Еттік балапандара арналан рама жем ндірісінде тйіршіктелген сиыржоышаны олдану

Автор: Аманжолова Р., Жиенбаева С. Т., Ермуканова А. М.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 2 (136), 2022 года.

Бесплатный доступ

Мақалада түйіршіктелген «Луговчанка» сиыржоңышқасын еттік балапандарға арналған құрама жем өндірісінде қолданудың зерттеу нәтижелері берілген. Әдебиет деректерін сараптау нәтижесі елімізде сиыржоңышқаны құс, мал азығында қолдану туралы деректердің жоқтығын көрсетті. Сиыржоңышқа Ресейде еттік балапандар азығында қолданылуда. Сиыржоңышқаның химиялық, минералдық және дәрумендік құрамы анықталды. Сиыржоңышқаның химиялық құрамын қолданылып жүрген бұршақ дақылдарының химиялық құрамымен салыстыру нәтижесі ақуыздың мөлшері ноқаттан 22,6% жоғары, жемдік бұршақтан 4,3%-ға төмен, май мөлшері ноқаттан 13,3% төмен, ал жемдік бұршақпен шамалас екендігін көрсетеді. Сонымен қатар сиыржоңышқаның құрамында А, В тобының дәрумендері, минералды элементтер сақталатындығын көрсетті. Зерттеу нәтижесі «Луговчанка» сиыржоңышқасының құрамында сіңімділігі нашар зат - синиль қышқылы 1,1 мг/100г сақталатындығын көрсетті. Сиыржоңышқаның құрамындағы сіңімділігі нашар заттарының мөлшерін азайтып, коректілігін жоғарылату үшін оны түйіршіктеу қарастырылды. Сиыржоңышқаны түйіршіктеудің оңтайлы технологиялық режимдері белгіленді. Сиыржоңышқаны түйіршіктеу нәтижелерінде жалпы бактериямен тұқымдануы 22,5%, зеңдермен тұқымдануы 11,2%, синиль қышқылының мөлшері 22,72%-ға азайды. Зерттеу нәтижесінде шашыранды және түйіршіктелген сиыржоңышқаны сақтау мерзімі анықталды.

Еще

Сиыржоңышқа, түйіршіктеу, микробиологиялық көрсеткіштер, сақтау мерзімі, құрама жем

Короткий адрес: https://sciup.org/140293865

IDR: 140293865

Текст научной статьи Еттік балапандара арналан рама жем ндірісінде тйіршіктелген сиыржоышаны олдану


Кіріспе

Қазіргі кезде ауылшаруашылығы құстары мен малдарының өнімділігі жоғары жаңа тұқымдары пайда болуына байланысты толық-

құарлы сапасы жоғары құрама жем өндірісін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Құрама жемнің сапасын жоғарылату ақуызды құра-уыштардың тапшылығына байланысты.

Құрама жемнің ақуыз бойынша теңес-тірілуі бірлік өнім алуға жұмсалатын жем шығынын азайтып, құс шаруашылығының өнімділігін жоғарылатады.

Еліміздегі ақуыздың тапшылығы оның жаңа қорларын іздестіруді талап етеді.

Құс азығының негізгі ақуызды шикізаты болып табылатын қытайбұршақ шроты-ның қымбаттауына байланысты Еуропада оны басқа бұршақ дақылдарымен алмастыру туралы зерттеулер жүргізілуде. Осы мәселені шешуде бұршақ дақылдарын өсіру алаңын көбейту қарастырылуда.

Ресей ғалымдары да ең қолданылмайтын бұршақ дақылдары - сиыржоңышқаны еттік балапандар азығына қолдану туралы кең көлемде зерттеулер жүргізуде.

Қазіргі уақытқа дейін сиыржоңышқа-ның ақуызды құрауыш ретінде құс азығында қолданылуы шектеулі, өйткені оның құрамында трипсин ингибиторы мен циангли-козидтер түрінде синиль қышқылын сақтайтын сіңімділігі нашар заттар сақталады.

Сиыржоңышқаның сіңімділігі нашар заттарына: синиль қышқылын сақтайтын глико-зидтер мен трипсин ингибиторы жатады [1,2,3].

Бұршақ дақылдарының перспективті сұрыптарын: 20-35 ақуыз және ауыстырылмайтын аминқышқылдарын толық сақтайтын «Орловчанин» асбұршағын, «Янтарные» жемдік бұршағын, «Орловская-84» сиыржо-ңышқасын, «Белгородская-48» қытайбұр-шағын құрама жем өндірісінде метоионин мен лизин сақтауы бойынша теңестіріп мал текті ақуыз бен қытайбұршақ шротын алмастырушы ретінде қолдануға болады.

Асбұршақ, сиыржоңышқа, бөрібұршақ дақылдарында сақталатын сіңімділігі нашар, уытты заттарының болуы ондағы трипсин ингибиторы мен химотрипсиннің белсенділігін төмендету үшін арнайы өңдеуді қажет етеді.

Бұршақ дақылдарын 0,15 - 0,25 Мпа қысымда ылғалдылығын 16-18%-ға жеткізіп 125-135°С температурада экструдерде өңдеу трипсин ингибиторы мен химотрипсин белсенділігін 70-80 % төмендетеді.

Өңделген бұршақ дақылдары енгізілген құрама жеммен азықтандырылған еттік балапандардың зоотехникалық көрсеткіштері жоғарылады.

Қытайбұршақты бұршақ дақылдарымен бірге 1:1 қатынаста өңдеу экструдердің өнімділігін жоғарылатып, сіңімділігі нашар заттарының мөлшері төмен жемдік өнімдер алуға ықпал етеді [4].

Сиыржоңышқаның Луговская 98, Луговская КЛ және Узуновская 91 сұрыптарын қытайбұршақ шротының орнына 15% құрама жем массасы бойынша қолдану еттік балапандардың қытайбұршақ шротына деген қажеттілігін 5,5-6,5%-ға төмендетті.

Еттік балапандар рационында қолданылатын жем қоспаларындағы циангликозидтер-дің жіберілетін нормасы 0,9-1,0мг/100г. Оның жемдегі мөлшерінің 1,5мг/100 г жоғарылауы балапандардың салмақ қосуын 2,0-2,5 есе тө-мендетеді, ал жемдегі мөлшері 2,1мг/100г дейін болса балапандардың өлімін тудырады [5].

Ресейде сиыржоңышқаны өсіру алаңын 10-13% - ға көбейту жоспарлануда. Ол үшін сиыржоңышқаның өнімділігі жоғары, синиль қышқылын сақтамайтын жаңа сұрыптарын өсіру жоспарланған.

Сіңімділігі нашар заттарының мөлшерін азайту үшін еттік балапандарға арналған құрама жемге сиыржоңышқаның «Смена-8» сұрыптарын алдын-ала технологиялық өң-деусіз енгізуге болатындығы анықталды [6].

Құрамында трипсин ингибиторын 25-30мг/100г сақтайтын сиыржоңышқаны жас балапандар рационында 5%-ға дейін, ал ересек құсқа 10%-ға дейін қосуға болады [7].

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрамында синиль қышқылын 0,9-1,0 мг сақтайтын сиыржоңышқаны еттік балапандар ра-ционында қолдануға болатындығы айқындалды. Егер синиль қышқылының мөлшері 1,5 мг/100г болатын сиыржоңышқаны еттік балапандар рационында қолдану балапандардың өнімділігін 2,0-2,5 есе төмендететіні, 2,1мг/100г мөлшерде болуы өлімін тудыратыны белгілі болды[8,9].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу нысандары - өңделмеген сиыр-жоңышқа мен түйіршіктелген сиыржоңышқа.

Эксперименттік зерттеулер Алматы технологиялық университетінің «Құрама жем ғылыми-зерттеу орталығында» жүргізілді.

Сиыржоңышқаны түйіршіктеудің оңтайлы режимдері анықталды.

Зерттеу әдістері: Ылғалдылықты анықтау МемСТ 13496.3-92; шикі протеин мөлшері МемСТ 13496.4-93; шикі май мөлшері МемСТ 13496.15-97; шикі клетчатка мөлшері МемСТ 13496; В 1 , В 2 , В 5 , В б , В с дәрумендері МемСТ54635-2011; калий, кальций, магний МемСТ Р 51429-99, темір, мыс МемСТ

30178-96 мырыш МемСТ 30178-96; 26934-86 фосфор МемСТ-51482-99 бойынша анықталды. Аминқышқылдық құрамы М-04-412005 бойынша анықталды.

Нәтижелер және оларды талқылау.

Сиыржоңышқа бұршақ дақылдарының ішінде маңызды және перспективті дақыл болып табылады.

Сиыржоңышқаны құс азығында қолдану үшін оның құрамындағы улы заттардың мөлшеріне көңіл аудару керек.

Сиыржоңышқа улы зат- синиль қышқылын сақтайды, сондықтан ащылау дәмі бар, сондықтан оны булау немесе қуыру арқылы әр басқа 3-5 г беруге болады.

Алматы технологиялық университетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасының зертханасында ұнтақталған сиыржоңышқаның физика-лық-технологиялық қасиеттері анықталды: ылғалдылығы 13,72%, табиғи құлама бұрышы -420 C, көлемдік салмағы - г/л.

«Луговчанка» сиыржоңышқасының химиялық құрамы, сіңімділігі нашар заттары-синиль қышқылының мөлшері, Алматы технологиялық университетінің «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау ғылыми-зерттеу» зертханасында анықталды.

Сиыржоңышқаның жағымсыз әсерін жою үшін әртүрлі өңдеу түрі қолданылады. Сиыржоңышқаның химиялық касиеттері 1-кестеде берілген.

Кесте 1- Сиыржоңышқаның физикалық -химиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы, өлшем бірлігі

Сиыржоңышқа

1

Ақуыздың массалық үлесі, %

23,95

2

Майдың массалық үлесі,%

1,43

3

Клетчатканың массалық үлесі,%

3,85

4

Ылғалдылығы, % ,көп емес

13,72

Дәрумендер, мг/100г

1

А

0,023+0,002

2

В1 дәрумені

0,21+0,041

3

В2 дәрумені

0,12+0,052

4

дәрумені

0,044+0,009

5

В5 дәрумені

0,11+0,022

6

ос дәрумені

0,107+0,022

Минералды элементтер,мг/100г

1

Темір

1,67+0,02

2

Мырыш

0,73+0,014

3

Мыс

0,064+0,01

4

Кальций

24,53+0,34

5

Фосфор

105,44+1,16

6

Калий

295,13+4,43

7

Магний

46,36+0,70

1-кесте нәтижесі сиыржоңышқаның дә-румендік, минералдық құрамының бай екен-дігін көрсетті: сиыржоңышқаның химиялық құрамын қолданылып жүрген бұршақ дақылдарының химиялық құрамымен [10] салыстыру нәтижесі ақуыздың мөлшері ноқаттан (22,60%) 5,6% артық, жемдік бұршақтан (25,0%) 4,3%-ға төмен, май мөлшері ноқат- тан (1,7%) 13,3% төмен, ал жемдік бұршақпен шамалас (1,50%) екендігін көрсетеді. Сонымен қатар сиыржоңышқаның құрамында А, В тобының дәрумендері, минералды элементтер сақталатындығын көрсетті.

Сиыржоңышқаның аминқышқылдық құрамын анықтау нәтижесі (кесте 2).

Кесте 2-Сиыржоңышқаның аминқышқылдық құрамы, мг/л

№№

Аминқышқылдары

Мөлшері

1

Аргинин

3,23+1,29

2

Лизин

2,62+0,89

3

Тирозин

1,05+0,31

4

Фенилаланин

1,92+0,58

5

Гистидин

1,13+0,56

6

Лейцин+изолейцин

2,82+0,73

7

Метионин

0,34+0,12

8

Валин

2,22+0,89

9

Пролин

2,22+0,58

10

Треонин

1,74+0,69

11

Серин

2,42+0,63

12

Аланин

1,82+0,47

13

Глицин

1,94+0,66

Сиыржоңышқаның аминқышқылдық құрамын талдау нәтижесі оның құрамында барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдарының сақталатындығын көрсетті.

Зерттеу нәтижесі «Луговчанка» сиыр-жоңышқасының құрамында синиль қышқылы 1,1 мг/100г сақталатындығын көрсетті, бұл жіберілетін нормадан жоғары, сиыржоңыш-қаның құрамындағы сіңімділігі нашар заттарының мөлшерін азайтып, коректілігін жоғарылату үшін оны түйіршіктеу қарастырылды.

Сиыржоңышқа Алматы технологиялық университетінің «Құрама жем ғылыми-зерт-теу орталығындағы» түйіршіктегіште түйір-шіктелді.

Құрама жем өндірісін жүргізу және ұйымдастыру Ережесіне сәйкес [11] құрама жемді түйіршіктеуде ұсынылған оптималды параметрлерін ескеріп сиыржоңышқаның ылғалдылығын 18%-ға жеткізіп, 2 сағатқа бөк-тіруге қойылды.Түйіршіктеу параметрлері: бу қысымы 0,2 МПа, білік пен матрица ара-сындағы саңылау 0,3МПа. Түйіршіктердің өлшемі 3 мм құрады.

Сиыржоңышқаны түйіршіктеу оның санитарлық сапасын жақсартып, оның құра-мындағы синиль қышқылының мөлшерінің азаюына әсер етті (3-сурет).

Кесте 3 – Сиыржоңышқаның микробиологиялық көрсеткіштері

Микробиологиялық көрсеткіштері

НТҚ бойынша жіберілетін норма

Сиыржоңышқа

Шашыранды

Түйіршіктелген

Жалпы бактериямен тұқымдануы, ЖБС/г, астам

5х104

5,8 х104

4,5 х104

БГКП (колиформалар), 1г – да

Жіберілмейді

жоқ

жоқ

Патогендік микро ағзалар, соның ішінде сальмонелла, 25г – дағы

Жіберілмейді

жоқ

жоқ

Зеңдермен тұқымдануы,

5х101

6,3х101

5,6х101

Синиль қышқылы, мг/100г

0,9-1,0

1,1

0,83

3-кесте нәтижесі түйіршіктеудің сиыр-жоңышқаның сапа көрсеткіштерін жақсарт-қанын көрсетеді: жалпы бактериямен тұқым-дануы 22,5%, ал көгерткіш зеңдер мөлшері 11,2%-ға, синиль қышқылының мөлшері 22,72%-ға азайғаны байқалды.

Түйіршіктелген сиыржоңышқаның оңтайлы сақтау мерзімін анықтау үшін шашыранды және түйіршіктелген сиыржоңышқа нұсқалары сақтауға қойылды.

Сақтауға қойылған түйіршіктелген сиыржоңышқаның ылғалдылығының өзгеруі 1-суретте берілген.

Сурет 1 - Шашыранды және түйіршіктелген сиыржоңышқаның сақтау кезіндегі ылғалдылығының өзгеруі, %

1-сурет нәтижесі сақтау мерзімі ұзарған сайын шашыранды сиыржоңышқаның ылғалдылығының 10,12%-дан 15,05%-ға жоғарылағанын, ал түйіршіктелген сиыржоңышқаның ылғалдылығы 11,6% -дан 13,77%-ға жоғарылағанын көрсетті: шашыранды сиыржоңышқаның ылғалдылығы 3 ай сақтаудан кейін стандарт талабына сай келмеді, ал түйіршіктелген сиыржоңыш-қаның ылғалдылығы 4 айдан кейін стандарт талабына сәйкес келмеді.

Сақтауға қойылған түйіршіктелген сиыржоңышқаның қышқылдылығының өзгеруі 2-суретте берілген.

сиыржоңышқаның сақтау кезіндегі қышқылдылығының дың қышқылдық саны көрсеткіші де шашыранды сиыржоңышқада 18,61 –ден 4 ай сақтау мерзімінің аяғында 55,2 мг/КОН/г құрады, ал түйіршіктелген сиыржоңышқада 16,25 –тен сақтау мерзімінің аяғында 40, 6 мг/КОН/г құрады мг/КОН/г құрады (3-сурет).

Сурет 2 - Шашыранды және түйіршіктелген өзгеруі, 0Н

Сақтау мерзімі ұзарған сайын шашыранды сиыржоңышқаның қышқылдылығы жоғарылады, 2 айдан кейін ол жіберілетін нормадан жоғары болды, ал түйіршіктелген сиыржоңышқаның қышқылдылығы 4 айдан кейін стандарт талабына сәйкес келмеді. Май-

Сурет 3 - Сақтау кезіндегі сиыржоңышқаның қышқылдылық санының өзгеруі, мг КОН/г

Сиыржоңышқаны түйіршіктеу оның санитарлық сапасын жақсартты: жалпы бактериямен тұқымдануы 22,5%, ал көгерткіш зеңдер мөлшері 11,2%-ға, сиыржоңышқа құрамындағы сіңімділігі нашар заттары -синиль қышқылының мөлшері 22,72%-ға азайғаны байқалды. Шашыранды сиыр-жоңышқаны сақтау мерзімі 2 ай, ал түйір-шіктелген сиыржоңышқаны сақтау мерзімі 3 ай болып белгіленді.

Қорытынды

Әдебиет деректері елімізде «Лугов-чанка» сиыржоңышқасын құс, мал азығында қолдану туралы деректердің жоқтығын көрсетті. Сиыржоңышқаның химиялық, амин-қышқылдық құрамы анықталды. Зерттеу нәтижесі оның аминқышқылдық құрамының бай екендігін көрсетті: сиыржоңышқаның химиялық құрамын қолданылып жүрген бұршақ дақылдарының химиялық құрамымен салыстыру нәтижесі ақуыздың мөлшері ноқаттан 5,6% артық, жемдік бұршақтан 4,3%-ға төмен, май мөлшері ноқаттан 13,3% төмен, ал жемдік бұршақпен шамалас екен-дігін көрсетеді. Сонымен қатар сиыржо-ңышқаның құрамында А, В тобының дәру-мендері, минералды элементтер сақталатын-дығын көрсетті. Сіңімділігі нашар заттары -синиль қышқылының мөлшерін азайтып, коректілігін жоғарылату үшін оны түйір-шіктеу қарастырылды: сиыржоңышқаның ылғалдылығы 18%-дейін , бөктіру ұзақтығы 2 сағатты құрады. Түйіршіктеу параметрлері: бу қысымы 0,2 МПа, білік пен матрица арасындағы саңылау 0,3МПа.

Сиыржоңышқаны түйіршіктеу оның сапа көрсеткіштерін жақсартты: жалпы бактериямен тұқымдануы 22,5%, ал көгерткіш зеңдер мөлшері 11,2%-ға азайғаны, сиыржо-ңышқа құрамындағы сіңімділігі нашар заттары - синиль қышқылының мөлшері 22,72%-ға азайды. Түйіршіктелген сиыржоңышқаны сақтау мерзімі 3 ай болып табылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Фицев А.И., Малиевская И.В., Коровина Л.М., Бурдасова Л.Р. Антипитательные вещества вики яровой// Кормопроизводство, 1998. -№4. -С.29-32.

  • 2.    Горбунов H.H, Трунова Л.А. Сранительная оценка питательных и анти-питательных свойств зерна бобовых культур// Сб. научных трудов. Воронежский гос. аграрный университет, Воронеж.-1995.-С 275-283.

  • 3.    Булучевский С.Б. Питательная ценность различных сортов вики и использование её при выращивании цыплят-бройлеров. Автореферат диссертации на соискание к.с.-х.н.-М.,2005.-16с.

  • 4.    Косолапов В.М., Гаганов А.П., Зверкова З.Н., Винжега Л.Н. Эффективность использования вики в кормовых рационах цыплят-бройлеров. // Зернобобовые и крупяные культуры. 2014. - № 2 (10). - С.100-103.

  • 5.    Тюрин Ю.С., Косолапов В.М. Зернофуражные сорта вики посевной - дополнительный источник кормового белка. // Кормопроизводство. - № 12. - 2013. - С. 23-25.

  • 6.    Использование нетрадиционных кормов в птицеводстве. Методические рекомендации. Сергиев Посад, 2000.-22 с.

  • 7.    Трунова Л.А Подготовка бобовых культур для ввода в комбикорма//Комбикорма.-2002. -№4 -С 22-23.

  • 8.    Булучевский, С. Б. Использование яровой и озимой вики в кормлении цьшлят-бройлеров // Материалы международной научнопрактической      конференции.      Научно

    исследовательский институт животноводства Белоруссии, 2002. - С. 87.

  • 9.    Фицев А.И., Воронкова Ф.В., Коровина Л.М Качество протеина и содержание антипитательных веществ в зерне различных сортов вики яровой // Доклады РАСХН, 2003.- №1 - С. 18-20.

  • 10.    Методические рекомендации для расчета рецептов комбикормовой продукции.-М.: ОАО «ВНИИКП», 2003.-149с.

  • 11.    Правила организации и ведение технологических процессов производства продукции комбикормовой промышленности.-Воронеж, 1997.-256с.

Список литературы Еттік балапандара арналан рама жем ндірісінде тйіршіктелген сиыржоышаны олдану

  • Фицев А.И., Малиевская И.В., Коровина Л.М., Бурдасова Л.Р. Антипитательные вещества вики яровой// Кормопроизводство, 1998.-№4. –С.29-32.
  • Горбунов H.H, Трунова Л.А. Сранительная оценка питательных и анти-питательных свойств зерна бобовых культур// Сб. научных трудов. Воронежский гос. Аграрный университет, Воронеж.-1995.-С 275-283.
  • Булучевский С.Б. Питательная ценность различных сортов вики и использование её при выращивании цыплят-бройлеров. Автореферат диссертации на соискание к.с.-х.н.-М.,2005.-16с.
  • Косолапов В.М., Гаганов А.П., Зверкова З.Н., Винжега Л.Н. Эффективность использования вики в кормовых рационах цыплят-бройлеров. // Зернобобовые и крупяные культуры. 2014. - № 2 (10). - С.100-103.
  • Тюрин Ю.С., Косолапов В.М. Зернофуражные сорта вики посевной – дополнительный источник кормового белка. // Кормопроизводство. - № 12. - 2013. - С. 23-25.
  • Использование нетрадиционных кормов в птицеводстве. Методические рекомендации. Сергиев Посад, 2000.-22 с.
  • Трунова Л.А Подготовка бобовых культур для ввода в комбикорма//Комбикорма.- 2002. -№4 -С 22-23.
  • Булучевский, С. Б. Использование яровой и озимой вики в кормлении цьшлятбройлеров // Материалы международной научно-практической конференции. Научно- исследовательский институт животноводства Белоруссии, 2002. - С. 87.
  • Фицев А.И., Воронкова Ф.В., Коровина Л.М Качество протеина и содержание антипитательных веществ в зерне различных сортов вики яровой // Доклады РАСХН, 2003.- №1 - С. 18-20.
  • Методические рекомендации для расчета рецептов комбикормовой продукции.-М.: ОАО «ВНИИКП», 2003.-149с.
  • Правила организации и ведение технологических процессов производства продукции комбикормовой промышленности.-Воронеж, 1997.-256с.
Еще
Статья научная