Аза тіліндегі лтты киімдер атауларыны этнолингвистикалы сипаты

Бесплатный доступ

Мақала қазақ тіліндегі ұлттық киімдер атауларының этнолингвистикалықсипатына арналған. Аталған мақалада белгілі бір халықтың тілдік ерекшеліктерін мәдениет және тарихпен байланыстыратын «этнолингвистика» ұғымы қарастырылады. Жұмыстың практикалық маңызы ұлттық киімдер атауларын этнолингвистикалық тұрғыда қарастыра отырып практикалық сабақтарда қолдану болып табылады.

Короткий адрес: https://sciup.org/140205093

IDR: 140205093

Текст научной статьи Аза тіліндегі лтты киімдер атауларыны этнолингвистикалы сипаты

Мақала қазақ тіліндегі ұлттық киімдер атауларының этнолингвистикалық сипатына арналған.

Аталған мақалада белгілі бір халықтың тілдік ерекшеліктерін мәдениет және тарихпен байланыстыратын «этнолингвистика» ұғымы қарастырылады.

Жұмыстың практикалық маңызы ұлттық киімдер атауларын этнолингвистикалық тұрғыда қарастыра отырып практикалық сабақтарда қолдану болып табылады.

Статья посвящена этнолингвистическим свойствам названия национальной одежды в казахском языке.

В настоящей статье рассматривается понятие «этнолингвистика», которое описывает языковые особенности определенного народа, связывая его с культурой и историей.

Практическая значимость работы заключается в возможности использования названия национальной одежды с точки зрения этнолингвистики на практических занятиях в сфере легкой промышленности.

The article is devoted to the ethnolinguistic properties of the national clothes names in the Kazakh language.

The concept of ethnolinguistics, which describes the linguistic features of a certain people, linking it with theirculture and historyare considered in this article.

The practical significance of the work implies the possibility of using the national clothes namesfrom the point of view of ethnolinguistics in practical classes in the field of light industry.

Негізгі сөздер: этнолингвистика, тіл, ұлттық киімдер, ұғым, мәдениет, тарих, жеңіл өнеркәсіп.

Кіріспе

Академик Э.Кайдар езшщ «Этнолингвистика» деген макаласында: «Халыктын ДY-ниетанымы мен болмысы оның тек тілінде сакталып, т1л аркылы керiнiс тауып отыр. Эр тYрлi заттыц, кубылыстыц аты-женi, сыр-сипаты, козFалыстык катарлар, 9дет-Fурып, салт-сана мен дэстYрлер жайлы маглуматтар бәріде кейінгі буындарға тек тіл фактілері аркылы Fана, яFни тiлдегi сездер мен сез тiр-кестер, фразеологизмдер мен макал-мэтел-дер, ацыз-ертеплер аркылы Fана келiп жетуi мYмкiн емес», — деп жазды [1]. Этнолингвистика деген ұғым белгілі бір халықтың тілдік ерекшеліктерін оның мәдениетімен және тарихи оқиғаларымен байланыстыра отырып суреттейді. Ал мәдениет пен тарих тікелей өз керiнiсiн улттык киiмдерден табады. ^азiр өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілерінің кейбір элементтері сақ дәуірінен бастау алады. Казактардын киiмдi солFа кау-сыратыны сак киiмдерiнде, орта Fасырлар-дағы түріктер аталған үлгіде киінген екен. Киімдердің ұлттық этномәдени сипатын киім атаулары анық көрсетеді, мысалы «бөрік» деген сөзді алсақ, ол сөздің мағынасы кең болған, қазақ халқы бас киімді өте қадірлеген. Бас киiмдi жерге тастамай, жоFары iлiп кой-ған. Қатты қуанса бөрігін аспанға атқан және баска да салт-дэстYрге байланысты сенiм мен нанымдар бар, яғни бас киімнің ролі жоғары болFан. «¥лттык тiлiмiздщ терец де сан кыр-лы қатпарларында сыры ашылмаған сөздер аз емес. Небір тарихи дәуірлердің куәгері іспетті халыкпен бiрге жасап келе жаткан, халкы-мыздың материалдық мәдениетін бейнелейтін киiм-кешек тYрлерiнiц пайда болуы, 0Fан эр қоғамның ықпалы олардың жасалу тарихы мен тутыну ерекшелiктерi киiм-кешек атаула-рына тарихи-лексикологиялык, этимология-лык, этнолингвистикалык т.б. талдау жасау арқылы анықталады” [2]. Сондай талдауды кажет ететiн сездiц бiрi - кимешек. «Кимешек - казак эйелдерiнiц дэстYрлi улттык бас киiмi. Казактын улттык танымында кимешек ардак-ты ана, үлкен құрметті әжелердің символы. Кимешек — казак эйелдерiнiц киелi бас киiмi. Эдетте кимешек ак матадац немесе ак жiбек-тен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесi мен жаурынын жауып турады. Киме-шекке карап 9йелдердiц шырайын, жас мел-шерiн, турмыс-жайын, тiптi жYрiс-турысына дейiн анык ажыратып алуга болады екен» [3]. Кимешек атауы «киiм-кешек» деген тYбiрден шыккан жэне кыскартылып айтылFан сез.

Зерттеу нысандары мен әдістері

Зерттеу нысандары ретiнде казак хал-қының ұлттық киімдері, олардың тарихпен жэне мэдениетпен байланысы карастыры-лады, ал оларды этнолингвистикалык турFы-дан сипаттау аркылы талдау, суреттеу, салыс-тыру эдiстерiне жYгiндiк.

“Халыктыц болмыс - тiршiлiгiнiц, мэ-дениетiнiц купия сырлары улттык емiрдiц ай-насы болып табылатын тіл арқылы ашылады. Осымен байланысты, адамзат өркениетіндегі улттык мэдениеттiц бiр тYрi - киiм-кешек атауларын танымдық тұрғыдан талдау оның этнолингвистикалык табиFатын ашуга мYм-кiндiк бередi [2].

Нәтижелері мен оларды талдау

Сэукеле сезi де когнитивтi т¥рFыдан ка-растырылатын, тарихи мацызы бар лексема-лардыц бiрi, ол ¥затылFан кыз киетiн - бас киiм. Оны арнайы басылFан, ак киiзден немесе арасына жYн салып сырыFан матадан жасап, сыртын арнайы барқыт, атлас, мәуіті, ш¥Fа сиякты кымбат маталармен каптайды. Шетiне кундыз, кэмшат терiсi усталады. Сэукеле Yш карыс шамасындай болып, ен бойына алтын, кYмiс, меруерт-маржаннан эшекей тағылып, сыртын жібек жіппен кестеленеді және арнайы күмістен жасалған төбелдір маң-дайшасы болады. Сыртында жерге жететін, ақ жібек жаулық болады. «Сәукеле» лексемасы «сәу» және «келе» толық мағыналы екі сөзден құралған. «Сәу» компоненті көпшілік түркі тілдерінде кездеседі: көне түркі тілінде say-здоровый, целый, хороший [4], татар тілінде сау- целый, чувашша тыва — здоровый т.б. Ал екінші компонентін қарастырайық, қыр-ғыз күлә — «тюбетейка, надеваемая под чол-му, конусообразная шапка», парсы тілінде куга — шапка календера; чағатай тілінде кylyk — головная повязка: әзірбайжан тілінде гүллә -башня мағыналарында берілген.

Е.Жанпейісовтың докторлық диссерта-циясында «сәукеле» сөзінің этимологиясы жайлы былай дейді: "Компонент сәукеле разным языкам: сау /сәу/ из общетюркского, күла/күлә~кела~келе/из персидского сау/сәу/ — выражает значение целый всецело, целиком; а компонент «келе» как название головного убора связан с его основном признаком — конусообразностью, относительно удлиненностью» [5]. Ал қасабаға келсек, ол – үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадап, маңдай тұсын түгелдей асыл тас, алтын, күміс әшекейлермен безеп, оң жақ самай тұсына 5-6 қатардан ілмелі моншақ күміс қоңыраушалар байлап, ұзын салпыншақты етіп жасаған қыз тақиясының бір түрі. Қасаба көбіне төре, сұл-тандардың қыздары киетін баскиім саналған. Кейде қалыңдық оны үйлену тойына сәуке-ленің орнына да киген. Қасаба маңдайды қас-қа дейін жауып тұратын бас киім болғандық-тан, оны осылай атаған болуы керек. Аталған сөздің тағы бір тарихы бар. Қасаба көнетүркі және қыпшақ бас киімнің негізгі элементтері мол енген қасаба атауы «алтын зерлі» деген мағына береді. Міне, зер салсақ әр киім ата-уының өзінше этнолингвистикалық сипаты бар және олардың ерекшеліктері көбінесе атқаратын қызметіне және маңыздылығына байланысты болған, яғни қазақ халқы киім-дерге, оларды атаған да ерекше назар аудар-ған. Мәселен шапан сөзін алсақ осы кезге де-йін бағасын жоғалтпаған қасиетті киімдердің бірі, сыйлы адамдарға әдемі шапанды бас киіммен сыйлайтынымыз да жақсы салт-дәстүріміздің бірі.

Қорытынды

Киім атаулары, соның ішінде ұлттық киім атауларының да қазақ тіліндегі алтын сөздік қорына қосатын үлесі зор, себебі олар тарихымыздың, мәдениетіміздің, салт-дәстү-ріміздің негізгі бөлігі ретінде қарастырылады [6]. Осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалт-пай келген сөздерді ары қарай ұрпақтан-ұр-паққа жеткізу барлық қазақ халқының па-рызы, егер көне тарихи ескерткіштерді қалай сақтасақ, ұлттық киім атауларын да солай сақтауымыз керек. Тіл болмаса сол тілдің иесі де болмайтынын мәңгі есте сақтауымыз керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика// Білім және еңбек. -1985.-№ 10.- 7-12 б.

  • 2.    Алмауытова Ә.Б. Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты: филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәре-жесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты, Алматы, 2004. – 29 б.

  • 3.    Сидоллаева А. Киелі кимешек. – Алматы, 2014. -19б.

  • 4.    Аймауытова Ә.Б. Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты. фил. канд. дисс, Алматы, 2004 ж.-28 б.

  • 5.    Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. - Алматы, 1989. – 28 с.

  • 6.    Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы: Ғылым. 2001. – 213 б.

Список литературы Аза тіліндегі лтты киімдер атауларыны этнолингвистикалы сипаты

  • Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика//Бiлiмжәнееңбек. -1985.-№ 10.-7-12 б.
  • Алмауытова Ә.Б. Қазақ тiлiндегi киiм атауларының этнолингвистикалық табиғаты: фи-лология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәре-жесiн алу үшiн дайындалған диссертация авторе-фераты, Алматы, 2004. -29 б.
  • Сидоллаева А. Киелi кимешек. -Алматы, 2014. -19б.
  • Аймауытова Ә.Б. Қазақ тiлiндегi киiм атауларының этнолингвистикалық табиғаты.фил.канд.дисс, Алматы, 2004 ж.-28 б.
  • Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. -Алматы, 1989. -28 с.
  • Салқынбай А. Қазақ тiлi сөзжасамы. -Алматы: Ғылым. 2001. -213 б.
Статья научная