Жем өндіруде майлы дақылдар қалдықтарын ұтымды пайдалану

Автор: Амантаева А.А., Батырбаева Н.Б., Алимкулов Ж.С.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 4 (150), 2025 года.

Бесплатный доступ

Қазіргі уақытта елдің экономикалық даму кезеңінде ауылшаруашылық бағыты үнемді, бәсекеге қабілетті болуы үшін, сондай-ақ ұзақ мерзімді тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін ол өнімді болуы керек. Осыған байланысты құрама жем өндірісінің өнімділігі мен шикізат базасын арттыру және сапасын арттыру үшін ауыл шаруашылығы қалдықтарын пайдалану қажет. Мұндай ауылшаруашылық қалдықтарына минералдарға, микро –макроэлементтерге, ақуызға, майға, талшықтарға және дәрумендерге бай майлы дақылдардың егін жинаудан кейінгі қалдықтары жатады. Майлы дақылдардың егін жинаудан кейінгі қалдықтарын құрама жем өндірісінде пайдалану экономикалық орынды. Зерттеу барысында майлы дақылдардың егін жинаудан кейінгі қалдықтарын енгізумен құрама жем рецепті әзірленді. Сондай-ақ, шикі ақуыз, қорытылатын ақуыз, май, талшық, Жем бірлігі сияқты сапалық көрсеткіштер зерттелді. Құрама жемге егін жинаудан кейінгі қалдықтардан жемдік ұнды күнбағыс мөлшерінде -5%, мақсары -2% сапалық көрсеткіштерге енгізгенде көрінетін өзгерістер көрсетілмегені анықталды. Азықтық ұнды құрама жемге енгізу нормасы ұлғайған кезде сапалық көрсеткіштер артты. Осылайша, құрама жемге енгізуге жарамды май дақылдарын өндірудің қалдықсыз технологияларын енгізу құрама жем өндірісінің шикізат базасын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Еще

Құрам жем, рецепт, құңарлығы, майлы дақылдар қалдығы

Короткий адрес: https://sciup.org/140313216

IDR: 140313216   |   УДК: 68.39.15   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-43-48