Киім салмағының адам ағзамына физиологиялық және психологиялық әсері: сипаттамасы және денсаулыққа әсері
Автор: Назарова М.А., Мұсаева Г.К.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 2 (148), 2025 года.
Бесплатный доступ
Бұл ғылыми мақалада киімнің салмағы мен оның адам ағзасына әсері, әсіресе физикалық жүктеме кезінде талданады, сонымен қатар киімнің сапасын бағалайтын көрсеткіштердің үлгілері талданады, киімге қолданылатын маталар мен аксессуарлардың беткі және массалық көрсеткіштері анықталады. Дайын киім ассортиментін құрудағы мақсат – олардың салмағының адам ағзасына тигізетін әсерін барынша азайта отырып, заманауи тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын ыңғайлы, стильді және қолжетімді сапалы киімдерді шығару. Дайын киімнің салмағы адамның денсаулығы мен жалпы әл-ауқатын сақтауда маңызды рөл атқарады. Киімді таңдағанда, олардың жеңілдігін, эргономикасын және материалдардың сапасын ескеру керек, өйткені бұл ыңғайлылық пен қозғалыс еркіндігіне тікелей әсер етеді. Спорттық киімді, жұмыс киімін және күнделікті киімдерді жасау кезінде осы принциптерді сақтау әсіресе маңызды. Маталар мен дизайн шешімдерінің оңтайлы таңдауы адамның физиологиялық және психологиялық сипаттамаларына жайлылық пен сәйкестікке ықпал етеді. Киімнің салмағы тәуелсіз мағынаға ие және гигиеналық тұрғыдан оның ең төменгі мәніне ұмтылу маңызды. Ауыр киім энергия шығынын арттырады, әсіресе қозғалу кезінде. Материалдардың оңтайлы массасы (P, г/см² немесе г/м²) адам денесі массасының оннан бірінен (1/10) аспауы керек.
Киім, маусымдық, физиологиялық сипаттамалар, киім карталары, МЕМСТ, кашемир және жүн, салмақ
Короткий адрес: https://sciup.org/140310159
IDR: 140310159 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-2-229-236