Ірі қара терісін экологиялық өңдеу арқылы аяқ киім ұлтарағын жасау
Автор: Сабырханова С.Ш.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.
Бесплатный доступ
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысы ірі қара мал терісін экологиялық таза өңдеу әдістері арқылы аяқ киім ұлтарағына арнап қолданудың ғылыми және практикалық негіздерін қарастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта теріні дәстүрлі хроммен илеу технологиясының қоршаған ортаға, адамның денсаулығына кері әсер етуі өзекті мәселенің бірі. Зерттеу жұмысының мақсаты ірі қара терісін экологиялық қауіпсіз әдістермен өңдеудің тиімді тәсілдерін анықтау және алынған былғарыны аяқ киім ұлтарағына қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Зерттеу барысында биоөңдеудің негізгі бағыттары, яғни ферментативті өңдеу, микроорганизмдерді пайдаланып илеу, өсімдік негізіндегі илегіштер мен хромсыз технологиялар қарастырылды. Әр әдістің экологиялық, технологиялық және сапалық артықшылықтары дәстүрлі тәсілдермен салыстырылды және кешенді талдау жүргізілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы тері өңдеудің экологиялық әдістерін жинақтап, олардың ұлтарақ өндірісіндегі қолдану мүмкіндіктерін ғылыми негізде көрсетіге бағытталған. Зерттеу жұмысы методологиялық тұрғыда салыстырмалы талдау, әдібиеттік шолу, құрылымдық жүйелеу әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеу қоршаған ортаны қорғауға бағытталған былғары өндірісінің жаңа тәсілдерін енгізуге жол ашады. Ұсынылған технологияларды отандық өндірісте қолдану арқылы сапалы, қауіпсіз және ұзақ мерзімді аяқ киім ұлтарақтарын дайындауға болады. Зерттеу нәтижелері тері өңдеу және жеңіл өнеркәсіп салаларына үлес қосады.
Өңдеу, ірі қара терісі, экологиялық былғары, ұлтарақ, фермент, таннин, хромсыз илеу
Короткий адрес: https://sciup.org/140312213
IDR: 140312213 | УДК: 64.35.13 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-262-268