Алматы облысындаы экологиялы туризмні азіргі жадайы мен даму тенденциялары

Автор: Мырзагулова Г.Р., Тумажанова М.О., Мырзабек М.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Экономика и сервис

Статья в выпуске: 3 (104), 2014 года.

Бесплатный доступ

Бұл мақалада қазіргі заманның ғылыми-зерттеу сұранысы болып табылатын экотуризм-нің өзектілігі, тарихи-зерттеу нысандары, Алматы облысының экотуризмі қарастырылған. Авторлар экотуризмнің қазіргі жағдайына талдау жасаған, сонымен қатар Алматы облысының экотуризмін дамыту үшін ұсыныстар келтірген.

Короткий адрес: https://sciup.org/140205117

IDR: 140205117

Текст научной статьи Алматы облысындаы экологиялы туризмні азіргі жадайы мен даму тенденциялары

Кіріспе

«Экотуризм» термині тұрақты даму терминімен бір уақытта пайда болды. Осылайша, экологиялық туризм қоршаған ортаның табиғи түйінді сақтауын, жергілікті Экотуризмнің ажырамас сипаттамасы болып экологиялық білім беру табылады. Алматы облысы республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Жетісу деп аталатын аймақта орналасқан. Солтүстігінде ол Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр әрі бұл шекаралық аймақты ащы-тұщы сулы Балхаш көлі, суы ащы Алакөл, Жалаңаш көл және суы тұщы Сасықкөл мен Ұялы көлдері бөліп жатыр. Шығысында Жоңғар Алатауы арқылы Қытай мемлекетімен көршілес жатыр. Ал, оңтүстігінде Іле Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатау жоталары созылып жатыр. Бұл Солтүстік Және Орталық Тянь-Шань таулары. Батысында Жамбыл облысымен шектеседі.

Зерттеу нысандары мен әдістері

Алматы облысындағы экологиялық ту-ризмнің қазіргі жағдайы мен даму тенден-циялары. Алматы облысының экологиялық туризмі туралы ғылыми материалдар жиналып, сарапталды.

БҰҰ қабылдаған мемлекеттердің тұрақты даму концепциясының басты мәселесінің біріне тұрақты экологияның құрылуын қарастыру жатады. Ал экологиялық туризм әрбір мемле-кеттің туризм саласында орнығатын болса, онда экологияның да тұрақтануы байқалар еді. Себебі, экотуризм табиғи ресурстарды, табиғи ландшафтар мен кешендерді сақтауға, туристік ағымдардың біркелкі таралуына үлкен үлесін тигізеді. Өйткені, экологиялық туризм бұл табиғаты сақталған аудандарға әсем ландшафтарды тамашалау, оларды танып-білу және сақтау үшін жасалатын сапар болып табылады. Яғни, туризмнің бұл түрі табиғатқа ешбір зиян келтірмей, адамдардың эстетикалық талғамдарын қанағаттандырады.

Алматы облысында сонымен қатар Балқаш маңы мемлекеттік қорықшасы, Лепсі мемлекеттік табиғи қорықщасы, «Шарын шаған тоғай» мемлекеттік табиғат ескерткіші, «Шыңтүрген шыршалары» мемлекеттік табиғат ескерткіші, «айғайқұм» мемлекеттік табиғат ескерткіші, Медеу шатқалы, Есік обасы, Алтын адам, Тамғалы археологиялық кешені т.б. туристік нысандар кеңінен таралған

Зерттеу нәтижесі және оны талқылау

Көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы территориялық саясаты жүргізіліп отыр. Бұндай саясаттың ерекшелігі – ол туристік ықпалдың территория бойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында. Табиғи кешендердің бірқалыпты-лығын сақтайтын туризм түрін "экологиялық туризм" деп атайды.

Бүгінгі күнде экологиялық туризмнің басты мәселесіне табиғи ресурстарды рекреациялық мақсатта қолданғандағы белгілі бір баланстың, яғни тепе-теңдіктің болуын қамтамасыз ету жатады.

Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы:

  • –    экотуризм табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды пайдаланады;

  • –    бұл туризм түрі қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, яғни экологиялық жағынан тұрақты;

  • –    экотуризм экологиялық білімділік және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке бағытталған;

  • –    экологиялық туризм жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын қамтамасыз етеді;

  • –    туризмнің бұл түрі экономика жағынан әсерлі болып, жүзеге асырылатын жерлердің, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Жалпы айтатын болсақ, экологиялық туризм қазіргі таңда әлемде болып жатқан экологиялық мәселелерді шешуге ат салысатын, мемлекеттің тұрақты дамуына жетуінің бір жолы бола алатын туризм саласының бір бағыты болып табылады.

Туризм, рекреация және қоршаған орта бір-бірімен байланыста болады. Географиялық орта мен табиғаттың көптеген туристерді өзіне тартатын қызықты элементтері болады, ал туризмнің дамуы экологияға жағымды және жағымсыз жағымен де әсерін тигізуі мүмкін. Туризмнің дамуын экологиялық көзқараспен жоспарлау үшін, алдымен туризмнің экология-ға тигізетін әсерін зерттеп анықтау қажет. Егер де туризм жоспарланып, оның дамуы реттеліп басқарылса, онда ол мынадай экологиялық жағымды жақтарымен көрінер еді:

  • 1)    маңызды табиғи территориялар мен фаунаны қорғауды қаржыландыру мүмкіндігі, аквальды экожүйелерді қосқанда, маңызды туристік көз тартарлық жерлер болып келетін ұлттық және аймақтық парктер мен қорықтар-ды дамыту. Бұл жағдай табиғи қорғау шара-ларына қаржы мөлшері аз елдер үшін қолайлы;

  • 2)    туристік объектілер ретінде архео-логиялық және тарихи жерлердің сақталуын қаржыландыруға көмектесу. Әйтпесе бұл объектілердің көбі бұзылып-жойылып кетуі мүмкін. Туристік мақсатта қолданылатын тарихи аудандар (кіші және ірі қалалардағы) сақтап, одан әрі дамуға көмек береді;

  • 3)    қоршаған орта сапасын жоғарылатуға көмек беру, өйткені туристер әсем, көз тартарлық, таза әрі кір емес жерлерді көруді ұнатады. Туризм табиғи ортаны тазалауға түрткі болады. Әуе, су, шу әрі эстетикалық ластануды тоқтатып, ландшафт пен құрылысты дұрыс жоспарлау нәтижесінде жалпы сыртқы келбетті жақсартуды іске асырады. Сонымен қатар дұрыс орналастырылып, жоспарланған туристік объектілер қала мен ауылды

мекендерді әшекейлендіреді. Инфрақұрылым-ды жетілдіру (сумен қамтамасыз ету, канализация, қатты қалдықтардан арылу) шаралары да қоршаған орта сапасының жоғарылауына әкеледі;

  • 4)    жергілікті тұрғындардың экология-лық білім деңгейін көтеруге, әсіресе жастар-дың экологиялық танымдық деңгейінің жоға-рылауына көмектесу. Сонда ғана жергілікті тұрғындар бұл мәселенің олардың ауданын-дағы маңыздылығын түсіне бастайды [1].

Экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен ескерткіштермен тығыз байланыста. Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту болашағы зор ерекше қорғалатын аймақтар мен қорықшалар көптеп кездеседі. Төменде Алматы облысындағы экологиялық туризмнің қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары қарастырылады.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 1931 жылы құрылған, мақсаты табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қазіргі кезде қорық Іле Алатауының орталық бөлігінде 71700 гектар аумақты алып жатыр және теңіз деңгейінен 1200-5017 метрге дейін абсолюттік биіктіктер шегінде орналасқан. Оның шекаралары Сол жақ және Оң жақ Талғар өзендері бойымен, одан әрі Түрген және Есік өзендерін бөліп жатқан жотаның бойымен өтеді, ал оңтүстік шекарасы Оңтүстік-шығыс Талғар өзенінің және Қосбұлақ-2 және Тамшы өзендерінің арасындағы тарамға дейін Шелек өзенінің жоғарғы ағысының бойымен өтеді. Бұл жердің табиғаты өзінің алуан түрлігімен: далаларымен, қылқан жапырақты және аралас ормандарымен, альпі шалғындарымен және мұздықтарымен таңқалдырады.

Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы 1998 жылы ұйымдастырылған. Еліміз-дегі көлемі шағын қорықтар қатарына жатады. Алакөл мен Сасықкөлдің жер көлемі 20743 гектарды құраса, ені екі шақырым болатын қорғаныс аймағы 21547 гектарды құрайды. Алакөл мемлекеттік ұлттық қорығы ерекше қорғалатын табиғат аумағына жатады. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағы Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Алматы облысы Кербұлақ ауданының аумағында 1996 жылы ұйымдастырылған. Жалпы аумағы 460,34 мың га. Оның құрамдарына жетісу

Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін Әншіқұм енеді.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы бойынша 1996 жылы 22 ақпанда құрылды. Ұлттық саябақ Іле Алатауының сол-түстік беткейінде, Түрген шатқалынан бастап батыста Қарасай асуына дейіңгі аралықта, қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан. Батысында Шамалған өзені мен шығысында Түрген өзендерінің аралығында 120 шақырым аумақты қамтиды, ал ені 30 шақырым. Оңтүстігінде Қырғыз мемлекетінің шекарасымен, солтүстігінде Іле – Алатауының етегімен шектеледі. Жалпы көлемі 202,3 мың га. Іле-Алатауы ұлттық табиғи саяба-ғы, Іле Алатауының әсем ландшафттарын қор-ғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдас-тырылған. 1996 ж. Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағын-да орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман шаруашылықтарының негізінде құрылған.

Шарын мемлекеттік ұлттық саябағы Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан саябақ. 2004 жылы ұйымдастырылған. Жер көлемі 93,2 мың га. Саябақ 1964 жылдан бері республи-калық маңызы бар табиғат ескерткіші ретінде қорғалып келеді. Шарын ұлттық табиғи саябағы Үлкен Бөгеті тау жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзенінің бойындағы «Қызғылт қамалдар» аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды. Саябақ аумағынан Шарын өзені ағып өтіп, Іле өзеніне құяды. Шарын өзеніне тау беткейлерінен басталатын Шалкөдесу, Кеген, Қарқара, Кенсу, Орта Мерке, Шет Мерке, Темірлік, т.б. ұсақ өзендер қосылады. Парк ауа райы құрғақ қоңыржай, жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм-дей. Шарын ұлттық табиғи саябағында геологиялық ежелгі кезеңдерден сақталып келе жатқан «Қызғылт қамалдар» аңғарының кескін-келбеті өте таңданарлық. Шарын өзенінің миллиондаған жылдар бойы жуып-шаюынан өзен аңғарында ойдым-ойдым қызғылт түсті шатқалдар пайда болған. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорода штатында ғана кездеседі (Үлкен каньон шатқалы) [2].

Қазақстанда экологиялық туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторлар:

  • -    инфрақұрылымның әлсіздігі

  • -    аймақтың экологиялық-танымдық турлары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі.

  • -    Турөнімнің халықаралық стандартқа сай келмеуі

  • -    Туристерге ұсынылатын қызметтердің бағасының тұрақсыздығы

  • -    Халықаралық экотуризм нарығында жарнамалық-ақпараттық материалдардың сапасының төмендігі және т.б.

1952 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының экологиялық ұлттық бағдарламасы бойынша бірінші форумы өтті. Осының нәтижесінде көптеген фирмалар туризмнің ішіне экотуризмге нақты көңіл бөлді. Осындай кең істердің бірі 2004 жылы басталған Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі бастама болды. Бастаманың мақсаты - ауылды өңірлердегі тұрақты экономиклық дамуды қамтамасыз ету үшін және ауыл тұрғындары арасында экологиялық сана-сезімнің деңгейін арттыру болды. 2009 жылы экологиялық туризм жөніндегі қоғамдастық үкіметтік емес ұйымдардың көмегінсіз туристік фирмалармен тікелей жұмыс істей бастады. Соңғы жылдары экологиялық туризм тұрақты дами бастады. Алматы облысы үшін экология-лық туризм ішкі және сыртқы туризмнің негізгі турөнімі болып табылады. Алматы қаласында 2001 жылы БТҰ «Экотуризм Қытай, Моңғолия және ТМД елдері үшін 21 ғасырдағы тұрақты дамудың құралы» атты семинар өткізілді. Бірақ елімізде экологиялық туризмді дамытуда жаңадан бастамалар мен іс-шаралар жүргізіліп жатқанымен экологиялық туризмнің дамуының көптеген шешілмеген мәселелері бар. Елімізде әлі күнге дейін экотуризм аймақтары мен нысандарының саны белгісіз және күнделікті қорықтар мен ұлттық саябақтарға саяхаттап баратын туристерді ешкім бақыламайды. Осы-ның салдарынан қорықтардағы «Қызыл кітап-қа» енген өсімдіктер мен жануарлар жойылып бара жатыр. Ұлттық саябақтарда ластану дең-гейі артуда. Елміздегі қорықтардағы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу бағыттары азайып осының салдарынан қорықтардың өзінде жануарлардың түрінің азайуы белең алуда [3].

Қорытынды, тұжырым

Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту қажеттілігі тек экономикалық фактормен – жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңірлердегі жергілікті қоғамдастық-тарды дамытумен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік тапсырыспен –халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрі жүйелі түрде мән берумен де түсіндіріледі. Алайда экологиялық туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда табиғи ортаға әлсіз әсеріне және кең дамыған инфрақұры-лымды қажет етпейтініне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделі қиындықтарға ұшырауда. Экологиялық туризмнің басқа туризмнен принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластанудан қорғау және табиғи ресустардың деградациясын болдырмау. Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептерін шешу үшін ұсыныстар:

  • -    экологиялық туризмнің нормативті -құқықтық базасын дамыту керек;

  • -    экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есеп жүргізіп тұру қажет;

  • -    ерекше қорғалатын табиғи территория-лардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға мемлекеттен қаржы бөлінуі керек, келушілерге қызмет көрсететін жаңа ақпарат беретін кадрлар дайындау керек;

  • -    экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экология-лық туризмді ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибелер өткізіп тұру керек;

Сонымен қорыта айтқанда Қазақстанда экотуризмді дамыту біржағынан табиғи ландшафты бұзбай сол қалпында сақтауға әсер етсе, екінші жағынан еліміздің эконо-микасының қарқынды дамуына зор ықпалын тигізер анық.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ Университеті, 2004.-172 б.

  • 2.    Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-7 -том/бас ред. Б. Аяған.-Алматы: “Қазақ энциклопе-диясының” бас редакциясы, 2003.-720 б.

  • 3.    Садыкова Д.А., Мухамединова Н.А. ҚР экологиялық проблемалары. Алматы: ҚазженПУ, 2010.-278 б.

Список литературы Алматы облысындаы экологиялы туризмні азіргі жадайы мен даму тенденциялары

  • Алиева Ж.Н. Туризмология негiздерi: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ Университетi, 2004.-172 б.
  • Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-7 -том/бас ред. Б. Аяған.-Алматы: “Қазақ энциклопе-диясының” бас редакциясы, 2003.-720 б.
  • Садыкова Д.А., Мухамединова Н.А. ҚР экологиялық проблемалары. Алматы: ҚазженПУ, 2010.-278 б.
Статья научная