Инновациялы менеджментті йымдастыру
Автор: Мунатаев М.М., Мырзагельдиева Ж.М.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Экономика и сервис
Статья в выпуске: 6 (96), 2012 года.
Бесплатный доступ
Инновациялық менеджменттің инфрақұрылымы, оның инновациялық қызметі, ғылыми зерттеуі, зерттемелер әзірлемемелі қарастырылған. Бизнес-инкубаторлардың экономикадағы құрылымдық ілгерілеуі көрсетілген. Венчурлік фирмалардың инновациялық қызметінің, олардың капиталының қалыптасу өзіндік ерекшеліктері нұсқалған. Жалпы қорытынды: Қаржыландыру көздеріне ұсынамыз - инвестициялық субсидия, сақтандыру, зейнетақы қорлары, ірі кәсіпорындар қоры.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204977
IDR: 140204977
Текст научной статьи Инновациялы менеджментті йымдастыру
Кіріспе
Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымы ішінде кіші фирмаларға көп көңіл бөлінеді. Инновациялық бизнестің басты проб-лемасы қаржыландыру болып табылады.
Осы мәселені шешуде инновациялық фирмалар мен кәсіпкерлерді қолдайтын ұйымдар қатысады: бизнес инкубаторлары, технологиялар инкубаторлары, технополис-тер, технопарктер, венчурлік фирмалар [1].
Бизнес-инкубаторлар нақты тауарды емес, тәуелсіз шаруашылық субъектіні дамытумен айналысады. «Инкубаторлардың» басты тағайындалуы – шағын, көбінесе инновациялық кәсіпкерлікті қолдау.
Нарықтық экономикасы бар елдерде инкубаторлар жергілікті билік орындары, университеттер мен басқа да оқу орындары, өнеркәсіптік корпорациялар, орталық өкімет-тің субсидиялары есебінен ұйымдастырылып
қаржыландырылады. Сонымен қатар бизнес-инкубаторлардың қызметі капиталданған қаражаттардың едәуір көлемін пайдалануға негізделеді, яғни жылжымайтын мүлікке және ғылыми-өндірістік қорларға салынған ұзақ мерзімді және тәуекелді қаражаттар. Нәтижесінде бизнес-инкубаторларды құруды тек қаржылық жағдайы тұрақты құрылымдар ғана жүзеге асыра алады.
Инкубаторлардың көпшілігі аралас кәсіпорындардан құрылады. Оның ішінді төрт негізгі түрін бөлуге болады:
-
- корпоративті;
-
- қоғамдық;
-
- университеттік;
-
- жеке меншіктік.
Ережелер бойынша, фирма-клиент-тердің бизнес-инкубаторларга өту тәртібі төрт негізгі сатылардан өтуді қарастырады.
-
1. Үміткерлердің санынан клиентті таңдау. Таңдау критериясы шағын фирманың күшімен идеяның жаңалығы және оны өмірге енгізу нақтылығы болып табылады. Егер үміткер перспективті деп танылса, онымен бөлімшені жалға алу жайлы келісім-шарт толтырылады, бұл әр ай сайын екі жақтың мақұлдауын талап етеді, бұл шарт екі жақтың біреуінің тілегімен бұзылуы да мүмкін.
-
2. Технопарк жағдайында бірінші жыл жұмыс істеу. Клиент жеңілдікпен қаржылық, техникалық және басқа да көмек алады. Технопарктық құрылымдар жоғары деңгейде шағын фирманың қызметі бойынша ұйым-дық-экономикалық аспектілер бойынша кеңес береді: бухгалтерлік есеп жүргізу, салық, заңды мәселелер мен мүмкін өкіметтік программаларды қолдану мәселелері.
-
3. Фирманың қалыптасуы мен өсуі, оның жұмысшылар санының көбеюі.
-
4. Фирманың шығуы. Әкімшілік "піс-кен" клиентке жаңа орын іздеуге және орын ауыстыруға көмектеседі.
Бизнес-инкубаторлардың қызметін пай-даланатын көптеген шағын американдық ком-паниялар негізінде жоғары технологияларды пайдаланумен баланысты.
Бизнес-инкубаторлардың сәтті қызметі потенциалды клиенттерді таңдаудың икемді саясатымен, жүзеге асыруға ұсынылған жоба-лар мен идеяларды сенімді сараптаумен, ин-кубацияланатын фирмалар қызметіне диффе-ренциалды қатынаумен қамтамасыз етіледі.
Инкубаторлардың табысы коммерция-лық кәсіпорын ретінде келесі көздерден қалыптасады:
-
- клиенттерден алынатын жалгерлік төлем;
-
- түрлі қызмет көрсетуді сату;
-
- кәсіпорын инкубатор өзі қаражат салған инкубацияланған фирмалардан алатын табыс.
Бизнес-инкубаторлар ғылыми-техника-лық жетістіктерді пайдалануды жеделдетуге, ғылыми технологиялар саласында кәсіпкер-ліктің дамуына мүмкіндік береді, экономи-кадағы құрылымдық өзгерістерге, жұмыспен қамтылуға және елдің жағдайын жақсартуға әрекет етеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде күшті ғылыми орталық пен ғылыми парктың құрамдастырымы өз тиімділігін дәлелдеді.
Әлемдік нарыққа жаңа техникалық және технологиялық принциптермен шыға-рылатын сапалы жаңа тауарлармен шығатын, тауарды өндіруде фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді қолдануды қамта-масыз ететін және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіретін фирмаларды қолдайтын маман-дандырылған бизнес-инкубаторлар көбінесе перспективті болып табылады.
Инкубатордың қызметі таңдалған страте-гияға сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ кез-келген стратегияда бизнес-инкубатордың келесі жоғары кәсіби құрылымдарының болуы шарт:
-
- сараптау кеңесі, ол бизнес-инку-батордың таңдалған мамандануына сай клиентке баға беруді жүзеге асырады;
-
- бизнес-инкубаторлардың басқарушы блогы, оның міндеттеріне тәуелсіз шаруашылық құрылымды басқарудан басқа келесілер жатады:
-
1) бизнес-инкубатордағы фирманың оның барлық қызмет ету кезеңдерінде жеке программасын дайындау және түзету;
-
2) әрбір инкубацияланған фирма үшін жеке жеткілікті жеңілдіктер көлемін айқындау;
-
3) инкубатордан шыққан фирмалар үшін экономикалық және қаржылық саясат дайындау.
Бизнес инкубаторлар автономды, яғни заңды тұлғаның құқығы бар дербес шаруа-шылық бірлік бола алады. Ол технопарк құрамында әрекет етеді (бұл жағдайда оны технологиялар инкубаторы деп атайды).
Технологиялар инкубаторы – уни-верситетпен, ғылыми-технологиялық паркпен немесе инновациялық орталықпен байла-нысты ғылыми сиымдылық кәсіпорын [1]. Оның міндеттері – кіші инновациялық кәсіп-орындарға қызмет көрсету, жаңа фирмаларды қалыптастыру, оларға дамудың алғашқы кезе-
ңінде сәтті қызмет ету үшін көмек көрсету.
Инновациялық орталық – нақты маманданған инфрақұрылымы бар ұйым, оның қызметі фирманы құру, өсуі мен дамуына бағытталған, сонымен қатар аймақта инновациялық қызметті дамыту, зерттеушілер мен өнеркәсіп арасындағы келісімділік пен үйлесімділікті дамытуға, ғылыми фирмаларға инновациялық қамсыздандыру саласынан қызмет көрсетуге, менеджмент саласында персоналды дайындау мен оқытуға, аймақтық және халықаралық желілерді құру негізінде нақты экономикалық дамуды жеделдетуге бағытталған [1].
Интернет-инкубаторлардың келесі түр-лері болады:
-
1) венчурлік инкубаторлар;
-
2) венчурлік акселераторлар;
-
3) венчурлік порталдар;
-
4) желілік инкубаторлар;
-
5) вертикалды инкубаторлар;
-
6) ішкі идеяларға бағытталған инкуба-торлар [1].
Интернет-инкубаторлар көрсететін қызметтердің жиынтығымен ерекшеліктері-мен ажыратылады. Венчурлік инкубаторлар көбінесе көп тараған, олар келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
-
1) кеңселік инфрақұрылым (бөлмелер, жиһаз, кеңселік техника, компьютерлер, ішкі желі, сыртқы байланыс, Интернетке кіру, конференц-залдар және т.б.);
-
2) бэк-кеңсе (білікті персонал, техни-калық сүйемелдеу және т.б.);
-
3) технологиялық сүйемелдеу (сарап-шылардың көмегі, басқару жүйесін қалып-тастыру, интеллектуалды меншікті дамыту);
-
4) консалтингтік сүйемелдеу (инкуба-тордың меншік ресурстары арқылы, және салалық сарапшыларды тарту жолымен);
-
5) оқыту (басқа компанияларда сынақ мерзімін өткізумен бірге), менеджерлер мен мамандардың хабардарлық деңгейін көтеру;
-
6) заңды және бухгалтерлік қызмет көрсету;
-
7) адами ресурстарын басқару (қажетті мамандарды іздеу және жалдау);
-
8) инкубатордың зонттық бренді және байланыстарды жүзеге асыру (венчурлік инвесторлармен – мемлекеттік билік органдарымен, басқа мемлекеттің ұқсас ірі компанияларымен өзара әрекет ету) [1].
Венчурлік акселератор – сервистік компания, ол бастаушы кәсіпкерлерге бизнес-жоспарды дайындау, маркетинг және жобаны
құрастыру, нарыққа шығару, сервистік қызмет көрсету бойынша кеңес беру қызметін атқарады.
Желілік инкубаторлар венчурлік қорлар мен басқарушы компаниялардың қосындысы болып табылады, сонымен қатар әр түрлі қа-лалардағы компанияламен жұмыс істей алады.
Вертикалды инкубаторлар бір вертикал-ды нарыққа жататын компанияларға, мысалы мобильді коммерция нарығына маманданады. Мұндай инкубаторда инфра-құрылымдық дай-ындамалармен жұмыс істейтін компаниялар (деректерді тасымалдау, қауіпсіздікті қамсыз-дандыру деңгейінде және т.б.); мобильдік контент пен мобильді ендіру құрылғыларды сатуға мамандалған компаниялар болады.
Ішкі идеяларға бағытталған икубатор-лар ірі трансұлттық корпорациялардың қаты-суымен құрылады және сол корпорацияның ішкі идеясы негізінде туындаған ішкі компанияларды дамытумен айналысады. Мұндай инкубаторлар бизнестің кез-келген офлайндық саласында сарапшы болатын ма-мандармен ұйымдастырылады. Олар бизнеске ақпарат алмасуды қысқарту мен интенси-фикациялау қызметін көрсетеді, олардың меншік идеялар негізінде дайындаушылар командасын қалыптастыру, білікті менед-жерлерді тарту мен олардың жұмысын қадағалау мүмкіндігі бар.
Технологиялық парктер – желілік жүйе, ол ірі ғылыми- зерттеу институты немесе жоғарғы оқу орны шеңберінде ғылыми-техникалық кәсіпорындарды, бизнес-инкуба-торларды, ақпараттық, кеңес беретін және ғылыми-техникалық инфрақұрылымның бас-қа да ұйымдарын біріктіреді [1].
Технополис - бір аймақ шеңберінде жи-нақталған фундаменталды және қолданбалы сипаттағы ғылами мекемелердің, жоғарғы оқу орындарының, конструкторлы және енгізуші ұйымдардың, сонымен қатар жаңалықты игеруге бағытталған өнеркәсіптік кәсіпорын-дардың кешені. Технополистер шеңберінде толық инновациялық кезең жүзеге асыры-лады. Түрлі салалық бағыттағы ғылыми және оқу мекемелерінің жақын орналасуы дисцип-линааралық зерттеулер мен идеялармен интенсивті алмасуды қамтамасыз етеді. Технополистердің ажырамас элементтері венчурлік фирмалар мен акционерлік коммерциялық банктер болуы керек.
50-ші жылдарда АҚШ-та Стенфорд университетінің жанында шағын зерттеу, енгізу, кеңес берушілік және өнеркәсіптік фирмалар шоғырлана бастады, олардың жұмысы электрондық өнеркәсіппен байла-нысты болды. Бұл технополис «Силиконды долина» атағына ие болды. Қазіргі күні «Силиконды долинада» 8000 инновациялық фирмалар шоғырланған (олардың 70% құра-мында 10 адамнан бар), онда 250 мың адам жұмыс атқарады, оның 6000 – жоғары білікті мамандар мен ғалымдар. Осы технополистің жалпы ұлттық өнімі Ұлыбританиядан әлдеқайда жоғары.
Сонымен қатар келесі технополистер бар: «Алтын өнеркәсіптік шеңбер» (Гарвард университеті мен Массачусет технологиялық институт), «Силикондық штык» (Луизиана штаты), «Электрондық болт» (Флорида штаты).
Венчурлік инновациялық қызмет – үлкен коммерциялық тәуекелмен және ұзақ мерзімді қаржылық салымдармен байланысты инновациялық қызмет. Венчурлік кәсіпкерлік түрлі формада болады және көптеген эконо-микалық қатынастардың жиынтығын қамти-ды, бұл қатынастар өндірісті дайындаумен. Инновациялық фирмалармен жаңалықтарды сараптамадан өткізу және өнеркәсіптік игерумен байланысты болады [1].
Венчурлік фирмалар жаңалықтардың (жаңа бұйым ойлап табудың) белсенділігінің өсуі мен қанығуы кезеңдерінде, сонымен қатар белсенділігі сақталған, бірақ төмендеп жатқан ғылыми жаңалықтар кезеңінде жұмыс істейді.
Негізінде венчурлік фирмалардың пай-далықсыз болады, өйткені өнімді өндіруді ұйымдастырумен айналыспайды, өз дайында-маларын басқа фирмаларға – эксплерент-терге, патиенттерге, коммутанттарға береді.
Венчурлік фирмалар ірі фирмалардың еншілес кәсіпорыны болуы мүмкін.
Венчурлік фирмаларды құру келесі компоненттердің болуын айқындайды:
-
- жаңалық идеялар – жаңа бұйым, технология;
-
- қоғамдық қажеттілік пен ұсынылған идея негізінде жаңа фирма құруға дайын кәсіпкер;
-
- қаржыландыруға қажетті тәуекелдік капитал.
Венчурлік қаржыландыру екі негізгі түр-де жүзеге асырылады: жаңа фирмалардың ак-цияларын сатып алу жолымен немесе акция-ларды конверсиялау құқығымен түрлі несие беру арқылы.
Венчурлік капитал тек ірі компания-лардың ғана емес, банктер, мемлекет, сақ-тандыру, зейнетақы және басқа да қорлардың жоғары тәуекелі бар салаларға, жаңа немесе күрт өзгерулерден өткен бизнеске ақшалай салымдар болып табылады.
Басқа инвестициялау түрлеріне қара-ғанда бұл форманың өзіне тән ерекшеліктері бар:
-
- инвестордың компания капиталына тікелей немесе жанама түрде үлесті қатысы;
-
- салымдарды ұзақ мерзімге беру;
-
- инвестордың қаржыландыратын фирма басшылығына белсенді қатысуы;
Венчурлік кәсіпорындар екі түрде болады:
-
- жеке тәуекелдік бизнес (тәуелсіз ша-ғын инновациялық фирмалар; оларға капитал беретін қаржылық ұжымдар);
-
- ірі корпорациялардың ішкі тәуекелді жобалары.
Тәуекелді кәсіпкерліктің ерекшелігі-қаржы қайтарымсыз, пайызсыз негізде бері-леді. Венчурлік фирмаларға берілген ресурс-тар келісімнің барлық мерзімінде қайтарып алуға жатпайды.
Пайданың мөлшері тәуекелді инвестор-дың фирма-новатордағы акция үлесінің курстық құны мен оның жобаға салынған ақша сомасының айрмасымен анықталады. Бұл үлес келісім-шартта қарастырылады және 80% дейін жетуі мүмкін. Негізінде қаржылық ұжым фирма-новатордың иегері болады, ал берілген қаржылар – кәсіпорынның жарғы-лық қорына салым болып табылады.
Венчурлік (тәуекелдік) капиталдың екі жақты қасиеті бар: бір жағынан бұл тәуекел және жаңа жетістіктер арқылы ұту; басқа жа-ғынан капиталды жоғалтпай өсіруге ұмтылу.
Тәуекелді бизнестің аталуы тегін емес. Ол жағдайдың тұрақсыздығымен, сенімсіз-дігімен айрықша болады. Тәуекелді ұйым-дардың «өлімі» өте жоғары. Тек кейбіреуі жоғары технологиялардың ірі продуцент-теріне айналған, ол «Ксерокс», «Интел», «Эппл компьютер» және т.б. Осы фирма-лардың пайда қайтарымы жоғары болған-дықтан, бұл тәжірибені мақсатқа сай етеді.
Жалпы қорытынды: Қаржыландыру көз-деріне ұсынамыз – инвестициялық субсидия, сақтандыру, зейнетақы қорлары, ірі кәсіп-орындар қоры.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Инновационный менеджмент/Под. ред. С.Д. Ильенковой. 2-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.- 243 с.
Список литературы Инновациялы менеджментті йымдастыру
- Инновационный менеджмент/Под. ред. С.Д. Ильенковой. 2-е изд., перераб. и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.-243 с.