«Фудмастер» а-да смж рдісін ру механизмін жне жасарту алгоритмін зірлеу

Автор: Ахметова С.О., Алиева Г.Б.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Техника и технологии

Статья в выпуске: 6 (96), 2012 года.

Бесплатный доступ

Мақалада «Фудмастер» АҚ СМЖ қызметіне жасалған талдау нәтижелері келтірілді. Ұйым СМЖ-де үрдісті келісім бірінші деңгейлік үрдісішілік әрекеттерді қамтитын негізгі үрдіс арқылы жүзеге асады. Олар: идентификациялау, қалыптастыру, басқару, үрдіс сапасын жақсарту. Түзету және ескерту шараларын жүзеге асыру үшін алгоритм, IDEF3 үлгісінің ғылыми шарттарына негізделген үрдістің құрылымды-функционалдық диаграммасы әзірленді. Үрдіс компоненттерін идентификациялау, қалыптастыру, басқару, жақсарту үшін сүт және сүт өнімдері өндірісінің үрдісін құру механизмі әзірленді. Ұсынылған ғылыми-әдістемелік тәсілде айран өндірісінің үрдісі құрылымдалды.

Еще

Короткий адрес: https://sciup.org/140205112

IDR: 140205112

Текст научной статьи «Фудмастер» а-да смж рдісін ру механизмін жне жасарту алгоритмін зірлеу

Кіріспе

Сүт және сүт өнімдерін өндіру ұйым-дарында бәсекеге қабілетті өнім нарығын кеңейту және тауар сұранысын арттыруға өнімдердің сапасын жоғарылату, жаңашыл-дығын қамтамассыз ету есебінен жетуге болады. Яғни, сүт өнімдерін өндіруші үшін басты мақсат өнім сапасын өте жоғары және сенімді ету. Бұл мақсат ұйымның барлық аймағында сапаны қамтуды алға қояды. Сапа жоспарланған болып ұйымның жүйелік міндетіне айналуы тиіс.

Аталған міндетті жүзеге асыру үшін сапа менеджменті жүйесі қажет. Ол өнімнің өмірлік циклін тұтас қамтиды. Сапамен қамту кезеңдеріндегі жүйелік келісім үрдістердің өзара байланысының ХС ИСО 9000 талап-тарына сай келетін жаңа механизмін әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл - сүт өндіруші шығар-ған өнімдердің талапқа сәйкес сапа және қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізгенін көрсе-теді [1].

Зерттеу нысаны және әдістері: осы мақсатпен Қазақстанда өнім өндіруші ұйымдар ішінде ХС ИСО 9000 талаптарына сай сапа менеджменті жүйелерін енгізген ұйымның бірі «Фудмастер» АҚ. Мұнда 2001 жылы ИСО 9000 сериалы халықаралық стандарттары, ал 2010 жылы халықаралық НАССР (Қауіп және Сынама алу Орындарын Сараптау Жүйесі) жүйесі енгізілген. Ұйым отандық өндірушілер арасында үлкен ауқымда өнім өндіруші ретінде мойындалған, қазақстандықтардың талғамы мен талаптарын орындай отырып Қазақстан нарығында сүт өнімдерін шығару бойынша көшбасшы болып табылады [2].

Аталған шараларды есепке ала отырып, «Фудмастер» АҚ жүзеге асырып отырған сапа жүйелері талданды. Ұйымның қызмет ету аймағын зерттеу нәтижесі ұйым дамуы-ның маңызды стратегиялық бағыттарының бірі менеджменттің функцияланған сұлбасын функционалды-үрдісті сұлбаға ауыстыру болып табылатынын көрсетті.

Сүт және сүт өнімдерін өндіруші ұйымда сапа менеджментінің басты талабы үрдісті-бағытталған келісім. ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес, үрдіс – тұрақ-ты, бағытталған өзара байланысы бар әрекет-тер жиынтығы. Олар белгілі бір технология бойынша тұтынушыға бағаны айқындайтын кіріс және шығысқа айналады. Үрдісті келісім қызмет және ресурстарды үрдіс ретінде басқару арқылы көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуге болатынын болжайды.

Нәтижелер және оларды талдау: «Фудмастер» АҚ-да сапаны басқару үздіксіз жүргізілуде және сапа мақсаттарына жеткі-зетін элементтер қатары қалыптастырылған. Сапаға қойылатын талаптар өндіруші, басқарушы, коммуникациялық, ақпараттық құрылым мен өндіруші үрдістердің сенімді ұйымдастырылу қызметтерін атқару арқылы жүзеге асырылады.

«Фудмастер» АҚ-да басқаруды жақсар-ту үшін ұйымның барлық қызмет аймағына талдау жасалды және үрдістердің өзара қатынасының сипаты мен құрылымын модельдеу жүзеге асырылды.

Үрдістер желісін құру олардың нақты орындарға тағайындалуын және өзара қатынастарын үйлестіруді негізге ала отырып әзірленді. Нәтижесінде үрдістер желісінің құрылымдық үлгісі құрастырылды. Ол 1-суретте көрсетілген.

1 сурет - Сүт өндірісі үрдістер желісінің құрылымдық модельі.

Құрылым бойынша «Фудмастер» АҚ өнімдері өмірлік циклінің барлық үрдістері төрт топқа бөлінді:

  • -    П.1. Өнімнің өмірлік циклінің үрдістері;

  • -    П.2. Сүт өндірісін басқару үрдістері;

  • -    П.З. Ресурс менеджментінің үрдістері;

  • -    П.4. Ұйым саласын валидациялау және верификациялау үрдістері.

Ары қарай әр топта негізгі үрдістер көрсетілді.

I Үрдісті басқару [ мақсаты, саясаты I

Үрдісті басқарудың

। ।

Үрдістің ' басталу L кезеңі ■

Басқарушы [ факторлар I

ресурстар I

I

I Үрдістің аяқталу

I кезеңі

I

I Үрдіс сапасы, I ’ тиімділігі, нәтижелігі ’

; Үрдісті функциялау ।

■ талаптары I

  • 2 сурет - Сүт өндірісі үрдістерінің функционалды модельі.

Сүт өндірісінің үрдістер желісін талдау негізінде және әзірленген концептуалды талаптарға сәйкес сүт өндірісі үрдісінің функционалды модельі жасалды (2 – сурет).

Әзірленген модельде басқару фактор-лары және ресурспен қамтудың қалыптасқан салтынан бөлек олардың функциялануын қамтамасыз ететін элементтер қарасты- рылған. «Фудмастер» АҚ сапа менеджменті жүйесінде үрдісті келісім бірінші деңгейлік үрдісішілік әрекеттерді қамтитын негізгі үрдіс арқылы жүзеге асады (3 – сурет). Бірін-ші деңгейлік үрдісішілік әрекеттерге иденти-фикациялау, қалыптастыру, басқару, сондай-ақ үрдістің сапасын жақсарту жатады.

3 сурет - Сүт өндірісінің негізгі үрдістерінің құрылымдық сұлбасы.

Алдымен үрдістерді идентификация-лауды жүзеге асыру керек. Осы мақсатпен екінші деңгейдегі үрдісішілік әрекеттер әзірленді (4 – сурет).

4 сурет - «Үрдіс идентификациясы» құрылымдық сұлбасы.

Әзірленген негізгі үрдіс түрлі деңгейді қамтитын үрдісішілік әрекеттерден тұрады. Үрдісішілік әрекеттер ұйымның құрылымдық бөлімдердің қызметтерін көрсетеді. Ол үшін орындалушы қызметтерге талдау жүргізіледі. Негізгі үрдістің атын белгілеуде сол іс жүзеге асырылатын «әрекет» және «нысан» көрсе-тіледі. Идентификациялау кезеңінде үрдіс орындалу үшін белгіленген негізгі үрдістің мақсаты тағайындалады. Әзірленген құры-лымда үрдісті қамтамасыз етеуге қажетті талаптарды, әдістерді, құралдарды қалыптас-тыруға басты назар аударылады. Тағайын-далған концептуалды шаралардан туатын үрдіс талаптары үрдістердің тиімділігі мен нәтижелігін бақылап отыруға, кедергілерді талдауға, үрдістерді жоғалтып алу сәттерінде, орындау барысындағы кедергілерді жоюға бағытталған жақсарту шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Үрдістерді қалыптастыруда SWOT, FMEA және ФСА заманауи талдау түрлері қолданылды [3].

Негізгі сәттің бірі – үрдісті өлшеу және бағалау метриксіне жататын үрдіс индика-торларын анықтау. «Фудмастер» АҚ-да жүр-гізілген зерттеулер мен талдаулар нәтижесі келесідей үрдіс индикаторларын анықтады:

  • -    ақауланған немесе кіріс бақылау-ларында қайтарылған шикізат топтамасының және көмекші материалдардың шамасы;

  • -    кіріс бақылауы жүргізілген кезеңдерде көмекші материалдар мен құралдар топтама-сының ақаулық деңгейі;

  • -    дайын өнім топтамасында сапа көрсет-кіші бойынша артта қалған өнімдер шамасы және т.б;

Үрдіс сапасының бақылау метриксі ша-маның индикаторлары мен салмақтық коэф-фициентінен анықталады. Сүт өнімдері өнді-рісінің үрдісін жасауда үрдісті қалыптастыру маңызды әрекет болып табылады (5 – сурет).

5 сурет - «Сүт өндірісі үрдістерін қалыптастыру» құрылымдық сұлбасы.

Зерттеулер нәтижесі бойынша қызметі сүт және сүт өнімдерін өндіру үрдістерінің сапасын жоғарлатуға бағытталған бірінші реттік және екінші реттік үрдісішілік әрекеттер қалыптастырылды (6 – сурет).

Сапаны үздіксіз жоғарлату «Фудмастер» АҚ-да жүйені, үрдістерді, өнімді толық қамти-ды және әлсіз орындарды анықтау, қателіктер мен сәйкессіздіктердің себептерін табу, оларды жою шараларын алдын ала қарастырады.

Сәйкессіздіктер себептеріне талдау жа-салған соң бұл себептерді жоюға бағытталған ескерту шаралары анықталады. Түзету және ескерту шараларының нәтижелілігі мониторинг және контролинг, сонымен қатар ішкі аудит кезінде тексеріледі. Түзету және ескер-ту шараларын жүзеге асыруды жүйелендіру үшін алгоритм әзірленді (7 – сурет).

6 сурет - «Сүт өндірісінің үрдістерін жақсарту» құрылымдық сұлбасы.

7 сурет - Түзету және ескерту шараларын жүзеге асыру алгоритмі.

«Фудмастер» АҚ-да үрдісті-бағыт-талған келісімді жүзеге асыру мақсатында «Фудмастер айраны» өнімін дайындаудың өндірістік үрдістерін таңдап алдық. Айран өнімін дайындау үрдісі сүт және сүт өнімдері өндірісінде негізгі үрдістердің бірінші тобына жататындықтан оған П.1. идентификациялық номері тағайындалды. Үрдістің мақсаты сәйкессіздік деңгейін төмендету арқылы тұтынушылар талабына сай келетін жоғары сапалы айран шығару.

Үрдіс нәтижелілігінің шарттарын қа-лыптастыру:

  • -    Үрдістің жоспарланған нәтижелерін орындау;

  • -    Үрдіс жұмысының тұрақтылығы;

  • -    Техникалық және технологиялық та-лаптарды сақтау;

  • -    Ақаулық деңгейін төмендету;

  • -    Үрдістің аяқталу сәтін жұмыс

тәртібіне сай азайту [4].

Айран өндіру үрдісін талдау үрдіс нәтижелілігін сипаттайтын индикаторларды идентификаттауға мүмкіндік берді. Үрдіс индикаторларының көмегімен оның статис-тикалық тұрақтылығы бағаланылады.

Жүргізілген зерттеулер бойынша үр-дістің құрылымды-функционалдық диаг-раммасы әзірленді. Құрылымды-функцио-налдық диаграмманы әзірлеуде IDEF3 үлгісінің ғылыми шарттары қолданылды. Диаграмма бойынша 8 – суретте айран өндіру үрдістері үрдісішілік әрекеттерге топтас-тырылды. Сондай-ақ, әр үрдістің орындалуын қамтамасыз ететін жауаптылар, құрылғылар көрсетілді. Үрдіс валидациясын жүзеге асыру үшін бақылау нүктелерін идентификаттау тәртібі бойынша 12 бақылау нүктелері анықталды.

Үрдіс басы

ТЕХНОЛОГИЯЛЫК; НУСКЛУЛЫКДАР, ¥ЛТТЬЩ СТАНДАРТТАР, НОРМАТИВТ1К КуЖАТТАР

СР*1

СР2

СРЗ

СР4

СР5

СР6

СР7

СР8

СР9 СРЮ

CPU

СР12

ПЛ .6. ¥йыткы ецдеу. Суыту, араластыру

П.1.5.

Ашыту

П.1.7.

Буып-тую

П.1.1. Сут кабылдау, ж!ктеу

П.1.3. Термоецдеу. Жылыту, гомогендеу, пастерлеу, суыту

П1.2. Сутт! нормалау

ПЛ .8. Дайын I ешмд! цоймада сацтау |"

сут танклер!

нормалау

I танклер!

цабылдау кезегшщ жетекппш, химиялык;

зертханашы

кабылдау кезегшщ жетектшс!, сапа бакылаушысы

оператор

ПЛ.4.

Ашытцы пастерлеупп-суытушы курылгылар

БОКС

ашыту мелшерше байланысты

таразыда

А ПИТРУ

Ферментац ия танклер!

кезекштлтк жетекштст, ферменттеу аумагыныц операторы

кезекштлтк жетекштст, ферменттеу аумагыныц операторы

Ферментац ия танклер!

Буып- тую автоматтар кезекштлтк жетекш!с!

Үрдіс аяғы

тасымалдау

шы ыдыс

кезекш!л!к

жетекш!с!, цех

бакылаушысы

8 сурет - Айран өндірісі үрдістерінің құрылымды-функционалдық диаграммасы.

Үрдісті-бағытталған келісім әр үрдісі-шілік әрекеттер мен амалдарға жоғары жауап-кершілікті талап етеді. Осының салдарынан жауапкершілікті жүктеу матрицасы әзірленіп, 1 – кестеде көрсетілді. Мұнда үрдісішілік әрекеттерге жауапты тұлғалар, олардың бір бірімен қатынасы сипатталған.

Жауапкершілікті жүктеу матрицасы әр үрдіс үшін қажетті элемент. Ол арқылы үрдісті қалыптастыруға қатысушы және орындаушы жұмысшылардың жауапты мін-деттерін көруге, бақылауға болады.

1 кесте - «Айран өндірісінде» жауапкершілікті жүктеу матрицасы

Үрдіс жетекшілері

Үрдістер

в и В 3 й ю

св § Я

О ^

« S

« о

3 В, > В о

cd

В О

о

^i 1 в а

9 S и

в В

ю1 В вТ =в* g в CJ

рц

П.1.1. Сүт қабылдау, жіктеу

V

V

П1.2. Сүтті нормалау

V

V

V

П.1.3. Термоөңдеу. Жылыту, гомогендеу, пастерлеу, суыту

V

V

П.1.4. Ашытқы әзірлеу

V

V

П.1.5. Ашыту

V

V

V

П.1.6. Ұйытқы өңдеу. Суыту, араластыру

V

V

V

П.1.7. Буып-түю

V

V

П.1.8. Дайын өнімді қоймада сақтау

V

Үрдіс мониторингі кезінде контроллинг үрдісті бағалаудың соңғы сатысы деп есеп-теледі. Контроллингте үрдіс сапасына, нәти-желілігі мен тиімділігіне бірден бір әсер ете-тін, үрдістің негізгі параметрлерін сипаттай-тын үрдіс индикаторларының маңыздылығы есепке алынады. Әр индикатор үшін пара-метрлердің маңыздылық деңгейіне сәйкес ұйымның тексеруші тобымен салмақтық коэффициент тағайындалады. Индикаторлар мәні мен салмақтылық коэффициент мәніне қарап үрдіс метриксі анықталады. Метрикс — үрдісті сипаттайтын интегралды параметр.

Метрикстің мәні арқылы түрлі үрдістерді өзара салыстыру жүзеге асырылады және белсенді әрекет етуші үрдістер анықталады. Бенчмаркинг әдістерін осылайша қолдана отырып түрлі үрдістерінің көрсеткіштерін салыстыру арқылы шешімдер қабылдау сүт және сүт өнімдерін өндіруші ұйымда сапа менеджментін толығымен жақсартуға мүм-кіндік береді [5].

Қорытынды

  • -    Ақпараттарды SWOT арқылы тал-дап, зерттеу нәтижесінде ұйымның сапа ме-неджментінде үрдісті-бағытталған келісімді

жақсарту, құрылымдауын қажет ететін стратегиялық бағыттары ғылыми негізделді.

  • -    Жүргізілген зерттеу, ғылыми талдау нәтижесінде сүт өндірісі үрдістерін құруды, идентификаттауды, тиімді жүйелендіруді жүзеге асыруда қажетті маңызды талаптар белгіленді.

  • -    Негізгі 4 үрдісті құрылымды түрде біріктіретін сүт өндірісі үрдістер желісінің үлгісі құрылды.

  • -    PDCA талаптарына сай үрдістің бас-талу кезеңі мен аяқталу кезеңінің өзара қатынасын ғылыми негіздеген сүт өндірісі үрдістерінің функционалды үлгісі әзірленді.

  • -    Үрдісті идентификациялау, қалып-тастыру, басқару, жақсарту мәселелерін тұтас шешетін бірінші және екінші деңгей элемент-терінен тұратын сүт өндірісі үрдістерін құру механизмі әзірленді. Ұсынылған ғылыми-әдістемелік келісім негізінде айран өндірісі үрдістері құрылымдалды.

  • -    Әзірленген мониторинг пен контро-лингтің ішкі жүйелерін қолдану маңызды-лығы ғылыми негізделді, олардың үрдісті басқару саласындағы орны анықталды. Айран

өндірісі үрдісі үшін бақылау нүктелері, индикаторлар анықталды, түзету және ескер-ту шараларын жүзеге асыру алгоритмі, айран өндірісі үрдістерінің құрылымды-функцио-налдық диаграммасы әзірленді.

  • -    «Фудмастер» АҚ-да айран өндірісі үрдістерін жүзеге асыруда FMEA және ФСА талдауларының тиімділігі дәлелденді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Барт Т.В. Управление качеством. М.: МИЭНП, 2007. – 235 с.

  • 2.    [Электронный ресурс] www.foodmaster . kz/ru/about/briefly.

  • 3.    Максимова Н.В. Улучшение систем менеджмента качества пищевого предприятия на основе анализа и совершенствования//Пищевая промышленность. – 2009. – №4. – С. 56-61.

  • 4.    Есенбекова З.Ж. Өнімнің сапасын бас-қарудың тәсілдерін жетілдіру//Қазақстандағы кәсіпкерлік: теориясы, тәжірибесі. - Семей, 2010, II-том, 7-б.

  • 5.    Сапа бойынша басшылық. «Фудмастер» АҚ. 2001. 7-16 б.

Список литературы «Фудмастер» а-да смж рдісін ру механизмін жне жасарту алгоритмін зірлеу

  • Барт Т.В. Управление качеством. М.: МИЭНП, 2007. -235 с.
  • www.foodmaster. kz/ru/about/briefly.
  • Максимова Н.В. Улучшение систем менеджмента качества пищевого предприятия на основе анализа и совершенствования//Пищевая промышленность. -2009. -№4. -С. 56-61.
  • Есенбекова З.Ж. Өнiмнiң сапасын бас-қарудың тәсiлдерiн жетiлдiру//Қазақстандағы кәсiпкерлiк: теориясы, тәжiрибесi. -Семей, 2010, II-том, 7-б.
  • Сапа бойынша басшылық. «Фудмастер» АҚ. 2001. 7-16 б.
Статья научная