Сүт құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін төмендету үшін қондырғыны жетілдіру

Автор: Базанова А.Қ., Кәкімов А.Қ., Лобасенко Б.А., Ибрагимов Н.Қ., Ташыбаева М.М.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.

Бесплатный доступ

Бұл мақалада адсорбция әдісімен қондырғыны жетілдіру арқылы сүттегі радионуклидтер мен ауыр металл тұздарының мөлшерін төмендету қарастырылады. Сүт – биологиялық және тағамдық құндылығы жоғары бағалы тағам. Оның құрамында адам ағзасына қажетті ақуыздар, майлар, дәрумендер мен микроэлементтер бар, бұл оны күнделікті диетаның маңызды бөлігіне айналдырады. Алайда, экологиялық тұрақсыздық пен қоршаған ортаның техногендік ластануы жағдайында сүт өнімдерінде адам денсаулығына қауіп төндіретін улы заттар, соның ішінде радионуклидтер мен ауыр металл тұздары болуы мүмкін. Сүтті зиянды ластаушы заттардан тазартудың тиімді әдістерін жасау өзекті міндет болып саналады. Бұл зерттеу жұмысында сүттегі зиянды заттардың құрамын азайтуға арналған адсорбция әдісіне негізделген эксперименттік қондырғыны жетілдіру ұсынылған. Адсорбция жағдайында оңтайлы параметрлер мен табиғи сорбенттерді таңдау бойынша зерттеулер жүргізілді. Сұйық тамақ өнімдерін тазарту қондырғысын жетілдіру сұйықтықтың өту схемасын (әр түрлі комбинациядағы бір, екі немесе үш баған арқылы) өзгерту мүмкіндігін жүзеге асырумен қатар, тазарту процесін, ластану деңгейін және улы заттардың түрін реттеуге мүмкіндік береді. Адсорбция әдісі ақуыздар, витаминдер және микроэлементтер сияқты құнды қоректік заттарды бұзбай зиянды заттарды жоюды қамтамасыз етеді. Қондырғыны орнату күрделі автоматиканы қажет етпейді және оған техникалық қызмет көрсету жеңіл, яғни оны зертханалық жағдайда пайдалануға жарамды келтіреді. Қол жетімді және арзан табиғи сорбенттерді пайдалану тазалау процесінің құнын төмендетеді.

Еще

Сиыр сүті, табиғи сорбенттер, шунгит, цеолит, кокос жаңғағымен белсендірілген көмір, радиоактивті ластану, адсорбция, сорбциялық бағандар

Короткий адрес: https://sciup.org/140312188

IDR: 140312188   |   УДК: 65.13.13   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-19-26