Она й бизнесіні менеджменті
Автор: Мырзагулова Г.Р., Тумажанова М.О., Толынбек Ж.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Экономика и сервис
Статья в выпуске: 1 (106), 2015 года.
Бесплатный доступ
Бұл мақалада қонақ үй индустриясынының менеджменті, Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығын басқарудың түрлері қарастырылған. Мақаланың өзектілігі Қазақстандағы қонақ үйлерді тиімді басқаруға және нарықта қарқынды дамуына талдау жасалынғанды-ғынан көрінеді. Жаңалығы ҚР қонақ үй шаруашылығындағы теориялық зерттеулерді тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында ұсыныстар еңгізілгендігінен байқалады.
Короткий адрес: https://sciup.org/140205119
IDR: 140205119
Текст научной статьи Она й бизнесіні менеджменті
Кіріспе
Қазіргі кезде әлем елдерінде туризм мен қонақ үй шаруашылығы негізгі табыс көзіне айналды. Қонақ үй қызмет көрсету сферасына жатады және экономиканың ірі және динами-калық салаларының бірі болып табылады. Оның жоғары қарқынмен дамуы, валюталық түсімдердің үлкен көлемі экономиканың түрлі секторларына әсер етеді. Қонақ үй кешені халықтың өмірлік деңгейін өсуін қоғамдық ынталандыру және өндірудің тиімділігін жоғарлатуда үлкен рөл атқаратын әлеуметтік саланың маңызды бөлігі болып табылады. Халықтың экономикалық белсенділігінің топталуына және жұмыс күшінің ендірілуіне ашық болатын орындарда қонақ үйлер мен мейрамханалар аса қажетті, бірақ оларды тиімді басқару керек. Бүгінгі таңда заманауи қоғамда тиімді басқару (менеджмент) – қонақ үйді дамытуда ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жүйесінің болашағын анықтайтын бүкіл ел экономика-сының қарқынды дамуына қол жеткізуде шешуші фактор болып табылады.
Зерттеу нысаны мен әдістері
Қонақ үй менеджменті. Қонақ үй менеджменті туралы ғылыми материалдар жиналып, сарапталды.
Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустрия-сы экономикамыздың дамуының әлеуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің ма-ңызды құраушысы ретінде жүреді. Қонақ үй жұлдызды жүйесінде басқару «менеджмент» мәселесі елеулі орын алады. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі, билік және басқару өнері, әкімші-лік бөлігі болып табылады. Қонақ үй, мейрам-хана мененджменті туристік бизнесте ерекше орын алады. Қонақ үй жүйесінде менеджерлер тобы тікелей жұмыс атақаратын адамдар тобы қалыптасқан. Олар үш топқа бөлінген. Бірінші-ден жеке қызметкерлер жұмысын реттейтін жетекші менеджерлер, олар басқа менеджер-лердің қызметіне араласпайды. Басқа ме-неджерлер жұмысын қадағалаушы, жоспарлау саясатына ықпал тигізеді және басты міндеттерді шешуде үлкен роль атқарады. Сонымен бірге қонақ үй басшыларына тікелей жауапты менеджерлер.
Зерттеу нәтижесі және оны талқылау
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейінен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
-
1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
-
2. билік және басқару өнері;
-
3. шеберліктің ерекше түрі және әкім-шілік дағды;
-
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Менеджментке алуан түрлі түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі -өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласын-дағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Қонақ үй менеджменті – қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында қонақ үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент – нақты мақсат-ты жүзеге асыру үшін қонақ үй кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Қонақ үй менеджментіндегі басты нәрсе - әрбір қызметші қонақ үй кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Сонымен менеджменттің 2 ұғымы бар: бірінші ұғым менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым менеджмент - бұл адамдарды басқару (әрекет).
Қонақ үй шаруашылығындағы менедж-менттің элементтері - жоспарлау; мотивация, ұйымдастыру, бақылау, басқару стилі, басқару әдістері, коммуникациямен қамтамасыз ету, жанжалды басқару, қызмет көрсетудің сапасын басқару, іскерлік этикет, басқару шешімі.
Басқарудың әдістері - бұл мақсатқа жетуге арналған басқарылып отырған нысанға әсер ету және қабылдау жиынтығы. Менеджмент әдістерінің көптігі және олардың класси-фикацияларының әр түрлі ыңғайына келу нақты басқару міндеттерін шешкен кезде нәтижелі болып келеді. Тәжірибеде басқарудың қонақ үй кәсіпорындарымен қатар көптеген әдістері және олардың үйлесілімділігі қолда-нылады. Негізгі әдістемелік топтарға қатысты:
-
1. Экономикалық
-
2. Ұйымдастыру - әкімшілік
-
3. Әлеуметтік психологиялық
Басқарудың экономикалық әдістері. Басқару қатынасы бірінші кезекте экономика-лық қатынастармен және оның негізінде жатқан адамның қызығушылығы мен қажетті-лігін анықтайды. Сондықтан да басқарудағы экономикалық әдістеріне басты орын беріледі. Экономикалық әдістер жаңа мүмкін-діктердің және қордың анықталуына себеп болады, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу мезгілі маңызды. Бұл бағыттағы барлық жұмыстың басты мағынасы басқау іс-әрекет-терінің экономикалық салдарын максималды түрде толық ескеру секілді жағдайда қою.
Басқарудың ұйымдастыру - әкімшілік әдістері. Тіке директивтік нұсқауларда негізделеді. Басқару механизм бөлігін құрайтын обьективті негіздегі қолданылған ұйымдасты-рылған қатынастағы әдістермен шығады. Ұйымдастыру - әкімшілік әдістері еңбек тәртібін сақтау құралдарының әкімшілік жүйесі, олардың орындалуын бақылау, ауызша және жазбаша түрде берілетін жылдам нұсқа, буйрык аркылы баскарылатын ныcанFа тiкeлeй ықпал жасайды. Олар ұйымдастырудың айқындылығы мен еңбек тәрбиесін қамтамасыз етуге белгіленген. Бұл әдістер шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық актілерімен peттeлeдi. ¥йымдастыру - экiмшiлiк э.тстершщ кepiнiciнip 3 тYрi бар:
-
- мiндeттi жазылым (буйрык, тиым жэне т.б.);
-
- кeлiciмдiк тYpi (керес, мэмiлepдip руксаты);
-
- кeпiлдeмe, тiлeк (керес, тYciндipу, усыныс жэне т.б.);
Баскарудыр элeумeттiк - психологиялык эдicтepi. Еpбeктip нэтижeci кеп жаFдайда пси-хологиялық факторлаға байланысты екендігі бeлгiлeнгeн. Элeумeттiк - психологиялык әдістер еңбек ұжымдарында пайда болған тулFалык карым - катынас пен байланыcтаpFа, сонымен қатар олардың ішінде болатын әлеуметтік үрдістерге әсер етеін спецификалық тәсілдер ретінде таныстырылады. Бұл әдістерді колданудыр нeгiзгi максаты - ужымда ор элeумeттiк - психологиялык климат тудыру, оcыFан байланысты тэpбиeлiк, уйымдастыру-шылық және экономикалық тапсырмалар марызды дергейде шeшiлeдi [1].
Қазіргі заманғы менеджментте басқарудың ұйымдастыру құрылымдарының тYpлepi кер таpаFан - сызыктык, функционал-дык, сызыктык - функционалдык. Баскарудыр сызыктык уйымдастырылу курылымы . Конак Yйдeгi сызыктык байланыс сызыктык менед-жерлердің ақпарат пен басқару шешімдерінің қозғалысынан және қонақ үй құрылымы бөлімшелердің қызметіне жауапты тұлғаға бағытталғанын көрсетеді. Бұл басқарудың ұйымдық құрылымының қарапайым түрлерінің бірі. Ол әр құрылымның бөлімшелерінің басында басқарудың барлық функцияларын орындайтын барлық билігі бар басшы отырады. Басшылардың әрқайсысы толықтай билікке ие, бipак арнайы бiлiмдi кажет eтeтiн мэceлepдi шешуге азFана мYмкiндiктepi болады.
Баскарудыр функционалдык уйымдас-тырылу құрылымы. Функционалдық басқару сызықтық басқару жүйесінде шешімдерді қабылдауға қажетті нақты жұмыс түрлерін орындауга мамандандыpылFан кeйбip бeлiм-шелер жиынтығымен іске асырылады. ¥йымдарда, ереже бойынша бip мамандык-тағы мамандар құрылымдық бөлімшеге бірігеді. Мысалы, маркетинг бөлімі, қабылдау және орналастыру бөлімі, жоспарлау бөлімі және т.б. Солай болғандықтан, ұйымды басқарудың жалпы міндеттері орта деңгейден бастап функционалдық өлшемге дейін бeлiнeдi. Осыдан барып атауы - функцио-налдык баскару курылымы деп аталады.
Сызыктык-функционалдык курылымда барлық билікті сызықтық құрылымның басшысы алады, нақты сұрақтарды шешуде функционалды бөлімдер көмектеседі (бөлім басшылары, бюро жэне т.б.), бул курылым-ныр артыкшылыктары :
-
- кызмeткepлepдi мамандандырумен байланысты шешімдер мен жоспарларды өте жаксы курастыру;
-
- бас сызыктык мeнeджepдi детальды мэceлeлepдi талдаудан босату;
-
- сарапшылар мен кepecшiлepдi тарту мYмкiндiгi;
Сызыктык-функционалдык курылым-ныр кeмшiлiктepi:
-
- eндipicтiк бeлiмдep аpаcындаFы көлденең деңгейдегі тығыз байланыс пен езара ic-эpeкeттip болмауы;
-
- накты жауапкepшiлiктip болмауы;
-
- шектен тыс орталыктандыру тенден-циясы [2].
Қазақстанда қазіргі заманғы қонақ үй индустриясы менеджменттің екі типі бойынша қызмет етеді: отандық және шетелдік, екіншісі отандық қонақ үй қызметі нарығының жаңа сапалы жүйеге ауысқанан дәлелдейтін шетелдік компаниялар басқаратын отелдердің пайда болуымен тYciндipiлeдi. Шет eлдiк менедж-менттің қатысуымен қонақ үйлерді басқару жYЙeciнe (4-5 жулдызды жоFаpы класты халықаралық отельдер) «Интерконтиненталь Алматы» (АК КТ СП «Айт - Отель»), «Рахат Палас» (АК КА СП «Рахат», «Амбассадор» (ЖШС СП «Құрылыстар») және басқалары жатады. Казакстанда ISO 9000 сапа менедж-ментінің жүйесі мен қонақ үй қызметінің клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келуіне бағытталған сапаны жалпыға бірдей басқару (ТQМ) қабылданған. Қазақстандық қонақ үй кәсіпорындарында сапаны басқару бақылау мен есеп аспектілермен шектеліп, белгілі көлемде жүзеге аспайды. Қазіргі заман шарттарында қызмет көрсету сапасының маңыздылығын білетін көптеген қонақ үй кәсіпорындары корпоративтік және кәсіби стандарттарды жасап, кабылдайды. Казакстандык сертификат-тау жүйесіне сәйкес барлық қонақ үйлер бірден бес жұлдызға дейінгі категорияларды (ҚР ГОСТ 28681.4-95) ала алады. Жулдыздылыкка тапсырыстар сертификаттау бойынша аккре-дитивті органдарға, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу мен метрология бойынша комитетінің эксперт -аудиторларға беріледі. Сондай-ақ, жұлдызды жүйемен бірге категориясыз (ҚР СТ -11412002) қонақ үйлері қызмет етеді [3].
Қорытынды, тұжырым
Қорытындылай келе, қонақжайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының болашағы зор салаларының бірі болып табылады. Толық ұйымды құрылым өнделуі, ең бастысы басқару тиімді ұйымдастырылуы керек. Ал Қазақстандағы қонақ үйлер басқару жүйесінің кез келген түрінде тиімді әрекет ете алады, бірақ өзінің лайықты формасын таңдауы қажет. Ал ол жердегі жұмыс барлық жұмысшы-лардың арасында бөліну керек. Бұндай құрылым жұмысшылардың қажетті қызметте-рінде әсерді қалыптастыруда керек, олардың есеп беруін анықталуы, қызметкер жағынан керекті жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруа-шылығын дамыту үшін ұсыныстар келтірілген:
-
- қонақ үйдегі қызмет түрлерін дамыту;
-
- нарық кезеңінде қонақ үйлердің зерт-телуін жандандыру;
-
- мамандардың білім сапасын, білікті-лігін арттыру;
-
- мемлекет тарапынан қолдау жасау;
-
- инвесторларды жан-жақты тарту;
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Мазбаев О.Б., Омаров Қ.М. Қонақ үй шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы: Қаз.ҰПУ, 2007.-99 б.
-
2. Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов–Мн: Новое знание, 2002. -112 с.
-
3. Бесекей Е. Қонақ үй бизнесі. Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2012.-240 б.
Список литературы Она й бизнесіні менеджменті
- Мазбаев О.Б., Омаров Қ.М. Қонақ үй шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы: Қаз.ҰПУ, 2007.-99 б.
- Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов-Мн: Новое знание, 2002. -112 с.
- Бесекей Е. Қонақ үй бизнесi. Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2012.-240 б.