Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық ерекшеліктерінің мазмұны

Автор: Н.Н.Абдыгалиева, Ә.Т.Тәубеева

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Инновации в образовании

Статья в выпуске: 2 (132), 2021 года.

Бесплатный доступ

Аталмыш мақалада тілдік жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлау барысында зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың басты ерекшеліктері сөз етіледі. Автор зерттеушілік құзыреттілік мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің негізін құрап, педагогикалық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетудегі анықтаушылары бола отырып, жобалаушы немесе құрылымдық қабілеттер болып табылатындығын басты назарға ала отырып, зерттеушілік құзыреттіліктің мұғалімнің педагогикалық іскерлігін арттыруда да маңызды рөл атқаратындыңын айқындайды.

Жоғары оқу орны, зерттеушілік құзыреттілік, рефлексия, педагогикалық іскерлік, педагогикалық теория, кәсіби-педагогикалық біліктілік

Короткий адрес: https://sciup.org/140259973

IDR: 140259973   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2021-2-54-60

Текст научной статьи Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық ерекшеліктерінің мазмұны

Кіріспе

Жаһандану талабына сай нағыз кәсіби педагог болу үлкен, әрі жауапты іс. Бүгінде Қазақстан азаматтарының алдында мемлекеттің дамуының ұзақ мерзімге жоспарланған стратегиялық бекітілгенін нақты бағыттарды ескеретін болсақ,онда мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі мен әлемдік интеграцияға енуінің негізгі алғышарттарының бірі - біздің мемлекетіміздің білім деңгейі мен білім беру жүйесінің сапасы болматыны сөзсіз. Бұл ретте мемлекетіміздің алдында әлемдік еңбек нарығының талаптарына сай мамандар даярлау мәселесі басты назарға алынады. Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында еліміздің білім беру жүйесінің заңына сәйкес мамандарды даярлау үдерісі күрделеніп, заң-намаларға толықтырулар енгізіліп жоғары оқу орындарында (ары қарай ЖОО) оқу үдерісіне талаптар күшейтілуде. Әсіресе болашақ мамандарды кәсіби даярлау үде-рісіне педагогикалық ЖОО басты көңіл бөлінуде. Дәл осы ретте болашақ шетел тілі мұғалімінің кәсіби маман ретінде қалыптасуына қандай алғышарттар септігін тигізіді деген кезекті сұрақ туындайды. Біздің ғылыми жұмысымыздың негізгі өзектілігі болашақ шетел тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда зерттеушілік құзыреттілікті қалып-тастыру мәселесі. Тілдік ЖОО болашақ шетел тілі мұғалімдерінің бойында зерттеу-шілік құзыреттілікті қалыптастыру үдері-сінің барысын біз зерттеушілік құзырет-тілікке басты назар аударамыз. Зерттеушілік құзыреттіліктің негізгі көрсеткіштеріне сипаттап жасайтын болсақ, олар:зерттелген немесе әлі де зерттелініп жатқан еңбектерді тереңірек танып білу, жаңа білімдерді нақты игеру, кәсіби қызмет барысында жетістікке жету, нақты білім беруде сабақ барысын бағалау, талдау, танымдық қабілеттіліктерді игере отырып нақты педагогикалық жағдаяттарда қолдана алу және т.б.

“Gnostic” - терминінің мағынасы грек тілінен аударғанда «таным» деген мағынаны білдіреді.Таным теориясы таным мәселелері мен оның мүмкіндіктері зерттелетін білімнің нақты жағдайға қатысты дұрыстығы мен шынайылығы белгіленіп қарастырылатын философияның бір бөлігі. Таным теориясы философиялық дисциплина бола отырып, таным нәтижелерін білім негізі деп қарастыруға мүмкіндік береді[1,56-б].

Зерттеушілік құзыреттілік (гр.gnostic-таным) - студенттердің шетел тілі пәніне деген қызығушылығымен, сондай-ақ олардың тілдік сөйлеу қабілеттіліктерімен анық-талынып, оқытудың оңтайлы әдістемесін таңдап, оны нәтижелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді[2,21-б]. Ал құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен іскерліктерді іс-жүзінде, күнделікті шынайы өмірде қандай да бір теориялық және практикалық мәселелерді шешу барасында игерген білімдерді қолдана алу қабілеттілігі деп түсіндіріледі. Сонымен, оқытудағы құзыреттіліктік амал білім беру нәтижесі ретінде оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді[3]. Зерттеушілік құзыреттілік шетел тілі мұғалімінің кәсібінде,нақты айтқанда шетел тілі сабақтарына психологиялық талдау жасауында, кәсіби біліктілікті арттырудағы педагогикалық білімінде, оқыту әдістемесін игеруінде студенттермен педагогикалық қарым-қатынасында және т.б, кәсіби білігін шыңдауда,үнемі ізденіс үстіндегі маман бейнесінде көрініс табады деп анық айта аламыз. Мұғалімнің жеке тұлғалық реф-лексивтілік деңгейі мен рефлексив-ті/өздігінен ойлау кабілеті, өзін-өзі дамытуы оның педагогикалық кәсібінде зерттеушілік құзыреттілікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Рефлексия» ұғымы С.С.Құнанбаева-ның еңбегінде «білім алушының өзін-өзі басқаруы, өзіне-өзі түрткі болуы, өзін-өзі дамытуы» деп қарастырылады. «Рефлексия» ұғымының қазіргі түсіндірмесі, оны өткен жылдардағы философиялық тұрғыдан түсіндіруден өзгеше, онда рефлексия өзін-өзі да- мыту мен өзін-өзі бағалау құралы ретінде емес, өзін-өзі тану қабілеті не болмаса теориялық танудың негізі деп анықталады. Қазіргі теорияда «рефлексия» көпфункцио-налдық құбылыс, оның негізін өзіне тән келесі функциялар қалайды деп көрсетіледі:

Өзін-өзі дамытуға,өзін-өзі жетілдіру-ге,өзін-өзі ұйымдастыруға,өз санасында қа-лыптастырылған үлгі бойынша өзін құрастыру;

Шығармашылығы мен өзін-өзі дамыту-дағы рефлексивтік дамытушы әрекет ретінде қалыптасқан тұлғаның ішкі әрекеті;

Өз әрекетін, қол жеткізген жетістіктерін рефлексивтік түрде бағалай отырып талдау , өзін-өзі дамытудағы кемшіліктерін өзі түзетуі[4,1].

Рефлексия шеттілдік білім беруде маңызды мәселелерді жағдаяттар негізінде шешуді көрсете отырып, шетел тілін меңгерушінің өзін-өзі дамытуын, оның жоғарғы кәсіби мүмкіндіктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді[4,2]. Демек, педагогтың өзін-өзі дамытуы мен үздіксіз білімін жетілдіруі зерттеушілік құзыреттіліктің қалыптасуына негіз болады деп айтуға болады. Зерт-теушілік құзыреттілік тұлғаның өзге тұлғаларды дұрыс қабылдап түсіне алуы, оның нақты жағдайға қатысты іс-әрекетін сонымен қатар, өзінің де кәсіби іс-әрекетін нақты әрі әділ бағалай алу мүмкіндіктерінің қабілеттіліктеріне негізделеді деп есептейміз. Сол себепті де зерттеушілік құзыреттіліктің нысаны ретінде ең алдымен мұғалімнің өзі қарастырылады.

Сондай-ақ оқыту үдерісінде зерттеу-шілік құзыреттіліктің нысаны ретінде сту-дентті де қарастыруға болады. Оқыту үде-рісінде студенттің жеке тұлғасын зерттеу, оның өз ортасында, яғни оқу орынындағы басқа студенттер ұжымы арасындағы алатын орнын,жеке психологиялық дара ерекшеліктерін, танымдық, шығармашылық қабілеттіліктерін түрлі педагогикалық әдістер арқылы анықтау мұғалімнің педагогикалық іскерлігіндегі маңызды кәсіби көріні-сі(аспектісі) болып табылады. Мұғалімнің өзін-өзі дамытуға, кәсіби білімі мен біліктілі-гін,педагогикалық шеберлігін арттыруға деген жеке тұлғалыққажеттілігі және белгілі бір ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу зерт-теушілік құзыреттіліктің қалыптасып жүзеге асырылуының анағұрлым нәтижелі болатын-дығын айқындайды[5].

Жалпы айтқанда, тұлғаның барлық зерттеушілік іс-әрекеттері (перцептивті-қабылдау, мнемикалы-есте сақтау, ойлау, бағалау іс-әрекеттері) мұғалімның зерттеу-шілік құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады. Зерттеушілік құзыреттіліктің дина-микалық шарт негізіндегі шетел тілі сабағында жүзеге асырылуы оқытылу үдерісін-дегі шетел тілі мұғалімінің педагогикалық-психологиялық әдістерді түсінікті, әрі нақты меңгеруін талап етеді:

  • -    шетел тілі сабақтарында техноло-гияларды,әдістерді пайдаланып оқыту үдері-сі барысында жұмыс жоспарлау;

  • -    үздіксіз бақылау/байқау;

  • -    тәжірибелік жұмыс барысында зерттеушілік -құзыреттілік деңгейін қадағалау [6].

«Құзыреттілік және оны қалыптасты-ру» мәселелері психологиялық-педагоги-калық әдебиеттерде қарастырылып, кең көлемде талқыланатын өзекті тақырыптардың бірі, әрі бірегейі. Зерттеушілік құзыреттілік педагогикалық білімнің, іскерліктің ажырамас бөлігі. Зерттеушілік құзыреттілігі қалыптасқан мұғалім аталмыш құзыреттілік негізін педагогикалық жағдаяттарды шешу барысында тиімді қолданады[7]. Осыдан ке-ле зерттеушілік құзыреттіліктің көмегімен мұғалім өзінің педагогикалық іскерлігі бары-сындағы жағдаятты саралап-талдайды, жүйе-лейді, шешілу жолдарын педагогикалық әдістер мен технологияларға, амадарға негіздеп іздестіреді. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, зерттеушілік құзыреттілік педагогикалық міндеттерді шешу барысында қалыптасады деп айтуға негіз бар. Олар әдіскер-ғалымдардың педагогикалық еңбектерінде көрініс табады. Педагогикалық әдебиеттерде әдіскерлер мұғалімнің кәсібилігіне қатысты талаптарды, іскерліктер мен құзыреттілік-терді топтастырып, жіктеп көрсетеді. Мұғалімнің кәсіби маман ретіндегі құзыретті-ліктерін талдай келе А.И.Щербаков, А.В.Мудрик дидактикалық тұрғыдан мұғалімнің іскерліктерін негізгі үш топқа жіктеп көрсетеді:

–Мұғалімнің білімділігінің көмегімен оқыту және тәрбиелеу үдерісіндегі жаңа педагогикалық жағдаяттарды шеше алудың түрлі жолдары мен нұсқаралы қарастырылады;

–Әр педагогикалық жағдаятқа жаңа шешім таба алу құзыреттілігі негізге алынады;

–Нақты педагогикалық жағдаяттарды шешу үшін педагогикалық білімнің жаңа элементтері мен идеяларын қалыптасты-рылады[8].

Жоғарыда аталған педагогикалық іскерліктерінің педагогикалық жағдаятты анықтау маңыздылығын оқыту үдерісінің маңызды бір бөлігі деп қарастыруға болады. Педагогикалық іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы мұғалімнің кәсіби қабілеттіліктеріне негізделеді және ол мұғалімнің нақты кәсіби іскерліктерде көрініс табады[9]. Сондай-ақ аталып өткен педагогикалық құзыреттіліктер жүйесі әртүрлі педагогикалық міндеттер мен жағдаяттардың шешімін табуға бағытталады деп ойлаймыз. Мұғалімнің кәсіби қызметі барысында оған қойылатын талаптар қоғам сұранысы мен тапсырысына сай үнемі толықтырылып, жаңартылып отыратын үздіксіз үде-ріс екендігін ескеру қажет.

Жаһандану заманындағы үнемі болып жататын қарқынды даму, өзгерістер мен жаңашыл талаптар білім беру жүйесін де айналып өтпейтіні анық. Қазіргі білім беру жүйесіне қойылатын басты талаптар мемлекет пен қоғамның сұраныстарына сай маман даярлау үдерісі болып отыр. Бұл ретте тілдік ЖОО болашақ мамандарды кәсіби даярлау мәселесіне үлкен салмақ түсіп отыр, себебі қазіргі таңда тілдік ЖОО кәсіби маман даярлау үдерісі әлемдік деңгейдегі еңбек нарығының талаптары мен сұраныстарына сай жүргізілуі міндет.

Бүгінгі таңда жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орындарының халықаралық білім жүйесіне жоспарлы енуі және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді еңгізуді талап етуде[10]. Білім беру үдерісін жандандырып отырған құзыреттілік тәсіл көптеген дамыған елдер-дегі білім беру стандартының жалпы тұжырымына сәйкес келеді, ол білім беру мазмұны мен оның сапасын бақылау жүйесінің компетенттік жүйесіне ауысуымен тікелей байланысты[6].Білім саласына ендірілетін жаңалықтың барлығы дерлік арнайы мақ-саттық жоспар негізінде жүзеге асырыла-тындығын ескерген жөн. Еліміздегі ЖОО, әсіресе тілдік жоғары оқу орындарында шетел тілі және шеттілдік білім беру мәселесі ерекше мәнге ие. Сол себепті де тілдік ЖОО болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлау үдерісінің оң нәтижелілігінің қоғамға тигізер пайдасы мол деп есептейміз. Сондықтан тілдік ЖОО болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығына, зерттеушілік қабілеттіліктерінің дамуына және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсініс-тікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет[11]. ҚР Білім туралы заңында көр-сетілгендей білім беру мазмұнын жаңа-шаландыру, педагог мамандардың біліктілігін арттыру,әсіресе жас мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап ой елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.

Болашақ мұғалімді даярлау сапасы біртұтас педагогикалық үдерістің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдердің болуы кәсіби міндеттерді қолдануға даярлығынан көрініс табады. Зерттеушілік құзыреттіліктің болашақ шетел тілі мұғалімдері үшін маңыздылығы - біртұтас педагогикалық үдерісті жүйені құры-лымдылық сипаттауға, нақты жағдайды ескере отырып, алда болатын іс-әрекеттің үлгісін рефлексивті деңгейде ойша құрастыруға, «мұғалім-студент» жүйесі жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігінде болып отыр [7]. Болашақ шетел тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда олардың бойында зерттеушілік құзыреттілікті қалып-тастыру жүйесін педагогикалық үдеріс дей отырып, аталмыш құзыреттілікті қалыптас-тырып-дамытудағы жалпы кәсіби педагогикалық негізгі заңдылықтарына тоқтала кететін болсақ:

–Педагогикалық үдерістің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді: әлеуметтік тапсырыс ретіндегі білім беру заңдары арқылы талап етілуі;

  • - Педагогикалық үдеріс екі жақты іс-әрекет:мұғалімдер мен студенттердің өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынастық әрекетімен байланысты болуы;

  • - Мұғалімнің мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған кәсіби іс -әрекетінің нәтижесінде студенттердің бойында зерттеу-шілік қабілеттердің дамытылуы;

    –Педагогикалық үдерістің қызметі оны құру мен ұйымдастыру студенттің жеке-дара ерекшеліктеріне назар аударылуы және т.б.[15,89-93-б];

Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу жұмысының нысаны ретінде тілдік жоғары оқу орындарындағы студенттердің бойында зерттеушілік құзы-реттілікті қалыптастыру болашақ шетел тілі мұғалімін даяр-лаудың үдерісі алынды. Зерттеу жұмысын анықтау барысында төмендеідей әдістер қол-данылды: Болашақ шетел тілі мұғалімін даярлаудағы сту-денттердің зерттеушілік құзыреттілікті қалыптасытруындағы философиялық, педа-гогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;

–Бақылау, әнгіме жүргізу, сауалнама дайындау,тест тапсырмалары, жаттығулар кешенін пайдаланып, педагогикалық тәжірибе жасау;

  • - Оқу үдерісінде студенттердің зерттеу-шілік құзыреттіліктерін бақылау;

    –Алынған нәтижелерді статистикалық өңдеуден өткізіп,қорытынды шығару.

Болашақ шетел тілі мұғалімдерін кәсіби даярлау барысында ең алдымен жалпы педагог маман даярлау үдерісіндегі негізгі ерекшеліктерді ескеру маңызды[12]. Педагогикалық теорияда педагогикалық мамандықтардың басқа мамандықтарға қарағанда өзгеше екендігі, яғни оларда оқитын студенттерден оқу және тәрбие қызметін атқару талап етілетіні көбінесе ескерусіз қалып жататындығы жасырын емес. Кейбір әдіскер ғалымдардың пікірлеріне сүйенетін болсақ, педагогикалық мамандықтағы сту-денттер үшін пәнді оқып - білу басты мақсат емес, басты мақсат- оқыту мен тәрбиелеуге деген кәсіби біліктілік амал. Ал бұл жағына келгенде, пәндік немесе теориялық білім қаншалықты терең болса да кәсіби біліктілікті қамтамасыз ете алмайды десек, екінші жағынан теориялық,пәндік білім жоқ маман өз студенттерін ештеңеге оқыта да, тәрбиелей де алмайды дегенді алға тарту қажет. Осы ретте тілдік ЖОО болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау барысыда студенттердің бойында теориялық білімнің,кәсіби нақты пәндік құзыреттіліктердің және тәрбиелік қабілеттіліктердің бірізді меңгертіліп, қалып-тастырылуына басты назар аударылуы керек. Болашақ маман өз бойында кәсібилік, теориялық және тәжірибелік білімдер жүйесі мен құзыреттіліктерді дамытып қалыптас-тыра алуы маңызды[13]. Осы мәселенің төңірегінде болып жатқан құбылыстарды әдіснамалық тұрғыдан негіздеу педагогикалық ғылымның басты мақсаттарының бірі деп айтсақ болады. Сондай-ақ болашақ педагогтарды даярлау мәселесі аясында

Н.В.Кузьминаның жазған еңбектеріне шолу жасай келе, әдіскердің мұғалімдерге қойылатын талаптар негізіндегі маманның игеруі тиіс негізгі бес педагогикалық іс-әрекеттер ретін кәсіби маманға қажетті ең негізгі құзыреттіліктер қатарана жатқызуга болады деп ойлаймыз. Кузьмина Н.В. болашақ мамандарды даярлау жүйесінде әдістемелер қажеттілігін және оны тәжірибеде жүзеге асыруда қалыптасатын маңызды кәсіби сапалардың даму механизмі мен ретін көрсете отырып, педагогикалық іс- әрекет құрылымының негізгі бес құрамдас бөлігін анықта-ды:зерттеушілік, жобалаушылық, құрылым-дылық, ұйымдастырушылық, қатысым-дық[14].Әдіскер- ғалымның жоғарыда көрсетілген педагогикалық іс-әрекетті осы-лайша бес типке бөліп қарастыруы жөніндегі ұсынысы сол кездегі озық жаңа көзқарас болатын.

Әдістемелік және педагогикалық зерт-теулер оқыту мен тәрбиелеуге сүйене келе мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі көптеген зерттеушілік міндеттерді шешу жүйесінде көрініс табады деп айтуга негіз бар. Ал нақты міндеттер мен мәселелерді шешу мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыла-рыныңқалыптасу деңгейіне тікелей тәуелді. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті, ең алдымен мұғалімнің танымдық үлгісі ретінде қарастырылады. Өз білімі мен таным-дық,шығармашылық қабілеттіліктеріне сүйеніп педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасай келе мұғалім, әсіресе жас маман өзінің кәсіби іс-әрекетін, пәнін мақсатты түрде күтілетін нәтижені теорияға негіздейді[15]. Зерттеушілік міндеттерді шешу барысындағы мұғалімнің іс-әрекеттері оның танымдық білімін, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытады және кәсіби біліктілігін арттырады. Осылайша мұғалімнің педагогикалық іскерлігі оның тек өзінің зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға ғана емес, сонымен қатар өзінің студенттерінің де зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді деп санаймыз. Студенттер үшін зерттеушілік құзыреттілікті қалыптас-тыру олардың болашақ маман ретіндегі педагогикалық іскерліктерін дамытуға тәжіри -белік тұрғысынан ғана негіз болып қана қой-май, сондай ақ олардың болашақ маман ре-тіндегі нақты пәнге қатысты теориялық білімін бекітеді деп ойлаймыз.

Нәтижелер және оларды талқылау: Тілдік ЖОО болашақ шетел тілі мұғалімін даяр-лаудағы студенттердің зерттеушілік құзырет-тіліктері толық қалыптасып, болашақ шетел тілі мұғалімін даярлаудағы зерттеушілік құзыреттілік нәтижелі болмақ, егер, тілдік ЖОО болашақ шетел тілі мұғалін даярлауда студенттердің бойында зерт-теушілік құзы-реттілікті қалыптасыру үде-рісін теориялық-әдістемелік негіздерге, құрастырылған әдістемелік үлгіге, оқу-тәрбиелік және зерттеушілік міндеттерге сүйене отырып, сондай-ақ мұғалімнің зерттеушілік құзыреттілік қабілеттері арқылы студенттерде аталмыш құзыреттілік қабілеттіліктерін дамыту жолдары анықталса, зерттеушілік құзыреттіліктің бас-ты құрамдас бөліктері, факторлары, көрсеткіштері анықталындығын ескерсек, онда, студенттердің бойындағы зерттеушілік құзы-реттілікті қалыптастыруды дамыта отырып, зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру қабілеттілігіне ие болады деп үміт артуға болады себебі, зерттеушілік құзыреттілік-тердің дамуы ғылыми-теориялық тұрғыдан алғанда, арнайы әдістемелік нұсқаулар арқылы іске асады, зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған арнайы әдістемелік үлгі құрастырылып, зерттеушілік құзы-реттілікті дамытуда басшылыққа алынды.

Қорытынды

Зерттеулердегі ғылыми болжамдарды тексеру мен құру, педагогикалық мәселелерге сезімтал болу, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалау жатады. Білімдер жүйесі дүниетанымдық, қоғамдық-мәдени деңгейлер мен арнайы білімдер деңгейінен тұрады [15,16]. Сол себепті біздің зерттеулерімізге байланысты болашақ маманның ізденіске, зерттеуге бейімді болуы маңызды. Әсіресе шетел тілін оқып білу, үлкен талап пен үздіксіз оқу мен ізденушілікті талап етеді. Осы арада мұғалімнің болашақ маман ретіндегі дайындығы үдерісіндегі зерттеу-шілік құзыреттіліктің маңыздылын ескеру қажет.Себебі, зерттеушілік құзыреттілік шетел тілі мұғаліміне оның кәсіби қызмет атқару барысында шетел тілін оқытылатын пән ретіндегі оның мазмұнын аша алуына, шетел тілін оқытудың басты заңдылықтарын үйретуге және студенттердің психологиялық өзгешеліктеріне мән беруге, мұғалім ретінде өзін-өзі танып-білуінде көрініс табады.

Зерттеушілік құзыреттіліктің қалыптасуы біртіндеп кезең-кезеңмен жүріп отыратын үдеріс деп айтсақ болады. Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің бойында зерттеу-шілік құзыреттілікті қалыптастыру жолдарында ең басты назар болашақ маманның тұлғалық өсуіне, тұлғалық дамуына, сыни көзқараспен әрбір мәселелені талдай білуіне, нақты нәтижелерге жету жолдарын табуға талпынуға аударылады. Осылайша, біз зерт-теушілік құзыреттілігі қалыптасқан шетел тілі мұғалімі оқыту үдерісін оңтайлы әрі нәтижелі ұйымдастырып, оқыту үдерісін нәтижелі жүргізе алатын нағыз маман деп пайымдаймыз. Болашақ маманның кәсіби іс-әрекеттерін орындауға даярлығы оның педагогикалық шеберлігінің қалыптасуымен анықталады деп санаймыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Абдуллина О.А. Общепедогогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования: для спец.вузов.,2-е издание.- М.: Просвещение -1990.- 141 с.

  • 2.    Пшонковская И.А. Формирование гностических умений у студентов педагогического вуза в условиях моделирования учебного текста: дис…канд.пед.наук: 13.00.01: Иркутск: Иркутский гос.пед. ун-т, 2006. – 164 с.

  • 3.    Байжуманова Н.С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі //Білім әлемінде. - 2008. - № 5. – 3336 б.

  • 4.    Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теория. - Алматы, ИЦ КазУМОиМЯ им. Абылай хана, 2005. - 264 с.

  • 5.    Ойзерман Т.И. Практика-познание, познание – практика //Вопрос философии. - 1984-№9. –С.60-73

  • 6.    Суворова С.Л. Формирование гностических умений у студентов в процессе профессионально-педагогической подготовки: Дис...канд.пед.наук: 13.00.08 - Челябинск: ЮУрГГПУ .1999.- 163 с.

  • 7.    Щербаков А.И. Формирование личности учителя советской школы в системе высшего образования: дис. … док. пед. наук: 13.00.01.— Л.:Ленингр. гос. пед. ин-т им. А. И. Герцена, 1968.- 129 с.

  • 8.    Щукин А.Н. Обучение иностранному языку:Теория и практика.Учебное пособие для преподавателей и студентов. -М.: Филоматис, 2004.- 147 с.

  • 9.    Абдулина O.A. Комплексная педагогическая практика в системе профессиональнопедагогической подготовки студентов /

    Формирование педагогической направленности студентов пед. ВУЗа.,- Владимир, 1972.-262-263с.

  • 10.    Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі.-Кіру режимі https://pedcollege.kz/ru/elektronnye- resursy/metodicheskie-doklady/167-kyzyrlylyk.html Қаралған күн: 21.04.2021

  • 11.    Khutorskoy, A. V. Key competences as a component of student-centered education paradigm. Kazan: Education2003. - 58-64р.

  • 12.    Саломатов К.И.Методика профессионально-направленного обучения ИЯ как педагогической специальности. Учебное пособие для студентов и преподавателей педагогических факультетов     иностранных     языков.     -

    Куйбышев,1984.- 279с.

  • 13.    Сборник Горьковского Педагогического    Института    иностранных    языков

    им.Добролюбова. Требования к педагогический направленному владению иностранным языком и последовательность их реализации по годам обучения-. Горкий,:1979.- 466с.

  • 14.    Кузьмина Н.В.Очерки психологии труда учителя. Психологическая структура деятельности учителя и формирования его личности. –Л.:изд. Ленинград Ун-та,1967. – 380б.

  • 15.    Richards J.C., Rodgers N.S. Approaches and methods in language teaching .-Cambridge: Cambridge University Press,1986.- 201p.

Список литературы Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық ерекшеліктерінің мазмұны

  • Абдуллина О.А. Общепедогогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования: для спец.вузов.,2-е изда-ние.- М.: Просвещение -1990.- 141 с.
  • Пшонковская И.А. Формирование гностических умений у студентов педагогического вуза в условиях моделирования учебного текста: дис…канд.пед.наук: 13.00.01: Иркутск: Иркутский гос.пед. ун-т, 2006. - 164 с.
  • Байжуманова Н.С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі //Білім әлемінде. - 2008. - № 5. - 33-36 б.
  • Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теория. Алматы, ИЦ КазУМОиМЯ им. Абылай хана, 2005. 264 с.
  • Ойзерман Т.И. Практика-познание, познание - практика //Вопрос философии. - 1984- №9. -С.60-73
  • Суворова С.Л. Формирование гностических умений у студентов в процессе профессионально-педагогической подготовки: Дис...канд.пед.наук: 13.00.08 - Челябинск: ЮУрГГПУ .1999.- 163 с.
  • Щербаков А.И. Формирование личности учителя советской школы в системе высшего образования: дис. … док. пед. наук: 13.00.01.-Л.: Ленингр. гос. пед. ин-т им. А. И. Герцена, 1968.- 129 с.
  • Щукин А.Н. Обучение иностранному языку:Теория и практика.Учебное пособие для преподавателей и студентов. -М.: Филоматис, 2004.- 147 с.
  • Абдулина O.A. Комплексная педагогическая практика в системе профессионально-педагогической подготовки студентов / Формирование педагогической направленности студентов пед. ВУЗа.,- Владимир, 1972.-262-263с.
  • Құдайбергенова К. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерийі.- Кіру режимі https://pedcollege.kz/ru/elektronnye-resursy/metodicheskie-doklady/167-kyzyrlylyk.html Қаралған күн: 21.04.2021
  • Khutorskoy, A. V. Key competences as a component of student-centered education paradigm. Kazan: Education2003. - 58-64р.
  • Саломатов К.И.Методика профессио-нально-направленного обучения ИЯ как педагогической специальности. Учебное пособие для студентов и преподавателей педагогических факультетов иностранных языков. -Куйбышев,1984.- 279с.
  • Сборник Горьковского Педагогического Института иностранных языков им.Добролюбова. Требования к педагогический направленному владению иностранным языком и последовательность их реализации по годам обучения-. Горкий,:1979.- 466с.
  • Кузьмина Н.В.Очерки психологии труда учителя. Психологическая структура деятельности учителя и формирования его личности. -Л.: изд. Ленинград Ун-та,1967. - 380б.
  • Richards J.C., Rodgers N.S. Approaches and methods in language teaching .-Cambridge: Cambridge University Press,1986.- 201p.
Еще
Статья научная