Финансовое управление субъектов малого и среднего бизнеса

Автор: Алдан М.Ы.

Журнал: Экономика и социум @ekonomika-socium

Статья в выпуске: 12 (43), 2017 года.

Бесплатный доступ

В статье рассматривается финансовое управление субъектов малого и среднего бизнеса на примере ТОО «Золотой разлив».

Финансовое управление, малый бизнес, средний бизнес, финансовое состояние

Короткий адрес: https://sciup.org/140235420

IDR: 140235420

Текст научной статьи Финансовое управление субъектов малого и среднего бизнеса

Қалдан Мағжан Ыбрахимұлы:

4 курстың«Есеп және аудит» мамандығының студенті «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университет» РМК

Қазақстан Республикасы,

Теміртау қаласы

Научный руководитель

Нұрғалиева Ә. Қ.

экономика ғылымдарының магистірі, «Менеджмент және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» РМК

Қазақстан Республикасы,

Теміртау қаласы

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУ

Аңдатпа: Мақалада «Золотой разлив» ЖШС мысалында шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржысын басқаруы қарастырылды.

Кілті сөздер: қаржыны басқару, шағын бизнес,орта бизнес, қаржылық жағдайы.

Шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс – қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек [1].

Қаржыны басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі      және      қаржы қатынастарының      бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы)          шараларының жиынтығы.          Сөйтіп,

қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі - бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты – қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады [2] .

«Золотой разлив» ЖШС тарихының негізгі кезеңдері 2007 жылы май экстракты зауыттың алғашқы өнімі рафинатталған мақта майы алынды. «Золотой разлив» ЖШС 10 жыл тәжірибелік мерзімінде май өнімдері нарығында май ішкі заттарының өңдеу, өндірістік циклдар, ұрықты дәнді сатып алу, оны май өнімдеріне қорыту, дайын өнімдерге қораптау, сауда нүктелеріне тасымалдап жеткізіп беру жұмыстарымен айналысады [3].

«Золотой разлив» ЖШС 2015 жылы жоспар бойынша 39740 мың теңге болса, нақты көлемі 38887 мың теңгені құрады. 2015 жылға қарағанда 2016 жылы жүк тасымалдау көлемі жоғарлады және нақты мөлшері 40105 мың теңгені құрады, бұл алдынғы жылға қарағанда 1218 мың теңгеге немесе 3,1% өсуін көрсетеді. 2015-2016 жылдардағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткішті құрады (формула (1)):

ЕӨ = ТӨ : ЖС,                      (1)

мұндағы:

ЕӨ - еңбек өнімділігі;

ТӨ- тауарлық өнім;

ЖС- жұмысшылар саны.

2015 жыл -1) жоспар: ЕӨ=39740 : 168 = 236,55 мың тг;

  • 2)    нақты: ЕӨ=38887 : 172 = 226,08 мың тг.

2016 жыл - 1)жоспар: ЕӨ=39800 : 174 = 228,74 мың тг;

2)нақты: ЕӨ=40105 : 175 = 229,17 мың тг.

Сонымен, еңбек өтімділігі 2015 жылы 10,46 мың теңгеге немесе 4,42% төмендеді, ал 2016 жылы еңбек өтімділігі 0,43 мың теңгеге немесе 0,187% жоғарлады және тауарлық өнімнің жоғарлағына байланысты 229,17 теңгені құрады.

Келесі көрсеткіш – тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шығындар 2015-2016 жылдардағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткішті құрады (формула (2)):

ТӨ 1 теңгесіне шығындар (Ш) = (ӨҚ :ТӨ)x100 ,          (2)

мұндағы: ӨҚ - өзіндік құн.

2015 жыл - 1) жоспар: Ш = (31000 : 39740) x100=78,0 теңге;

  • 2)    нақты: Ш = (31050 : 38887) x 100 = 79,85 теңге.

2016 жыл - 1) жоспар: Ш =(31100 : 39800) x100 = 78,14 теңге;

  • 2)    нақты: Ш =(31140 : 40105) x 100 = 77,06 теңге.

2016 жылы тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шығындар 2015 жылға қарағанда нақты 2,79 теңгеға немесе 3,5% төмендеді, себебі тауарлық өнімнің көбеюі және оның өзіндік құнының біраз жоғарлағаны.

Қаржылық нәтижелердің негізгі көрсеткіші табыс болып табылады (формула (3)):

Т = Ө - ӨҚ,                         (3)

мұндағы: Ө- өткізу көлемі.

2015 жыл - 1) жоспар: Т = 39850 - 31000 = 8850 мың теңге;

  • 2)    нақты: Т = 39400 - 31050 = 8350 мың теңге.

2016 жыл -1) жоспар: Т = 40250 - 31100 = 9150 мың теңге;

  • 2)    нақты: Т = 40200 - 31140 = 9060 мың теңге.

2015 жылы табыс 8850 мың теңгені құрады және 2016 жылы 710 мың теңгеге немесе    8,5% өсті және тауарлық өнімнің көбеюіне байланысты 9060 мың теңгені құрады.

Келесі көрсеткіш - өнеркәсіптің рентабелділігі (формула (4)):

Р=Т : (Ор.ж. нөқ +Ор.ж. нақ) x100,                  (4)

мұндағы:

Ор.ж. нөқ – негізгі өнеркәсіптік қорлардың ортажылдық құны;

Ор.ж.нақ– нормаландырылған айналымдық құралдардың ортажылдық құны.

Сонымен өнеркәсіптің рентабелділігі келесідей болды:

2015 жыл - 1) жоспар: Р =8850 : (21900+8300) x100= 29,3%;

  • 2)    нақты: Р =8350 : (21940+8280) x100=27,63%;

2016 жыл - 1) жоспар: Р =9150 : (21950+8310)x100= 30,23%;

  • 2)    нақты: Р =9060 : (22000+8370) x100 = 29,83 %.

2015 жылы өнеркәсіптің рентабелділігі нақты 27,63 % құрды, ал 2016 жылы 2,17 % жоғарлады және 29,83% құрды.

Өнеркәсіптің рентабелділігінің жоғарлағаны табыстың көбеюіне байланысты. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіші болып қор қайтарымы көрсеткіші табылады (формула (5)):

Ф ққ = (ТӨ : Ор.ж. нөқ) x100 %                      (5)

2015жыл - 1) жоспар: Ф ққ =(39740:21900)x100= 181,5 теңге;

  • 2)    нақты: Ф ққ =(38887 : 21940)x100= 177,2 теңге;

2016 жыл -1) жоспар: Ф ққ =(39800 : 21950) x100= 181,32 теңге;

  • 2)    нақты: Ф ққ = (40105 : 22000) x 100= 182,2 теңге.

2015 жылы қор қайтарымы 177 теңге, ал 2015 жылы 182,2 теңгеден құрады, немесе бұл көрсеткіш тауарлық өнімнің өсуіне байланысты жоғарлады.

Қор сыйымдылық - қор қайтарымына кері көрсеткіш (формула (6)):

Ф ҚС = (Ор.ж. нөқ : ТӨ) x 100 %                   (6)

2015 жыл - 1) жоспар: (Ф ҚС = 21900 : 39740) x 100= 55,1 теңге;

  • 2)    нақты: Ф ҚС =(21940 : 38887) x 100= 56,42 теңге;

2016 жыл - 1) жоспар: Ф ҚС = (21950 : 39800) x 100= 55,2 теңге;

  • 2)    нақты: Ф ҚС = (22000: 40105) x100= 54,86 теңге.

  • 9. Қорлар мен шығыстардың құрылуы үшін меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі), мың тг.

    -756898

    -760135

    -3237

    +0,43

    10. Қорлар мен шығыстардың құрылуы үшін негізгі құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі), мың тг.

    +161222

    +143895

    -17327

    -10,75

2016 жылдағы 2015 жылға қарағанда қор сыйымдылық көрсеткішінің 1,56 теңге азаюы тауарлық өнімнің азаюына байланысты.

Есептеу нәтижелері кәсіпорынның есеп беру кезеңінің соңына активтер мен міндеттемлер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі нәтижелерді көрсетті: А 1 1 , А 2 2 , А 3 > П 3 , А 4 4 . Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады.

Қаржылық жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.

«Золотой разлив» ЖШС қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау кесте 2 көрсетілген.

Кесте 1-«Золотой разлив» ЖШС 2015-2016 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау

Көрсеткіш атауы

Көрсеткіш мәні

Өзгеріс

2015 ж.

2016ж.

Абсолюттік, теңге

%

1. Өзіндік қаражаттар көздері, мың тг.

1462112

1599660

+137548

+9,41

2. Ұзақ мерзімді активтер, мың тг.

2103175

2279897

+176722

+8,4

3.Меншікті айналым қаражаттары, мың тг.

-641063

-680237

-39174

+6,11

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың тг.

0

0

-

-

5. Қорлар мен шығыстарды құру үшін меншікті айналым қаражаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер болуы, мың тг.

-641063

-680237

-39174

+6,11

6. Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың тг.

918120

904030

-14090

-1,53

7. Қорлар мен шығыстардың құрылуының негізгі көздерінің жалпы көлемі, мың тг.

277057

223793

-53264

-19,22

8.Қорлар мен шығыстар көлемі, мың теңгемен

115835

79898

-35937

-31,02

Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2015 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр.

Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:

  • -    Қорлар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;

  • -    кәсіпорын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – Қорлар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, Қорлар мен шығыстар құны 31,02% төмендеді.

Кез келген кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі қажетті табыс әкелу мүмкіндігіне тәуелді екені белгілі. Бұл мүмкіндікті бағалау рентабельділікті талдау арқылы жүргізіледі, ол келесі сұрақтарға жауап беруге көмек береді:

  • -    алынған табыстар мен шығарылған шығыстар қаншалықты тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік;

  • -    кәсіпорынға капитал салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.

Ең алдымен, «Золотой разлив» ЖШС қаржылық нәтижелердің деңгейі мен динамикасын талдау жүргізіледі (Кесте 2).

Кесте 2-«Золотой разлив» ЖШС 2015-2016 жылдардағы қаржылық нәтижелерінің динамикасы мен деңгейін талдау, мың теңгемен

Көрсеткіш

2015ж.

2016ж.

Абсолютт і өзгеріс

Өсім қарқыны,%

1. Өткізуден түскен табыс, мың тг.

1937586

2120816

183230

9,46

2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг.

910665

998420

87755

9,64

3. Жалпы табыс, мың тг.

1026921

1122396

95475

9,3

4. Кезең шығыстары

172804

212703

39899

23,09

4.1. Жалпы және ұйымдастыру шығындары, мың тг.

159343

207803

48460

30,41

4.2 Пайыздарды төлеу шығындары, мың тг.

13461

4900

-8561

-63,6

5. Негізгі қызметтен табыс(шығыс), мың тг.

854117

909693

55576

-6,51

6. Салық салудан бұрын қарапайым қызметтен табыс(шығыс), мың тг.

863314

917776

54462

6,31

7.Табыс салығы, мың тг.

112663

-

-112663

-100

8. Салық салудан кейін қарапайым қызметтен табыс(шығыс) , мың тг.

750651

917776

167125

22,26

9. Төтенше жағдайлардан табыс шығыс), мың тг.

-

-

-

-

10. Таза табыс (шығыс) , мың тг.

750651

917776

167125

22,26

11. Таза табысты дұрыстау, мың тг.

29718

37928

8210

27,63

12. дұрыстау есебімен таза табыс, мың тг.

780369

955704

175335

22,47

Талданылған кезеңде өткізуден түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,46% өсті.

Өнімнің өзіндік құн өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.

Өткізуден түскен табыс өсімі нәтижесінде жалпы табыс 95475 теңгеге немесе 9,3% өсті. Сонымен қатар талданған кезде шығындар 23,09% өсті, сның ішінде жалпы және ұйымдастырушылық шығындары өсуі есебінен. Негізгі қызметтен табыс 854117 теңгеден 909693 теңгеге немесе 6,5%-ға өсті. Талданған кезеңде кәсіпорында негізгі емес қызметтен табыс 12,11%-ға төмендеді. Осының нәтижесінде қарапайым қызмет табысынан салық салуға дейін 917776 теңге құрады, яғни 6,31%-ға өсті. Қарапайым қызметтен табыс салығын төлемеу себебінен салық салудан кейін 22,26%-ға өсті және 2015

жылы 750651 мың теңге және 2016 жылы 917776 мың теңге құрады.

Есеп беру кезеңінде төтенше жағдайлар бойынша шығыстар болмаған жағдайларынан таза табыс өзгеріссіз қалды, бірақ негізгі құралдарды қайта бағалау бөліміндегі таза табысты дұрыстау жүргізілді, оның нәтижесінде таза табыс кезең соңында 955704 мың теңге құрады және 22,47%-ға өсті (Кесте 3).

Кесте 3-«Золотой разлив» ЖШС     2015-2016 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері, (%)

Көрсеткіш атауы

Есептеу

Көрсеткіш мәні

Өзгеріс мәні

2015ж

2016ж

1. Өнім рентабельділігі

(Таза табыс : өткізуден табыс)x100

40,28

45,06

+4,78

2.Жалпы рентабельділік

(Салық салудан бұрын қарапайым қызметтен табыс : өткізуден түскен табыс)x100

44,56

43,27

-1,29

3.Меншік капитал рентабельділігі

(таза табыс/меншікті капитал) x 100

53,37

59,74

+6,37

4.Экономикалық рентабельділік

(таза табыс/баланс) x 100

32,79

38,17

+5,38

5.Қор рентабельділігі

(таза табыс/ұзақ мерзімді активтер)х100

37,1

41,92

+20,87

6.Негізгі қызмет рентабельділігі

(негізгі қызметтен табы/өткізілген өнімнің өзіндік құны) x 100

93,79

91,11

-2,68

Сонымен, таза табыс бойынша өнім рентабельділігін есептегенде, есеп беру кезеңінде әр бірлік бойынша өткізілген қызмет үшін 4,7% таза табыстың өсуі анықталды. Алайда, жалпы рентабельділік 1,29%-ға төмендеген.

Меншікті капитал рентабельділігін есептеу 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы «Золотой разлив» ЖШС иелері салған әр ақшалай бірлік таза табысты 6,37%-ға көбірек тапқан.

Экономикалық рентабельділікті есептеу кезінде келесі анықталды: 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы кәсіпорынға қаражаттарды табу кезіне тәуелсіз табыстың 1 ақшалай бірлігін алу үшін ақшалай қаражаттар 5,38%-ға көбірек қажет.

Қор рентабельділігін есептеу кезінде анықталатын негізгі құралдар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді пайдалану тиімділігі 20,87%-ға өсті.

Негізгі қызмет рентабельділігін есептеу өткізуден табыстың төмендеуін көрсетті, 1 теңге шығысқа келетін 2015 жылмен салыстырғанда 2,68%-ға төмен.

Өткізілген талдау негізінде кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге болады [4].

Қазіргі уақытта қаржы органдарның төменгі жергілікті органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржы есеп-қисаптарын автоматтандыруды енгізу көкейтесті мәселе болып отыр.

Іс жүзінде мұндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро-ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөніндегі мағлұмдамалардың көптеген және үнемі өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық агенттері үшін өте көкейкесті мәселе.

Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет ететін айта кету қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржы аппараты жұмысының мазмұнын айтарлықтай езгертуге мүмкіндік береді [5].

Список литературы Финансовое управление субъектов малого и среднего бизнеса

  • 2010-2014 жылдарға арналған «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ-ның шағын және орта бизнестi тiкелей қаржыландыру Бағдарламасы.
  • Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник/под. ред. Е.С. Стояновой. -М.: изд-во «Перспектива», 2003
  • Шеремет А.Д., Сайфуллин Р,С, Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ-ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 2002.
  • Кәсiпорынның қаржылық жағдайы туралы есебi 2015-2016 жж.
  • https://www.damu.kz
Статья научная