Инновациялы ксіпорындарды йымды рылымын алыптастыру стратегиясы жне принциптері

Автор: Мунатаев М.М., Мырзагельдиева Ж.М.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Экономика и сервис

Статья в выпуске: 6 (96), 2012 года.

Бесплатный доступ

Нарыққа жаңалықтардың тартылуы бойынша нарықтың жаңа сегменттерін құруға мамандырылған фирмалардың түрлері қаралған. Осы фирмалардың жұмыс істеу жағдай-лары мен проблемалары сипатталған. Инновациялық кәсіпорындардың (ИК) ұйымдық құрылымдарының артықшылықтары мен кемшіліктері, олардың қалыптасу принциптері көрсетілген. ИК құрылымын жасау түрлерінің мамандандыруын және кооперациялауын бөлісу варианттары баяндалған. Жалпы қорытынды: Инновациялық кәсіпорынның құрылымына келесі бөлімдерді ұсынамыз - атқарымдық, тематикалық, аралас түрлерін. Басқарудың әр деңгейінде 6-8 ұйымдық бөлімшелер болуы керек.

Короткий адрес: https://sciup.org/140204976

IDR: 140204976

Текст научной статьи Инновациялы ксіпорындарды йымды рылымын алыптастыру стратегиясы жне принциптері

Кіріспе

Жаңалықтарды іске асыру бойынша, на-рықтың түрлі сегменттерінде қызмет ететін фирмалардың аталуы және қызметі ресей эко-номист-ғалымдарының еңбектерінде зерттелген.

Жаңа нарық сегменттерін құру немесе ескі нарық сегменттерін түпкілікті өзгертуге мамандалған фирмалар эксплеренттер деп аталады. Олар жаңалықтарды нарыққа енгі-зумен айналысады [1].

Тәуекелді төмендету үшін нақты мер-зімге қаржыландырудың үлгілік схемасы жа-салынады. Осы мерзімде фирма-эксплерент сәттілікке жетуі керек. Мысалы қаржылан-дыру 48 айға есептелген. Капитал салымдары екі ережені есепке ала отырып бес уақыттық кесінділерге бөлінеді:

  • -    әрбір жаңа салым, егер алдыңғы са-лым өзін ақтаса, жүзеге асырылады. Бұл экс-плеренттің жаңалықты құру немесе коомер-циализациялауда едәуір алға жылжығанын білдіреді;

  • -    әрбір жаңа салым алдыңғысынан көп және эксплерент үшін көбінесе тиімді шарт-тармен жүзеге асырылады.

Батыста инновациялық фирмаларды негізінде инженер-жобаның техникалық жа-ғының авторы және ұйымдастырушылық, коммерциялық тәжірибесі бар менеджер басқарады. Фирма-эксплеренттер қазіргі күні «пионерлер» атағына ие болады. Венчурлік фирмалар мен фирма-эксплеренттер қазіргі экономикаға ғылыми-техникалық қадамдар үшін жағдайлар жасайды.

Нарық үшін тартымды жаңалық жасал-ған болса, фирма-эксплеренттің (пионердің) алдында өндіріс көлемі проблемасы пайда болады. Бұл үшін фирма-эксплерент ірі фирмамен альянс жасайды, өйткені оның бар жаңалықты өздігінен тираждауға мүмкіндігі жоқ. Ал тираждауды кешіктіру көшірмелер мен ұқсастардың пайда болу қаупын туды-рады. Қуатты фирмамен одақтасу пайдалы шарттарға жетуге және белгілі автономдығын сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай серіктесті таңдау тұтынушының өзгешілігіне байла-нысты болады.

Нарықтың тар сегментіне бейімделу кезде бұл фирма – патиенттер болады. Фирма-патиенттер нарықтың тар сегментіне жұмыс істейді және мода, жарнама мен т.б. әсерінен қалыптасқан қажеттіліктерді

қанағаттандырады. Бұл фирмалардың сапаға және өндіріс көлеміне қоятын талаптары нарықтарды жеңіп алу проблемасымен байланысты болады. Бұл фирмалар пайдалы. Сонымен қатар дұрыс емес шешімді қабыл-дау ықтималдығы да бар, ал бұл күйзеліске алып келеді. Мұндай фирмаларда тұрақты инновациялық менеджер қызметі мақсатты болып табылады.

Инновациялық менеджердің басты мақсаты - фирманың өміріндегі тәуекелді төмендету және қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау.

Ірі стандарттық бизнес саласында фирма–виоленттер – күшті стратегиясы бар фирмалар әрекет етеді. Олардың ірі капиталы мен технологияларды жоғары деңгейде игеру мүмкіндігі бар. Виоленттер ірі сериялы және жаппай өнім өндіру арқылы сапаға орташа мән беретін және орташа бағамен қанағат-танатын тұтынушылармен жұмыс істейді. Виоленттердің ғылыми-техникалық саясаты өнімді өндіріске жеткізу мерзімдері; өнімді өндірістен алып тастау; инвестициялар мен өндірісті ұлғайту; машиналар мен құрал-жабдықтардың паркын ауыстыру жайлы шешім қабылдауды талап етеді [1].

Фирма-патиенттер сияқты виоленттер де пайдалы. Пайдалылық – фирма қызметінің негізгі шарты болып табылады. Мұнда инно-вациялық менеджер қызметі қарастырылады. Бұл фирмаларға өз саясатын өзгертуде өте сақ болуы керек.

Жергілікті қажеттілікті қанағаттанды-руға бейімделген орташа және шағын бизнес-пен фирма-коммутанттар айналысады. Олар-дың ғылыми –техникалық саясаты өнімді өндіріске уақытында жеткізу, бұйымның технологиялық ерекшелігінің дәрежесі жайлы шешімдер қабылдауды талап етеді. Мұндай фирманың инновациялық менеджері тауарды сатып алушының талғамы, нарықтағы жағ-дайды жақсы білуі керек, мүмкін дағдарыс-тарды оперативті түрде болжауы керек [1].

ИК ұйымдық құрылымы – негізгі бө-лімшелердің жиынтығы немесе инновация-лық кәсіпорынның творчестволық мәселе-лерін тізбекті шешуге бағытталған жеке функционерлер, мамандар, сонымен қатар көмекші, қызмет көрсететін және басқарушы-лық функцияларды орындайтын бөлімшелер.

ИК ұйымдық құрылымына иннова-циялық өнімді құру қызметін жүзеге асы-ратын ғылыми, конструкторлық, жобалық, технологиялық және ақпараттық бөлімшелер

(лабораториялар, бөлімдер, секторлар, топ-тар), сонымен қатар ҒЗЖ мен ТКЖ тематика-лық жоспарларын орындауды қамтамасыз ететін өндірістік, көмекші және басқару-шылық бөлімшелер.

Кез-келген ИК ұйымдық құрылымы уақыттың әр кезеңінде мақсатты, функцио-налды құрылымға сай болуы керек. ИК ұйымдық құрылымын қалыптастыратын негізгі факторлар:

  • -    білім, ғылым мен техника, өндіріс саласының ерекшелігі;

  • -    ИК жеке дербестік дәрежесі немесе оның бірлестік құрылымындағы орны;

  • -    орындалатын ҒЗТКЖ мен темати-калық жоспардың нақты тапсырмаларының бағыттары;

  • -    нақты ИК мамандану деңгейі мен кооперация дәрежесі, оның еңбекті қоғамдық бөлудегі орны, оның ішінде ол кіретін бірлестік, кәсіпорын, сала шеңберінде;

  • -    ғылыми-техникалық мәселелерді ше-шу мерзімдері;

  • -    ИК бар ресурстарының құрылымы (еңбектік, материалдық, ақпараттық, қаржы-лық) және олардың даму тенденциялары;

  • -    ғылыми, жобалы-конструкторлық, экономико-басқарушылық жұмыстарды жүр-гізу технологиясы мен автоматтандыру деңгейі.

ИК құрылымын құру мен жетілдірудің басты принциптері:

  • -    мақсаттар, функциялар, міндеттер біріншілігі және оларды шешетін бөлім-шелердің екіншілігі;

  • -    еңбекті ұтымды бөлу мен коопера-циялау және бөлімшелер мен орындаушы-лардың мақсатты мамандануы, бұл өз кезе-гінде барлық деңгейдегі жұмысшылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыруға, құжат айна-лымды жеделдету мен барлық ақпарат түр-лерінің вертикалды және горизонтальды өтуі-не, жаңалық енгізудідің мерзімін қысқарту мен шығындарын азайтуға жағдай жасайды;

  • -    ақпараттың төменнен жоғары жоғары-дан төменге өтудің қысқа жолдарын қамта-масыз ету үшін құрылымды бөлімшелердің өзара әрекеттігінің иерархиялығы;

  • -    басқарушылықты қамтамасыз ету, ол үшін әрбір басқарушылық деңгейде 5-6 (8-9дан көп емес) ұйымдық ұяшық болуы керек;

  • -    қандай да деңгейдегі әрбір құрылым-дық органның ережемен қарастырылған жеке функцияларды орындауға мамандануы. Бұл үшін түрлі функциялар нақты бөлімшелер

арасында шектелген болуы керек, ал ұқсас функциялар бір бөлімшеде немесе бір функционерде жинақталуы керек;

  • -    ақпаратты құрып өңдемейтін бөлім-шелер мен функционерлердің болуын бол-дырмау;

  • -    екі жақты бағынушылығы бар бөлім-шелерді болдырмау;

  • -    өңделетін ақпаратты есепке ала отырып бөлімшелердің өлшемдерін бекіту;

  • -    мақсаттардың, міндеттердің өзгеруі мен әрекет ететін құрылым элементтері жұмысы сапасының төмендеуі кезінде тез арада қайта құрылуы қабілеттілігі.

Нақты тәжірибеде кездесетін ИК түрлі құрылымдық түрлерін бірнеше түрге біріктіруге болады, олар жауапкершілікті, орындалатын функциялар мен жұмыстар, мамандану мен кооперациялауды бөлудің түрлі варианттарын қарастырады. ИК функционалдық, тематикалық және аралас ұйымдық құрылымдары болады.

ИК функционалдық құрылымы толық мамандандырылған бөлімшелердің жиынты-ғын құрайды, олардың әрқайсысы өз профилі мен мамандандыруына сәйкес келетін ғылы-ми зерттеу және ТКЖ нақты бөліктерін орындайды. Әрбір осындай бөлімше өз құрамында біртекті мамандықтағы қызмет-керлерді біріктіреді. Топтастырудың баста-масын орындалатын функция немесе жұмыс әдісі құрайды. Қарастырылатын құрылым түрі жеткілікті ұқсас, біртекті зерттеулер не-месе жобалық-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде жеке құрауыштарға бөлінетін жұмыстар орындалатын кәсіпорында кең таралған.

Функционалды құрылым түрінің артық-шылықтары:

  • -    қызметкерлер мен құрылғылар мамандануының жоғары дәрежесімен және бірқалыпты жүктелуімен негізделген адам-дың және материалдың ресурстарды пайда-ланудың жоғары интенсивтілігі;

  • -    ғылым мен техниканың тар саласында білім мен тәжірибені шоғырландыру мүмкін-дігі;

  • -    ғылыми-техникалық, патенттік және басқа да ақпаратпен қызмет көрсетудің ың-ғайлылығы;

  • -    үйлесімді және стандартты шешімдер мен конструкцияларды кеңінен пайдаланудың мүмкіндігі;

  • -    түрлі жобалар құрамындағы біртекті жұмыстардың бірдей сапа деңгейі;

  • -    жас мамандарды дұрыстап бейімдеу;

  • -    білікті стандарттарды, қарапайым және еңбектің сапасын бақылаудың тиімді әдістерін дайындаудың мүмкіндігі.

Кұрылымның функционалды түрінің кемшіліктері:

  • -    мамандандырылған бөлімшелердің көптігінен, жоспарлау, бақылау және опера-тивті реттеу жұмыстарының орындалу ба-рысының күрделілігі;

  • -    қажетті техникалық және жоспарлық құжаттамалардың үлкен көлемі;

  • -    горизонтальды деңгейде түрлі көп келісімдердің қажеттілігі;

  • -    салаларды біріктірудің мүмкінсіздігі және тақырып бойынша жұмыстарды орын-даудың күнтізбелік графигінен едәуір ауыт-қуларға жоғары сезімталдық;

  • -    орындаушылардың кәсіби ықыласта-рының ортасының тарлығы және бірқалып-тылығы, олардың творчестволық потенцияа-лының ашылуына мүмкіндіктің жоқтығы.

ИК ұйымдық құрылымының темати-калық түрі бөлімшелердің түрлі профильдегі мамандарды біріктіруімен сипатталады. То-лық автономия шарттарында жұмыс істейтін тематикалық бөлімшелер жұмыстарды басы-нан аяғына дейін орындайды. Тематикалық бөлімнің құрамында тақырыпты уақытында және сапалы орындауға қажетті барлық ресурстары бар, және де оның қызметі басқа бөлімшелер қызметіне тәуелді емес. Мұнда тематикалық құрылым соңғы нәтижеге, яғни сыртқы тұтынушыға бағытталған.

Ұйымдық құрылымның тематикалық түрінің артықшылықтары:

  • -    ұжымның нақты айқындалған мәсе-лелерге бағытталуы;

  • -    шешімдердің оперативтілігі;

  • -    тақырып бойынша жұмыстарды уақы-тында және сапалы орындайтын басшылар мен мамандардың жоғары жауапкершілігі;

  • -    ғылыми бағытта нақты жаңа идея-лардың пайда болуының үлкен ықтималдығы;

  • -    дайындау кезеңдерін біріктірудің, олардың орындалуын параллельді-тізбекті схема бойынша ұйымдастырудың мүмкіндігі;

  • -    түрлі келісімдер санының аздылығы.

ИК ұйымдық құрылымның темати-калық түрінің кемшіліктері:

  • -    тар профильдегі мамандардың толық жүктелмеуімен байланысты ресурстарды пай-даланудың төмен интенсивтілігі;

  • -    функциялар, құрал-жабдықтар, ау-дандардың қсарланушылық салдарынан

дайындамалардың құнының жоғары болуы;

  • -    лабораторлық құрал-жабдық пен эксперименталды базалардың бірқалыпсыз жүктелуі;

  • -    оқу орындарынан немес басқа жақтан келген мамандардың бейімделу мерзімдерінің тым ұзақты;

  • -    ақпараттық қамсыздандырудың күрде-лілігі.

Нақты тәжірибеде көбінесе құрылым-дардың аралас түрлері қолданылады, олар ҒЗТКЖ сапалы әрі тез орындауға және нәти-желерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Матрицалық ұйымдық құрылымдар ИК бөлімшелерінің горизонтальды және верти-калды өзара әрекет етуімен сипатталады. Горизонтальды әрекет ету жасалынатын тақырыптар немесе жобаларға сәйкес келеді, ал вертикалды – функционалды бөлімшелер-мен орындалатын операциялардың мамандан-ған түрлеріне сәйкес келеді. Матрицалық құрылымның басты ерекшілігі – тақырып (жоба) басшыларының барлық горизонтальды байланыстарды үйлесімдеу мен реттеуде арнайы өкілеттілігі болуы керек. Матрицалық құрылымның екі түрі бар: жобалық-матрица-лық және функционалды-матрицалық [1].

Жобалы-матрицалық құрылымдағы ұйымдарда функционалды бөлімшелердегі қызметкерлер тақырып (жоба) басшысының қарамағына оның түгел орындалу уақыт бойына тікелей беріледі. Бұйыру құқығы бар тақырып басшысы орындаушыларға тікелей тапсырмалар береді, олардың қызметін бақы-лайды және үйлесімдейді, яғни тақырып бой-ынша барлық жұмыстарды басшылыққа ала-ды. Функционалды бөлімшенің басшысы бе-рілген мамандықтағы жалпы жұмысшылар-дың саны ұйым қажеттілігіне сәйкестігін бақылайды, мамандарды тақырыптар бойын-ша бөледі, өз жұмысшыларына әдістемелік көмек көрсетеді, қызметкерлердің қызметін жоғарылату сұрақтарымен айналысады және т.б. Ұйым жоғары сапалы жұмысты қажет ететін, басқа бағдарламаларға қатыспайтын жеке мамандар мен ұжымдарды пайдалануды қажет ететін бір-бірінен едәуір ерекшеленетін күрделі, шектелген жобаларды орындағанда, жобалы-матрицалық құрылымды пайдалану ұтымды болады [1].

Жұмыстарды ұйымдастырудың функ-ционалды-матрицалық құрылымында тақы-рып бойынша жұмысқа тартылған мамандар жоба басшысына толық бағынбайды, олар екі жақты бағыну шеңберінде әрекет етеді. Жоба басқарушысына инновациялық процестерді және тақырыптар бойынша жұмыстардың орындалуын білікті басқарудың міндеттері жүктеледі, ал осы шешімдердің жүзеге асы-рылуын ұйымдастыруды бөлімше басшылары қамтамасыз етеді. Өкілеттіктерді бөлудің осындай вариантында топтың барлық мүше-лерінің жұмысын біріктіретін тақырып басшысы ненің және қашан орындалатынын анықтайды, ал бөлім басшылары – нақыт кім және қалай жасайтынын айқындайды. Егер ИК бір уақытта ұзақ мерзімді сипаттағы ша-ғын күрделі және жауапкершілікті бағдарла-малар және көп күрделі емес жұмыстар орын-далса, мұндай құрылым мақсатқа сай болады. Ұйымдық құрылымның осы түрі көбінесе жиі қолданылады [1].

Аралас құрылымның тағы бір түрі жо-балар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Жобалық бөлімшелер (бригада, топ) қолданбалы мәні бар басты кешенді мәселелерді дайындау үшін ұйымдастыры-лады, қойылған міндеттерді орындағаннан кейін таратылады. Бөлімшенің берілген тақы-рыптың барлық негізгі жұмыстарын орындау-ға қажетті кадрлары және материалдық ре-сурстары болады, ал көмекші және қамта-масыз ететін қызмет ИК масштабында орта-лықтандырылған болады. Жобалар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоғары оператив-тілікпен және тез арада жүзеге асырумен сипатталады, өйткені негізінде бұл бөлімше-лер олардың өндіріске енгізілуіне жауапты болады.

Фазалық құрылым берілген тақырып-тардың орындалуы проблемалы бейімделген конвейер бойынша тізбекті фазалармен еңбекті бөлуді ұйғарады. Бұл фазалардың біріншісі – қабылданған жұмыстар бағытын болжамдау және негіздеу, екіншісі – ізденушілік зерттеулер, үшіншісі – жобаны инженерлі-технологиялық талқылау және оны тәжірибелік тексеру [1].

Жалпы қорытынды: Инновациялық кәсіпорынның құрылымына келесі бөлімдерді ұсынамыз – атқарымдық, тематикалық, ара-лас түрлерін. Басқарудың әр деңгейінде 6-8 ұйымдық бөлімшелер болуы керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Инновационный менеджмент/Под. ред. С.Д. Ильенковой. 2-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. - 243 с.

Список литературы Инновациялы ксіпорындарды йымды рылымын алыптастыру стратегиясы жне принциптері

  • Инновационный менеджмент/Под. ред. С.Д. Ильенковой. 2-е изд., перераб. и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. -243 с.
Статья научная