барлық жерде бар, оның деңгейі экономикалық теорияға сәйкес сұранысына қарай анықталады, ол өз ретінде елдің туризм бойынша шығыны мен табысын белгілейді.
Дүние жүзілік Туристік Ұйымның сараптамашылары әлемдік туристік нарықтың динамикасын былайша сипаттайды: қызмет көрсету мөлшерінің өсу көрсеткіші негізінен Азияға, Орта Шығысқа, Орталық және Оңтүстік Америкаға және Еуропаға шығу нарқы арақылы жеткізілуі керек. Шығыс Азия мен мұхит аралдары елдерінде туризм жылдам дамып келеді. Бұл әлемдік туристік нарықтың «өсу нүктесі» өзінің қайталанбай-тын рекреациялық ресурстарымен және экзотикасымен ғана сипатталып қоймайды, сонмен қатар әлем бойынша өте жоғарғы деңгейдегі сервисімен де ерекшеленеді [6].
Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы ұйымдас-тыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, Қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучение. - Алматы, 2003.- 215с.
-
2. Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. - Алматы, 2001.- 196с.
-
3. Карпова Г.А. Экономика современного туризма. -М.- СПБ.:Герда, -1998.-306с.
-
4. Квартальнов В.А. и др. Экономика туризма. -М.: Финансы и статистика, 2001.- 132с.
-
5. Панов И.Н. Экологический туризм и его роль в устойчивом развитии территорий // Вестник Московского университета, серия 5. География. -1998. - №6. - С. 13-18.
-
6. Сарсенбаева А.А. Туризмді ұйымдас-тырудың экономикалық тетіктері (Оңтүстік Қа-зақстан облысының материалдары негізінде) /Автореферат. -Түркістан. -2010. -28 б.
Список литературы Азіргі кездегі туризм жмысын йымдастыруды экономикалы тетігі
- Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучение. -Алматы, 2003.-215с.
- Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. -Алматы, 2001.-196с.
- Карпова Г.А. Экономика современного туризма. -М.-СПБ.:Герда, -1998.-306с.
- Квартальнов В.А. и др. Экономика туризма. -М.: Финансы и статистика, 2001.-132с.
- Панов И.Н. Экологический туризм и его роль в устойчивом развитии территорий//Вестник Московского университета, серия 5. География. -1998. -№6. -С. 13-18.
- Сарсенбаева А.А. Туризмдi ұйымдастырудың экономикалық тетiктерi (Оңтүстiк Қазақстан облысының материалдары негiзiнде)/Автореферат. -Түркiстан. -2010. -28 б.