Ксіпорынды дадарыса арсы басару негіздері
Автор: Сарсебаева А.М., Мынбаева Ш.А.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Экономика и сервис
Статья в выпуске: 2 (98), 2013 года.
Бесплатный доступ
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы егемендік алған соң, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына байланысты, мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқарудағы шешуі табылмаған өзекті мәселелердің орындалу жолдары, кәсіпорынды экономикалық дағдарысқа қарсы басқару, кәсіпорындағы барлық ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайындағы бағыттар талданған. Автор, нақты өндіріс сапасының дамуына байланысты, мемлекет тарапынан қажетті әдіс жолдарын белгілейді. Мақаладағы кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы реттегі жұмыстың мақсаты ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынды экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашуға және нақты экономикалық тұрғыда негізделген тәжірбиелік ұсыныстар беру.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204988
IDR: 140204988
Текст научной статьи Ксіпорынды дадарыса арсы басару негіздері
Кіріспе
"Қазақстан-2030" Стратегиясында даму-дың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлеуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделерінің нақты, өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді бірік-тіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирма-лардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорын-дарының дағдарысқа қарсы басқару импорт-ты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. Осы тұрғыда ақырғы тұтыну өнімдерін шығаратын отан-дық кәсіпорындарға салмақ салынады. Тоқы-ма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарына киім, тоқыма, мата, кілем тауарларын шығару барысында түсетін жауапкершілікте елдің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудын басты бағыттарының бірі болып саналады.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіп- орындарының дамуы өз басынан әртүрлі кезеңдерді өткізді. Кеңестік байланыстардың үзілуі, негізгі капиталдың тозуы, өндірістік бағдарламалардың нарық талаптарына сай келмеуі, саладан білікті мамандардың сауда саласына кетуі, заманға сай жаңа өнім түрлерінің шығарылмауы салада экономи-калық қатер туғызды. Оның үстіне, сапасы нашар, ал бағасы арзан шетелдік импорттың нарықты толтырғанын ескерсек, сала кәсіпорындарының дағдарыстық жағдайға қалай тап болғанын түсінуге болады. Елде импортты алмастыру бағдарламасының, басқа да саланы қолдау құжаттарының қабылда-нуының және халықтың отандық өнімдерге назар аудара бастауының нәтижесінде ғана, соңғы кезде тоқыма және кілем өнеркәсібі саласында жандану байқалады. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде осы жандану үрдісін жоғалтып алмай, жаңа нарықтарды игеруге, бәсеке қабілетті өнім шығару арқылы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды шешу күткен сұрақтардың бірі.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесі дағдарысқа қарсы басқарудың озық тәжірибелерін, экономикалық дағдарысқа қарсы шарттар мен параметрлерін, ғаламдану жағдайындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің маңызын, дайындауды қажет етеді.
Нарықтық экономика жағдайында кә-сіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономи-калық тұрақтылықтың болмауымен байла- нысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқа-рудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақ-тарына тоқталамыз.
Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикатор-ларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.
Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономи-калық дағдарысқа қарсы басқарудың қамта-масыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономи-калық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкес-тілігін жоймайды.
Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағ-дайында экономикалық дағдарыстын сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды.
Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлуетінің (өндірістік, технологиялық, ғы-лыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Бұл ретте, ұдайы өндіріске мүмкіндік болмай қалады. Кәсіпорында инвестициялардың басты көздері - амортизациялық аударылымдар, таза табыс және қарыз қаражаттары болғандық-тан, дағдарыс жағдайында, айтылып кеткен инвестиция көздерінің тартылып қалуы мүмкін. Кәсіпорын әлуетін біртіндеп жаңалау (инновацияларды игеру, тұтыну сапасы артық тауарлар шығару) алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық және инвестициялық құралдарды игеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ұдайы өндірісте осы құралдарды ұзақ уақыт бойы қолданбау кәсіпорынның дамуын тоқтатады [1].
Зерттеудің нысаны, әдісі
Қазақстан Республикасының егемендік алған кезеңінен бастап, «экономикалық дағдарыс» термині елдің құқықтық -нормативті құжаттарынан берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына ҚР-ның "ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс талап-тары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық көрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан -жақты қарастыруды ұйғардық.
Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарыс келесідей түсінік беріледі: «...мем-лекеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және қорғану қабілетін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін экономиканың жағдайы»
ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңында экономикалық қауіпсіздік «ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы» деп көрсетілген.
Біз жоғарыда тоқталып өткен экономи-калық дағдарысқа қарсы басқару түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана қарастырылған деп тұжы-рымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.
Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның эконо-микалық дағдарысқа қарсы басқаруды қам-тамасыз ету көзқарастар көрсетілген. Соларға шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдір-мекпіз.
Кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) экономикалық қауіпсіздігі ғылыми – техни-калық, технологиялық, өндірістік және кадр-лық әлуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске қабілеттілігін білдіреді. [2].
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз - жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы. Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.
Осы пікірлерде кәсіпорынның экономи-калық дағдарыспен байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстын алдын-алу туралы мәселе қозғалған. Эконо-микалық дағдарыс ұштаса отырып, дағда-рысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндіріс-тік, технологиялық, еңбек, ғылыми-иннова-циялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіп-орынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.
Нарықтық экономика кәсіпорын менед-жерлері тек қана дамудың нарықтық стра-тегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде интеллектуалдық меншікті және экономикалық дағдарыстан қорғаудың ар-найы бағдарламаларын қосатын экономи-калық стратегияны жасауы керек. Кәсіп-орындағы осы қызметке жауапты бөлімшенің, дағдарыс ережелерін сақтауды бақылайтын және қорғау жоспарын, құралдарын анықтайтын, бұзу әрекеті мен фактілерін анықтау және нейтралдау жұмыстары бірінші жолға қойылады. Кәсіпорын инфрақұры-лымының кез-келген элементінің қызметінің босаңсуы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару тікелей әсер ететін болғандықтан, кәсіпорынды басқару үрдісі экономикалық қауіпсіздік сұрақтарымен тікелей бай-ланысты.
Кәсіпорындағы экономикалық дағда-рысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету үшін меншікті корпоративті ресурстар пайда-ланылады:
-
1 . Капитал ресурсы;
-
2 . Персонал ресурсы;
-
3 . Ақпараттар және технологиялар ре-сурстары;
-
4 . Техника және жабдықтар ресурс-тары;
-
5 . Құқық ре сурстары: патенттер, ли-цензиялар, экспорттық квоталар және [3].
Экономикалық субъектілердің іс-әре-кеттері әлеуметтік-экономикалық мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылық-тардан тұрады. Меншік иелерінің және жалдамалы қызметкерлердін экономикалық мүдделерінің бар екенін айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағалау өте маңызды. Себебі, қызметтегі белсенді әлует дағдарысқа қарсы дамуды анықтайтын, экономикалық өсудің кепілі және елдің экономикалық тәуелсіздігін, дағдарысқа қарсы басқару дағдарыстан сақтайтын тұрақты фактор болып табылады. Оның босаңсуы кәсіпорынның, мемлекеттің болжауға мүмкін болмайтын зардаптарға ұшырауына әкелуі мүмкін.
Қорытынды және талдау
Кәсіпорынның экономикалық дағда-рысқа қарсы басқару ең алдымен менед-жерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола бастаған қиындық-тарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық дағда-рысқа қарсы басқаруда төнетін қатерлерді келесі түрде жіктейді:
-
- Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.
-
- Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер. Мысалы: инфляция деңгейі, табиғат апаттары.
Кәсіпорынның экономикалық дағда-рысқа қарсы басқару функционалдық тұр-ғыдан келесі элементтерден тұрады:
-
- Технико-технологиялық;
-
- Интеллектуалдық және кадрлық;
-
- Қаржылық;
-
- Саяси-құқықтық;
-
- Ақпараттық;
-
- Экологиялық [4].
Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.
Технико-технологиялық элемент. Эко-номикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіп-орындағы технология, құрал-жабдықтар әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда қандай технология пайдаланатынын, қолданыстағы технологияны ішкі резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми ізденістерді байқауы керек.
Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық жағдайларда экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дең-гейі көп жағдайда мамандардың білікті-лігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу, оқыту және ынталан-дыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жағдайын үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіп-орынның қаржылық тұрақтылығы меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының жойылу себеп-тері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен, актив-терді тиімсіз жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақты-лықты сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық -экономикалық қызметінде нақты тапсыр-маларды жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шы-ғындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамта-масыз ету. [5].
Саяси - құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге болады:
-
- кері әсерлерді анықтау;
-
- қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
-
- осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында ақпарат-тарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап, ары қарай дамуы үшін колдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын эко-логиялық мөлшерлерді бұзудан болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі кел-месе, халықаралық және ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.
Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі шаралар алгоритмі тиімді болар еді:
-
1. Мүмкін болатын экономикалық қатерлерді талдау;
-
2. Қарсы шараларды жоспарлау;
-
3. Қабылданған шаралардың орында-луын бақылау;
-
4. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау.
Кейде экономикалық қауіпсіздікті заң-дылықтағы, нарықтағы, экономикалық тәуе-келдерді есептеуде кеткен қателермен байланыстырып жатады. Осы қателердің бәрі кәсіпорынның таза табысына кері әсер ететінін айта отырып, біз мемлекетті, тұтынушыларды, табиғат факторларын эконо-микалық қатер төндірушілер ретінде өрсету-ден аулақпыз. Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару менеджерінің басты қызметі - заңгердің, экономисттің, жоспарлау бөлімінің алдына экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін арнайы міндеттерді қоюда болып табылады.
Қорытынды
Қазіргі таңда Қазақстандық кәсіпкерліктің қайта өрлеуі тұрғысы көп айтылуда: алайда, анығырақ айтар болсақ, бұл күндері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан құбылыс біздің елде кәсіпкерліктің екінші қайта өрлеуіне жасалған талпыныс болып саналады. Кәсіпкерліктің қалыптасып даму негізі 1992 жылдан бастап кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы барысында жасалынған болатын. Бүгінгі таңда Қазақ-станда кәсіпкерлік мемлекеттік қолдаудың күшеюі арқылы үлкен қарқынмен дамуда. Кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін ең маңызды мәселелердің шешімі ҚР Президен-тінің 2001 жылғы 7-мамырдағы №597 «2030 жылға дейін Қазақстанның даму страте-гиясын іске асыру іс-шаралары туралы»
қаулысы арқылы Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама елдегі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұры-лымын дамыту деп есептеледі.
Кәсіпорындардың экономикалық дағда-рысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса, төртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанар-лықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасай-тын жүйе құру керек болады. Осы айтылған кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қар-сы басқару қамтамасыз ету циклын біз тереңі-рек талдайтын тоқыма-кілем кәсіпорын-дарына да кеңінен қолдануға болады [6].
Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорында-рының экономикалық дағдарысқа қарсы бас-қаруды қамтамасыз етудің екінші кезеңінде дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді дәл қазіргі жағдайы бағаланады. Осы ретте, кәсіпорынға төнетін қатер және осы қатерден мүмкін болатын зиян толығынан талданады. Әрбір кәсіпорында жоғарыда айтылғандай қатерлердің алдын-алу шарала-рынан барынша оң әсер алатын ақпараттарды жинау, талдау және бағалаудың бірегей жүйесі болуы тиіс. Кәсіпорынның экономи-калық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын анықтау бірнеше басты бағыттарда жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметі бағаланады. Есептік мәліметтер негізінде кәсіпорын капи-талының құрылымы мен серпіні, қарыз қара-жаттарынан тәуелсіздігі мен автономдығы, айналым қаржыларының ағымдағы кезеңдегі және болашаққа өтімділігі мен төлем қабілеті талданады.
Ешкім және ешқашан дағдарыстан қор-ғап қалуға кепілдік бермейді. Әдетте, дағда-рыстық жағдай аяқ астынан болады. Дағ-дарыс кәсіпорындарды қызмет саласына, қызметкерлер санына, өнім сапасына және басқа жағдайларға қарамай-ақ таңдайды.
Дағдарыстық жағдайда менеджменттің әдет-тегі, бәрімізге белгілі шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс. Олардың кейбірі арнайы, тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса, кейбір әдеттегі әдістері бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары сапасында қолданылады. Нарық-тық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжі-рибесінде макро- микродеңгейлерге дағда-рысқа қарсы шаралардың бай қоржыны бар [7].
Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, "көктен түскендей" тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады [8].
ӘДЕБИЕТТЕР тізімі
-
1. Бирюкова Л.А. Приемы антикризисного менеджмента. –М.: Юнити, 2006.
-
2. Желдыбаев А.Е. Антикризисное управление. Учебник. -Алматы: Экономикс, 2008.806 С.
-
3. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента / Пер. с анг. -М.: Дело, 1992.-500 С.
-
4. Дюсемалиева А. О банкротстве // Предприниматель и право. – 2000. - №12- Июнь. -С. 17.
-
5. Любимцев Ю., Логвина А. Концепция финансовой безопастности: Общегосударственные и региональные аспекты// Экономист.- 1998.-№3 с.55-56.
-
6. Алиев М. Показатели ликвидности предприятий: оценки и пути улучшения. /Современное развитие: источники, движущие силы и формы разрешения противоречий: материалы междунар.науч.конф. в 2-х частях, Алматы: Унверситет «Туран», 2001.-Ч.1.-С.263-269.
-
7. Канаданов Е. Бонкротсво: теория и практика // Юридическая газета. -№5 -23 февраль 2000.- С.5.
-
8. Остапенко В.И др. Финансовое состояние предприятия: оценка, пути улучшения/ Остапенко В., Подъяблонская Л. Мешков В. // Экономист.-2000.-№7.-С.37-42.
Список литературы Ксіпорынды дадарыса арсы басару негіздері
- Бирюкова Л.А. Приемы антикризисного менеджмента. -М.: Юнити, 2006.
- Желдыбаев А.Е. Антикризисное управление. Учебник. -Алматы: Экономикс, 2008.-806 С.
- Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента/Пер. с анг. -М.: Дело, 1992.-500 С.
- Дюсемалиева А. О банкротстве//Предприниматель и право. -2000. -№12-Июнь. -С. 17.
- Любимцев Ю., Логвина А. Концепция финансовой безопастности: Общегосударственные и региональные аспекты//Экономист.-1998.-№3 с.55-56.
- Алиев М. Показатели ликвидности предприятий: оценки и пути улучшения./Сов-ременное развитие: источники, движущие силы и формы разрешения противоречий: материалы междунар.науч.конф. в 2-х частях, Алматы: Унверситет «Туран», 2001.-Ч.1.-С.263-269.
- Канаданов Е. Бонкротсво: теория и практика//Юридическая газета. -№5 -23 февраль 2000.-С.5.
- Остапенко В.И др. Финансовое состояние предприятия: оценка, пути улучшения/Остапенко В., Подъяблонская Л. Мешков В.//Экономист.-2000.-№7.-С.37-42.