Жануарлар азығы үшін өсімдік шикізатының физика-химиялық қасиеттерін бағалау

Автор: Чоманов У.Ч., Жумалиева Г.Е., Шоман Ә.К., Борибай Ә.Қ.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 2 (148), 2025 года.

Бесплатный доступ

Бұл мақалада Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан алынған 3 сұрыптағы тритикале дәнінің («Указ», «Бару», «Зернокормовое») және Алматы облысынан (Бақанас ауылы), Түркістан облысынан (Шаульдер ауылы, Арыс қаласы) алынған түйе тікенегінің физика-химиялық көрсеткіштері зерттеліп, нәтижелер алынған. Тритикале дәнін өсіру процесі оның қоректік құндылығын және сіңімділігін жақсарту мақсатында қолданылды. Өсіруге дейін тритикале құрамында дәрумендер мен минералдардың мөлшері салыстырмалы түрде төмен болды, бұл оның қоректік құндылығын шектеді. Өсіру процесінен кейін құрамының жақсарғаны анықталды. Бұл тритикалені жануарлар азығына тиімді, қауіпсіз және толыққанды компонент етеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде тритикаленің «Указ» сұрпы қант, крахмал және протеиннің мөлшері бойынша ең жақсы көрсеткіштерді көрсетті, бұл оны болашақта жануарлар азығы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Указ» сұрпында кальций (0,11%) және фосфордың (0,27%) басымдылығы байқалды, бұл жануарлардың денсаулығы үшін маңызды минералдар болып табылатындықтан азықтандыру үшін оң фактор болып табылады. Анализ нәтижелері түйе тікенегінің мал азық өнеркәсібінде құнды ақуыз көзі ретінде қолданылуы мүмкін екенін растайды. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, түйе тікенегінің құрамындағы протеин мөлшері Бақанас ауылының үлгісінде 13,97%-дан, Шаульдер ауылының үлгісінде 15,55%-ға дейін ауытқиды, бұл жоғары сапалы азықтарға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Түйе тікенегі мен тритикалені таңдау олардың қоректік сипаттамалары мен бейімделу қасиеттеріне негізделген, бұл оларды түйелерді азықтандыру үшін қолайлы дақылдар етеді. Тритикалені өсіру оның қоректік құндылығын жақсартуға, дәрумендер мен минералдардың құрамын арттыруға, сондай-ақ сіңімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері тритикале мен түйе тікенегін түйелердің рационында қолданылуының тиімділігін растайды және азықтық шешімдерді оңтайландыру мүмкіндіктерін ашады.

Еще

Құрама жем, түйе, азықтандыру, тритикале, түйе тікенегі

Короткий адрес: https://sciup.org/140310137

IDR: 140310137   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-2-39-47

Статья научная