Ислам экономикасыны рухани ндылытары
Автор: Закирьянов А.К., Сарсенбаева А.Б., Джанадыров С.С.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Социально-гуманитарные науки
Статья в выпуске: 1 (91), 2012 года.
Бесплатный доступ
Мақала мұсылмандық банкингтің дамуындағы рухани құндылықтарға арналған. Авторлар ислам банкіндегі негізгі адамгершілік, принциптердің мәнін, сондай-ақ экономикалық қызметтердің әлеуметтік және этикалық шарттарын философиялық тұрғыда түсіндірген
Короткий адрес: https://sciup.org/140204943
IDR: 140204943
Текст обзорной статьи Ислам экономикасыны рухани ндылытары
Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемнің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым са-лымшы жұртшылықты да өзінің ерекше-лігімен қызықтырып отыр. Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйым салынған. Сол себептен де Ислам-дық банк жүйесінде қарапайым банктер-дегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсім-сіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қар-жы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент бо-лып табылады.
Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің қаржылық активтерін жыл өткен сайын молайтып жатқан, шариғат заңдарын қатаң ұстаған банктердің дамуы күн санап жылдам қар-қынмен өсіп жатыр, экономикалық ал-пауыт елдердің де нарығына етене енуде. Бәсекелестікке бейім, бірақ тұтынушысын сүліктей соруға құмар, пайыздық несие-лер арқылы дамитын банктер өздері қыз-мет етіп жатқан қаржы секторында жаңа жүйенің белсенді түрде нық қадам басып келе жатқанын аңғарды.
Соңғы жылдары исламдық кәсіпкер-лік институттар мұсылман мемлекеттері-нің ғана емес, Батыс Еуропа елдерінің де экономикасын құрудың ерекшелігіне ай-налды. Мұсылман әлемінен шыққан қар-жылық экономикалық құрылымдардың ішінде банктер, сақтандыру компанияла-ры, инвестициялық фондтар бар. Қазіргі таңда осы инстиуттардың географиялық аумағы кеңейе түсуде. Бірнеше жылдар бойы ірі еуропалық қаржылық институт-тар шариат талаптарына жауап бере ала-тын қаржылық ноу-хауларын өнімдерді өндіру үшін пайдалануда. Осы процестің өзіндік объективті себептері де бар. Соңғы жылдарда жеткен жетістіктермен қатар, ислам мемлекеттерінің экономикасы мұ-найға жоғары баға қоюмен қатар, әлемдегі мұсылмандардың санын да арттырды.
Осыған байланысты ислам банктері өз экономикалық қызметтерін тек Құ-ранда айтылған мына принциптердің негізінде жасағанын айтуға болады:
-
1) Адам өз байлығының және табиғи ресурстардың (ақша, тауар, жылжымайтын мүлік, басқару тәжірибесі, жаңашыл идеялар) меншік иесі бола алмайды. Себебі, шынайы кез келген байлық тек Аллаға тән.
-
2) Адам тек осы ресурстарды пайдала-натын, Алланың сенімдісі ғана. Осылайша ол өз өмірінде байлықтың сенімді өкілі немесе тұтынушысы болып табылады.
-
3) Адам Алла берген байлықты жа-мандыққа, зұлымдыққа пайдаланбай, оны бұзбай, қазына ретінде есептемей,
ақыл парасатпен игілігі үшін пайдалануы тиіс.
-
4) Кез келген байлықты қоғам игілігі үшін, әрі қызығушылықтары мен мұқтаж-дықтары үшін пайдалануы тиіс.
Ислам экономикасының мәні - бұл алдымен пайыздан, фючерстік мәмілелер-ден, бас тартып, шариат (мұсылмандық ережелерге сай) әдістері мен механизм-дерін қолдана отырып, экономикалық қызмет көрсету. Жұмыс әдістемесі ретін-де жобаларға инвестиция салуды қолда-нады. Жобаға инвестиция салу іске қаты-сумен, тәуекелге бел буумен байланысты. Банк өзінен жобамен көмек сұрай келген адаммен бірге тәуекелді талдап және оны қатысушымен бірге бөліп, өзіне пайыз алмайды. Сондай ақ бұл экономика жүйе-сінде өте тиімді исламдық сақтандыру да бар. Исламдық банкинг саласындағы басты тиымдардың бірі - уақытпен ойнау-ға қатаң тұрде тиым салу. Ондағы негізгі міндет - адам әлі өмір сүре қоймаған уақытпен ойнауға, уақыт қосуға тиым салу. Себебі бұл әрекет тек алыпсатардың пайдасына шешілмек нәрсе. Сондай ақ Батыстың дағдылы ісіне айналған, әзірге егіле қоймаған астықты да сатуға тиым салу бар. Мұсылман қоғамы ресми заңдар деңгейінде және қоғам деңгейінде шы-найы экономикаға бағдарланып құрылған. Бұл шынайы өндіріске қарай шарттасуды және адамның өзіне қатысты уақытына шарттасу мен алып сатуға мүмкіндік бермеуге шарттасу болып табылды.
Ислам қаржылық институттарының нарығында пайда болған, олардың қыз-метінің негізінде жатқан басты мәселе өте жоғары тәуекелге бармау және спекуля-тивті операцияларға жол бермеу. Міне осы әрекеттер мемлекеттің қаржылық жүйесін одан әрі тұрақтандыруға ықпал етеді.
Инвестиция салудағы мінез-құлықты қадағалайтын бес ережелер мен нормалар мынадай:
-
А ) Риба - несиелік пайыз. Барлық келісім шарттар бойынша тиым салынған. Бұл ислам
экономикасының даулы тұсы. Кәдімгі банктік жүйедегі сияқты Рибаны төлеу және пайыз алу мұсылмандық эко-номикада Қасиетті Құранмен тиым са-лынған. Құранда кім несиелік пайызға тиым салуды мойындамаса, Құдай мен оның елшісі Мұхаммедке соғыс жарияла-ғанмен пара пар деп айтылған [2].
Ә) Кәсіпкерлік пен инвестициялар рұқсат етілген әрекет- халал негізінде шұғылданылады. «Этикалық инвестиция-лардың» қатаң кодексі барлық ислам қаржы мамандары үшін жұмыс жасайды.
Б) Майсирге (құмар ойындарға) тиым салу және келісім шарттар гарардан (түрлі спекуляциялардан) тысқары жасалуы ке-рек. Қасиетті Құранда тиым салынған [2].
-
В ) Зекетті қоғамға пайда әкелу үшін банк төлеуі тиіс. Әділетті өмір деңгейіне кепілдік болатын, байлық пен табысты қайта бөлу механизмі. Бұл бір жылдық уақытты толық қамтамасыз ететін актив-тердің қырықтан бір пайызы.
Г) Барлық қызметтік әрекеттер Ислам принциптерімен, келісім шарттардың тиімділігі бойынша банктің бақылауы мен кеңес беруі үшін арнайы Шариғат кеңе-сіне сәйкес болуы керек.
Сондай ақ экономикалық қызметтер-дің әлеуметтік және этикалық шарттарын атап өтуге болады. Соның ішінде инвес-тицияға қатысты тиымдар:
-
- алкогольдік сусындарды өндіру және қолдануға;
-
- жезөкшелікке;
-
- порнографияға;
-
- шошқа етін қайта өңдеу мен сатуға (сондай ақ шариат заңына қайшы келетін басқа да жануар еттеріне).
Қоғам қажетті тауарлар мен қызмет-терге мұқтаж болып тұрғанда, асыл зат бұйымдарын өндіру де діни көзқарас бойынша қатаң тиымға ілігеді.
Ислам банкінің негізгі өнімдері:
Кард-уль-Хасан клиентке банктен белгілі бір сомада ақша беруді қамта-масыз етеді, ал клиент осы соманы белгілі бір уақыт аралығында өтеуге міндетте-леді. Клиент негізгі қарызды өтей оты-рып, банкке өз қалауымен ерікті сый ақы болатын (Хиба) белгілі бір соманы өтейді. Банк ешқашан сый ақы талап етпейді. Бұл ислам банктерінің өз клиенттерімен достық пен сенім негізіндегі өзара қарым қатынастарының ерекшелігі. Шындығына келсек, бұл мұқтаж тұлғаларға, ұйым-дарға, аймақтарға қайтарымды материал-дық көмек болатын қаржыландырудың бір түрі немесе фирманың нақты бір ша-руашылығына берілген пайызсыз несие.
Мурабаха - сауданың қымбаттауымен байланысты қайта сату. Мурабаха - банк пен оның клиенті арасындағы келісілген баға бойынша тауардан (шикізат, құрама заттар және т.б.) пайда табатын алып-сату келісім шарты. Банк клиенттен тауарын сатып алып, оны өзіне (клиентке) жоғары бағамен қайта сатады. Екі жақ алдын ала банк сый ақысымен марапатталатын айырмашылықтарды талдап алады. Кли-ент банкке талап етілген соманы ереже бойынша жеке төлемдермен төлейді.
Мушарака- әріптестік. Бұл банк пен клиент арасындағы әріптестік келісім шартына қол қоюды білдіреді. Келісім шартта екі жақ жобаны бірге қаржы-ландырады, осы жағдайда ерекше келісім шарт орындалады, осыған сәйкес банк клиентіне оның кәсіпкерлік қызметінің нәтижесінен алынған пайданың бір бөлшегін бөледі, ал қалған бөлік банк пен клиенттің қаржыландыру көлеміне сәйкес оларға бөлінеді. Шығын қаржыландыру жобасына қатысушы жақтарға пропор-ционалды түрде бөлінеді. Жобаны екі жақта немесе оның біреуі де басқара алады. Мушарака өнімінің артықшылығы - тиімді келісімдік, ал әріптестіктің ерек-шелігі - пайданы тарату көлемімен басқа-рудың формасы екі жақпен алдын ала келісіледі.
Мудараба - пайда мен шығынға қа-тысу. Ислам банкі ақша қорының иегері, ол кәсіпкердің қабілеті мен тәжірибесіне және беделіне өз құралдарын тиімді пайдалану үшін сенім береді. Айналымға түскен құралдардан алынған кіріс алдын ала бекітілген еншілестік туралы келісім-мен банк пен мудараба арасына бөлінеді. Шығындарды банк алып жүреді, ал муда-раба өз қызметі үшін ешбір сый ақымен марапатталмайды. Банк күнделікті жоба-ны басқаруға араласпайды.
Ислам банктерінің өнімдерін тұтыну-шылар тек мұсылмандар ғана емес. Ислам банкі исламға еш қатысы жоқ клиенттер-мен тәуекелді бөлудің этикалық норма-лары мен принциптеріне сәйкес жұмыс жасайды. Бұл ислам емес елдердегі ислам банкінің пайда болуының бір мүмкіндігі. Ислам банктерін Батыстың көрнекті банктері сол жерде тұратын мұсылман-дардың қажеттіліктері үшін ашқан. Ис-ламдық банк жүйесі жоқ елдерде тұратын мұсылмандар үшін Шариғат заңдарын сақтауда үлкен қиындықтар болады. Несие беруші банк пен несие алатын мұсылмандардың негізгі прициптері бір-біріне қайшы келетін. Бұны несие алу, банкте депозит ашу және ипотекалық қызметтерді пайдалану кезіндегі жағдай-лардан білуге болады.
Мударабада және мушаракта айтылған қаржыландыру жобасының түсімдері, пайдалары мен шығындарынан басқа да исламдық банк қызметтерінің басқа да ерекшеліктері бар. Кәдімгі өзге банктер қарыз алу, яки оларды сатып алу мен сатумен айналысса, ал ислам банкі тауарды сатып алу мен сатумен айналыса отырып, ақшаны таза қызметтік жолда пайдаланады. Мысалы, мурабаха өз мойнына барлық тауарлар операциясын тәуекелге ала отырып, клиент сұранысы бойынша өз есе-бінен банктен тауар алады және ол тауарды клиентке қымбат баға келісім шартымен қайта сатып, банкке пайда әкеледі.
Жүйедегі бұл жаңа варианттар бәсе-келес орта ретінде азаматтық қоғам мен экономиканың дамуы үшін негізгі тұғыр-нама болып табылады. ТМД- дағы Қазақ-стан алғашқылардың бірі болып, ислам банкінің ашылуы үшін заң негіздерін құрды. Біз ТМД ішінен бірінші болып ислам қаржылық институттарымен ынты-мақтастық құруды бастадық. Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясын ұйымдастыруда оған төрағалық жасады.
Қазақстанның дамуы ең алдымен қо-ғамның барлық игілігіне бағытталуы ке-рек, ол жердегі азаматтардың материал-дық әл ауқаты жоғары деңгейде болып, олардың бақытына, демалысы мен ты-ныштығына негізделуі қажет.
Дәстүрлі экономикалық үлгі жыл сайын біздің болашағымызды құртып жатыр: экологиялық мәселелер шешіл-меуде, дамыған елдер ресурстарды бақы-лаудың барлық мүмкіндіктерін жасауда, дамушы елдер кабале қарыздарымен бас көтермеуде, дамушы елдің әрбір азаматы қарызды өтеуге бар уақыты мен күшін жұмсауда. Бұл қоғамның кедей адамы күнделікті мұқтаждықтардан арыла алмаса, бай күн өте баю үстінде. Баю-шылық бұл қанушылықпен пара-пар. Қанаушылық қазіргі таңда барлық әлемде бар құбылыс, және ол күннен-күнге өршуде. Олардың басты мақсаты -бүкіл адамзатты жаңа жасырын құлдыққа айналдыру. Саяси, заңнамалық, юристік және соттық жүйелер, ақпарат құралдары және т.б. барлығы тонаушылар арқылы құрастырылған және олар экономикалық ықпал ету жүйесін сақтау үшін қызмет етеді. Осы әлемнің теледидары мен ондағы тауар жарнамалары бұқараны ойдан шығарылған әлемге жетелеп, әр түрлі қаржы тетіктері арқылы оларды басып алуға ұмтылады.
Риба - өсім қорлық пен өсім алушылық. Бұл әдетте заңсыз жоғары пайызбен, қарызға несие беру. Бірақ исламдағы Риба немесе өсім алушылық ақшаны оның пайыздық деңгейінен тәуелсіз пайызбен қарызға алу. Егер ақша пайызбен қарызға берілсе, онда ешбір еңбексіз немесе күш-жігенсіз уақыт өте ақша өсе береді. Өсім еңбекті, тауарды болмаса меншікті иемдену жолымен болуы қажет, сондықтан Жара-тушы Алла еңбексіз, күш жігерсіз ешнәр-сеге қол жеткізуге болмайды деп айтқан. «Адам тек өз әрекетімен ғана тапқанына іңкәрлансын» [1].
Рибаға негізделген экономикада ка-питал иелері күнделікті бай болып қана қоймай, өз байлықтарын көбейтіп, басқаға тиеселі мүлікті сорып отырады. Ол әлі кедейлене қоймаған адамдардың есебінен баий түседі. Тәуекелге жатпайтын жүйе жолымен кедейлене түседі. Тәуекелге жатпайтын дегеніміз бұл – ресми тұрғы-дағы қарақшылық.
Сонымен Ислам банк жүйесінің негізгі принциптері мынадай: шариғат заңдарын орындау – Исламдық банк-тердің айнымас, ажырамас қағидасы. Бұл қағидалар өздеріне тиісті принциптер бойынша іске асады. Исламдық банктер-дің негізгі шариғаттық прициптеріне тоқ-таламыз.
-
- ысырап жасамау;
-
- заңсыз және ретсіз монополияға тиым салу;
-
- тауарға қойылатын бағаның
шек-тен тыс қымбат болмауы;
-
- шариғат пайдалануға тыйым сала-тын заттар мен тауарларды жасауға және сатуға тыйым салу;
-
- ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға тиым салу;
-
- алдап-арбамау, алаяқтық жасамау;
-
- бастапқы капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал жолмен келуі.
Жоғарыда аталған принциптер Ислам банк жүйесіндегі банк институттары үшін орындауға әбден мүмкін прициптер болып табылады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, Ислам банктер жүйесінде ''Ақша сасымайды'' деген ұстаным жарамайды. Шариғат бойынша ақшаның қандай жолмен келгендігі және қандай мақсат үшін жұмсалатындығы өте маңызды.
Ислам экономикасы бұл адалдыққа, әділеттілікке, тазалыққа негізделген шаруашылық іс-әрекет. Құран-Кәрімнің Бақара сүресінде: «негізінде Алла сауданы халал етті, өсімді харам етті. Алла өсімді жояды, сауданы арттыра түседі» - делінген [1]. Жалпы Ислам дінін халалға негізделген, кәсіпкерлікті басшы-лыққа алады. Қасас сүресінде «Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей, сен де жақсылық істе, содай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе. Алла бұзақыларды сүймейді» –делінген [1]. Ислам экономи-касы адамдардың жеке мүддесі мен қоғам-дық мүддені ортақтастыра сабақтастырады. Мұсылман елдерінде ислам экономикасына негізделген шаруашылықты жүргізу әдіс-тері бүгінгі ғылыми-техникалық жетіс-тіктер негізінде жүзеге асып отыр.
Біздің елімізде де исламдық банкинг жүйесі мен халал стандаттары енгізілу үстінде. 2005 жылы Қазақстанда халал стандарттарының ережесі қабылданды. Қазіргі кезде халал стандарттарына мемелекеттік деңгейде көңіл бөлуде. Тамақ өнеркәсіп саласында халал стандарттары енгізілген кәсіпорындар жұмыс жасауда. Ислам даму банкі әлем елдерінде құрылыс, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту, білім салаларына және т.б. қаржылық кө-мектер бере отырып, экономикалық жүйе-лер арасында имандылық пен адамгершілік экономикасы ретіне алға шығуда.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Список литературы Ислам экономикасыны рухани ндылытары
- Кулиев Э.Р. Коран, перевод смыслов и комментарии.-Алматы; 2008-320с.
- Беккин Р.И. Исламская экономика. -М.; 2008-288с.