Джинс матасы қалдықтарын пайдалана отырып жаңа тігін бұйымдарын жасау, экологиялық және технологиялық тәсіл

Бесплатный доступ

Тігін өнеркәсібі дүниежүзіндегі ең көп қалдық шығаратын салалардың бірі болып саналады. Әсіресе, джинс матасынан киім-кешек дайындау барысында көптеген артық қиықтар мен пайдаланылмаған маталардың қалдықтары пайда болады. Бұл қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі тек экономикалық тиімділік тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан да өзекті болып табылады. Осы мақалада джинс матасы қалдықтарынан жаңа тігін бұйымдарын жасауға экологиялық және технологиялық тұрғыдан қарастырулар талданды. Зерттеу барысында джинс қалдықтарының физика-механикалық қасиеттері зерттеліп, оларды қайта өңдеу және тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері сынақтан өткізілді. Жаңа киім үлгілерін жобалау және тігу кезінде қайта өңделген мата үлгілерінің төзімділігі, эстетикалық бейнесі және нарық талаптарына сәйкестігі бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, джинс қалдықтарынан жасалған киімдер, аксессуарлар және декоративті бұйымдар тек экономикалық жағынан арзан ғана емес, сонымен бірге экологиялық таза әрі креативті тәсілдің нәтижесі болып табылады. Мақалада бұл бағытты одан әрі дамытуға арналған практикалық ұсыныстар берілген.

Еще

Джинс матасы қалдықтары, қайта өңдеу, экологиялық тәсіл, тігін бұйымдары, технологиялық инновациялар

Короткий адрес: https://sciup.org/140313233

IDR: 140313233   |   УДК: 64.33.71   |   DOI: 10.48184/2304-568X-2025-4-195-200