Aқуыз гидролизатын алу үшін ферменттердің ақуыз гидролизіне әсерін зерттеу

Бесплатный доступ

Жұмыстың мақсаты ақуыз гидролизі негізінде биологиялық белсенділігі жоғары құрғақ пептон алудың технологиялық режимдері мен параметрлерін әзірлеу болып табылады. Зерттеудің негізгі бағыттары ет және балық шикізаттары қасиеттерінің өзгеруіне жануарлар протеазаларының ферменттік кешенінің гидролиздеу әсерін зерттеу болып табылады. Бұл мақалада гидролиз ұзақтығының ақуыз гидролизатының сапасына әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Гидролиз тереңдігіне жету үшін шикізаттың ферментативті гидролизінің оңтайлы технологиялық режимдері мен параметрлері (субстраттар мен ферменттердің концентрациясы, рН мәні, температура, процесс уақыты) анықталды. Гидролизаттың физика-химиялық, органолептикалық, биохимиялық көрсеткіштері зерттелді. Ақуыз гидролизатының сапа көрсеткіштері нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес екендігі анықталды. Зерттеулерде жалпы қабылданған химиялық, органолептикалық, биохимиялық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері мал шикізатын өңдеу барысында ақуыз гидролизін алу үрдісінде қолданылады. Жанама өнімдерді өндіріске бейімдеу шикізаттың құрамындағы құнды компоненттерін барынша толық бөліп алуға мүмкіндік береді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы гидролиздің тереңдігін арттыруға және мақсатты өнімнің шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақуызды шикізатты өңдеудің ферментативті-қышқылдық әдісін қолдана отырып, оңтайлы физика-химиялық және биохимиялық қасиеттері бар жоғары сапалы гидролизат алу болып табылады.

Еще

Сойылған жануарлардың ферменттік шикізаты, субөнімдер, балық шикізаты, гидролиз, ақуыз гидролизаты, пептон

Короткий адрес: https://sciup.org/140312193

IDR: 140312193   |   УДК: 65.59.15   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-71-79