Дыбыстарды артикуляциялы жасалым белгілеріні зерттелуі
Автор: Байабылов У.А.
Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium
Рубрика: Актуальные вопросы политики и права
Статья в выпуске: 2-2 (81), 2021 года.
Бесплатный доступ
Артикуляциялық қалыптар: ауыз қуысының толық қалпы, яғни, еріннен көмейге дейін; ауыз қуысының ышамдалған қалпы, яғни, тістен көмейге дейін; ауыз қуысының жартылай қалпы, яғни, еріннен тіл алдына дейін; ауыз қуысының жартылай ықшамдалған қалпы.
Короткий адрес: https://sciup.org/140260340
IDR: 140260340
Текст научной статьи Дыбыстарды артикуляциялы жасалым белгілеріні зерттелуі
Қазақ (түркі) сөздерінің үндесім айтылымы жайлы басты деректерді XIX ғасыр ғалымдарының еңбектерінен іздеуге тура келеді, себебі зерттеушілер өздерінің еңбектерін тілдің тікелей естілімін бақылау арқылы жазды: қалай естілсе, солай жазып алып отырған. Тілдің естілім үлгілері Н.И.Ильминский (Материалы к изучению киргизского наречия. Казан,
1860), В.В.Радлов (Опыт словаря тюркских наречий. 4 томдық. СПб, 18881911) т.б. еңбектерінен табылады.
Н.И.Ильминский үндесім заңдылығын бүкіл түркі тілдеріне тән құбылыс ретінде атайды: «Закон созвучия по которому в известном слове, сколько бы оно длинно ни были, все гласные и согласные должны быть либо толстые, либо тонкие, - закон общий всем языкам тюркского семейства, существует и в киргизском наречий».
Қазақ тіл дыбыстарының құрамын анықтай келіп, дауыстыларды екі топқа жұптап берген, өйткені олардың айтылымы жоғарыда көрсетілген үндесім заңына сәйкес екіге жіктелетінін өрестуге тырысқан: «Гласные – а, ә, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Согласные – п, б, м, у [w], т, д, н, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң. Гласные расположены нами по-парно. Первую в каждой паре назвем толстою, вторую (и,ә) тонкою. Толстые, в отношений степени толстоты, сходны с русскими, тонкие же все равномерно чужды остроты русских гласных, напр. Те киргизское-русскому тэ». Автор қолданған «жуан/жіңішке» атауларының да сол кезде қалыптаса бастағанын көреміз. Ең бастысы орыс тілінің ықпалымен «твёрдый/мягкий» атауларының тікелей аудармасын іздемей, «толстый/тонкий» атауларын алғанын байқаймыз. Бұл атаулар қазақ тілінде орнығып, тұрақты және үйреншікті зерттеу құралына айналып отыр. Артикуляциялық (жасалым) фонетиалық ғылыми аппаратының (тілдің көлденең қалпы) орнына перцепциялық (естілім) фонетиканың ғылыми аппараты (жуан/жіңішке) қолдана бастағаны да осы кез болу керек. Зерттеушілер үшін артикуляциялық деректен гөрі перцепциялық деректің (дыбыстың жуан/жіңішке естілімі) түйсінім жақын болған.
Ғалым еңбегінің аса бір құнды тұсы деп оның дауыссыздарға қатысты айтқан пікірін алуға болады. Н.И.Ильминский қазақ тілінде дауыссдардың да жуан-жіңішке болып айтылғанын аңғарған: «Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие. Гортанные различаются в этом отношении так резко, что нельзя было бы не дать им особого начертания; прочие же согласные все и каждая могут быть толстою и тонкою смотря по гласной, напр, ат, ет. И так как это определяется системою звуков (ерешелеген - 6i3), то мы и не отличили этой двоякости согласных никаким значком». Бұл жерде ғалым пікірінің ерекше жағын атауға болады. Алғаш рет артикуляциялық «көмей» (гортанные) атауын пайдаланады. Дауыссыздардыц жуан-ж1ц1шке артикуляциясын дауысты дыбыстардыц артикуляциясына баFындырып отыр. «Гармония гласных» теориясыныц бастау кeзi де осы кезден басталFан болып шыгады.
Каз1ры зерттеушiлердiц нэтижесше CYЙенетiн болсак, онда дауыссдардың жуан/жіңішкелік белгілері қазақ тілінің құрылымдық ерекшелхгхн керсететхн б1рл1ктер болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, сингорманизмнің бұзылмаған үлігісін сол KYЙiнде каFазFа тYсiрiген зерттеушыердщ б1р1 - В.В.Радлов. В.В.Радлов түркі тілдеріндегі сингорманизмнің артикуляциясын талдай келіп, оның негізгі артикуляциялық көрінісі ретінде өзіндік белгілерді ұсынады, олар: ауыз қуысының толық қалпы, яғни, еріннен көмейге дейін; ауыз қуысының ықшамдалған қалпы, яғни еріннен тіл алдына дейін; ауыз қуысының жартылай ыкшамдалган калпы, яFни, т1стен тыдщ алдына дей1н.
Артикуляциялық қалыптар: ауыз қуысының толық қалпы, яғни, еріннен көмейге дейін; ауыз қуысының ышамдалған қалпы, яғни, тістен көмейге дейін; ауыз қуысының жартылай қалпы, яғни, еріннен тіл алдына дейін; ауыз қуысының жартылай ықшамдалған қалпы, яғни, тістен тілдің алдына дей1н.
Проф. М.Жүсіпұлы «... қазақ артикуляциялық базасының (дыбыстау мүшелерінің) сингорманизм заңына нық бейімделгенін анықтау керек» дейд1. Баскаша айтканда «Сингорманизм - ... сез K¥рамындаFы барлык дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жарты дауысты) қамтиды». Ендеше, казак сезiнiц артикуляциясы тек сингорманизм аркылы FaHa д^рыс айтылады.
Казак тiлiндегi дыбыс т1ркес1 кYPДелi артикуляциялык құбылыстардың бірі болып табылады: дыбыс тіркестерінің артикуляциялық сипаты. Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерін зерттеуге көп еңбек сіңіріп, арнайы еңбектер жазған проф. Сапархан Мырзабеков дыбыс тiркесiне «Дыбыстар тiркесi - тiлдегi дыбыстардыц бiрiмен-бiрiнiц катар т^ру мYмкiндiгi, тарихи калыптаскан орны. Б^л - халыктыц ^рпактан-ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің (қарауының) жемiсi, H9тижесi» деп анкытама бередi. Faлым берген аныктаманыц болашақ зерттелімдерге нұсқау болатын екі тұсына арнайы тоқтауға тура келед1. «Дыбыстардыц бiрiмен-бiрi катар т^ру мYмкiндiгi» - бiздiц зерттеу нысанымыз тұрғысынан қатар тұрған екі дыбыстың арасында артикуляциялық үйлестігі болып табылады. Егер екі дыбыстың арасында артикуляциялық үйлесім болмаса, онда ол дыбыстар тіркес құрай алмайды. Ендеше дыбыс тіркестері тілдегі буын, сөз, сөз тіркесі тәрізді тұрақтаған, оны б¥зуFa болмайтын калпы бар айтылым Yлгi болып табылады.
Ерте дәуір зерттеушілеріне тән жаңсақтық негізінен жарты дауыстылардыц дауыстылармен тiркесiне байланысты кездесiп отырады. Оның себебі қазақ тілінің қысаң дауыстыларының айтылымы мен жарты дауыстылардыц айтылымыныц бiр-бiрiне ете ^ксас келетiнiнен болса керек. Біріншіден, олардың артикуляциясы өзара жақын болған соң олардыц естiлiмi де езара жакын болады. Сондыктан олардыц тiркес құрамындағы дыбыстардың жігін ажырату өзге тілді зерттеушілер үшін қиындық туғызатыны сөзсіз. Соның нәтижесінде аралық дыбыстарды аңғармай қалып, айтылымын сәйкес келмейтін қайшы тіркестер к¥растырып жатады.
Казак тiлiне тэн дыбыс тiркестерiнiц бастау кезiн кене тYркi жазуынан табуға болады. Мысалы, нк, нқ, лп, ңг, нт, т.б. дыбыс тіркестерінің үлгісін кездестіреміз. Мұндай дыбыс тіркестері қазіргі қазақ тілінің дыбыс құрамына жат емес. Тіркесім дыбыстар сыңарларының жасалу орнына қатысты артикуляциялық үйлесімі жиі кездеседі. Мысалы, тіл ұшы н дауыссызының алмасымы: бір сыңарының артикуляциялық алмасымы нк-ңк, екі сыңарының да артикуляциялық алмасымы нқ-ңғ.
Қазақ жазуын қалыптастыру мақсатында өткен ғасырдың 20-30-жылдарында еңбек еткен қазақ зиялыларының еңбектерінің артикуляциялық зерттелім үшін маңызы зор. Алайда дыбыс тіркесімі нақты артикуляциялық тұрғыдан қарастырылған жөн. Ахмет Байтұрсынұлы қатаң мен ұяңның дыбыс тіркесін құрай алмайтынын айтады .
Сөз құрамындағы дыбыстың артикуляциялық қалпын акустикалық зерттеулердің нәтижелері көрнекі көрсетеді, сөздің басқы буынындағы қысаң дауыстылар артикуляциялық редукцияға қатты ұшырайды: «...узкие гласные...характеризуются неустойчивостью и способностю к редукции.... они редукцируется вплоть до полного исчезнования» деп жазады Байынқол Қалиев. Дауыссыздардың редукциясына арналған моногафиясында да осы фонетикалық жайтқа арнайы тоқталады. Мұндай редукцияны сөз басындағы дауыссыздар мен қысаң дауыстының артикуляциялық тіркесімінің нәтижесі деп қарау керек: к[і]сі, к[і]ші т.б.
Қазақ тілінің дауысты дыбыстарына байланысты еңбегінде Әлімхан Жүнісбек қысаң дауыстылардың нөлдік редукциясы бар екенін, алайда дауыстының артикуляциясы жоғалып кетпей, дауыстының нөлдік (өшік) варианты (глухой вариант) ретінде сақталғанын айтады. Сонда дауыстының дауыс қатысына байланысты белгісі (дауыс желбезегінің тербелісі) жоғалады, ал қалған белгілері (тілдің көлденең/тік қалпы) сақталады.
Қазақ тілі дыбыстарының кездесіміне жан-жақты тоқтала келіп, М.Жүсіпұлы «В казахском языке к регрессивной ассимиляции относятся следующие позиционные чередования: н/ң, н/м, з/ж, з/с ... Чередования н/ң происходят в результате влияния на н заднеязычных ғ, г, қ, к: н/ң,
(сынғыш/сыңғыш), сенгіш/сеңгіш ...» деп мәселені дыбыс алмасымы тұрғысынан қарастырып отырғанымен, қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің құрылуына тікелей қатысты. Ең бастысы ғалым қазақ тілінің материалын жазба мәтін түрде емес, ауызша айтылым үлгісінде қарастырып отыр. М.Жүсіпұлының өзге еңбектерінде де қазақ сөзінің артикуляциялық үлгісінің жан-жақты талданғанын көреміз.
Қазақ тілі дыбыстарының зерттелім тарихы тілдің дыбыс құрамына деген пікірдің түрлі-түрлі екенін көрсетті. Зерттелім кезеңдерін төмендегідей ретпен дәуірлеуге болады: ерте кезең – В.В.Радлов нұсқасы (XIX ғ.); алғашқы (бастау) кезең – Ахмет Байтұрсынұлы нұсқасы: орта кезең – Ісмет Кеңесбаев нұсқасы; жаңа кезең – «Қазақ грамматикасының» нұсқасы. Ерте кезеңгі (XIX ғ.) зерттеушілер қазақ тілін тікелей естіп/білу арқылы бақылағандықтан қазақ тілінің төл дыбыс құрамын негізінен қоспасыз дұрыс анықтаған. Қазақ сөзінің жуан/жіңішке әуезді болып айтылуына байланысты оның құрамындағы дыбыстардың да жуан/жіңішке болып айтылатынына көңіл бөлген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
1. М. Жүсіпұлы. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі
фонологиясы. А., «Ғылым», 1998.
-
2. С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., «Сөздік-
Словарь», 1999.
-
3. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. А., «Ана тілі», 1992.
-
4. Б.Қалиев. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы.
А., «Ғылым», 1994.
"Экономика и социум" №2(81) 2021
Список литературы Дыбыстарды артикуляциялы жасалым белгілеріні зерттелуі
- М. Жүсiпұлы. Ахмет Байтұрсынов және қазiргi қазақ тiлi фонологиясы. А., "Ғылым", 1998.
- С.Мырзабеков. Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi. А., "Сөздiк-Словарь", 1999.
- А.Байтұрсынұлы. Тiл тағылымы. А., "Ана тiлi", 1992.
- Б.Қалиев. Қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстардың редукциясы. А., "Ғылым", 1994.