MCP-1 препаратының қолдануымен Апорт сұрпы алмаларының сақталуын зерттеу
Автор: Салатина И.А.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 2 (148), 2025 года.
Бесплатный доступ
Бұл жұмыста Апорт сұрпының алмаларын MCP-1 препаратымен сақтау бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – Апорт Алматылық сұрпының сақтауында MCP-1 препаратының тиімділігін бағалау. Алмалар реттелетін газ ортасында (РГО) және қалыпты жағдайда, бақылау және тәжірибелік топтарға бөлініп сақтауға қойылды. Өлшемдер сақтау алдында, одан кейін, сондай-ақ +23 °C температурада 14 күн бойы ұстаудан соң (сату жағдайын имитациялау) жүргізілді. Агротехнологиялық талаптардың бұзылуы мен өнімді кеш жинауға қарамастан, MCP-1 препаратымен өңдеу оң нәтижелер көрсетті: жемістердің тығыздығы мен сапасының сақталуына, сондай-ақ физиологиялық бұзылыстардың төмендеуіне ықпал етті, әсіресе РГО жағдайында. MCP-1 препараты жемістердің текстурасы мен тыныс алу тұрақтылығын тиімді сақтап қана қоймайды, сонымен қатар аурулардан, әсіресе ұзақ сақтау кезінде және бөлме температурасында кейіннен қартаю кезінде болатын шығындарды айтарлықтай азайтады. Бұл жемістер мен көкөністерді сақтау технологияларында заманауи өсу реттегіштерін пайдаланудың ғылыми және қолданбалы құндылығын арттырады. Алынған нәтижелер MCP-1 препаратының Апорт сұрпын сақтау кезінде жоғары тиімділігін және оны сақтау мен сатудағы шығындарды азайтудағы маңыздылығын дәлелдейді, бұл әсіресе Қазақстандағы апортты қайта жаңғырту бағдарламасы аясында маңызды.
Апорт, MCP-1, заманауи сақтау технологиялары, реттелетін газ ортасы, физиологиялық бұзылыстар, жеміс сақтау, өнімді сақтау кезіндегі шығындарды азайту
Короткий адрес: https://sciup.org/140310145
IDR: 140310145 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-2-107-116