А.Ысаовты сз таптары теориясы жніндегі кзарасы
Автор: Абдураимова Ж..
Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium
Рубрика: Современные науки и образование
Статья в выпуске: 11-2 (90), 2021 года.
Бесплатный доступ
Сөз таптары жайындағы мәселелер - тілдің грамматикалық құрылымының әрі кіндік қазығы, әрі негізгі арқауы сияқты мәселелер.
Грамматика, лексика-грамматикалық топтар, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптер
Короткий адрес: https://sciup.org/140262358
IDR: 140262358
Текст научной статьи А.Ысаовты сз таптары теориясы жніндегі кзарасы
Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико-грамматикалық топтарға бөлу болғаны белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыз алдындағы V-ІV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Панини грамматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері айтылып келе жатқанын да білеміз. Тілдегі сөздерді есім, етістік, шылау деп үшке бөлу де сол заманда басталған болатын. Платон мен Аристотельден басталған жоғарғы үш топ құрамына кіретін сөздерді ең аз болғанда бес, ең көп болғанда он бір топқа бөлу - тіл білімінде әбден орныққан, тұрақты үлгіге айналған дәстүр. Ғылымда орныққан сол даяр үлгіні түркологтар түркі тілдерін зерттеуде де қолданды. Кейін келе сол соқпақпен қазақ тілін зерттеушілер де жүрді.
Қазақ тіл білімінде де сөздерді түрлі тапқа жіктеу мәселесінің өзіндік қалыптасу, даму жолы бар. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі өткен ғасырдың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы А.Байтұрсынов есімімен тығыз байланысты. Ғалымның тіліміздегі сөздерді таптастыруындағы жалпы жүйе негізінен көп өзгеріссіз күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қазақ тіл білімінде сөз таптастыру мәселесіне оң ықпалын тигізген іс - әр сөз табын кандидаттық диссертация ретінде жеке зерттеу нысанына айналдыру ісі 40-жылдары басталды. Сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерінің қазақ тіл білімінде сөз таптарын зерттеген Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, Ә.Хасенов, Ш.Сарыбаев, Ж.Шәкенов, Р.Әміров, Б.Кәтенбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде түрлі дәрежеде көрініс тапты. Бұл ғалымдар өздерінің зерттеулерінде тиісті сөз таптарын анықтауда қазақ тіл біліміне 30-жылдары енген сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерін басшылыққа алады. Аталған авторлардың зерттеулері барысында, басқа да ғалымдардың еңбектерінде сөз таптарының семантика-құрылымдық табиғатын ашуда бұл принциптерді қолдану деңгейлерінің әр түрлілігі байқалды. Сөз таптастыру ілімі проблемасы өзекті мәселе ретінде морфологияның күн тәртібіне 1950 жылдары қойылды. Бұл жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасын шешу ісіне белсене араласқан А.Ысқақов болды. 1950 жылы Халық мұғалімі журналында ғалымның Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы атты мақаласы жарияланды. Ғалым сөздерді түрлі тапка бeлудiц мэн-максатын тiлдiц даму сатысын, грамматикалык курылысын айқындаумен байланыстыра отырып, Сөздерді таптастыру жөніндегі көзқарастар мен бағыттар жалпы тіл ғылымының даму сатысына, қалса эрб1р жеке тшдщ зерттелу1 дэрежесiне сэйкес e3repin те, дамып та отырады,-дейді. Бұл ғалым да қазақ тілі сөздерін түрлі тапқа жіктеуде өзіне дейінгі айтылған үш принципті атайды: Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырғанда да, басқа тілдердегі сөздерді таптастырғандағыдай, негіз етіп алынатын белг1лер жэне колданылатын принциптер мыналар:
-
- сезд1ц семантикалык (лексикалык) маFынасы;
-
- сезд1ц морфологиялык (грамматикалык) магынасы;
-
- сезд1ц сeйлeмдeгi (синтаксист(к) кызмет1.
Автор аталып отырған принциптерді басшылыққа алып сөз таптастырудың нәтижесінде пайда болған сөз таптарын лексикалық топтар деп атайды. Сез таптары категориясы - сездердх лексикалык топтаpFа белуд1ц нэтижес1,-дей отырып, Fалым сез таптары термишнщ орнына лексикалык топтар тepминiн ара-тура колданып отырады. А.Ыскаковтьщ бул мақаласының алдыңғы ғалымдар еңбектерінен өзіндік жаңашылдық жақтары да бар: біріншіден, мақала мазмұны сөз таптастырудың жалпы теориялык мәселесімен қатар, әрбір сөз табының семантика құрылымдық табиғатын eгжeй-тeгжeйлi толык баяндауымен epeкшeлeнeдi; ек1нш1ден, автор осыган дейін одағайдың құрамында қаралып келген еліктеуіш сөздерді тұңғыш рет жеке сөз табы ретінде қатарға қосады. Ғалым тіліміздегі еліктеу сөздерді семантика жағынан еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерге бөліп, олардың әрқайсысының мағыналық, дыбыстық ерекшеліктерінің барлығына және морфологиялық құрылысының өзгешеліктеріне талдау жасайды. Еліктеу сөздердің өзіндік сөз тобы болатын принциптерін айта келіп, еліктеулердің одағайларға қосылатын ұқсастығы жоқ, өзіндік жеке сөз табы етіп қарастыруға әбден болатын категория екенін автор: Еліктеу сөздерді ешуақытта одағай сөздердің қатарына қосуға болмайды, өйткені еліктеу сөздердің лексикалық мағынасымен бірге грамматикалық, оның ішінде синтаксистік қасиеті аса күшті. Одағайларда ондай синтаксистік қасиет жоқ,- деп дәлелдейді.
А.Ысқақовтың тағы бір жаңалығы қазақ тіл біліміне Қ.Жұбанов енгізген сөз таптастырудың үш принципін (семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) бірлікте қарай отырып, оларды жетілдіре түскендігі болды. Ғалым морфологиялық принципті сөз ете отырып, әрбір сөз табының түрлену жүйесіне байланысты қосымша қабылдау қабілеті ішінде сөз тудырушы жұрнақтардың да сөз табын айырудағы қызметін көрсетеді.Сөзден сөз тудыратын формальдық бөлшектердің де(жұрнақтардың) сөз таптарының жіктерін ашуда атқаратын қызметі аса күшті,- дей отырып автор бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстыруға қабілетті жұрнақтарды да әр сөз табының анық морфологиялық көрсеткіші болып танылатын сөз түрлендіруші (мысалы, сын есімнің шырай, етістіктің етіс, т.б.) жұрнақтары секілді формальдық белгі ретінде таниды. Жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалған сын есімдердің формальдық белгілері (көрсеткіштері) сол туынды сын есімдерді жасаған жұрнақтар болады,-дейді ол. Алайда бұл тұжырымның дұрыс бола бермейтіні қазақ тіл білімінің кейінгі даму барысында анықталды. Ғалым сол сияқты сөз таптастырудағы синтаксистік принципті айта отырып, әрбір сөз табының сөйлемде негізгі және қосымша қызметі болатынын ашып айтты. А.Ысқақов кезінде Қ.Жұбанов айтқан идея ізімен сөз таптарын тарихи категория ретінде тани отырып, оларды таптастыруда саралану процесінің әлі жүріп жатқанын, бұл факторды сөздерді жіктеу ісінде мықтап ескеру керек екенін де айтып, дәлелдеп берді. Ғалым Сөз таптарын анықтаумен қатар, әдеби тіліміздің күннен-күнге қарыштап өсуімен, дамуымен байланысты оның лексикалық құрамындағы сөздер де өзара дифференцияланып (сараланып) бітпегендігін, сөздердің саралану процесі тіліміздің қазіргі жағдайында төтенше күшті екендігін естен шығармау керек,-дей отырып, бұл пікірін нақты мысалдармен дәлелдейді. Оның ойынша, Жел Төлеубайдың басынан тақиясын ұшырып түсірді, Қаратаудың басынан көш келеді, Жұмысты басынан осылай ұйымдастыруымыз керек еді,- деген сөйлемдердегі бас сөзіне қатысты түрлі мағыналық өзгерістер сөздердің саралану процесінің көрінісі, яғни әуелгі толық мағыналы зат есім бас сөзінің мағынасының солғындауы нәтижесінде екінші сөйлемде көмекші есімге, үшінші сөйлемде шығыс септігінің көнеруі арқылы үстеуге айналған. 50-жылдардан бергі дәуірде қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының қалыптасып, дамуының негізінен А.Ысқақовтың есімімен байланысты болуы ғалымның көп жылғы еңбегінің нәтижесі іспетті.
А.Ысқақов - ғылымда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев сынды белгілі ғалымдардың сара жолдарын жалғастырып, сөздерді таптастыру теориясымен де, практикасымен де үздіксіз айналысқан ғалым. Ол сөздерді таптастыруды грамматиканың ең түйінді, өзекті мәселесі деп санаған, себебі ғалым сөз таптарынсыз грамматиканың ешбір мәселесін тану мүмкін емес деп біледі. Оны ғалымның: Сөз таптары жайындағы мәселелер – тілдің грамматикалық құрылымының әрі кіндік қазығы, әрі негізгі арқауы сияқты мәселелер... Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негізгі өзегі, ең түйінді, ең басты мәселесі,- деген сөздерінен аңғаруға болады. Осындай көптеген тың ізденістерінің нәтижесі толық сақталып, ғылымда өз
қызметін күні бүгінге дейін атқаруда. Ғылым даму үстінде, ғылым дамыған сайын зерделеуді, қайта қарауды, саралауды, таразылауды қажет ететін тұстарының аңғарыла беретіні де ақиқат. Сол сияқты, сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға бөлу морфологияның ең өзекті мәселесі болып зерттеліп жатқанына біршама уақыт болғанына қарамастан, қазақ тілінде қалыптасқан сөз таптастыру теориясы бойынша сөздерді түрлі топтарға жіктеу барысында әлі де болса бірқатар қиыншылықтар, шешімін табар проблемалар кездеседі. Солардың бірі – сөз таптастырудың синтаксистік принципін қолдану кезінде әрбір сөз табының сөйлемде атқаратын қызметімен қатар жүйелі түрде олардың (белгілі бір сөз табына жататын сөздердің) тіркесу қабілетін нақты анықтаудың өз дәрежесінде емес екендігі болса, екіншісі – сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу процесін зерттеудің қажеттілігі болып табылады. Көптеген ғалымдардың қатынасуымен әр саласы жеке-жеке зерттелгеніне қарамастан етістіктің кейбір бөлімдері күні бүгінге дейін бірізді шешімін таба қойған жоқ, Ондай ала-құлалық көсемшелер мен есімшелерді түрге бөлуде кездеседі. Осыған ұқсас ала-құлалық сын есім түрлері мен шырай түрлерін айқындауда да, шылауларды түрге бөлуде де кездеседі. Сондықтан келешек зерттеу жұмыстарында осы жайлардың ескерілуі тиіс. Сөз таптарын лексика-грамматикалық категория ретінде сипаттауының кейбір себептері туралы ғалымның еңбектері арқылы ұғынуға болар жайттарды саралап көрсек. Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деген үш топқа бөлінеді. Бұл бөліністі қазақ тіл білімінде
қалыптастырған ғалым А.Ысқақов. Жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде осы көзқарас бойынша студенттер дәріс тыңдайды, қаншама уақыт өтіп, қаншама ғылыми еңбек жазылса да сөз таптарына байланысты А.Ысқақов зерттеулері құндылығын жоймай келеді. Кез келген сөз табын сөз еткенде алдымен сол сөз табына тән грамматикалық категориялар туралы ғылыми түсінік қалыптасуын көздеу керек. Өйткені грамматикалық категориялар-тілдің грамматикалық құрылысы туралы негізгі ұғымдар , яғни грамматиканың негізгі ұғымдары. Мазмұнына қарай оларды екіге бөлуге болады: жалпы грамматикалық және жеке грамматикалық. Жалпы грамматикалық категорияларға сөз таптары, сөйлем мүшелері т.б. категориялары жатса, жеке грамматикалық категорияларға септік, көптік, жақ, шақ т.б. категориялар, әр сөз табына тән категориялар жатады. Грамматикалық категориялар парадигмасының компоненттері, граммемалар, жалқы қолданыстығымен ерекшеленеді және олардың бір ғана категориялды мағынасы болады. Бұл тілде қалыптасқан грамматикалық формалардың жалқы немесе жалғыз ғана мағынаның білдіретіндігін көрсетеді. Соған орай грамматикалық мағынаның категориялдық түрі қалыптасады. Ал лексема парадигмасының компоненттері, сөзформалары, керісінше, көпқолданысты (многофункциональны), соған байланысты сөзформалары бірнеше грамматикалық формалардың қиылысу нүктесі болып саналады. Бірақ бұл әр тілдер семьясында әр түрлі болып келеді. Екі парадигма да тіл жүйесінің парадигматикалық иерархиалық қатынастағы абстрактілі -грамматикалық деңгейіне жатады. Бұл деңгейлерді жан-жақты зерттеген морфолог А.В.Бондарко сөз таптары парадигмасы деген терминді қолданбағанмен, сөз таптарын сипаттайтын морфологиялық категориялардың кешені деген күрделі терминмен атайды. Грамматиканы зерттеуші О.П.Суник сөз таптары ұғымын сөз ұғымына қарағанда әлдеқайда тар мәнді деп санайды. Өйткені сөз таптары грамматикалық
құрылыстың бірлігі деп қарауға мүмкіндік туғызатын бір аспектісі ғана. Кез-келген сөз табы сөздерді жалпыграмматикалық мағынасына қарай ғана сөз табы деген ұғымға біріктіреді. Тіпті жалпы алғандағы сөз таптары деген ұғымның өзі сөздің бүкіл құрылымдық-семантикалық және функционалдығын бірден көрсете алмайды, сондықтан сөз бен сөз таптары бір біріне тепе тең бола алмайды. Әр түрлі сөздер бір сөз табына топтастырылғанмен де, әр түрлі сөздер болып қала береді. Сондықтан, сөз табы дегеніміз сөздің ең маңызды жалпыграмматикалық мағынасын көрсететін категория ғана. Соған орай жалпыграмматикалық категорияларға сөз таптары, сөйлем мүшелерінің категориялары т.б. жатса, жеке грамматикалық категорияларға септік, көптік, жақ, шақ, т.б. категориялары енеді.
Қорыта айтқанда, ғалымдардың бірқатары грамматикалық мағынаны сөздің негізгі мағынасына қосымша мағына деп түсінеді. Міне, осындай әр түрлі ойға жетелейтін пікірлер болса да, проф. А.Ысқақов сөз таптарын лексика-граматикалық категорияларға жатқызғаны белгілі. Грамматикадағы логикалық бағытқа байланысты сөз таптарын ерекше лингвистикалық грамматикалық мағынасы бар категорияға жатқызып жүрген ғалымдар сөз таптарын грамматикалық категория дей келіп, оларды сипаттағанда сөз таптарының бір ізге түспеген, қайшылыққа толы дәстүрлі жүйеленуін негізге алады. Бұл арада зат есім, сын есім, етістік сияақты сөз таптарымен қатар тұтас түрленуі жоқ, ішінара түрленетін есімдіктерде де, мүлде басқа негіздемелермен жеке сөз табына жатқызылып жүрген, біртұтас түрлену категориялары жоқ одағай, еліктеуіш сөздерді де, үстеулерді сөз таптарына жатқызады. Сөз таптары психологиялық та, логикалық та категорияларға жатпайды, себебі психологияда, логикада, философияда жеке категориялық құндылықтарды түсіндіргенде ұғым ретінде сөз таптарына сүйенбейді, сондықтан бұлар тек қана грамматикалық, яғни лингвистикалық ұғымдар болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
1. А.Байтұрсынов. Тіл –құрал. Алматы, 1993ж.
-
2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы,1991 ж.
-
3. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі (морфология). Алматы, 1991 ж.
-
4. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999 ж.
-
5. Ш.Бектұров. Қазақ тілі. Алматы,2006.
-
6. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы,1993 ж.
-
7. Ә.Хасенов. Тіл білімі. Алматы, 2003 ж.
"Экономика и социум" №11(90) 2021
Список литературы А.Ысаовты сз таптары теориясы жніндегі кзарасы
- А.Байтұрсынов. Тiл -құрал. Алматы, 1993ж.
- Қ.Жұбанов. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. Алматы,1991 ж.
- А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi (морфология). Алматы, 1991 ж.
- Т.Қордабаев. Жалпы тiл бiлiмi. Алматы, 1999 ж.
- Ш.Бектұров. Қазақ тiлi. Алматы,2006.
- К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы,1993 ж.
- Ә.Хасенов. Тiл бiлiмi. Алматы, 2003 ж.