Тоқыма материалының күміс иондары арқылы модификацияланған микробқа қарсы белсенділігі мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеу

Бесплатный доступ

Мақалада күміс иондарымен модификацияланған мақта негізіндегі тоқыма трикотаж материалының антимикробтық белсенділігі мен физика-химиялық қасиеттері кешенді түрде зерттелген. Жұмыстың өзектілігі — ұзақ әсер ететін бактерияға қарсы қасиеттері бар медициналық мақсаттағы функционалды тоқыма материалдарға деген сұраныстың артуымен түсіндіріледі. Зерттеу нысаны ретінде 0,1%, 0,5% және 1,0% концентрациялы күміс нитраты ерітінділерімен өңделген мақта трикотажы пайдаланылды. Макроаппретирлеу және термофиксация әдістері қолданылды. Материал құрылымындағы өзгерістерді бағалау үшін FTIR (ИК-спектроскопия), XRD (рентгенқұрылымдық талдау), SEM–EDS (сканерлеуші электронды микроскопия және элементтік талдау), сондай- ақ ISO 20743 стандарты бойынша Staphylococcus aureus, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae штамдарына қарсы микробиологиялық анализдер жүргізілді. Күміс нанобөлшектерінің өлшемі 30–70 нм аралығында, талшық бетіне біркелкі орналасқан. ИК-спектрлік деректер O–H және C–O топтарының төмендеуін көрсетті, бұл күміс пен целлюлоза арасындағы химиялық әрекеттесуді дәлелдейді. Антибактериялық әсері 1,0% концентрациясында ең жоғары нәтиже көрсетті (ингибиция аймағы >20 мм), ал 5 рет жуылғаннан кейін 80%-ға дейін белсенділік сақталды. Физикалық қасиеттері де жақсарды: беріктігі 4,8%, ылғал сіңіргіштігі 6,2%-ға артты. Ғылыми жаңалығы: тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, күміс иондары арқылы модификациялаудың тиімділігі дәлелденді. Практикалық құндылығы: алынған материалдарды жараға арналған таңғыштарда, хирургиялық таңғыштарда және медициналық киімде қолдануға болады.

Еще

Күміс, бактерияға қарсы тоқыма, нанобөлшектер, трикотаж, талшық модификациясы, микробиологиялық талдау, ИК-спектроскопия, таңғыш материалдар

Короткий адрес: https://sciup.org/140312211

IDR: 140312211   |   УДК: 677.027.65   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-242-253