Тйе стіні жне шбатты минералды рамын зерттеу
Автор: Шингисов А.У., Нурсеитова З.Т.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Техника и технологии
Статья в выпуске: 2 (98), 2013 года.
Бесплатный доступ
Бұл мақалада ОҚО, «Гульмайра» қожа шаруашылығында өндірілген түйе сүтінің және шұбаттың құрамдарындағы макро және микроэлементтерінің шамалары соңғы үлгідегі масс-спектрометр (ИПС-МС) аппаратын қолдана отырып минерализация әдісімен анықталынды. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей түйе сүтінің және шұбаттың құрамдарындағы негізгі макро және микроэлементтер шамасы осы уақытқа дейін зерттелінген түйе сүттерімен шұбаттардың құрамдарындағы макро және микроэлементтер шамалары арасында айырмшылығы бар екені келтірілген. «Гульмайра» қожа шаруашылығында өндірілген түйе сүтінің және шұбаттың құрамдарындағы макро- және микроэлементтерінің кейбір түрлері, мысалы, титан, стронций, күміс, теллур, ниобий, сиборгий, тантал және де басқа түрлері бірінші рет анықталынып отыр.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204992
IDR: 140204992
Текст научной статьи Тйе стіні жне шбатты минералды рамын зерттеу
Кіріспе
Соңғы жылдары экономикасы өркен-деген мемлекеттерде сүт өнімдерінен емдік – профилактикалық жаңа өнімдер өндіру технологиясына аса көңіл бөлінуде. Осындай мемлекеттер қатарына АҚШ, Германия, Жапония, Россияны жатқызуға болады.
Бұл тұрғыдан Қазақстан үшін жылқы және түйе сүттерінен алынатын қымызбен шұбаттың емдік – профилактикалық қасиеті бар жаңа өнімдер технологиясын жасау болашақ үшін аса қажетті болып табылады.
Қазіргі таңда бұл бағытта Қазақстан ғалымдары тарапынан үлкен ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді [1,2,3,4,5,6,7,8]. Мысалы [1,2,3] жұмыс-тарында жылқы, түйе сүттерінің және қымызбен шұбаттардың құрамдары зертте-лінсе, [4,5,6] жұмыстарында қымызбен шұбаттардың құрамына көкөніс шырындарын қосу арқылы олардың емдік – профилак-тикалық қасиеттерін жоғарылату мәселелері зерттелінген. Сонымен қатар қымыз және щұбат өнімдерінен бөлінетін сары суынан емдік – профилактикалық қасиетке ие жаңа өнімдер алу технологиялары [7,8] жұмыс-тарында зерттелінген.
Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсет-кендей қымызбен щұбаттардан алынатын жаңа өнімдердің сапасы және емдік – профилактикалық қасиеттері жылқы және түйе сүттерінің құрамдарына байланыс-тылығы дәлелденген [9].
Жылқы және түйе сүттерінің құрамы өте күрделі және олардың құрамына кіретін құрамдас бөлшектердің мөлшері мал түріне, жасына, өсіріліп отырған жер орнына, табиғат жағдайына, жем шөп қорына, жыл мезгіліне және басқа да факторлармен тікелей байла-ныстығы [10,11] жұмыстарында қарасты-рылған.
Жылқы, түйе сүттерінің және қымызбен шұбаттардың құрамындағы адам ағзасына өте пайдалы құрамдас бөлшектердің бірі бұл минералды заттар болып табылады. Олардың иондары ферменттер құрамына кіре отырып, зат алмасу үрдісінің құрамындағы биохимиялық реакцияларының тез және баяу жүргізілуіне үлкен септігін тигізеді.
Қазіргі уақытқа дейін сиыр сүтінің құрамындағы минералды заттардың мөлшері шамамен бірқатары зерттелінген болса, жылқы, түйе сүттеріндегі және қымызбен шубаттардың құрамындағы минералды заттардың мөлшерлерін терең зерттеуге арналған ғылыми жұмыстардың саны аз.
Осыған байланысты бұл мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында орналасқан «Гульмайра» шаруа қожалығында өндірілетін түйе сүтінің және одан алынатын шұбаттың минералды құрамы зерттелінді. Зерттеу жұмыстары ең соңғы үлгідегі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті құрамына кіретін «Конструк-циялық және биохимиялық материалдар инженерлік бейінді аймақтық» зертханасында жүргізілді.
Зерттеу құрал-жабдықтары мен әдістемесі
Түйе сүтінің және шұбаттың құрам-дарындағы минералды заттардың өлшем бірліктерін анықтау үшін «Индуктивті-байланған плазмалы масс-спектрометр (ИСП – МС) Varzan – 820 MS» аппаратында минерализация әдісі қолданылды [12,13].
Зерттелінетін өнім сынамасын дайындау МЕСТ 26929 сәйкес жүргізілді.
Пайдалынған құрал-жабдықтар:
-
- метрологиялық сипаттамалары МЕСТ 24104-на сәкес келетін, 200 г және 500 г-ға дейінгі салмақты өлшеуге арналған зертха-налық тараздар;
-
- ауа температурасын 40°С ÷150°С аралықта тұрақты ұстап тұратын зертханалық кептіргіш шкаф;
-
- ауа температурасын 150°С-ден 500°С-қа дейін аралықта тұрақты ұстап тұратын зертханалық электропеш;
-
- қуаттылығы 500 Вт-қа дейінгі инфра-қызыл лампасы;
-
- МЕСТ 14919-ға сай келетін электроплитка;
-
- су моншасы;
-
- МЕСТ 25336-ға сай трубалы колба ;
-
- МЕСТ 19908-ға сай сыйымдалығы 50,100,250,см3 болатын кварц тигельдер;
-
- МЕСТ 9147-ге сай №2-4 форфор тигельдер;
-
- МЕСТ 9169 немесе МЕСТ 29227ге сай келетін пипеткалар;
-
- МЕСТ 1770 1-25, 1-100, 1-500 бола-тын цилиндрлер;
-
- МЕСТ 25336-ға сай Кн-2-1000-29 ТХС колбалары;
-
- МЕСТ 25336-ға сай В-1-1000 ТХС стакандары;
-
- фильтр;
-
- МЕСТ 6709 бойынша дистиллденген су;
-
- деионизерленген дистиллденген су;
-
- МЕСТ 4204 бойынша 1:9 көлемінде ерітілген күкірт қышқылы;
-
- МЕСТ 61 бойынша 1:19 көлемінде ерітілген сірке қышқылы;
-
- МЕСТ 3118 бойынша 1:1 көлемінде ерітілген тұз қышқылы;
-
- МЕСТ 4461 бойынша 1:1 көлемінде ерітілген азот қышқылы;
-
- МЕСТ 4526 бойынша магний оксиді;
-
- МЕСТ 18300 бойынша ректификация-ланған этил спирті;
-
- Масс-спектрометр (ИПС-МС) аппараты.
Ыдысқа есеппен 50г сұйық (түйе сүті немесе шұбат) сынамасына 1см3 азот қыш-қылының ерітіндісін қосып, араластырып, электроплитаға қойып одан түтін бөлінуі тоқтағанша күйдіреді. Соннан соң сынаманы ыдысымен бірге температурасы алдын ала 250°С-ға жеткізілген электропечке орналас-тырып сынама құрамындағы минералды зат-тарды анықтау үшін минерализация жасайды.
Сонымен қатар сынамаға қосылатын реактивтердің тазалығын бақалау үшін оларды екі ыдысқа салып минерализация жасайды.
Зерттеулер нәтижесі
Қазіргі уақыта ғылыми және техни-калық журналдар мен әдиебеттерде түйе сүтінің және одан алынатын шұбаттың құрамдарындағы макро- және микроэле-менттерінің 9-12 түрі зерттелінген болса, біздердің зерттеулердің нәтижесінде олардың 26 түрі анықталып отыр (сурет-1). Зерттелін-ген өнімдердегі макро- және микроэлемент-терінің кейбір түрлерінің шамалары бірінші рет анықталынып отыр. Мысалы, титан, стронций, күміс, теллур, қалайы, ниобий, сиборгий, тантал және тағыда басқа түрлері. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей түйе сүті және шұбат құрамдары макро- және микроэлементтерге өте бай. Осының салдарынан бұл сүтқышқылды өнімдер емдік және профилактикалық қасиеттерге ие.
Қорытынды
Соңғы үлгідегі «Индуктивті-байланған плазмалы масс-спектрометр (ИСП – МС) Varzan – 820 MS» аппаратында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «Гульмайра» шаруа қожалығында өндірілген түйе сүтінің және шұбаттың құрамдарындағы макро- және микроэлементтерінің шамалары анықта-лынды. Түйе сүтінің және шұбаттың құрамдарындағы кейбір, мысалы, титан, стронций, күміс, теллур, қалайы, ниобий, сиборгий тантал және де басқа макро- және микроэлементтерді шамалары бірінші рет анықталынып отыр.

Сурет 1 - Түйе сүті және шұбат құрамындарындағы минерады заттар

Сурет 2 - Түйе сүті және шұбат құрамындарындағы минерады заттар

Сурет 3 - Түйе сүті және шұбат құрамындарындағы минерады заттар
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Кумыс. Шубат/ Под ред. Сеитова З.С. – Алма-Ата, 1979. – 202 с.
-
2. Кадырова Р.Х. Верблюжье и кобылье молоко в лечебном питании. - Алма-Ата, 1985. – 158 с.
-
3. Шарманов Т.Ш., Жангабылов А.К. Лечебные свойства кумыса и шубата. – Алма-Ата: Ғалым, 1991. – 173 с.
-
4. Тултабаева Т.Ч., Чоманов У.Ч., Шаймер-денова. Использование верблюжьего молока для разработки комбинированных молочных продуктов / Материалы меж. научно-практ. конф. «Пищевая промышленность на рубеже веков: состояние, проблемы и перспективы», Алматы. 25-27 сентября, 2001. – С.103-105.
-
5. Таракбаева Р.Е., Чоманов У.Ч., Тулта-баева Т.Ч. Кисломолочные напитки из верблюжьего молока с использованием растительного сырья / Материалы международной науно-
практической конференции «Проблемы и тенденции развития пищевой и легкой промышленности в XXІ веке». Алматы.15-16 октября, 2003. – С.132-133.
-
6. Шыңғысов А.Ө., Тұлтабаева Т. Ш. , Мананбаева М. К., Жумалиева Т. М. Қымыз бен шұбаттың өсімдік қоспаларымен байытылған сүтқышқылды өнімдерін өндіру /«Қаракөл шаруашылығының дамудағы жас ғалымдардың ролі». Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Б. Ақтуовтың 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-өндірістік конференция тезистері, Шымкент, 2009.- 113-114 б.
-
7. Тултабаева Т.Ч., Чоманов У.Ч. Новые молочные продукты с использованием верблюжьего молока / Материалы меж. научно-практ. конф. «Пищевая промышленность на рубеже веков: состояние, проблемы и перспективы», Алматы, 25-27 сентября, 2001. – С.105-106.
-
8. Диханбаева Ф.Т., Филаретова О.Н.
-
9. Мусаев З.М., Төреханов А.Ә., Сейдалиев Б.С. Түйе шарушылығы. –Алматы: «Бастау», 2007. – 136 бет.
-
10. Абчекенова М.М. Технология производства молока в условиях крестьянских хозяйств
и приготовление кисломолочных продуктов с использованием различных заквасочных материалов. Автореф…дисс. канд. техн. наук, спец. 06.02.04, Алматы, 2006. – 27 с.
-
11. МЕСТ 26929 «Сырье и продукты пищевые» Подготовка проб. Минерализация для определения содержания токсичных элементов.
-
12. Кантуреева Г.О., Ногаев Т.Б. Методика определения токсичных элементов в пищевых продуктах на масс-спекторметре с индуктивно связанной плазмой VARIAN-820MS (ИСП).
Разработка технологии йогурта функционального назначения из верблюжьего молока с растительными добавками / Материалы межд. научно-практической конференции «Безопасность и качество продуктов питания и товаров народного потребления». Алматы, 2009. – С.65-67.
Список литературы Тйе стіні жне шбатты минералды рамын зерттеу
- Кумыс. Шубат/Под ред. Сеитова З.С. -Алма-Ата, 1979. -202 с.
- Кадырова Р.Х. Верблюжье и кобылье молоко в лечебном питании. -Алма-Ата, 1985. -158 с.
- Шарманов Т.Ш., Жангабылов А.К. Лечебные свойства кумыса и шубата. -Алма-Ата: Ғалым, 1991. -173 с.
- Тултабаева Т.Ч., Чоманов У.Ч., Шаймерденова. Использование верблюжьего молока для разработки комбинированных молочных продуктов/Материалы меж. научно-практ. конф. «Пищевая промышленность на рубеже веков: состояние, проблемы и перспективы», Алматы. 25-27 сентября, 2001. -С.103-105.
- Таракбаева Р.Е., Чоманов У.Ч., Тултабаева Т.Ч. Кисломолочные напитки из верблюжьего молока с использованием растительного сырья/Материалы международной науно-практической конференции «Проблемы и тенденции развития пищевой и легкой промышленности в XXI веке». Алматы.15-16 октября, 2003. -С.132-133.
- Шыңғысов А.Ө., Тұлтабаева Т. Ш., Мананбаева М. К., Жумалиева Т. М. Қымыз бен шұбаттың өсiмдiк қоспаларымен байытылған сүтқышқылды өнiмдерiн өндiру/«Қаракөл шаруашылығының дамудағы жас ғалымдардың ролi». Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Б. Ақтуовтың 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-өндiрiстiк конференция тезистерi, Шымкент, 2009.-113-114 б.
- Тултабаева Т.Ч., Чоманов У.Ч. Новые молочные продукты с использованием верблюжьего молока/Материалы меж. научно-практ. конф. «Пищевая промышленность на рубеже веков: состояние, проблемы и перспективы», Алматы, 25-27 сентября, 2001. -С.105-106.
- Диханбаева Ф.Т., Филаретова О.Н. Разработка технологии йогурта функционального назначения из верблюжьего молока с растительными добавками/Материалы межд. научно-практической конференции «Безопасность и качество продуктов питания и товаров народного потребления». Алматы, 2009. -С.65-67.
- Мусаев З.М., Төреханов А.Ә., Сейдалиев Б.С. Түйе шарушылығы. -Алматы: «Бастау», 2007. -136 бет.
- Абчекенова М.М. Технология производства молока в условиях крестьянских хозяйств и приготовление кисломолочных продуктов с использованием различных заквасочных материалов. Автореф…дисс. канд. техн. наук, спец. 06.02.04, Алматы, 2006. -27 с.
- МЕСТ 26929 «Сырье и продукты пищевые» Подготовка проб. Минерализация для определения содержания токсичных элементов.
- Кантуреева Г.О., Ногаев Т.Б. Методика определения токсичных элементов в пищевых продуктах на масс-спекторметре с индуктивно связанной плазмой VARIAN-820MS (ИСП).