Инновациялық тәсілдер Қазақстан әйелдерінің типтік дене пішіндерін қалыптастыру арқылы тігін өнімдерінің сапасын арттыру
Автор: Токсабаева Г.С., Жилисбаева Р.О., Киябаева С.К.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 4 (150), 2025 года.
Бесплатный доступ
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тігін өндірісінің бәсекеге қабілетті өнімін арттыру, өндірістік процестің жоғары икемділігін қамтамасыз ету арқылы Қазақстан әйелдерінің дене өлшемдерінің типологиясы туралы ақпараттық деректер базасын қалыптастыру. Тігін өнеркәсібі жеңіл өнеркәсіптің прогрессивті салаларының бірі болып табылады. Тігін өнімдерінің сапасын арттыру үшін тек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу жеткіліксіз, бұл технологиялық процестердің кешенді механикалануын және автоматтандырылуын жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әйелдерінің антропометриялық өлшемдерінің жаңа базасын құру қажет. Сонымен қатар, өлшемдерге қатысты негізгі стандарттарды зерттеу үшін бірнеше елдердің стандарттарын талдау жүргізу қажет. Киім массалық өндірісі кезінде дене пішінінің жеке ерекшеліктерін ескеру мүмкін емес. Сонымен қатар, халыққа арналған тігін өнімдерін өндіргенде, киімнің өлшемдері тұтынушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше қанағаттандыруы тиіс. Бұл әртүрлі дене пішіндерінің барлық түрлерін антропологиялық типтердің оңтайлы санымен көрсету жағдайында мүмкін болады. Рационалды өлшем типологиясын құрудың негізгі мақсаты – киім өлшемдерімен халықты барынша қанағаттандыратын минималды пішін типтерін айқындау. Мақалада Қазақстан әйелдерінің дене өлшемдеріне қатысты әзірленген абсолюттік өлшемдер негізінде типтік дене пішіндерін қалыптастыруға арналған эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген, мұнда статистикалық мәліметтер мен математикалық статистика әдістері қолданылып, олардың таңдамалық үлгіде көрсетілген көлемі мен өзгергіштігі сипатталған. Мақалада корсет өнімдеріне қатысты нақты статистикалық деректер келтіріледі.
Дене пішіні, типтік фигуралар, өлшем типологиясы, халықтың қанағаттануы
Короткий адрес: https://sciup.org/140313235
IDR: 140313235 | УДК: 678.745 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-207-216