Artemisia rutifolia қою экстрактысының компоненттік құрамын зерттеу

Автор: Маликова Ж.А., Алламбергенова З.Б., Жұмашова Г.Т.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 2 (148), 2025 года.

Бесплатный доступ

Artemisia туысына жататын өсімдіктер кең биологиялық белсенділікке ие болғандықтан, олардың фитохимиялық құрамын зерттеу қазіргі фармацевтикалық ғылымның өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Бұл зерттеу Artemisia rutifolia өсімдігінің жер үсті бөлігінен алынған экстракт құрамындағы химиялық компоненттерді талдауға арналған. Зерттеу мақсаты – заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, осы өсімдіктен спиртті экстракт алу арқылы негізгі биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу, идентификациялау және сипаттау. Зерттеу экстракция, фракциялау және алынған заттардың спектроскопиялық идентификациясын қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы Artemisia rutifolia экстракттарының химиялық құрамын кеңінен зерттеу арқылы жаңа дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) жасау перспективаларын ашуымен сипатталады. Жұмыстың практикалық құндылығы фармакологиялық белсенділігі бар қосылыстарды бөліп алумен байланысты. Зерттеу әдістемесі спиртті экстракт алу, экстракциялық бензин және хлороформ арқылы сұйық-сұйық фракциялау, сонымен қатар сефадекс LH-20 қолданумен бағанды хроматография әдісі арқылы тазалау жүргізілуін қамтыды. Бөлінген қосылыстардың құрылымы ЯМР-спектроскопия және түпнұсқа үлгілерімен салыстыру арқылы анықталды. Зерттеу нәтижесінде Artemisia rutifolia өсімдігінің экстрактынан үш қосылыс – монотерпен камфора, флавонол кастицин және стеринді гликозид даукостерин бөлініп, идентификацияланды. Спектрлік талдау олардың химиялық құрылымы мен тазалық дәрежесінің жоғары екенін растады. Зерттеу перспективалы дәрілік өсімдік компоненттерінің терең сипаттамасын беріп, Artemisia туысына жататын өсімдіктер бойынша фармакогностикалық деректерді толықтырады. Бұл нәтижелер болашақ фармакологиялық зерттеулер мен жаңа дәрілік және биологиялық белсенді өнімдерді жасау үшін негіз бола алады.

Еще

Artemisia rutifolia, қызғылтжапырақ жусан, ультрадыбыстық экстракция, экстракт, ЯМР-спектроскопия, химиялық құрам

Короткий адрес: https://sciup.org/140310140

IDR: 140310140   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-2-66-73

Статья научная