Генетикалық түрлендірілген мақта сорттарын олардың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып бояу
Автор: Мамаджанова С.А.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.
Бесплатный доступ
Бұл зерттеуде генетикалық түрлендірілген мақта сорттарының — Порлок-1 (П-1), Порлок-2 (П-2) және Порлок-4 (П-4) — бояу процесі олардың морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып жан- жақты қарастырылған. Ерекше назар РНҚ-интерференциялық технология және әртүрлі генотиптермен гибридтеу арқылы алынған жаңа аймақтық С-6524 сортына аударылды. Талшықтардың химиялық құрамы (целлюлоза, гемицеллюлоза, лигнин) айтарлықтай өзгермегенімен, α-целлюлоза мөлшері, полимерлену дәрежесі, беріктігі, штапель ұзындығы және көлемдік-құрылымдық параметрлер бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды. Рентгендік дифракциялық талдау мен сканерлеуші электрондық микроскопия талшықтардың кристалдылық дәрежесі, кристаллит өлшемі және жазықаралық қашықтықтарындағы өзгерістерді көрсетті, бұл олардың сорбциялық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Бояғыштың сіңірілуі мен бекітілуі талшықтардың микро- және макроқұрылымына, соның ішінде жалпы кеуек көлеміне, иірімдегі талшық санына, көлденең қимадағы бос кеңістік ауданына және макромолекулалардың бағытталуына байланысты. Зерттеу нәтижелері генетикалық түрлендірілген талшықтардың құрылымдық ерекшеліктері бояу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыратынын көрсетті. Бұл біркелкі бояу, сыртқы әсерлерге төзімділік және текстиль өнімдерінің эстетикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Жұмыс тоқыма бояу технологияларын одан әрі жетілдіру перспективаларын ашады.
Генетикалық түрлендірілген мақта, бояу, құрылымдық қасиеттер, α-целлюлоза, кристалдылық, РНҚ-интерференция, сорбция, бояғышты бекіту
Короткий адрес: https://sciup.org/140312215
IDR: 140312215 | УДК: 62.39.31 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-279-287