Халыаралы стандарттара сйкес жас ірі ара мал шаларын мшелеу жне ажырату технологиялы схемасын зірлеу
Автор: Жамекова Ж.Ж., Чоманов У.Ч.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 1 (143), 2024 года.
Бесплатный доступ
Қазіргі жағдайда сойылған мал мен ет сапасына қойылатын ғылыми негізделген талаптар шикізатты өндіру, оларды өңдеу жағдайларын тұтынушылардың талаптарын ескеретін стандарттармен анықталады. Стандарттар өнімнің сапасын бақылайтын шараларды егжей-тегжейлі тұжырымдайды және реттейді. Өндірістің, айналыстың және тұтынудың барлық кезеңдеріндегі сатып алу бағалары, сыйлықақылар және жеңілдіктер стандарттарға негізделеді. Стандарттар ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қала алмайды, өйткені ет сапасына қойылатын талаптар үнемі өзгеріп отырады. Ғылыми жұмыс жақын және алыс шетелдерге экспортталатын халықаралық талаптарға сәйкес ірі қара мал (ары қарай ІҚМ) етін мүшелеу және ажыратудың стандартын әзірлеуге бағытталған. Бұл мақалада жас ІҚМ ұшасын мүшелеу мен ажырату кезіндегі зерттеулердің нәтижелері халықаралық стандарттармен байланыстығы келтірілген. Мұнда, жас ІҚМ етінің майлылығын бағалау, сонымен қатар оларды кластарға және қосымша кластарға, санаттарға жіктеу жүргізілді. Жас ІҚМ етінің химиялық және морфологиялық құрамы, жасы мен тұқымына байланысты зерттелді. Жас ІҚМ етіндегі сойғаннан кейінгі өгерістердің сапа көрсеткіштері, ондағы еттің жетілу, бұзылу дәрежелері сыналды. Сондай-ақ олардың алдыңғы және артқы ширек шекаралары және кесінділері анықталды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ет пен майдың түстерінің, мәрмәрдің стандартты үлгілері зерттеліп анықталды. ЖК «Манашов А.А.» және ЖШС «Meat Processing and Service» ет өңдеу кәсіпорындарында ІҚМ ұшасын мүшелеу және ажыратудың инновациялық әдістемесі енгізілді. Жүргізілген талдау нәтижелері халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жас ІҚМ ұшаларын мүшелеу және ажыратудың технологиялық схемасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының ет өңдеу кәсіпорындарында енгізу кезінде осы деректерді есепке алу қажеттігін куәландырады.
Стандарт, жас ірі қара мал еті, ұшаларды жіктеу, ұшаның шығымы, малды сою, ет сапасы
Короткий адрес: https://sciup.org/140304542
IDR: 140304542 | DOI: 10.48184/2304-568X-2024-1-45-52
Список литературы Халыаралы стандарттара сйкес жас ірі ара мал шаларын мшелеу жне ажырату технологиялы схемасын зірлеу
- Greenwood P.L. Prediction of dressing percentage, carcass characteristics and meat yield of goats, and implications for live assessment and carcass-grading systems. Animal Production Science, Volume 61, Issue 3, PP 237-245, 10 September 2020. https://doi.org/10.1071/AN20160
- Polkinghorne R.J., Thompson J.M. Meat standards and grading. A world view. Meat Science, 86 (1), PP. 227-235, 2010 https://doi.org/10.1016/j.meatsci.2010.05.010
- Savoia, S., Brugiapaglia, A., Pauciullo, A., Bittante, G., Albera, A. Characterisation of beef production systems and their effects on carcass and meat quality traits of Piemontese young bulls. Meat Science, 153, PP. 75-85, 2019. https://doi.org/10.1016/j.meatsci.2019.03.010
- Shukesheva S.E., Uzakov Ya.M., Chernukha I.M., Nabiyeva Zh.S., Kozybayev A. Investigation of the influence of starter cultures on the acceleration ripening period finished meat products // ActaTechnica. - 2018. - No. 63. - Pp.1-8.
- Bonny S., Polkinghorne R., Strydom P. New Aspects of Meat Quality From Genes to Ethics. Quality Assurance Schemes in Major Beef-Producing Countries. PP. 223 - 255, 2017. https://doi.org/10.1016/B978-0-08-100593-4.00011-4
- Uzakov Y.M., Kaldarbekova M.A., Kuznetsova O.N. Improved technology for new-generation Kazakh national meat products, Foods and Raw Materials, 2020, 8(1), PP 83. https://doi.org/10.21603/2308-4057-2020-1-76-83
- Spanov A.A., Sultanbai D.T., Baimukanov A.D. Comparative results of productivity of meat-type bull-calves in the conditions of Bayserke-agro LLP. News of the national academy of sciences of the republic of Kazakhstan, series of agricultural sciences, ISSN 2224-526X Volume 5, Number 53 (2019), PR 22-26. https://doi.org/10.32014/2019.2224-526X.55
- Nasambaev E., Akhmetalieva A.B., Nugmanova A.E., Kulbaev R.M. Otsenka plemennykh kachestv bychkov kazakhskoi belogolovoi porody metodom ispytaniya ikh po sobstvennoi produktivnosti. //«Nauka i obrazovanie» Nauchno-prakticheskii zhurnal Zapadno-Kazakhstanskogo agrarnotekhnicheskogo universiteta imeni Zhangir khana - g.Ural'sk, ISSN 2305-9397, №3-2 (68), 232-243, 2022. https://doi.org/10.56339/2305-9397-2022-3-2-232-243
- Uzakov Ya.M., Kaldarbekova M.A., Kuzembaeva G.K., Akilova F.E. Issledovanie morfologicheskogo sostava otdel'nykh chastei tush baraniny. //Vestnik Almatinskogo tekhnologicheskogo universiteta. 2019;(4):66-70. https://www.vestnik atu.kz/jour/article/view/232
- Uzakov Ya.M. Proizvodstvo myasnykh produktov khalyal'. - SPb.: Izd-vo «Professiya», 2018. - 176 s.
- Zheleuova, Z.S., Uzakov, Y.M., Shingisov, A.U., Alibekov, R.S., Khamitova, B.M., Development of halal cooked smoked beef and turkey sausage using a combined plant extracts, Journal of Food Processing and Preservation, 2021, 45(1), e15028. https://doi.org/10.1111/jfpp.15028
- Uzakov Ya.M., Kuznetsova O.A., Kaldarbekova M.A-A. Sovershenstvovanie razdelki konskikh tush. /Materialy XV Mezhdunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii - Kachestvo produktsii, tekhnologii i obrazovaniya - 2020, Magnitogorsk, S. 175-179.
- Chomanov U., Kenenbai G.S., Tursunov A.A., Zhumalieva T.M., Tultabaev N.Z. Razrabotka retseptury myasorastitel'nykh konservov iz baraniny. //Vestnik Almatinskogo tekhnologicheskogo universiteta. 2023;1(3):78-84. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2023-3-78-84
- Vogel, K., Eklund, J. On physiological demands and sustainability in meat cutting. Ergonomics, 58(3), PP. 463-479, 2015. https://doi.org/10.1080/00140139.2014.975287
- Schulz L., Sundrum A. Determining relationships between marbling scores and carcass yield traits of german beef bull carcasses using video-image analysis at the 12th and 10th rib position of Longissimus thoracis and EUROP classification. Applied Sciences (Switzerland), 11(1), PP. 1-10, 269, 2021. https://doi.org/10.3390/app11010269