Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалану: технологиялық және құқықтық тәсілдер
Автор: Омарова А.Б., Маликова Ш.Б., Сапарбекова Ж.С.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология пищевой и перерабатывающей промышленности
Статья в выпуске: 4 (150), 2025 года.
Бесплатный доступ
Мақалада үлкен деректер мен жасанды интеллект негізіндегі заманауи технологиялық шешімдердің тағам қауіпсіздігі мен өнімді қадағалаудағы рөлі қарастырылған. Қазақстан, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық одақ аясындағы құқықтық режимдер мен олардың қолдану талаптарына талдау жасалды. Зерттеу әдіснамасы - нормативтік актілер мен халықаралық стандарттарға, сондай-ақ ғылыми жарияланымдарға негізделген нарративтік шолу. HACCP жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу, тәуекелдерді басқару, дербес деректерді қорғау, алгоритмдердің ашықтығы мен киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылған. ISO 22000 және ISO 22005 стандарттарының GS1 EPCIS, IoT сенсорлары және машиналық оқыту алгоритмдерімен үйлесімі қауіпті факторларды жедел анықтауға және өнімді тиімді кері қайтарып алуға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Авторлар «compliance by design» тәсілі негізінде құқықтық және технологиялық шешімдерді біріктірудің маңыздылығын көрсетті. Ғылыми мақала ИРН AP23489796 «Үлкен деректердің (Big Data) құқықтық режимін реттеу мәселелері: отандық және халықаралық тәжірибе» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті қаржыландырған 2024-2026 жж. арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру шеңберінде дайындалған.
Азық-түлік қауіпсіздігі, үлкен деректер, жасанды интеллект, қадағалану, дербес деректер, стандарттау
Короткий адрес: https://sciup.org/140313212
IDR: 140313212 | УДК: 65.50.10 | DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-5-14