Былары нерксібінде жібіту процесін олдану жне тері шикізатына сер ететін факторлар

Бесплатный доступ

Бұл мақалада былғары өнеркәсібінде ғылыми - технологиялық үдерістің алға басуы -химиялық материалдардың қолданылуымен, шығарылатын өнім сапасын арттырумен және өндіріс нәтижелілігімен тығыз байланыстылығы көрінеді. Жібітуден соңғы өңдеуді, жібіту ұзақтығын, кір, консервілеуші заттарды кетіргенше жүргізуге болатын мәселелері қарастырылған. Шетел ғалымдарының жібіту анықтамалары талқыланып және оған әсер ететін факторлары зерттеу жүргізілген. Былғары өнеркәсібінде жібіту процессін тері шикізатын өңдеудің келесі жүргізілетін процесстерге маңызды әсері бар деп, қолданудың мүмкін жолдары ұсынылған.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204961

IDR: 140204961

Текст научной статьи Былары нерксібінде жібіту процесін олдану жне тері шикізатына сер ететін факторлар

Кіріспе.

Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ел болғандықтан қазақ халқы өте ерте заманнан төрт түлік малды тек көлік және азық ретінде ғана пайдаланып қоймай, олардың терілерінен үй тұрмысына қажетті киім – кешектік, ат әбзелдерін, үй бұйымдарын жасай білген.

Елімізді дамытудың «Қазақстан – 2030» стратегиясы бағдарламасында , елбасының Қазақстан халқына жолдауында да экономи-каны дамытудың басты бағыттарының бірі халықтың әл – ауқатын арттыру болып табылады.

Елімізде қоғамдық дамудың кезеңі нарықтық қатынастарға сәйкес деп танылып отырған уақытта экономикалық реформалар-ды жүргізу барысында үлкен кәсіпорындар тоқтап, бұрынғы Одақтық қарым-қатынастар үзіліп шағын және орта бизнес өкілдері өнім өндіруде жолға қоя бастаған кезде, әмбебап технологияларға, ықшамды жабдықтарға, білгір мамандарға сұраныс арта түсті.

Өнеркәсіп саласының қай саласы болмасын оның дамуы, ғылыми – техникалық прогрестің дамуына негізделіп, әлемдік жетістіктердің алдыңғы қатарлы табыстарына сүйенгенде ғана сұранысқа сай өнімдер өндіруі мүмкін.

Бүгінгі таңда Республика экономикасы бас көтеріп көптеген өндіріс орындары аяғынан тұр бастағанда, мемлекеттік орта және кіші бизнестерге айтарлықтай көңіл бөлініп «ғылыми әдістермен» дамыту жолдары алға қойылды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашы-лығының дамуына себепкер болып отыр. Бірақ соңғы кездері біздің елімізде тері шикізатының сапасы нашарлап бара жатқаны белгілі, сонымен бірге мал шаруашылығының азаюы. Олардың азғындауының және ақауларының көп болуы әсер етіп отыр. Міне осындай көптеген мәселерді шешу үшін көпшілік әр түрлі әдістер қолданылуда. Осы әдістердің бәрін бірдей және бірден қарастыру мүмкін еместігін ескере отырып, бұл салаға сұраныстығы бар, технологиясы жеңілдеу, өте сапалы қондырғылар мен жабдықтарды қолданбастан, сапасы сұранысқа жеткілікті өнім дайындаудан бастаған тиімді болады.

Бұл саланың айтылған талаптарына бірінші болып қолғаптық хром былғарысы жатады. Дегенмен, өнімнің бұл түрін сұраныстыққа сай болуын қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялық жүйелер қажет.

Әр түрлі тері түрлерінің технологиясын толық жетілдіру мақсатын тиісті шешу: терілердің сапасын жақсарту, олардың ассортиментін кеңейту мен химиялық материалдардың шығынын төмендету, энергетикалық шығындардың азайту, қоршаған ортаны қорғау болып саналады.

Былғары өнеркәсібі ғылыми – техника-лық алға басуы – бұл химиялық материалдар-дың қолданылуымен, шығарылатын өнім сапасын арттырумен және экономикалық өндіріс нәтижелілігімен тығыз байланысты [1].

Зерттелу нысандары және әдістері

Жібіту мақсаты тері шикізатын сулануы бойынша да, микроқұрылымы жағынан да мал денесінен жаңа сыпырылған күйге жақындату болып табылады.

Жаңа сыпырылған немесе «жасаң тері шикізаты» жалпы қабылданған түсініктерде, тірі жануарлар денесіндегі жағдайына жақын деп қабылданады.

Сақтау кезінде консервіленген тері шикізатын жаңа сапырылған кезіндегі жағ-дайда жақындату мақсаты, былғары өндіріс-тің технологиялық процесстердің мейлінше тиімді жағдайларда өткізуге бағытталған. Тері құрылымы сандаған ғасырлардағы эволюциялық процесстерде қалыптасқан құрамдық бөлшектеріндегі ылғал еріткіш болып табылады да, ерітілген химиялық заттарды құрылымдық элементтеріне біркелкі еніуіне мүмкіндік жасайды. Тері шикізатын табиғи немесе талшықтық құрылымының диссоциациялануының өндірістік былғары-ның ең тиімді жағдайының да, өндірістік былғарының физико-механикалық беріктігі мен иілмелік-серпімділік қасиеттеріне, тигізер әсері аз емес [2].

Сонымен қатар, тірі жануардағы тері жабыны мен былғарыдағы тері шикізатының атқарар қызметтерінің айырмашылықтарын ескере отырып, жібіту кезінде тері шикізатын өндірістік ерітінділермен байланысу процессінің шапшандығын белгілі дәрежеде арттыруға болады. Бұл өзгерістерді тері шикізатындағы қатқан нәжістерді, кірлерді, қан қалдықтарынан тазартып қажетті мөлшерде глобулярлы ақуызды заттарды азайтып қол жеткізуге болады.

Шешімдер және оларды талқылау

  • Э. Стиасни анықтамасы бойынша

жібіту міндеті:

  • 1.    тері шикізатын кірлерден, қаннан тазарту;

  • 2.    консервілеуші заттардан арылту;

  • 3.    тері шикізатты құрамындағы суда еритін альбумин, тұзды ерітінділерде еритін глобулин секілді ақуызды заттарды азайту;

  • 4.    ылғалдылығын арттыру негізінде шамалы ісіндіріп жұмсарту.

Келтірілген анықтама бойынша жібіту ұзақтығы алдыңғы екі жағдайға қажет етсе, кейінгі екеуін жібітуден соңғы күлдеу про-цесінде дұрысырақ қол жеткізуге болады [3].

Шығатын қорытынды жібіту мерзімін мүмкіндігінше қысқарту қажет деп түсінуге болады. Бірақ та, іс жүзінде жібіту ұзақтығы кір, қалдықтармен консервілеуші заттарды тазартудан әлдеқайда ұзақ.

Басқа кеңірек тараған анықтаманы А. Роджерс келтірген. Оның анықтамасы бойынша жібіту мақсаты - тері шикізатын жұмсақтығы жағынан жаңа сыпырылған кезіндегісіне келтіру, сонымен қатар қан, нәжіс, кір және консервілеуші заттарды кетіру.

Біздің көзқарасымыз бойынша осы анықтама толығырақ, бірақ «жасаң тері» жағдайын түсініктеуді қажет етеді. Бұл жағдайды көбінесе ылғалдылығы жағынан жаңа сыпырылған теріге тең немесе жақын деп түсіндіреді. Бұл көзқарас тұрғысынан жібітудің соңы судағы терінің салмағын өсуінің тоқтауы болып табылады [4]. Бірақ, Лофмен мен Тейс зерттеулерінде жібіту процессінің осы анықтамасына сүйене отырып, оңтүстік Америка тері шикізатын 14 сағат, солтүстік Америка тері шикізатын 8 сағат жібіткен соң, күлдеу процессін бірдей жағдайда жүргізгенде сотүстік Америка тері шикізатының жүні түспей қалған. Ал оның толық түсуі үшін жібіту процессінің ұзақтығын 20 сағатқа созуға мәжбүр болған. Осы келтірілген нақты жағдайларға сүйене отырып, жібіту процессін тек ылғалдылықпен анықтауға болмайды деуге болады [5].

М. Кей күлдеу кезіндегі талшықтау жіктелуі жібіту дәрежесіне тәуелділігін келтірген. Егер, жібіту кезінде талшықтау қажетті жіктелмеген болса, күлдеу ерітіндісі талшықтар олардың тобының ісінуін туғызады.

Бұл кезде олардың жіктелуі тоқтайды немесе кемиді. Жаңа сыпырылған тері шикізатының талшықтары жақсы жіктелген болып келеді, сонымен жаңа сыпырылған теріге жақын деген ұғым тек ылғалдылығы ғана емес, оның микроқұрылымын да білдіреді.

М. Кейдің дәлелдеулеріне сүйенер болса, онда жібітуді ісіндіретін сұйықтармен жүр-гізуге болмайды. Жіктелмеген талшықтар ісінуі тері шикізатының ауданының өзгеруіне және беткі қабатының жиырылуына соқтырады.

Вильсон кептірілген, құрғатылған тері шикізатын желатин кубиктерінің кебуімен салыстырып тері ақуыздарының кептіргенде өз қалыптарын өзгертетінін келтірген. Сондықтан, жібітуді тері ақуыздары өзінің бастапқы қалпына келгенше жүргізу қажет деп санайды.

Барлық консервілеу түрлерінде азды – көпті ылғалсыздану жүретін болғандықтан, Вильсонның дәлелдеулері консервіленген терілерді барлық түрлеріне маңызды [6,7].

Егер жібітуден соң өңдеуді ісіндіретін сұйықтармен жүргізетін болса, тері микроқұрылымын «жасаң теріге» жақындату өте қажет. Жібітуден соңғы өңдеуді ісіндірмейтін сұйықтармен (ескі күлдеу ерітіндісі, сульфидті ванна) өңдейтін жағдайда жібіту ұзақтығын кір, қан және консервілеуші заттарды кетіргенше жүргізуге болады.

Сонымен жібіту процессіне маңызды факторлар:

  • 1.    Тері шикізатының жағдайы;

  • 2.    Жібіту сұйығының құрамы;

  • 3.    Тұз, қышқыл, сілті және басқа да процессті шапшаңдатқыштардың болуы;

  • 4.    Жібіткіш сұйық температурасы;

  • 5.    Жібіту процессінің ұзақтығы;

  • 6.    Сұйықтық коэффициент;

  • 7.    Жібіткіш сұйықтық ауыстырылу саны мен уақыты;

  • 8.    Механикалық әсер (айналмалы қондырғыларды өңдеу, желдеу, жұмсарту және т.б.) [8].

Қорытынды

Нарықтық экономика кеңістігінен орын алып, даму үшін әрбір өндірістің бастапқы міндеті бәсекелестікке сай өнім өндіру екені белгілі. Бұл бәсекелестікке сай өнім өндіру үшін өнім дайындайтын кәсіпорынды ғылым мен техниканың кейінгі жетістіктерін барынша қолдану арқылы дайындаған технология мен және оны орындайтын қондырғы-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Қымбат химиялық заттардың орнына арзан әрі қол жетерлік, экологиялық жағдайы таза химиялық заттар қолдануымыз қажет.

Осындай химиялық заттарды қолдану арқылы процестер мен операцияларды орындау уақытын азайту және жұмысшы күшін үнемдеп жұмсап, олардың денсаулығын сақтауға толық жағдай жасаллынуы қажет.

Жібіту мақсаты тері шикізатын сулануы бойынша да, микроқұрылымы жағынан да мал денесінен жаңа сыпырылған күйге жақындату болып табылады.

Жаңа сыпырылған немесе «жасаң тері шикізаты» жалпы қабылданған түсініктерде, тірі жануарлар денесіндегі жағдайына жақын деп қабылданады.

Жоғарыда келтірілген дәлелдеулерді қорытындылай отырып, оларды жібіту процессінің ғылыми негіздері деп қабылдай отырып ескеретін жайт, жібіту процессін тері шикізатын өңдеудің келесі жүргізілетін процесстерінің қышқылдық немесе сілтілік ортада екенін ескеруі қажеттігі. Сонымен қатар консервілеу кезінде тері ақуыздарының өзгеруінің әртүрлілігі және ерітінділері өзгерісін бастапқы қалпына келуінің біркелкі еместігі және осы жібіту процесіне әсері бар маңызды факторлар көрсетіліп талқыланды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Мадиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех технологиясы, Орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Білім, 1996. -104 б.

  • 2.    Мадиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех химиясы мен технологиясы, – Алматы: Білім, 1996. - 436 б.

  • 3.    Рахметбай А., Ділдәбек Д., Рахметбайұлы К. Былғары және үлбір технологиясы. Оку құралы. – Тараз, 2003. -305 б.

  • 4.    Ділдәбек Д.С. Тері шикізатын алгашқы өңдеу технологиясы. – Тараз, 2000. - 410 б.

  • 5.    Бейсеуов К., Досхожаев Р.Т., Ділдәбек Д.С. Тері мен мех шикізатының және оның өнімдерінің гренеттерін сараптау. – Алматы: «Тауар», 1997. – 236 б.

  • 6.    Бейсеуов К., Досхожаев Р.Т., Ділдәбек Д.С. Былғары мен мех өндірісінің процестерін бақылау және қолданылатын заттардың құрамын сараптау. – Алматы: «Тауар», 1997. – 270 б.

  • 7.    Робинович В.А., Хавин З.Я. Краткий химический справочник. –М.: «Химия», 1996. – 392 с.

  • 8.    Аширбаев А.И., Пралиева Ж.Н. Былғары және үлбір химиясы мен технологиясы. – Тараз, 2006. – 278 б.

Список литературы Былары нерксібінде жібіту процесін олдану жне тері шикізатына сер ететін факторлар

  • Мадиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех технологиясы, Орысша-қазақша сөздiк. -Алматы: Бiлiм, 1996. -104 б.
  • Мадиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех химиясы мен технологиясы, -Алматы: Бiлiм, 1996. -436 б.
  • Рахметбай А., Дiлдәбек Д., Рахметбайұлы К. Былғары және үлбiр технологиясы. Оку құралы. -Тараз, 2003. -305 б.
  • Дiлдәбек Д.С. Терi шикiзатын алгашқы өңдеу технологиясы. -Тараз, 2000. -410 б.
  • Бейсеуов К., Досхожаев Р.Т., Дiлдәбек Д.С. Терi мен мех шикiзатының және оның өнiмдерiнiң гренеттерiн сараптау. -Алматы: «Тауар», 1997. -236 б.
  • Бейсеуов К., Досхожаев Р.Т., Дiлдәбек Д.С. Былғары мен мех өндiрiсiнiң процестерiн бақылау және қолданылатын заттардың құрамын сараптау. -Алматы: «Тауар», 1997. -270 б.
  • Робинович В.А., Хавин З.Я. Краткий химический справочник. -М.: «Химия», 1996. -392 с.
  • Аширбаев А.И., Пралиева Ж.Н. Былғары және үлбiр химиясы мен технологиясы. -Тараз, 2006. -278 б.
Статья научная