Ферменттік жйені белсенділігі бидай сорттарыны тат ауруларына арсы тзімділігіні маркерлік белгісі ретінде
Автор: Кудиярова Ж.С., Букенова Э.А., Лесова Ж.Т., Рсалиев Ш.С., Гильманов М.К.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Естественные науки
Статья в выпуске: 3 (99), 2013 года.
Бесплатный доступ
Тат ауруларына төзімділігі бойынша ерекшеленетін 20 түрлі бидай сорттарының МДГ- ГОАТ ферменттік жүйесінің белсенділігі зерттелді. Себебі ол бидай сұрыптарының өміршеңдігін және тат ауруларына қарсы тұру қабілетін көрсетеді. МДГ-ГОАТ ферменттік жүйесінің жоғары белсенділігі глютамат катаболизмін токсикалық емес жолмен жүзеге асыратындықтан бидайдың стресске төзімді сорттарының клеткалары төзімсіз генотиптерге қарағанда токсикалық аммиактан аз зардап шегеді және оның белсенділігі жоғарылайды. Сондықтан МДГ-ГОАТ ферменттік жүйесінің белсенділік көрсеткіші тат ауруларына қарсы төзімді генотиптерді сұрыптауда маркер ретінде қолдануға ұсынылады.
Короткий адрес: https://sciup.org/140205003
IDR: 140205003
Текст научной статьи Ферменттік жйені белсенділігі бидай сорттарыны тат ауруларына арсы тзімділігіні маркерлік белгісі ретінде
Кіріспе
Астық тұқымдастарының тат аурулары Қазақстанның ауылшаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Сондықтан астық тұқымдас-тарының тат ауруларына қарсы төзімді генотиптерін тиімді тестілеу әдістерін өңдеу республика ғалымдарының негізгі мақсат-тарының бірі болып табылады. Өсімдіктердің тат саңырауқұлағымен зақымдануы катабо-лизмнің күрт күшеюіне әкеледі [1]. Әсіресе өсімдіктердегі азот айналымындағы орталық аминқышқылы - глютаматтың катаболизміне ерекше зиян келтіреді. Бұл аминқышқы-лының ыдырауы глютаматдегидрогеназаның қатысуымен жүретін болса, онда ол ток-сикалық аммиактың бөлінуіне әкеледі, ал ол өз кезегінде өсімдік клеткасының мембра-насын бұзады [2].
ФК МДГ-ГОАТ глютаматтың токси-калы емес жолын жүзеге асыратындығына байланысты ФК-ның жоғары белсенділігі астық тұқымдастарының әртүрлі стресс факторларына төзімділігіне ықпал етеді деуге болады. Сол себепті біз бидайдың тат ауру-ларына төзімділігі әртүрлі сорттарындағы ФК МДГ-ГОАТ-тың белсенділігін зерттедік.
Зерттеу нысандары және әдістері
Нысан ретінде жұмсақ бидайдың тат ауруларына төзімділігі әртүрлі 20 сорттарын Жамбыл облысының Гвардейский ауылын-дағы ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтының қорынан алдық. Олар мынадай сорттар: Attila, Aldura, Randur, Безенчукская 136, Алтын дала, Стекловидная 24, Тома, Богарная 56, Казахстанская раннеспелая, Эритроспермум 35, VZ 187, Pastor, Красота, Шарора, СИД 88, Наурыз 8, Cocorit, Bacanora, Улугбек 600, Саратовская 29.
Алынған нәтижелер және оларды талқылау
Тат ауруларына қарсы тұруда дәнді дақылды өсімдіктердің генотиптерінің тұрақ-тылығын қамтамасыз ететін маңызды фер-менттерді зерттеу өзекті мәселелердің бірі болғандықтан тат ауруларына төзімділігі әртүрлі бидай сорттарының ферменттік комплексінің белсенділігі анықталды. Бидай діліктеріне жүргізілген көпжылдық сынақтар- сорттарының тат ауруларына қарсы төзім- дың нәтижелері 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1 – Бидайдың тат ауруларына төзімді 20-түрлі сорттары
Атауы (Name) |
Шыққан жері (origin) |
Түрі (species) |
Татқа төзімділігі, балл/% |
||
Сабақты (Sr) |
Жапырақты (Lr) |
Сары (Yr) |
|||
Attila |
Мексика |
T.aestivum |
0 |
4/20 |
4/20 |
Aldura |
АҚШ |
T. durum |
0 |
0 |
0 |
Randur |
Франция |
T. durum |
0 |
0 |
1/5 |
Безенчукская-139 |
Ресей |
T. durum |
4/60 |
0 |
4/60 |
Алтын дала |
Қазақстан |
T. durum |
4/10 |
3/20 |
3/10 |
Стекловидная-24 |
Қазақстан |
T.aestivum |
4/20 |
4/70 |
4/80 |
Тома |
Қазақстан |
T. durum |
4/30 |
2/5 |
4/40 |
Богарная-56 |
Қазақстан |
T.aestivum |
3/50 |
3/70 |
4/40 |
Казахстанская раннеспелая |
Қазақстан |
T.aestivum |
4/40 |
4/5 |
3/5 |
Эритроспермум-35 |
Қазақстан |
T.aestivum |
4/80 |
4/60 |
2/10 |
VZ1-87 |
Италия |
T. durum |
0 |
0 |
0 |
Pastor |
Мексика |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
Красота |
Ресей |
T.aestivum |
0 |
2/1 |
2/5 |
Шарора |
Тәжікстан |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
СИД-88 |
Қазақстан |
T durum |
4/50 |
3/10 |
4/40 |
Наурыз-8 |
Қазақстан |
T durum |
4/20 |
2/10 |
4/50 |
Cocorit-71 |
Мексика |
T. durum |
0 |
0 |
0 |
Bacanora |
Мексика |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
Улугбек- 600 |
Өзбекстан |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
Саратовская-29 |
Ресей |
Т.aestivum |
4/90 |
4/70 |
4/40 |
1-кестеден байқағанымыздай Attila және Aldura сорттары жоғары төзімді, ал Саратовская 29, Улугбек 600-де ол көрсеткіш төмен. Енді біз бидайдың тат ауруларына қарсы төзімділігінің әртүрлілігіне байла-нысты 20 түрлі сорттардағы ФК МДГ-ГОАТ-тың белсенділігін зерттеу мақсатымен ферменттік комплексті бидайдың құрғақ дәндерінен бөліп аламыз. Ол үшін 2г
ұнтақталған бидай дәндерін салқындатылған фарфор ступкада 0,05 М трис-HCl буферінде, pH 7,5, 1:4 қатынасында алып (салмағы көлеміне) жақсылап еземіз де гомогенатты 10000 x g 10 минут центрифуга арқылы бөлеміз. Алынған клеткалы емес экстрактты ФК МДГ-ГОАТ белсенділігін анықтау үшін қолданылды [3-4]. Бұл зерттеулердің нәтижелері 2 кестеде келтірілген.
Кесте 2 - Бидай сорттарының тат ауруларының әртүріне төзімділігі бойынша ерекшеленетін МДГ-ГОАТ ФК-нің белсенділігі
Атауы (Name) |
Шыққан жері (origin) |
Түрі (species) |
Татқа төзімділігі, балл/% |
ФК белсенділігі |
|||
Сабақты,S r. |
Жапырақты, Lr. |
Сары, Yr. |
мкМ HADH/ мл белок, 1 мин. |
мкМ HADH/мг белок, 1 мин. |
|||
Attila |
Мексика |
T.aestivum |
0 |
4/20 |
4/20 |
1001,61 |
270,70 |
Aldura |
АҚШ |
T. durum |
0 |
0 |
0 |
678,70 |
220,36 |
Randur |
Франция |
T. durum |
0 |
0 |
1/5 |
708,06 |
208,25 |
Безенчукская 139 |
Ресей |
T. durum |
4/60 |
0 |
4/60 |
719,35 |
197,08 |
Алтын дала |
Қазақстан |
T. durum |
4/10 |
3/20 |
3/10 |
715,32 |
185,31 |
Стекловидная 24 |
Қазақстан |
T.aestivum |
4/20 |
4/70 |
4/80 |
580,32 |
174,79 |
Тома |
Қазақстан |
T. durum |
4/30 |
2/5 |
4/40 |
687,09 |
167,58 |
Богарная 56 |
Қазақстан |
T.aestivum |
3/50 |
3/70 |
4/40 |
637,90 |
162,31 |
Казахстанская раннеспелая |
Қазақстан |
T.aestivum |
4/40 |
4/5 |
3/5 |
708,06 |
162,02 |
Эритроспермум 35 |
Қазақстан |
T.aestivum |
4/80 |
4/60 |
2/10 |
625,16 |
161,12 |
VZ187 |
Италия |
T. durum |
0 |
0 |
0 |
687,09 |
160,91 |
Pastor |
Мексика |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
541,12 |
159,15 |
Красота |
Ресей |
T.aestivum |
0 |
2/1 |
2/5 |
627,41 |
158,84 |
Шарора |
Тәджікстан |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
707,25 |
154,76 |
СИД 88 |
Қазақстан |
T durum |
4/50 |
3/10 |
4/40 |
730,32 |
149,04 |
Наурыз 8 |
Қазақстан |
T durum |
4/20 |
2/10 |
4/50 |
691,29 |
144,92 |
Cocorit 71 |
Мексика |
T. durum |
0 |
0 |
0 |
717,74 |
140,73 |
Bacanora |
Мексика |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
610,96 |
138,85 |
Улугбек |
Өзбекстан |
T.aestivum |
0 |
0 |
0 |
650,16 |
134,88 |
Саратовская 29 |
Ресей |
Т.aestivum |
4/90 |
4/70 |
4/40 |
582,25 |
130,84 |
2-кестеде көрсетілгендей тат ауруына неғұрлым төзімді сорттары «Attila» және «Aldura», олардағы МДГ-ГОАТ-тың белсен-ділігі 270,7 мкМ NADH/ мг белок минутына және 220,4 мкМ NADH/ мг белок минутына сәйкес, төзімділігі анағұрлым төмен «Саратов-ская-29» и «Улугбек 600» сорттарының белсенділігі 130,84 және 134,88 мк М NADH/ мг белокқа сәйкес, яғни ФК-ның белсенділігі тат ауруларына неғұрлым төзімді сорттарында төзімсіз сорттарына қарағанда 2 еседей жоғары болған.
Қорытынды
Сонымен, ФК белсенділігі бидай генотиптерінің тат ауруларына төзімділігінің маркерлі сипатына ие бола алады. Шын мәнінде бидайдың төзімді сорттарындағы МДГ-ГОАТ ФК-нің жоғары белсенділігі глютамат катаболизмін токсикалық емес жолмен жүзеге асыратындықтан да төзімді сорттардың клеткалары төзімсіз генотиптерге қарағанда токсикалық аммиактан аз зардап шегеді. Ол төзімді сорттардың татқа қарсы
өміршеңдігін арттырады. Барлық жоғарыда айтылған МДГ-ГОАТ ФК-нің белсенділігі тат ауруларына қарсы төзімді генотиптерді сұ-рыптауға маркер ретінде ұсынылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Кудиярова Ж.С. Изучение ключевых ферментов обмена глютамата в связи с морфогенезом и устойчивостью генотипов злаковых культур к засолению и ржавчине. –Алматы, 2009.-93с.
-
2. Гильманов М.К., Фурсов О.В., Францев А.П. Методы очистки и изучения ферментов растений: Алма-Ата, 1981.-С.91.
-
3. Шатилов В.Р., Гильманов М.К., Колдасова А.С., Шалахметова Г.А. // Докл. АН СССР. -1988. -Т.303. -С. 1268-1272.
-
4. Колдасова А.С., Гильманов М.К., Шалах-метова Г.А., Цветкова Б.М., Колдасова Ш.С. Методы изучения ферментного комплекса МДГ-ГОАТ, осуществляющего необратимое расщепление глютамата зерна пшеницы. -Алматы, 1999, Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожина. -С.93-98.
Список литературы Ферменттік жйені белсенділігі бидай сорттарыны тат ауруларына арсы тзімділігіні маркерлік белгісі ретінде
- Кудиярова Ж.С. Изучение ключевых ферментов обмена глютамата в связи с морфогенезом и устойчивостью генотипов злаковых куль-тур к засолению и ржавчине. -Алматы, 2009.-93с.
- Гильманов М.К., Фурсов О.В., Францев А.П. Методы очистки и изучения ферментов растений: Алма-Ата, 1981.-С.91.
- Шатилов В.Р., Гильманов М.К., Колдасова А.С., Шалахметова Г.А.//Докл. АН СССР. -1988. -Т.303. -С. 1268-1272.
- Колдасова А.С., Гильманов М.К., Шалахметова Г.А., Цветкова Б.М., Колдасова Ш.С. Методы изучения ферментного комплекса МДГ-ГОАТ, осуществляющего необратимое расщепление глютамата зерна пшеницы. -Алматы, 1999, Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожина. -С.93-98.