Как орда азастан тарихында

Автор: Закирьянов А.К., Ахметова Ш.К., Бейсембаева Н.С.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Социально-гуманитарные науки

Статья в выпуске: 3 (93), 2012 года.

Бесплатный доступ

В данной статье рассматривается система образования, этногенез и политическое состояние средневекового государства Кок Орда на территории современного Казахстана. Авторами значительное внимание уделено историографическим проблемам, а также спорным вопросам, по некоторым из них делаются собственные выводы.

Тарих, династия, ханзада, резиденция, генеалогия, құрылтай, орда, кінәз

Короткий адрес: https://sciup.org/140204957

IDR: 140204957

Текст статьи Как орда азастан тарихында

Тарихнамада термин мәліметі бойынша керекті біртұтас пікір жоқ, өйткені ортағасыр-лық кездерде қарама-қайшы нұсқаулар бол-ды... Осы кезеңде Көк Орда 3 саяси қайрат-кермен тұстасады: Арабшах, Тоқтамыс, Темір. Ақ Орда: Берке ханның өлімінен кейін 1266-67жж Абул Гази жазғандай, Меңгі-Темір хан таққа отырып, ұлыста тәртіп орната бастады. Ақ Орда орналасқан аймақты ол Шибан ханның ұлы Бахадур ханға еншілікке берді.Көк Орда термині ресми атау ретінде Жошының тірі кезінде қолданылған: 1. оның ордасы, Алакөл маңайында екенін білдіру үшін;2. бұл термин Жошының ұлдары Орда-Ежен ұрпақтарының иеліктерін білдіру үшін; 3. Көк Орда жошылықтардың сол қанатының хансарайы деп аталуы үшін. а) Ақ Орда сөзтіркесі алғаш рет 1266-67 жылдардағы оқиғаларды сипаттауда Алтын Орда ханы Меңгі-Темірдің билегенге дейін болғанын білдіреді; б) Ақ Орда термині Шибан ұрпақ-тары иеліктеріне қатысты, себебі олардың географиялық орналасуы Алтын Орданың алғашқы хандарының жеке сарайлары мен Орда - Ежен иеліктерінің аралықтарында болды. Орда-Ежен иеліктері алғашқыда Жошы ұлысының ең шығысында орналасты; в) Ақ Орда ханзадалары жошылықтардың әскерінің оң қанатына кірді. Ұлыстар – Шыңғысхан династиясының билеушілер мүшелерінің меншік иеліктерінің, өсуіне және өз бетімен бөлінуіне қарай мемлекеттік-ті білдірді. Көк Орда және Ақ Орда XIV ғасырдың екінші жартысында Өзбек ұлысына орын беріп, кейіннен бұл ұғым Жошы ұлысында қолданылмады. Ақ Орда аумағы XIV ғасырдың ІІ-ші жартысында Алтын Ордадан тәуелділігінің әлсіреуіне қарай біртіндеп қалыптасты. Алтын Орда XIV ғасырдың бірінші жарты-сында, әсіресе исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Өзбек ханның тұсында (1312-1342), сондай-ақ оның ұлы Жәнібек ханның кезінде (13421357) нығайып, күшті мемле-кетке айналды. Алайда, XIV ғасырдың II жартысынан бастап ол дербес ұлыстарға ыдырай бастады. Алтын Ордадан Ақ Орда мемлекеті Дешті Қыпшақ жеріне жеке бөлініп шықты.Алғашқыда Дешті Қыпшақ, Жетісу-дың солтүстік-шығыс бөлігі, Ертіс аймағы Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұлысына кіріп, ол Көк Орда деп аталынды [1]. Көк Орда көшпелілері дәстүрге сәйкес тиімді басқаруды қаған арысқа ұсақтады. Үш әскери әкімшілік бөлімше бар (оң қанат, сол қанат, орталық). Бірнеше арыс қанаттарды құрайды. Ең ірі арыс-Арғын, найман, керей, қыпшақ, қоңырат арысы, Жәнібек пен Керейдің тұсында қазақ хандығының негіздеушілері, көшпелі өзбектердің жетекші мемлекеті және Көк Орда сұлтанымен Әбілхайыр хан қиын жағдай арасында әскери саяси соқтығысуға ұшырады. Тарихнамада этникалық топ емес, өзбек және қазақ мемлекеті пайда болды. Алтын орданың тарихын зерттеушілер Көк Орда, Ақ Орда деген терминдердің шығуын Жошы ұлысының әр бөліктері деген пікірді ұстанады. Бірақ Ақ, Көк Орданың туу кезеңі туралы әр түрлі қайшы пікірлер айтылуда. Батудың Алтын Орданы басқару кезеңінде енші жерлер, облыстар Жошының басқа ұлдарының меншігінде болған. Ақ Орда – Шибанда, Көк – Орда-Еженде Жошылықтар-дың генеологиясы бойынша оның үлкен ұлы Орда-Ежен Бату ханға келісім берген. Орда-Ежен еншілікке әкесінің резиденциясын Ертістің бойында Алакөл көлінің жанында орналасқан Көк Орданы алды. Осы оқиғаға байланысты Үтеміш қожаның аңызын келтіре кету керек: Шыңғысхан Жошының мұрагер-лік мәселесін қарастырғанда Орда-Еженге көк түсті киіз үй қойған, соған байланысты Көк Орда арыстың орталықтары қалашықтармен бекіністер болып табылады [2]. Феодалдық иеліктер мұра арқылы билік етіледі және түрік тұқымды рулық көсемдер басқарады. Дегенмен де,сұлтан адал қызмет еткен адамды өз жасауына коса алды. Көк Орда айналасы жергілікті тығыз байланысқан топ бекзадалар ағайындас байланыстар жасады. Хандықтың негізгі тұрғындары Сібір қазақтары болып табылады. Ілгеріден бұл жерде өмір сүрген жергілікті халық түркі тілді тұрғындар болды. Сібір қазағының этногенезінде Сібірге қашып бара жатқандағы тайпалар татар, башқұрт және ноғайларға қатысты. Тұрғындар қыпшақ тобының түркі тілінде сөйлесті. Олар исламмен мұсылман аттарын (есімдерін) қабылдады: Абылай, Керей, Жүсіп, Ақсейіт. Негізгі тұрғындар өздерін әр түрлі атады: Тобыл өзенінен келгендер-тобылдық,Тара өзенінен келгендер – таралық, Ертыш пен Обьтан келгендер – бараба, Оңтүстіктен келгендер –бұхарлық, Есіл өзенінен келген тұрғындар – есілдік, және т.б. Жұрт ұйымының негізгісі рулық қатынастар ,сол ауылдың тұрғындары өмір сүрді. Бұл жанұя арыстар мен билерге бірікті. Көк Орданың тірегі егеменді тәуелсіз меншікті қуатты және соғысқа жарамды қаруландырған күштер болуы керек [3].

Көк Орда мемлекетінде өмір сүрген халықтардың даму дәрежесі әркелкі болды. Орыс жерінің халықтары Еділ алқабындағы отырықшы егінші шаруашылықпен айна-лысты. Көк Орданың қоластындағы түрік тектес халықтар көшпелі мал шаруашылы-ғымен шұғылданды. Түрік тектес тайпалар құрамында қыпшақ, каңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ болды. Көк Орданың мемлекеттік құрылымы әскери негізде құрылды. Хан барлық қарулы күштердің қолбасшысы саналды. Бектердің құрылтайы мемлекет билігінің бір сатысы саналды. Шешуші кезеңдерде құрылтай шақырылып, мемлекет тағдырына қатысты, маңызды саяси, әскери мәселелер шешілді.Көк Ордаға бағынышты аймақтарды басқару үшін өкіл әкімдер бектерімен тамғаш және басқақтар тағайындалды. Олардың басты міндеті жергілікті халықтарды билеп-төстеу, олардан хан қазынасына алым-салық жинау еді. Көк Орда езгісіне тап болған Орыс жері талан-таражға түсіп, шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Көк Орда мемлекетінде егіншілер мен малшылардан алынатын алым-салықтың екі түрі «қалан» және «қапшуыр» деп аталды. «Қалан» - салығы бойынша егіншілер жыл сайын өнімнің оннан бірін салық ретінде қазынаға тапсырды. «Қапшуыр» -салығы тәртіп бойынша малшылар жыл сайын мал басына салық төледі. Орыс кінәздері өздері бестігінен айырылып, ханға бағынышты күй кешті. Олар Көк Ордаға көп сый-сыяпат апарып, ханға сәлем беріп, тәжім етуге тиіс болды. Оларды кінәз ету-етпеу ханның еркінде еді. Хан кінәз қойған адамына ерекше құжат – жарлык берді. Осындай жарлық алған адам ғана кінәз болып есептелді. Көшпелі аудандарда малға жекеменшік болғанда жайылымдарға билік ету ірі ақсүйектерге берілген, сондықтан олар жайылымдарда меншік иелері болды, сөйтіп олар барлық қауымдастық иелігін меншіктенді. Сондай-ақ, кейбір басылымдарда Ақ Орда елінде ақсүйектер жер иеленушінің инджу (хан тұқымына берілетін жерлер), милк (әскери қызметі үшін сыйға берілетін жерлер), соқтұрған (қазақ хандарының туыстарына немесе көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілетін жерлер) сияқты түрлері және тархандық сый- тарту белгілі болғаны да айтылады. Қарапайым көшпенділер мен егін-шілерді пайдаланудың әртүрлері орын алған, ол үшін пайдасына алым –салық төлеген. Малшылар – зекет төлеген, етпен, яғни соғым, сыбаға ретінде. Егіншілер – бадж, харадж. Әскер үшін тағар жиналған. Мұсыл-ман дін басылары вакф жерлерін иеленген.

Көк Орда хандығы феодалдық мем-лекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Көк Орда үстемдігі астына езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады. Көк Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен аланұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегімен Еділ бойында қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтар мен сіңісіп кетті. Көк Орда әскері екі бөліктен құралды.Олардың құрамына хан әскерлері, есауылдар, хан малайлары кірді, барлығы жақсы қарулы және үйретілген, тәртіпті, табанды болды. Мұнда кіргендер оңай құрамды көшпелі жауынгерлер және асыл тұқымды рулық көсемдер мен батырлар болды. Көк Орданың толық жауынгерлерінің ортақ саны 10-15 мың.адамға жетті. Әскер сахаралық шарттардағы көшпелілер отряд-тарымен ойдағыдай соғыса алды. Көк Орда әскерлерінің негізгі тиянақтылық тәсілдері-мен ашық кеңістіктегі шапшаң шабуылы қулықпен шегінуі дұшпанына жебемен ұмтылуы, жақсы қойылған. Оладың қарулары қылыш, семсер, жебе, садақ, сүңгі, қанжар, шоқпар, балта және айбалта. Жақсы қойылған металл өңдеу өзіне қажетті даярлауға мүмкін-дік беретін-сауыт, қалқан, дулыға жасады. Қорыта келе, Көк орда хандығы феодалдық мемлекет болды. Көк Орданың негізгі халқы монғол шапқыншылығынан бұрын қалып-тасқан біртұтас этникалық территориясы, бірыңғай шаруашылығы және ортақ мәде-ниеті бар түркі тілдес ру-тайпалар болды. Кейін олар қазақ халқының жеке халық бо-лып қалыптасуында үлкен роль атқарды [4].

Ескерілуі керек мәселелер:

Дереккөз базаның кемшілігінің жеке жағ-дайларында ақындық және басқа шығармалар-дың орта ғасырлық тарихи, тарихи география-лық сөздері ылғи бір болған мүмкіндік туғызды, зерттеуші бойымен әртүрлі түсіндірілді.

Тарихи талдау мәселесі есепсіз,тек қана орта ғасырлық және қазіргі тарихнама. Жеке зерттеушілердің көзқарастары қарастырудан бұрын,сол орта ғасырлық көз өкілдік ететін суретті бейнелеуге талаптануға өкілдік етеді. Орта ғасырлық Қазақстан аумағындағы оқиғалар туралы баяндаушы көпшілік авторлар үшін көз тән болды,онда ол халық және бөтен елді (алыс немесе жақын) жердегі басқа мемлекет,сол себептердің толық сипаттамалары, уақытының пайда болуы және ұқсас атаулардың жоғалу жағдайлары-ның өзін тек қана айғақтық шығарманың естілген немесе алынғаны ертелеу констан-циясымен шектеле алмады. Демек,өлкеде әскери этнополитикалық оқиғалармен кез-келген сипаттама нақты авторлардың және құмарлықтары, оның этникалық және саяси тиістілігіне байланысты.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Ахмедов Б.А. Көшпелі өзбектер мемле-кеті. – М., 1965. – 120б.

  • 2.    Нестеров А.Г. Государство Шайбанидов и Тайбугидов в западной Сибири в XIV-XVIIв.в. – М., 1986.-124б.

  • 3.    Археология және тарих. – 1983. – 205б.

  • 4.    Өскенбай К. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2002. – 691б.

Список литературы Как орда азастан тарихында

  • Ахмедов Б.А. Көшпелi өзбектер мемлекетi. -М.: 1965ж. -1-20б.
  • Нестеров А.Г. Государство Шайбанидов и Тайбугидов в западной Сибири в XIV-XVIIв.в., 1-124б.
  • Археология және тарих. -1983ж. -1-20б.
  • Өскенбай К. Қазақстан Ұлттық энциклопедия, -Алматы 2002ж. -691б.
Статья