Tамыр дақылдары мен түйнекті ауылшаруашылық өнімдеріндегі нитриттер мен нитраттардың төмендеуіне радиациялық тежегіш сәулеленудің әсері

Автор: Уажановa Р.У., Набиева Ж.С., Данько И.В., Аманова Ш.С., Куртибаева Г.Р.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности

Статья в выпуске: 3 (149), 2025 года.

Бесплатный доступ

Соңғы онжылдықтарда көкөністер мен тамыр дақылдарында нитраттар мен нитриттердің жиналуы мәселесі минералды тыңайтқыштарды қолданудың артуына және агроөнеркәсіптік сектордағы жүктеменің көбеюіне байланысты өзекті болып отыр. Бұл қосылыстардың артық мөлшері адам денсаулығына қауіп төндіріп, өнімнің тағамдық құндылығын төмендетеді және канцерогенді қосылыстардың түзілуіне ықпал етеді. Осы зерттеудің мақсаты – тамыр дақылдары мен түйнекті ауылшаруашылық өнімдеріндегі нитраттардың мөлшерін азайтуға тежегіш (рентгендік) сәулеленудің әсерін зерттеу және азық-түлік өнеркәсібінде қолдануға арналған оңтайлы өңдеу дозаларын анықтау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – өнімнің қауіпсіздігін және ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін тиімді радиациялық өңдеу әдісін іздеу. Әдістеме ретінде картоп, сәбіз және қызылша үлгілері 0,1– 0,5 кГр дозада ИЛУ-10 үдеткішімен сәулелендірілді, кейіннен нитраттардың мөлшері потенциометриялық әдіспен анықталды. Нәтижелер көрсеткендей, 0,2 кГр-ден жоғары дозада картоп пен қызылшада нитрат мөлшері айтарлықтай төмендеді, ал сәбізде керісінше жиналу үрдісі байқалды. Бұл деректер дақылдардың радиациялық әсерге әртүрлі сезімталдығын және олардың физиологиялық, сорттық ерекшеліктерімен байланысты екенін көрсетті. Зерттеудің үлесі – иондаушы сәулеленудің әсерінен нитрат алмасуының өзгеру механизмдерін нақтылау және нитрат мөлшерін төмендетудің әдісі ретінде тежегіш сәулеленуді қолдану жолдарын ұсыну. Практикалық маңыздылығы – ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сақтау мерзімін ұзарту үшін Қазақстан мен басқа елдердің агроазық-түлік саласына радиациялық өңдеуді енгізу мүмкіндігі.

Еще

Тамыр дақылдары және түйнекті ауылшаруашылық өнімдері, нитраттар, радиациялық тежегіш сәулеленуімен өңдеу

Короткий адрес: https://sciup.org/140312200

IDR: 140312200   |   УДК: 68.35.47   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-3-138-150