Исследование загрязнения семян подсолнечника в санитарной зоне Азатана

Автор: Кенжеева Ж.К., Дюскалиева Г.У., Велямов М.Т., Достемесова А.Б.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Естественные науки

Статья в выпуске: 5 (101), 2013 года.

Бесплатный доступ

В статье расмотрены результаты исследования микробиологических показателей моркови и капусты на стадии хранения на примере 2-х хозяйств южного региона Казахстана. В здоровых пробах сорта моркови Алау было установлено наличие дрожжей родов: Saccharomyces, Rodotorula, Torulopsis, а в пробах с признаками заболеваний - Saccharomyces; в здоровых пробах моркови сорта Шантане - Saccaromyces, Criptococcus, Torulopsis, Debarymyces, Phaeococcus, и в пробах с признаками заболеваний - Saccharomyces, Debarymyces, Phaeococcus и Rodotorula. В здоровых пробах сорта капусты белокачаннной Бегабатская было установлено присутствие дрожжей родов: Saccharomyces, Rodotorula, а в пробах с признаками заболеваний - Saccharomyces, Torulopsis. В здоровых пробах сорта капусты Ташкентская были установлены дрожжи родов: Saccharomyces, Sizosaccharomyces и Debarymyces, в пробах с признаками заболеваний - Saccharomyces и Sizosaccharomyces. Результаты исследований показали, что количественный состав и видовая принадлежность дрожжей в стадии хранения в течение 6 - 7 месяцев соответствуют нормативным требованиям и продукция пригодна для потребления в пищу, а также используемые овощехранилища отвечают требованиям для хранения овощей.

Еще

Короткий адрес: https://sciup.org/140205019

IDR: 140205019

Текст статьи Исследование загрязнения семян подсолнечника в санитарной зоне Азатана

Кіріспе

Дүние жүзі бойынша ауыл шаруашылық өнімдерінің, әртүрлі зиянкестер мен ауруларға байланысты болатын залалдары 25-30% құрайды. Көкөністердің және жеміс жидек-тердің сақталу кезінде қалыпты жағдайларымен қатар әртүрлі ауру туғызушы бактериялар мен саңырауқұлақтар арқылы зақымдану және бұзылу процестері жүреді. Олардың сырттарында әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың көпшілігі эпифитты микрофлораға жатады, бірақта олар өздігінен ауру тудырмайды. Ауру туғызушы микрофлораларға негізінен саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады [1,2 ].

Көкөністердің және жеміс жидектердің сақтау кезеңінде ауруға көбінесе механи-калық зақымданғандары мен (жырылған, соғылған, шіріген) қатар саулары да шалды-ғады. Олардың құрамындағы ферментер түйнектердің тіндерін бұзып, химиялық құрамын өзгертеді. Микроорганизмдердің қоректенуіне қажетті заттар қоршаған ортадан көкөніс қабықтары арқылы ішіне енеді де олардың бұзылуына, шіруіне және тамақтық сапасының төмендеуіне әкеліп соғады [3,4 ].

Сапалы және пайдалы өнім алу үшін, тағамның сапасы барлық талаптарға сай болып, барлық сатыларда сұранысқа лайық болуы тиіс. Бұл үшін тағамдардың сапасын қадағалау, яғни мониторингтік сараптама жасау міндетті түрде қажет. Тағамдық шикі өнімдердің химиялық және микробиологияық ластануына әкеліп соқпас үшін, ұдайы бакылауда болуы абзал, әсіресе өсімдік өнімдері жіті қадағалауда болуы тиіс.

Пайдалы және сапалы өнім алу үшін, өсімдік текті тағамдардың кез келген сатысында мониторингтік сараптаманы жиі өткізіп, микробилогиялық ластанудың алдын алу шараларын қолданып және оны сақтаудың тиімді жолдарын қарастыру қажет.

Осы айтылғандарға байланысты зерттеу жұмысының басты мақсаты: Қазақстан Рес-публикасының оңтүстігіндегі қожалықтарда сақталған көкөністердің ашытқы саңырау құлақтармен ластануын нормативтік талап- тарға сай анықтау болып табылды.

Тағамдардың сақталу барысында мик-робиологиялық ластануын бақылау екі қожалықта: Республикамыздың оңтүстік аймағында Алматы облысы Қайнар ауылында және Оңтүстік Қазақстан облысы Тассай ауылында өсіріліп, сақталған сәбіз және қырыққабат сұрыптарына жүргізілді

Зерттеу әдістері

Сәбіз және қырыққабат сұрыптарының микробиологиялық ластануын анықтау және сынамаларды зерттеуге дайындау 26668 ГОСТ бойынша жасалды. Микроорганизм-дердін жалпы санын Петри табақшасындағы өскен ашытқыш саңырауқұлақтардың колониялар санына сәйкес 10444.12-75 ГОСТ бойынша анықтадық.

Қаңтар-мамыр айларында көкөністердің ашытқы саңырауқұлақтармен ластануын бақылау шарасы: қырыққабаттың екі сұрпына және сәбіздің екі сұрпына жасалды.

Сақтау кезеңінде сәбіз 6 ай және кырыққабат 6 ай бақылауда болып, негізгі бөлігінде қатты өзгерістер орын алмады, бірақ көкөністер өнімінде бір шама бүлінген жерлер табылды.

Көкөністердегі ашытқыш саңырауқұ-лақтарының колония түзу бірліктері (КТБ/мл) 1 және 2 кестелерде көрсетілген.

Кесте 1 - Оңтүстік Қазақстан облысы Тассай ауылында сақталған көкөністердегі ашытқыш саңырауқұлақтарының колония түзу бірліктері (КТБ/мл)

Көкөністердің сұрыптары

Ашытқыш саңырауқұлақтардың колония түзу бірліктері (КТБ/мл)

Сақталу мерзімі

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

орташа

Сәбіз

Шантанэ (бұзылмаған)

4х106

3х106

4х106

11х106

*

6х106

Шантанэ (бұзылған белгілері бар)

3х107

*

5х107

32х108

*

13х107

Қы

ыққабат

Ташкентская (бұзылмаған)

11х106

3х106

3х106

8х106

9х106

8х106

Ташкентская (бұзылған белгілері бар)

*

28х107

*

12х107

22х108

20х107

Ескерту: - ашытқыш саңырауқұлақтары байқалмады

Кесте 2 - Алматы облысы Қайнар ауылында сақталған көкөністердегі ашытқыш саңырауқұлақтарының колония түзу бірліктері (КТБ/мл)

Көкөністердің сұрыптары

Ашытқыш саңырауқұлақтардың колония түзу көрсеткіштері (КТБ/мл)

Сақталу мерзімі

қаңтар

наурыз

сәуір

мамыр

орташа

Сәбіз

Алау(бұзылмаған)

1х106

29х106

10х106

*

13х106

Алау(бұзылған белгілері бар)

*

54х107

8х108

*

31х107

Қырыққабат

Бегабат (бұзылмаған)

8х106

37х106

14х106

*

20х106

Бегабат(бұзылған белгілері бар)

*

47х107

4х108

*

25х107

Ескерту: - ашытқыш саңырауқұлақтары байқалмады

Бұзылмаған сәбіз сұрыптарының ішінде Шантане және Алау орташа шамамен 10-13х106 КТБ/мл шамасында болса, ауруға шалдыққан белгілері бар сынамаларда бұл көрсеткіштер орташа алғанда – 13х31х1010 КТБ/мл шамасында болды. Бұл ретте ауырмайтын және ауруға шалдыққан белгілері-мен сәбіздің сынамаларының сақтау кезенінде КТБ көрсеткіштері 2 ден 52-ге дейін ауытқыды.

Қырыққабаттың ауруға шалдықпаған Ташкентская және Бегабатская сұрыптарында колония түзуші көрсеткіштерінің орташа деңгейі 8-20x106 КТБ/мл болса, ал ауруға шалдыққан белгілері бар сынамалардың көрсеткіштерінің орташа деңгейі – 20-25x107 КТБ/мл болды. Бұл ретте қырықжапырақтың ауруға шалдықпаған сынамаларында ашытқы саңырауқұлақтарының КТБ деңгейі 3-тен 39 колонияға дейін ауытқыды. Қырыққабаттың ауру белгілері бар сынамалардың 6-7 айын-дағы КТБ көрсеткішті бастапқы бақылаумен салыстырғанда 1 lg10 артқанын көрсетті .

Ауруға шалдықпаған сәбіздің Алау сұр-пынан (Қайнар ауылы) ашытқы саңырау-құлақтарының келесі туыстары: Saccharo-myces, Rodotorula, Torulopsis анықталса, ал ауруға шалдыққан белгілері бар сынамадан – Saccharomyces анықталды. Ауруға шалдық-паған Шантане сәбіздің сұрыпынан (Тассай ауылы) - Saccaromyces, Criptococcus, Toru-lopsis, Debarymyces, Phaeococcus табылды, ал ауруға шалдыққан белгілеріндегі сынамалар-дан – Saccharomyces, Debarymyces, Phaeo-coccus және Rodotorula саңырауқұлақтарының туыстары кездесті.

Ауруға шалдықпаған қырыққабаттың белокачаннной Бегабатская (Кайнар ауылы) сұрпынан ашытқы саңырауқұлақтарының ке-лесі туыстары: Saccharomyces, Rodotorula, ал ал ауруға шалдыққан белгілері бар сына-малардан - Saccharomyces, Torulopsis табыл-ды. Қырыққабаттың ауруға шалдықпаған Ташкентская (Тассай ауылы) және Бегабат-ская сұрптарында ашытқы саңырауқұлақ-тарының келесі туыстары: Saccharomyces, Sizosaccharomyces және Debarymyces табыл-са, ал ауруға шалдыққан белгілеріндегі сынамалардан - Saccharomyces және Sizosaccharomyces туыстары кездесті.

Сонымен, біздің жүргізген зерттеулері-мізден, оңтүстік аймақтың зерттеуге алынған көкөніс сынамаларының, сорттық ерекшелік-терін ескере отырып, микробиологиялық зерттеулері бойынша алынған нәтижелер толығымен нормативті талаптарға сай екені анықталды. Алынған сандық көрсеткіштер және ашытқы саңырауқұлақтарының түрлік құрамы көрсетілген дақылдарға сақтаудың 6-7 айларында берілген шектеулерге рұқсат етілген және бұл өнім тағамдық мақсатқа пайдалануға жарамды деп есептеу керек, ал Қазақстанның оңтүстік аймағында көрсетілген шаруашылық-тағы сақтау жағдайы қолданылымды.

Қорытынды

Сәбіздің бұзылмаған және бұзылған сұрптарынан сақтау кезеңінде ашытқы саңырауқұлақтарының Saccharomyces және Rodotorulaтуыстары кездеседі.

Қырыққабаттың бұзылған және бұзыл-маған сұрптарынан ашытқы саңырауқұлақ-тарының Saccharomyces және Sizosaccharo-myces туыстары анықталды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Бобров Л.Г. //Хранение картофеля и овощей в условиях Казахстана. -Алма-Ата: Кайнар, 1982. - 248с.

  • 2.    Бабаев С.А., Бобров Л.Г., Комарова М.Т., Красавина В.К., Турбекова А. С. Усовершенствование технологий, снижающих потери картофеля и моркови при длительном хранении // Тематический сборник научных трудов по картофелеводству, овощеводству и бахчеводству». -Алма-Ата: Кайнар, КазНИИКОХ, 2004.- С. 276-281.

  • 3.    Калмыкова Г.В.Бурцева Л.И. Антибактериальная активность штаммов Bacilus thuringiensis в отношении микроорганизмов, контроль которых предусмотрен гигиеническими требованиями безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов. /Пища. Экология. Качество: Тр.VII межд. науч.- практ. конф., Новосибирск, 2010.- С.114.

  • 4.    Сидорова Л.В. Качество и безопасность продуктов питания поступающих на продовольственный рынок. /Пища. Экология. Качество: Тр. VII межд. науч.- практ. конф., Новосибирск, 2010.- С.219.

Список литературы Исследование загрязнения семян подсолнечника в санитарной зоне Азатана

  • Бобров Л.Г.//Хранение картофеля и овощей в условиях Казахстана. -Алма-Ата: Кайнар, 1982. -248с.
  • Бабаев С.А., Бобров Л.Г., Комарова М.Т., Красавина В.К., Турбекова А. С. Усовершенствование технологий, снижающих потери картофеля и моркови при длительном хранении//Тематический сборник научных трудов по картофелеводству, овощеводству и бахчеводству». -Алма-Ата: Кайнар, КазНИИКОХ, 2004.-С. 276-281.
  • Калмыкова Г.В.Бурцева Л.И. Анти-бактериальная активность штаммов Bacilus thuringiensis в отношении микроорганизмов, контроль которых предусмотрен гигиеническими требованиями безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов./Пища. Экология. Качество: Тр.VII межд. науч.-практ. конф., Новосибирск, 2010.-С.114.
  • Сидорова Л.В. Качество и безопасность продуктов питания поступающих на продовольственный рынок./Пища. Экология. Качество: Тр. VII межд. науч.-практ. конф., Новосибирск, 2010.-С.219.
Статья