«Сәукеле» - киімдер коллекциясы: slow fashion контекстіндегі дәстүрлер интеграциясы
Автор: Жангужиновa М.Е., Талғатбекова А.М., Рысбаева И.А., Кожабергенова К.Д.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.
Бесплатный доступ
Зерттеу тақырыбы Қазақстандағы тұрақты киім дизайнының константасы ретінде дәстүрлі қазақ қалыңдық бас киімі – «Сәукеленің» символизмін зерттеуге бағытталған. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – жаһандану жағдайында киімнің тұрақты дизайнын қалыптастыратын қазақтың мәдени-тарихи дәстүрлері мен этникалық стиль қағидаттарын ғылыми-теориялық негіздеуде. Жұмыстың практикалық маңыздылығы визуалды кодтарды анықтау және оларды қазіргі Қазақстан сәніне бейімдеумен сипатталады. Зерттеу әдістемесі сәукеленің тарихи-мәдени контекстіне, Slow Fashion және тұрақты дизайнның жаһандық нарығына теориялық шолу жасауға, дәстүрлі мотивтерді қазіргі заманғы сәнге интеграциялауға негізделген. Зерттеудің негізгі нәтижелері Slow Fashion қағидаттарын «GLOBAL NOMADS» Қазақстандық бренді әзірлеген «Сәукеле» ұранымен кешкі киімдер өнер коллекциясында талдау арқылы бейнелейді. Зерттеу қорытындылары қазақтың дәстүрлі бас киімі – «Сәукеленің» мәдени-тарихи құндылығын және этникалық мотивтерді жаһандық сән дискурсына интеграциялау арқылы қазіргі Қазақстан сәнінде визуалды кодтарды бейімдеудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеудің құндылығы – дәстүрлі қазақ бас киімі «Сәукеле» үшін Slow Fashion қағидаттарын тұрақты дизайнға ғылыми-теориялық негіздеуде, бұл экологиялық саналы киім индустриясының дамуына ықпал етеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы қазақтың дәстүрлі бас киімі «Сәукеленің» визуалды кодтарын анықтап, оларды киім коллекцияларында сәтті бейімдеуде, бұл Қазақстанның мәдени мұрасын жаһандық деңгейде танымал етуге, slow fashion контекстінде тұрақты сәнді дамытуға және қазіргі киім дизайнында экологиялық және мәдени бағытталған тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.
Дәстүрлі қазақ қалыңдық бас киімі – «Сәукеле», тұрақты дизайн, Slow Fashion, GLOBAL NOMADS, ою-өрнек, символизм
Короткий адрес: https://sciup.org/140312210
IDR: 140312210 | УДК: 687.12 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-231-241